Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2062

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақтың тақырыбы

Жаман жолдас. (1-тоқсан, 2-тарау)

26-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы

бар сөздерді дұрыс жазу

Лексикалық минимум

Ұялу, қарт, достық

Алдыңғы білім

Жалқау қуыршақ

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді (күшті, әлсіз, қарт, жас, ауру, сау). Мұғалім алдымен оқушыларға суреттерді көрсетеді және қайталатады. Оқушының суретті сөзді қаншалықты есте сақтағанын білу үшін мұғалім 1-суреттен бастап біртіндеп алып отырады. Оқушы тақтада суретте сөз жоқ болса да, өтілген жаңа сөздің барлығын айтып шығуы керек. Мұндай әдіс арқылы оқушының көру арқылы есте

сақтау қабілеті дамиды.

2 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерді меңгертуге

қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға қарсы мағыналары бар бірнеше сөз және мәндес мағынасы бар бірнеше сөздер ұсынылады. Оқушылар сөздердің қарсы мағынасын және мағыналас сөздерді ойлана отырып мағынасына қарай сәйкестендіруі керек. «Сәйкестендіру» әдісін түрлендіру үшін оқушылар сөздерді түрлі түсті қарындаштармен бірдей етіп

бояулары керек.

Үлгі:

жолдас күшті

сау жақсы

қарт әлсіз мықты нашар күшті ауру

жаман жас Жаман дос

5 мин

Топтық жұмыс

Сөздер жазылған парақша, түрлі түсті

қарындаштар







Келесі айдармен таныспас бұрын мұғалім оқушыларға «Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құрастыруға тапсырма береді. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

  • Сендердің достарың бар ма? Сендердің достарың қандай? «Дос» тақырыбын қандай мақсатпен қозғап отырмыз, қалай ойлайсыңдар?

  • деп мұғалім оқылым мәтініне «көпірше» жасайды.


«Оқиық» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударады. Суретпен жұмыс оқушының қиялын дамытады және қызығушылығын арттырады. Оқушылар суретке қарап, әңгіменің не туралы болатынын болжайды. Тақырыпты болжау арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды да, оқулықтағы мәтінді оқуды бастайды. Алдымен мұғалім өзі оқиды. Мұғалім оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.

5 мин

Мұғалім-сынып

«Дос» сөзіне ассоциациялық қатар құруға арналған парақша

Оқулық

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Балық аулау» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Мұғалім оқушының қолына қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.

  1. Әңгіме не туралы?

  2. Жақсы дос қандай болады?

  3. Жаман дос қандай болады?

  4. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

  5. Екі достың алдынан не шығады?

  6. Екі достың біреуі қандай еді?

  7. Жас жігіт жолдасын тастап қайда кетеді?

  8. Ауру жігіт не істейді?

  9. Аю не істейді?

  10. Жақсы дос қандай болуы керек?

Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға дос туралы мақалдар беріп, мағыналарын қалай түсінетіндері жөнінде пікір алмасуға болады. Мысалы: Адал дос – алтыннан қымбат. Досы көпті жау алмайды. Доссыз өмір тұзсыз ас. Аталған тапсырмалар оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өз ойын ашық айта білуге бағытталған.

Мұғалім оқушыларды «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

10 мин

Мұғалім-сынып

Түрлі түсті қағаздан қиылған, скрепкамен

қыстырылған балықтар,

басында магниті бар қармақ








«Есте сақтайық!» айдарында мұғалім оқушыларға «аю» сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндіреді.







Оқулық

Қорытынды бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша рөлдік ойын көрсетеді. Мұғалім оқушыларға дайындыққа уақыт береді. Бағалау критерийімен таныстырады.

  1. Мәтіннің мазмұнына сай рөлдік ойын көрсетеді.

  2. Шынайы көрініс көрсетеді.

Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар оқыған мәтіні бойынша үйренген сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді қолданады. Лексикалық қор пысықталады, оқығанды түсіну

барысында оқылым дағдысы қалыптасады.

7 мин

Сынып-мұғалім

Бағалау критерийі жазылған парақша




«Жазайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар нағыз досты сипаттап өз пікірін жазады және нағыз досты сын есімдер арқылы сипаттайды. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне қарай білім деңгейлері жоғары оқушылар пікір жазып, білім деңгейі төмен оқушылар нағыз досты сын есімдерді қолданып сипаттаса болады. Тапсырма жазбаша орындалады. Мұғалім оқушылардың пікірлері мен сипаттауларын тыңдайды, кері байланыс орнатады. Кейде оқулықта ұсынылған тапсырмалар түрлі жағдайларға байланысты толық игерілмейді. Егер сынып деңгейі төмендеу болып жатса, тапсырманы келесі сабаққа арнайы жазылым сабағы ретінде алуға болады. Ал сынып оқушыларының қабілеті жоғары болса, үйде орындауды мұғалім өтіне алады.

10 мин




Пікір жазатын стикерлер




Мұғалім сабақты қорытып, оқушылардың білімін пысықтайды. Өзінің іс әрекетін, оқушы әрекеттерін бағалайды.

2 минут







Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен

жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу

Дескриптор

  • Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

  • Өз ойын жаза алады. Сөздерді қатесіз жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?






Жазылуы

Айтылуы

аю

айу





Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа. (1-тоқсан, 2-тарау)

27-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Лексикалық минимум

Сауықшыл, мұңды, өлеңшіл

Алдыңғы білім

Жаман жолдас

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім сұрақ қояды:

«Балалар, қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер?» Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін мұғалім оларға құмырсқалар мен қант туралы бейнежазуды көрсетеді. Балалар, бейнежазу не туралы? Құмырсқа қандай жәндік? Оқушылар бейнежазу желісі бойынша құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс орнатады. Мұғалім шегіртке мен құмырсқа туралы мысалды таныстырмас бұрын оқушыларға шыбынның ызыңын, масаның даусын және шегірткенің шырылын естіртеді. Оқушылар осы дыбыстардың қандай жәндіктерге тән екенін табады. Оқушылар тапқан соң мұғалім тақтадан араның, шыбынның және шегірткенің суретін көрсетеді. Енді сабақтың тақырыбын ашу үшін тек шегіртке мен құмырсқаның суретін қалдырады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың мақсатын айтады.

Оқушыларды лексикалық тақырыпқа енгізумен қатар грамматикалық білім алуға дайындау мақсатымен құмырсқа мен шегіртке туралы (тіпті арасына басқа да кейіпкерлерді қосып) ойдан әңгіме құрастыруды тапсыруға болады. Ол үшін мұғалім жетекшілік етеді. Мұғалім өзі бас болып:

Ертеде бір өте еңбекқор құмырсқа болыпты. Ол түске дейін мектепке барыпты, ал түстен кейін жұмыс істепті... Оның жалқау көршісі болыпты. Ол сабақ оқымапты, үнемі ойын ойнапты. Осылайша оқушылар қиялдан өз ертегілерін құрастырады. Белгілі бір межеге келгенде мұғалім оқушыларды тоқтатып, керемет жазушы болатын қабілеттерің бар деп мақтау айтып, құрастырған мәтіндеріндегі қимыл сөздің тұлғасына, қолданылу ерекшелігіне, яғни, беретін мағынасына көңіл аударуларын сұрайды. Осылайша, оқулықта берілген грамматикалық білімді меңгертуге бірден ауысуға болады. Сондай-ақ, сабақты оқулықта берілген сауалнамадан да бастай беруге де болады. Бұл жағдайда оқушылар өзара сауалнама алуға қатысады және грамматикалық құрылыммен танысады. Оған қоса ертегіде белсенді қолданылатын сөздерді

саналарында жаңғыртады.

5 мин

Мұғалім-сынып



«Құмырсқа мен қант» туралы бейнежазба,

жәндіктердің

дауыстары, шегіртке мен құмырсқаның суреттері
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   139