ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2953
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдіс-тердің бірі контент-талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, хат, эссе жазу арқылы оқушының іс - әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. Жиі жүргізілген контент - талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық сыпаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағыт-талған, жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, крите-риалдық - бағытталған т.б.
Н.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагнос-тика жүргізуде төмендегі шарттарды ескеру керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағ-дайы, мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);
- зертелушініңсапалық және сандық сипаттамасын бағалау кри-терийлерін құрастыру;
- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты жиі кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді жоюдың жол-дарын көрсету;
- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені наси-хаттаудың қажеттілігін негіздеу.
Тәрбие жұмысы тиімділігінің психологиялық-педагогикалық диагностикасының әдістері.Педагогикалық – психологиялық диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, син-тез, жобалау, индукция, дедукция, идеалдау, ойша эксперимент, са-лыстыру, жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.
Нақты жүргізілген педагогикалық - диагностикалық экспери-мент педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мек-тептегі педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерек-шелікке, анатомиялық - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагнос-тика жүргізгенде мектепке дейінгі, кіші мектеп жастындағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы аралықтарды нақты белгілеп жас ерек-шелігін негізге ала отырып жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.
Тәрбие жүйесінде сапа критерийлеріне жүйенің қойылған мақ-сатқа жақындау дәрежесі, мектептің жалпы психологиялық климаты, оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыс-тарының нақты іске асуы, оның тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгей-лерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлға-ның дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғы-лыми зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік -диагностикалық зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары деп үш деңгейлерге бөліп қарастырылады.
Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында ада-ми құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске асуы көзделеді.
5.5.Оқу - тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы.«Педа-гогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерек-шеліктері. «Педагогикалық технология» ұғымы 1960 жылдардан бас-тап «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткен-дей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды. Педагогикалық технологияның белгілі авторлары Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Бруннер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресей ғалымдарының арасынан педагогикалық технология теориясы мен тәжірибесін өз еңбектерінде қолданған ғалымдар: В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Ф.А.Мустаева, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко. П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, т.б.
Тәрбие технологиясытұлғаның рухани құндылықтарын қалып-тастыруға негізделген оқу - тәрбие үдерісінің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Әлемдік тәжірибені негізге алатын болсақ, тәрбие технолгиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыңи тұрғыда ойлау, өзара қарым-қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс әре-кеттерін қамтиды.
Педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсатты шешу-ге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педа-гогикалық үдерісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.
Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педаго-гикалық үдерістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Педагоги-калық үдеріс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педаго-гикалық технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарас-тырылып, сол принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыра-тын педагог тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның оқы-ту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді, оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыра-тын адамнан тыс қарастыратын болса, онда педагогикалық технология - педагог тұлғасының алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып, кез келген педагогикалық мақсат тиімді шешілуі үшін білікті педагог тех-нологияға сәйкес, алуан түрлі әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.
Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы тү-рінде қарастырылады. В.В.Пикан педагогикалық технологияның ма-ңызды белгілерін бөліп көрсетеді.
- технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін ав-тордың әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім беру үдерісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы екені анықталады;
- педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегі, операция-лары, коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже формасын белгілейді;
- технология мұғалім мен оқушының өзара байланысты әреке-тін келісім-шарт негізінде саралау және даралау, адамдық және тех-никалық мүмкіндіктерді ескеріп, диалогтық қатынастарды оңтайлы шешу принциптеріне негізделеді;
- педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұ-ғалім қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нә-тижеге (мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;
- педагогикалық технология мен диагностикалық процедуралар (өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструмента-рилер) органикалық байланыста болуы тиіс.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында орын алған пікірдің бірі - педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек, педагогикалық технологияны меңгеру, педагог-тың жеке сапалық қасиетіне байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі мен шеберлігі әр түрлі болады.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық техно-логия жалпы және жеке технологиялар болып бөлінеді. Жалпы тех-нологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие жағдатын талдап, оны шешу жолдарын анықтау.
Сонымен, біртұтас педагогикалық үдерісті жобалап, оны жүзе-ге асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр болады. Педагогикалық технологияның «әдістен» айырмашы-лығы тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін жобалауында. Педагогикалық технология қойылған мақ-саттың диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педа-гогикалық үдерісті обьективті бақылауын қажет етеді.
5.6. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдіс-темелік және технологиялық деңгейлері.ХVІІ ғасырда ең алғаш технологияныңконцептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастыр-ды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, берік-тілік, белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжі-рибемен байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерек-шеліктерін ескеру.
Оқыту технологиясы сыныптық-сабақ жұмысын ұйымдас-тыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдар-ламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақы-рыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады. Оқыту технологиясы тәрбие технологиясымен өзара сабақтастықта іске асады.
Сыныптық сабақ технологиясы оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйым-дастырудың басқа формаларымен толықтырылады.
Тәрбие технологиясы сабақ үдерісі мен тәрбие үдерісінде қатар іске асырылады. Білім беру жүйесінде соңғы жылдары оқытудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен оқытулармен бірге инно-вациялық оқытулар жедел қарқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үдерісінде маңызды орын алады. Инновация дегеніміз – дәстүрлі және көпшілік тәжірибеден өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудің нақты нә-тижеге бағытталған оқыту түрі болып табылады. Бұл, біріншіден, ғы-лыми және мәдениеттану білімдерінің негізінде мақсатты бағытта жобаланған оқу үдерісі болып саналса, екіншіден жеке тұлғаны дамы-тудың болашағын жобалайтын және соны жүзеге асыруға дайындық мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып саналады.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырудаБлумның таксономиясы негізге орын алады: білімдік, танымдық үдерісті қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейді қамтиды: білім, түсіну, қол-дану, талдау, жинақтау, бағалау денгейді қолдауға болады. Жоғарыда аты аталған барлық технология тәрбие технологиялармен жүйелі түрде сабақтасып жатады.
Сонымен қатар, тәрбие мәселесіне байланысты К.Құнантаева, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С. Ғаббасов, С.А.Ұзақбаева, И.Р. Халитова, Ш.Майғаранова, Е.Ө Жұматаева, К.К.Жампеисова, А.А.Калюжный, А.А. Бейсенбаева Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми тұжырымдамаларын ұсынды.
Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы. Қазіргі техноло-гиялар педагогика ғылымы мен тәжірибені үйлестіріп, бұрынғы тәжі-рибені дәстүрлі элементтермен қоғам дамуындағы жетістіктермен жә-не қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдарын бірік-тіреді. Педагогикалық технологияның құрамды бөлігі әлеуметтік өзге-ріске және педагогикалық ойға тәуелді; педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерін ескереді, озат педагогикалық тәжірибені қолданады, отандық және шетелдік тәжірибеге сүйенеді.
Тұлғалық–бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні: тәр-биенің мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қа-рым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар жасау, яғни тұлғаның білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз пікірін, дүниетанымын, өзіндік қолтанбасын және өзіне тән тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәрбиенің нақты мәні – тұлғаны сомдаушы педаго-гикалық үдерісті ұйымдастыру. Тәрбиеге қамтылған субъектілердің барлығы бірдей жағдайда тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік нәтиже көрсетеді, яғни тәрбиелік деңгейі әртүрлі болады.
Түйіндей келе, тұлғалық бағдарлы тәрбиенің мәні – баланың субьект ретінде қалыптасуына ерекше мән береді.
Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты – тұлғаны дамытып, оны әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бейімдеп, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білуге тәр-биелеу.
В.В. Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеу-меттік, адамгершілік,жауапкершілік, даралық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін көрсетеді. Тұлғалық бағдарлы тәрбиесін жобалау үшін игерілетін жеке басқа тән тәжірибенің түрін қарастыру керек, құн-дылық бағдарлы тәжірибені игертетін түрлі жағдаяттар жасап, тәр-биелік жағдаят тудыру “технологиясын” (тәсілін) өмірге әкеліп, оны тексеру шарт.
Гуманитарлық білімнің негізі — адам болмысын құндылық-мәнді тұрғыдан игеріп, баланың өзгеруге бейім екенін түсініп, соған лайық тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Гуманистік тәрбие педагогикалық тұлғалық-бағдарлы тәрбие теориясына ерекше назар аударып отыр. Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар: