Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2080

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану)

  2. Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау

  • -ға/-ге/-қа/-ке/на/-не

қосымшаларының мағынасын түсініп қолданады.

  • Сурет мазмұнына қарап алдағы оқиғаны болжай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (2-тоқсан, 3-тарау) 40-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Алдыңғы білімді қайталау

Алдыңғы білім

Сиқырлы кілем

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

«Қол шапалақтары»жаттығуы. Бұл жаттығу оқушылардың көңіл күйін қуаныш деңгейіне көтеріп, сабақты жақсы эмоционалды деңгейде бастайды. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына өз қалауы бойынша бір оқушы шығады. Ол оқушы шеңбер ортасына орналасқан соң, қалған сыныптастары оған қол шапалақтайды. Қол шапалақтау ұзақтығы ортада тұрған оқушының қалауына байланысты. Ортадағы қатысушы топқа рақметін білдіріп, шеңберге қайтып тұрады. Осыдан кейін басқа оқушы шығады. Қол шапалақ иесін бағалаған кезде, біреулеріне ол қатты ұнайды, келесілерін ұялтады, кейбіреулері бұған шексіз рақметін білдіреді, ал кейде топ ұзақ уақыт шапалақтап, қатысушыны жібермейді.

Бұл сабақта оқушылар «Мәдени мұра» бөлімі бойынша өткенді қайталайды, еске түсіреді. Оқушылар ауызша «қайдан?» сұрақтарына жауап береді. Бірінші бөлім бойынша барлығы 5 тапсырма берілген. Тапсырмалар сұрақ түрінде құрастырылған. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Жұмыс істеу барысында өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   139





Негізгі бөлім

«Қайдан?Сұрағыныңмағынасынтүсінемін.Сұраққажауапберемін».

  1. тапсырмада а) Суреттерді пайдаланып, сұраққа жауап береді.

Үлгі:Мен мектептен келдім.

ә) Суретті қайта қолданып, көршісінен оның қайдан келе жатқанын сұрайды. Сұрақ құрастырады.

Сен мектептен келесің бе?


  1. тапсырма. «Заттың неден жасалғаныны айта аламын» айдарында айтылым дағдысы қалыптасады. Шығыс септігінің жалғауларын жалғап сөйлем құрап үйренеді. «Бәйге» ойыны aрқылы тапсырманы топқа бөлініп орындайды. Интербелсенді тақтадан ұпаймен берілген ұяшықтар көрсетіледі. Әр ұпаймен белгіленген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді, ең көп жинаған топ жеңімпаз болады.

а) Заттың неден жасалғанын айтып үйренеді.

Үлгі:-Бесікнеден жасалады?

-Бесікағаштан жасалады.

ә) Суретті сызбаны қолданып затты кімнен алғанын айтып сөйлем құрайды.

  1. тапсырмада «Затты кімнен алғанымды айта аламын» айдарында сынып жұппен жұмыс жасайды. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы айтылым дағдысы қалыптасады. Ілік септігінің жалғауларын дұрыс жалғап жазады. Заттың кімдікі екенін айтып үйренеді.

Осы тапсырманы орындау барысында мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсаты жүзеге асырылады.
«Заттың кімдікі екенін айта аламын» айдары. 4-тапсырма. Бұл тапсырмада оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады. Көп

нүктенің орнына барыс септігінің жалғауларын дұрыс жалғап жазады.

Осы тапсырманы орындау барысында көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.

  1. тапсырма. «Сұрақтарға жауап бере аламын» айдарында оқушылар сқұраққа жауап бере отырып сөйлемдер құрастырады

  2. тапсырма. «Бет алған бағытты түсіндіре аламын». Көп нүктенің

орнына жалғауларды жалғайды.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық
«Бәйге»




«Табыс сатысы» әдісі. Оқушыларға сатының суреті беріледі. Бірінші баспалдағы – мен ... білемін

Екінші баспалдағы – мен ... түсінемін Үшінші баспалдағы мен ... жасай аламын.



3 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру





Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін

бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік

жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Қайдан келе жатқанын айта біледі.

  • Заттың неден жасалғанын түсіндіре алады.

  • Затты кімнен алғанын жеткізе біледі.

  • Нақты заттың кімге тиесілі екенін айта алады.

  • Бет алған бағытын түсіндіре алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Көне ғасыр қонақтары. (2-тоқсан,3-тарау) 41-сабақ

Дағды

Тыңдалым, оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде

жазу

Лексикалық минимум

Ғасыр, саз, таңғалу, безендіру

Алдыңғы білім

Қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Мұғалім жаңа сабақты бастар алдында компьютерін қосып, сынып ішінде баяу әсем әуен (мүмкін, күй) қосып қояды. Балаларды таңғалдыру үшін арасында мұғалім қосылып ән шырқап қояды немесе әуенге тамсанғандығын көрсетіп, мимикасын түрлі құбылтады. Ал қоңырау соғылып, сабақ басталғанда (немесе сабақ басталып кетсе де әуеннің сиқырынан шыға алмай жүргендей сыңай танытып) мұғалім оқушыларға жаңа сөз мағынасын табиғи әрі іс-әрекетпен түсіндіру мүмкіндігіне ие болады және жаңа тақырыпқа сыныпты еркін енгізетін болады. Осылайша, ұйымдастыру бөлімі мен жаңа сөзді таныстыру астаса үндесіп жүзеге асады. Мұғалім бұл кезеңде оқушылардан:

- Маған таңғалдыңдар ма, балалар? Мен бұл әннің сазын өте қатты ұнатамын. Балалар, сендерге мен тыңдаған саз (әуен) ұнады ма?

деп мұғалім сөйлеміндегі әр сөзге екпін түсіріп айтады және мағынасын түсінуге жетелейді. Қосалқы мысалдар келтіріп мағынасын әбден ұғындырады. Одан әрі оқулық бетіне оқушылардың назарын аударып, сурет арқылы естіген жаңа сөздерін бекітеді. Сынып болып мысалдар келтіреді немесе өткен сабақтағы жаңа сөздермен араластырып, ойындар ойналады. Бұл орайда мұғалім өзінің шығармашылығына орай жаңа сөздерді меңгерту тапсырмаларын түрлендіруге құқылы. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріледі. Сөз тіркестері,

сөйлемдер құрастырылады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

«Жасайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіріп, тапсырманы «Жест» әдісімен орындайды. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі.

Бұл тапсырманы орындауда оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерге мән бере отырып оқиды. Сөздердің мағынасын қимылмен түсіндіреді.

Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап үйренеді.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық