Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2057

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Шағын сюжетті

комикс/буклет/коллаж/жарнама презентацияны сөйлемдермен

толықтыру

Дескриптор

  • Өлеңді оқып, мағынасын түсінеді. Кейбір сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшелігін түсінеді.

  • Өзге біреуге жақсы бала қандай болатынын, жаман

бала қандай болатынын айтып немесе жазып бере алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (1-тоқсан, 2-тарау)

24-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/септік/тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

3.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.2.4.1 Жоспар жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум




Алдыңғы білім

Не жақсы? Не жаман?

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Тапсырма бөлім бойынша өткен білімді қайталауға, жинақтауға арналған. Тапсырмалар оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. «Кімді? Нені? сұрақтарының мағынасын түсінемін. Сұрақтарға жауап беремін» айдарында оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім оқушыларға допты лақтырады, допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі бір оқушыға допты ұсынып, сұрақ қояды. Сұрақтардың барлығы табыс септігінің сұрақтарымен байланысты. Тапсырманы орындау үшін «Допты қағып ал» әдісі қолданылады. Тақтада бірнеше суреттер ілініп тұрады, оқушылар осы суреттерді пайдаланып, сұрақтар құрастырып айтады.

Тақтада (алманың, кітаптың, әженің, қыздың, дүкеннің, атаның, мысықтың т.б.) суреттері.

Үлгі: Сен нені алдың? Мен кітапты алдым.

  1. Сен нені екіге бөліп бердің?

  2. Нені анаңа көрсетпейсің?

  3. Нені жыртуға болмайды?

  4. Суретте кімді салдың?

  5. Мектептен кімді көрдің?

  6. Кімді құрметтеу керек?

  7. Нені ұруға болмайды?

  8. Кімді жақсы көресің?

«Өзімнің және көптің атынан ұсынысымды жеткізе аламын» айдарында оқушыларға сөз тіркестері және бір үлгі беріледі. Оқушылар үлгіні пайдаланып ұсынысын айтады және көпшіліктің атынан айтады. Тапсырма ауызша жүргізіледі. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

Үлгі: Мен үйіңізді жинап берейін/біз бақша суарайық.

Сөз тіркестері: ағаш отырғызу, үй сыпыру, ит пен мысықты күтіп бағу, тамақ пісіру, шай қайнату, шаң сүрту.

5-6 мин

Мұғалім-сынып

Доп, суреттер

Негізгі бөлім

«Өзімнен кішілерге кеңес бере аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар өзінен кішілерге кеңес берудің бірнеше нұсқасын

ұсынады. Оқулықтағы үлгіні басшылыққа алады, өз мысалдарымен толықтырады.

  1. Сабақта телефон ...

  2. Көшеде құлаққап ...




  1. Көркем және таза жаз. Ешқашан дәптерді ...




  1. Теледидар көп қарама, кітап ... 5. .....

Оқушылар бір-бірін «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

5-7 мин

Жеке жұмыс

Оқулық







«Өзгелерге нұсқау бере аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар бір-біріне ұсыныс жасайды, тілек білдіреді. Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен

бағалайды.

«Суретке қарап, өзіңе нұсқау бер» тапсырмасын орындауда оқушыларға суреттер көрсетіледі, әр оқушы суретке қарай отырып өздеріне нұсқау жазады. Тапсырма жазбаша орындалады.

Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Мұғалім сыныпты аралап оқушылардың өздеріне арнап жазған нұсқауларын тексереді, ауызша кері байланыс орнатады. Кейін оқушылар жазылымды бірнеше

дүркін өңдейді.
Осы тапсырманы орындау барысында 3.5.1.3 мұғалімнің қолдауыменшағынмәтіндегіетістіктің шақ,рай формаларын

ауызша/жазбашатілдеқолданумақсаты жүзеге асырылады.

15 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық

«Адамды сипаттайтын жағымды, жағымсыз қасиеттердің атауын білемін» айдарындағы тапсырмада оқушылар екі сызылған шеңбердің бойына адамның жағымды, жағымсыз қасиеттерін жапсырады. Жағымды, жағымсыз қасиеттер қорапшаның ішінде араласып жатады. Қандай да бір қасиет жазылған қағазды алған оқушы тез арада қай қасиетке жататынына қарай жапсырып үлгеруі керек. Бұл тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.

Мұғалім оқушыларды жауаптарының дұрыстығына қарай

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау барысында 4.2.4.1жоспар,жазбаларынқолданып,мәтіндітолықмазмұндау мақсаты жүзеге асырылады.

8 мин

Мұғалім-сынып




Қор. бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында адамның мінезін сипаттайды. Оқушының өз таңдауы бойынша анасының немесе досының мінезін сипаттап береді. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма жеке орындалады.



4 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

Дескриптор




  1. Көптік/септік/тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

  2. Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын

ауызша/жазбаша тілде қолдану

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу

барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем)

баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  • Тәуелдік жалғауын қолдана алады.

  • Жоспар жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндай алады.

  • Айтылым барысында оқиғаның өткен немесе келер уақытта орындалғанын жеткізе біледі.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139



Сабақтың тақырыбы

Қуыршақтар. (1-тоқсан, 2-тарау)

25-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым (грамматика)

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас

сөйлемдер құрастыру

Лексикалық минимум

Осындай, ұрыншақ, сотқар, қызғаншақ, жалқау

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс істейді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді (жомарт, қызғаншақ, сотқар, жалқау, еңбекқор).

6 мин

Мұғалім-сынып

Қуыршақ, жаңа сөздерді меңгертуге

қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауларының ережесі ұсынылады. Мұғалім жіктік жалғауларын қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Бірнеше сөздерді ауызша жіктейді. Жіктік жалғауын оқушылар жете меңгергенге дейін мұғалім өз жанынан қызықты тапсырмалар қоса алады. Сондай тапсырмалардың бірі төмендегідей:

А) Оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.

Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды. Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге дағдыландырады. Тіпті осы кестені еденге сызып, қажет орынға тұрып, білімін дәлелдеулерін ұйымдастыруға да болады.

Ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.

  1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.

  2. Мен ақылды. Кітап оқи аламын.

  3. Мен еңбекқор. Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

5 мин

Жеке жұмыс

Жіктік

жалғауына қатысты ереже




























































































































































...мын

...мін

...пын

...пін

...бын

...бін

тәрбие-

лі



















ақылды



















көңілсіз



















жомарт



















Үміт



















Алмаз



























«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік

5 мин

Мұғалім-сынып

Жіктік

жалғауына байланысты білімдерін одан сайын бекіте түседі.

жалғауларына

Оқушылар диалогке қатысу барысында өз жандарынан комплимент

қатысты кесте

айтуды жүзеге асырады. Аса қабілетті оқушылар диалогті өз

сызылған

қалаулары бойынша ойдан жалғасырып кетулеріне болады. Осы

флипчарт

тапсырманы орындау барысында 4.5.1.5 сөйлемдегісөздердіңорын




тәртібінсақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастыру




мақсаттары жүзеге асады.




Келесі кезекте мұғалім «Назар аударайық» айдарын басшылыққа




алып мұғалім жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар




сөздерге тоқталып, түсінік береді.




«Оқиық» тапсырмасы оқушының оқылым дағдысын дамытуға, оқылым бойынша не түсінгенін айтуға бағытталған. Алдымен өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды, содан соң сыныптағы оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

  1. Балалар, өлең не туралы?

  2. Өлеңде қандай қуыршақтар туралы айтылған?

Оқушылар сұраққа жауап беріп болған соң, өлең бойынша түсінгендерін айтқызу үшін олармен «Шеңбер әдісі» ойынын ойнайды. Оқушылар шеңбер бойымен отырып, өлеңнің мазмұнын сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту арқылы өрбітеді. 4.3.4.1 *мұғалімніңқолдауыменмәтінмазмұнынжәнекейіпкерлердіңіс-әрекетінбағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыружәнеоған жауап беруоқу мақсаты орындалады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық қуыршақ

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өздерінің

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

сүйікті ойыншық кейіпкері туралы әңгімелейді. Оқушыларға бір




ойыншық кейіпкер туралы үлгі беріледі. Оқушылар жұптасып




отырып, бір-біріне өздерінің ойыншық кейіпкері туралы әңгімелеп




береді.




Үлгі:




Менің әдемі қоңыр қонжығым бар. Оның аты Балу. Ол сегіз




жаста. Ол өте жұмсақ. Оны менің туған күніме анам сыйлаған. Ол




ақылды, жомарт. Ол жалқау емес, ол ұрыншақ емес.







«Назар аударайық» айдарын басшылыққа ала отырып оқушы болымды мағынаны болымсызға қалй аналдыру керектігін оқушыларға мысал келтіре отырып түсіндіреді.

3 мин







Қорытынды ь бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің ойыншық кейіпкері туралы айтып береді. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алады.

Мұғалім оқушыларға пысықтау сұрақтарын қояды:

  • Сендердің қандай сүйікті ойыншықтарың бар?

  • Ойыншықты сендерге кім сыйлады?

  • Сен ойыншығыңмен сөйлесесің бе?

Рефлексия. «Білім ағашы» оқушылар бүгінгі сабақта үйренген үш нәрсені стикерге жазып, білім ағашына жапсырады.

6 мин

Сынып-мұғалім








Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер

құрастыру

Дескрипторы

  • Диалогке түсіп, өз ойын еркін жеткізеді.

  • Сөйлеу барысында құрмалас сөйлемдерді қолданады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?