Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2082

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Тыңдайық» айдарында ұсынылған тапсырмада оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы, оның ішінде дауылпаз туралы мәтінді тыңдай отырып жүргізіп оқиды. Аспаптың ерекшелігін, дауылпаздан қандай үн шығатынын түсінеді. Осымен байланысты лексикалық тіркестерді меңгереді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін мүмкіндік болып жатса, интербелсенді тақтадан суреттерін көрсетеді. Мұғалім оқушыларға бұл – қазақ халқының ұлттық аспаптар екенін айта отырып, олардан түрлі әуенді үн шығатынын түсіндіреді.

Оқушыларға мәтінді тыңдап болғаннан кейін іштей оқып шығуына, өз бетімен мәтіндегі сөздерді түсінуіне мүмкіндік беру керек. Мәтінді оқытуда

«Белгі қою» әдісін қолданады. Оқушылар мәтінді оқып отырып, ондағы түсінбеген сөздер мен сөйлемдеріне белгі қойып отырады. Мұғалім оқушылардың түсінбеген сөздері мен тұтастай сөйлемдері болса, қайта түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, дауылпаздың неліктен соғылғанын болжап айтады.

Осы тапсырма көлемінде 4.1.5.1 Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің

жалғасынболжауоқу мақсаты игертіледі.

8 мин




Аудиодиск

Оқулықтың келесі тапсырмасы «Тыңдап және жауап берейік» айдарымен ұсынылады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің мәтіннен түсінгендері бойынша ақпаратты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жіктейтін болады.

2мин







«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың грамматикалық білімді өздері қорытып, анықтай білуі үшін берілген. Бұл тапсырманы орындауда кестедегі сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығы неде екенін айтады. Сөйлемдердің шақтық мағынасын мұғалім түсіндіреді. Өткен шақта орындалған іс әрекеттің мезгілдік айырмасын берілген мысал сөйлемдермен

нақтылайды.

5 мин







«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге етістіктің

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

шақ формаларын ауызша/шазбаша тілде қолдану. Оқушыларды мәтін бойынша




қосымша сұрақтар қою арқылы етістіктің шақ формаларын дұрыс жалғап




айтуға жаттықтыруға болады. Мәселен, сөздерді үлгіге қарап өзгерт. Үлгі:




беру-берген




Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.3Өзбетіншешағынмәтіннен




есістіктіңграмматикалықкатегорияларынауызекіжәнежазбатілде




қолдануоқу мақсаты жүзеге асырылады.




«Ойнайық» айдарымен ұсынылған 5-тапсырмада оқушылар суретті картаны










қолданып ойын ойнауына болады. Оқушы асық шиыру арқылы немесе көзін

жұмып таңдау арқылы жерде төңкерулі жатқан суретті картаны алады да өз жұбы

туралы мәлімет береді. Ол үшін оқулықта берілген үлгі сөйлемді басшылыққа

алады.

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

5 мин

Сынып-мұғалім



Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтінінің жалғасын болжап





болжау

2. Өз бетінше шағын мәтіннен есістіктің

грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

айта алады.

  • Болып кеткен оқиға туралы айта алады немесе жаза алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Айтыс өнері. (2-тоқсан, 3-тарау) 44-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум

Айтыс, шаһар, шілдехана

Алдыңғы білім

Дауылпазды неге соғады?

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім бұл сабақты ерекше бастап кетуіне болады. Ол үшін мұғалім кейіпкер болатын домбыра ұстаған бір адам суретін алып, оқушыларға «Бұл кім?» – деген сауал қояды. Оқушылар өз білгендері бойынша «адам, әнші, домбырашы, мүмкін айтыскер» деп айтулары мүмкін. Осы тұста мұғалім (балалар біліп айтып жатса) домбырашы, айтыскер ақын деп өз нұсқасын айтады. Одан әрі сұрақтар тізбегі бойына жетелей түседі. «Енді ол қайда тұратынын айтыңыздаршы?» деп оның ауылда немесе қалада тұру ықтималдығын айтады. Осы тұста «шаһар» сөзін таныстырып кетсе және оған тиісті мәліметтерді қағаздан жасалған ақ бұлтшаларға жазып, кейіпкер айналасына орнатып отырса, оқушы үшін тиімді, қолжетімді болады. Одан әрі сұрақты жалғастырып: «Ол немен айналысады?» – деп сұрау арқылы, оның айтысқа қатысатынын тілге тиек етіп айту керек. Осы тұста айтыскер

ақынның жазба ақыннан айырмашылығын баланың жеңіл тілімен түсіндіре кеткен орынды болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық








«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. «Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту. Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды. Жаңа сөздерді меңгерту барысында оқушыларға «айтыс» сөзінің мағынасын ашып түсіндіре кеткен жөн. Мысалы: Айтыс – сөз өнері. Айтыста екі ақын сөз жарыстырады. Айтыскер болу үшін суырып салу (өз ойынан құрап айту) қабілеті дамуы керек. Деп мұғалім оқушыларға түсіндіре кетсе болады.

5 мин







Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқыған материалдардың мазмұнын жазу дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдегі бос орындарды толтырып жазады. Мұғалім сөйлемдегі жоғалған сөздерді оқушыларға тауып айтқызады. Содан соң дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жазғызады.

  1. Айтысқа 1халық көп келеді.

  2. Айтыста 2ақындар ел туралы айтады.

  3. Ақындар 3шаҺартуралы көп біледі екен.

  4. Ақындарға Ақшабай 4сыйлық берді.

5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық

«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген тапсырма оқушының айтылым дағдысын дамытады. Оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. «Бірге ойлаймыз» стратегиясын қолдануға болады. Әр оқушының қабілетін ескере отырып, 4 адамнан тұратын топқа бөлу, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беру. Одан кейін оқушыларға топта талқылау үшін оқулықтағы суреттерді ұсыну. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, олар өз жауаптарын жазады және сыныппен бөліседі. Сөйлемдерді құрастыру үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.

Мысалы:

  1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  2. Балалар қайда келді деп ойлайсың?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз өз әңгімелерін баяндайды.

5 мин






1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139








Ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Алдымен жеке оқып шығады. Түсінгендерін жұптарына өзара айтып береді. Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап береді. Мұғалім, алдымен, оқушының мәтіннен не түсінгенін сұрайды. Сонан соң мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік береді. Мысалы, осындай үлгіде болуы мүмкін:

«Оқиық және жауап берейік» айдарында берілген мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін айтады.


  1. Сұлтан шілдеханаға барды. дұрыс бұрыс

  2. Сұлтан айтысқа қатысты.

  3. Сұлтан ақындардың өнеріне таңғалды.

  4. Сұлтан айтыстан ел жаңалықтарын білді.

Осы тапсырманы орындау барысында жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсаты жүзеге асырылады.

5 мин







Оқулықтың келесі «Сөйлесейік» айдарымен айтылым тапсырмасына диалог ұсынылады. Оқушылар диалогті қалпына келтіре отырып сөйлеседі.

  • Айтыс жақсы өтті ме?

  • Иә, Айтыс өте жақсы өтті.

  • Айтысқа кімдер қатысты?

  • Айтысқа Жантас пен Еділ ақындар қатысты.

  • Айтыста ақындар не туралы айтты?

  • Айтыста шаhардың жаңалықтары туралы айтты.

  • Ақындар саған ұнады ма?

  • Иә, ақындар маған ұнады. Оларға қатты таңғалдым. Олар біріне-бірі өлеңмен жылдам жауап берді.

4 мин







«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырма екі кезеңнен тұрады. А бөлімінде оқушылар сөздердің синонимін табады, ал келесі бөлімінде күнделікке сипаттама болып келетін сөйлемдерді таңдайды.

5 мин







«Сөйлесейік» айдарында ұсынылған тапсырмада оқушылар жұптасып бір- біріне сұрақ қою арқылы өз пікірлерін білдіреді. Балалар Сұлтан мен Әсет рөлін сомдап сөйлесуіне болады. Айтысқа қатысқан Сұлтаннан Әсет

айтыстың қалай өткендігін сұрайды.

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Рефлексия: «Бес саусақ»

Басбармақ мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

3 мин

Сынып-мұғалім



Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Жуырда болып өткен оқиға туралы айта алады.




2. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  • Оқиғаны толық баяндай біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Ұлттық аспаптар. (2-тоқсан, 3-тарау), 45-сабақ

Дағды

Оқылым, жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны

сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Жетіген, қобыз, сыбызғы, асатаяқ, аспап

Алдыңғы білім

Айтыс өнері

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурста ры

Кіріспе

Мұғалім аспаптар оркестрінің орындаған бір күйін 3-4 минут тыңдатқаннан соң, «Ойшақыру» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

Бұл күйді немен орындайды? Оқушылардың ықтимал жауаптары: Аспаптармен орындайды.

Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Музакалық аспаптар үйірмесіне қатысасың ба? Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды?

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді

меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты

суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. «Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту.

Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық