ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2961
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативті құзырет-тілік;
-денелік, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмо-ционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі.
Тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі тек ақпараттануын, ақпаратты қолдану біліктілігін емес, өз шешімін қабылдауға негіз ретінде пайдаланудағы тұлға сапасы, тұлғалық сипаттама ретінде қарастырады.
6-тақырып. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
6.1. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеу-меттену қызметін атқаруына ықпал етеді. Р.Н.Нұрғалиевтің басшылы-ғымен дайындалған сөздікте: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастар-дың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,- деп атап көрсетеді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:
-
өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру; -
тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау; -
отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі; -
отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.
Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:
-
ерлі-зайыптылық. Олар біріне – бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді; -
ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу; -
тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.
Қазіргі отбасының даму бағыттарын ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері:
Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан, оқушы бақылау ая-сында болса, екінші жағынан, психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейі-лінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкер-шілігін арттырумен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірибесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасы-ларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойыл-мауы, бала тәрбиесінде қиындықтар келтіреді.
Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оның түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеуді қажет етеді.
Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, олардың өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
Бір балалы отбасылардың көбеюі. Мұндағы басты мәселе бала-ның өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас ор-нату тәжірибесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.
6.2.Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компо-ненттері.Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты-болашақ азамат-тарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін ке-дергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарлан-ған тұлға тәрбиелеу.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы ерекше. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
- баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілуге, айналасымен, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қа-тынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылық-тарын санасына сіңіру;
- отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету;
- балананы адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан қалыптастыру, өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
- баланың денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениет-тілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымды-лық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсініп,
келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады: ұжымдық және жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ұжымдық тәрбиеге отбасы мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілі-гімен орындалатын істері жатады.
Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор. Олар ата-ананың, үлкен-кішілердің, тарихи тұлғалардың, айналасындағылардың өнеге-үлгісі, көркем сөз туындылары, музыка, бейнелеу өнері, табиғат, қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктер, т.б.
6.3.Отбасының қызметтері, типтері.
1. Отбасы құрамын анықтау:
-
құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-анасы ажырасқан отбасылар; -
тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.
2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты:
-
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табыса-тын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен; -
отбасы мен бала арасындағы қатынас -көз бояушылық, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрай-ды қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру; -
баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесі-нен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.
3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі :
-«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін»;
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді»;
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді»;
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламаңдар».
Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды.
4. Баланың ата-анасына қатынасы:
отбасылық қарым-қатынас маңызды; ата-аналары беделді; бала-ға немқұрайды қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері:
Диагностикалық – отбасында шешілмеген күрделі мәселелерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.
Консультация жүргізу – мектепте ата-аналардың түрлі сұрақ-тарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.
Ата-аналардың тілегі бойынша белгілі бір оқыту формалары мен әдістерін ұйымдастыру.
Мониторинг кезеңі, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру.
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;
- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру мәдениетін қалыптастыру.
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекет-тестігі:
- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;
- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды кеңінен араластыру.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-ана-лармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өт-кізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
3. Ата-аналар жиналысын өткізу. тақырыптары:
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адам-ның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адам-дарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.