Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2079

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






































Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға суретке қарап болжау жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар суретке қарап, бірнеше болжамдар жазады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Үйге тапсырма ретінде оқулықтағы «Ізденейік» айдарындағы тапсырманы беруге болады. Оқушылар ғаламтордан халық болжамына байланысты 2 мысал табулары керек.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе, алмаағашының алма-стикеріне, жақсы әсер алса, бәйтеректің жапырақ- стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса, кактустің төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс орнатады.


алмаағаш бәйтерек кактус

6 мин

Жеке жұмыс


Мысықтың суреттері

Рефлексия:

«Сабақтан алған әсерім»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Дескрипторы

* Салыстырмалы шырай жұрнақтарын меңгереді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Көктемгі өзгерістер. (3-тоқсан, 5-тарау). 77-сабақ

Дағды

Грамматика және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Тілдік міндеттер

Былтыр, тағы, табиғат оянады, жылғалардан су ағады

Алдыңғы білім

Халықтық болжам

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға көктем мезгіліне байланысты суреттер көрсетіледі. Мұғалім «миға шабуыл» ретінде оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қай мезгіл? Табиғаттағы қандай өзгерістерді байқадыңдар?» Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушыларға тақырыпты болжатады. Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады. Сондай-ақ оқулықтағы

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар оқып шығады. Берілген сөйлемдердің көктем мезгіліне қатысты екендігін айтады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Мадақтау сөздерімен бағалайды.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгертеді. Сөз тіркестері мен сөйлемдер

құрайды.

7 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға жұпта талқылау үшін сұрақтар беріледі. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауап береді, талқылайды.

Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген.

  1. Саған көктем мезгілі несімен ұнайды?

  2. Көктем кезінде табиғат қалай өзгереді?

  3. Көктем мезгілінде қараңғы ерте түсе ме?

  4. Табиғаттың оянғанын қайдан білеміз?

  5. Көктемде қар неліктен тез ериді?

  6. Ең алғаш шығатын гүлді қалай атаймыз?

Мұғалім оқушылардың сөйлесімін тыңдайды. Кері байланыс орнатады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай және құрмалас сөйлем

құрастыру мақсатын жүзеге асырады.

8 мин

Жұптық жұмыс











«Тыңдайық» айдарында оқушылар Бота Бисенованың «Көктем келді» әнін 2 рет тыңдайды. Әнді тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Оқушылар әңді тыңдап болған соң, өлеңнің сөзі бойынша түсіп қалған сөздерді толықтырады, оқиды. Тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма топта орындалады. Әр оқушыға әннің сөздері таратылады. Оқушылар мұғаліммен бірге әнді орындайды. Бұл тапсырма оқушыларды сергітіп, көңіл күйлерін көтеруге ықпал етеді.

Тыңдалым мәтіні:

Әнді тыңда, толықтыр. (Дайын әнді салу. Соны тыңдап бос орындарды толтырады)

Көктем келді

Көктем келді, көктем келді сағына, Бүршік атты алмаағаштар бағымда. Біздің үйге ұя салды, алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

Дала гүлге оранады, Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.

Көктем келді, көктем келді далама, Қуанып жүр ата-ана да, бала да.

Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.

10 мин

Топтық жұмыс

Тыңдалым материалы.

«Көктем келді» әнінің сөзі

жазылған парақшалар

Аудиодиск







Оқушылар тыңдалым соңында тапсырманы жазбаша орындайды.

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар

өлеңді қайталап тыңдап, болып кеткен іс-әрекетті және енді болатын іс-әрекетті білдіретін сөздерді табады, кестені толтырады.

Тапсырманы жұпта орындайды

Үлгі:Көктем келді. Дала гүлге оранады.

... ...

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жұптық жұмыс

Кесте

Қорытынды бөлім

«Жаттығайық» айдарында оқушылар септік жалғауларын қайталау мақсатында сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғап жазулары керек. Әр топқа бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып сөйлемдерін оқиды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады.

  1. Дала гүл... оранады.

  2. Көктем... күн ұзарады.

  3. Қаз бен үйректер өзен жағасы... жайылады.

  4. Қардың асты... алғашқы бәйшешектер өсіп шығады.

  5. Көктемде жылы жақ... құстар ұшып келеді.

  6. Бұл кезде күн... нұры жерге көп түседі.

  7. Ағаштар... бүршіктерінен жапырақ өсіп шығады.

  8. Қыстағы қар еріп, жылғалар... су ағады.

  9. Бақ... көшеттер отырғызамыз.

  10. Көктемде қарлығаш... күтеміз.

  11. Алмаағаш... гүлдері ақ болады.

  12. Біз көктем... сағынамыз.

  13. Аспан... үнемі ақ бұлттар жүзеді.

  14. Дала... жасыл кілем төселеді.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар

көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Топтық жұмыс










«Жазайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушыларға әр абзацты жалғастырып, көктем мезгілін сипаттайды.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе, алмаағаштың алма-стикеріне, жақсы әсер алса, бәйтеректің жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса, кактустің төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс орнатады.



алмаағаш бәйтерек кактус

5 мин

Жеке жұмыс

Рефлексия:

«Сабақтан алған әсерім»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану

4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Әнді тыңдап толықтыра алады.

  • Жуырда болып өткен оқиға туралы жаза алады немесе айта алады.

  • Сөздерге қосымшаларды орынды жалғай біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Жау-жау, жаңбыр. (3-тоқсан, 5-тарау). 78-сабақ




Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау

Тілдік міндеттер

Қолшатыр, гүлдеу, тамшы, көктеу, сағыну

Алдыңғы білім

Көктемгі өзгерістер

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға қолшатырдың, гүлдеп келе жатқан ағаштың, тамшының, бүршік жарып келе жатқан ағаштың суреттерін интерактивті тақтадан көрстеді. Мұғалім жаңа сөздерді суретпен көрсету арқылы меңгертеді. Оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге

қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөйлемдерді суретпен салыстыру арқылы айтылым дағдыларын дамытады. Оқушылар салыстырғанда «иә», «жоқ» деп жауап береді. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қысқа жауаптар сыныптағы білім деңгейі орта оқушыларды жұмыстандыру үшін өте қолайлы.

5 мин

Топтық жұмыс

Сурет

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар жұпта жұмыс істейді, яғни берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды.

  1. Саған жаңбырлы күн ұнай ма? Неге?

  2. Жаңбырлы күні сыртқа шығасың ба?

  3. Жаңбырлы күнде көңіл күйің түсе ме?

Тапсырма оқушылардың сөйлесім әрекеттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,...оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша...) салыстыра отырып бағалау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық