Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2077

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақтың тақырыбы

Менің білуімше ... (3-тоқсан, 5-тарау). 75-сабақ

Дағды

Жазылым және грамматика




Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

        1. Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

        2. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын

ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Мекен, өзгеру, құбылмалы

Алдыңғы білім

Алматы мен Астана

Пәнаралық айланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақтың басында мұғалім алдыңғы өткен тақырыпты оқушылардың естеріне түсіреді. Оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы Алматының табиғаты туралы ой картасына аударады. Сыныптағы барлық оқушылар ой картасын оқып, мұқият танысып шығады. Ой картасында берілген әрбір сөйлемді назар аударып, мұқият оқиды. Мұғалім келесі тапсырманың осы ой картасымен байланысты екендігін түсіндіреді. Ой картасында түсініксіз сөйлемдер болса, мұғалім түсіндіреді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық, ой картасы

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар осы Алматы туралы ой картасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы туралы диаграмма құрастыруға тапсырма береді. Оқушылар топта Астана қаласы туралы диаграмма құрастырады. Диаграмма құрастыру үшін оқушыларға суреттер, А3 парағы, желім, түрлі түсті маркерлер таратылады. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін уақыт беріледі. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жеке жұмыс

Суреттер, түрлі түсті маркерлер, желім, А3 парағы








«Сөйлесейік» айдарында оқушылар өздерінің құрастырған ой карталарының таныстырылымын жасайды. Топтан екі оқушыдан шығып өз диаграммаларын таныстырады. Әр топ Нұр-Сұлтан қаласы туралы диаграммаларын қорғайды, қабырғаға іледі.

Оқушылар өз диаграммаларын қорғау үшін үлгіні басшылыққа алып таныстырады. Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын, айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Үлгі:

Біз ой картамызда Нұр-Сұлтан қаласының табиғатын сипаттадық. Біздің білуімізше, Нұр-Сұлтан... аймақта орналасқан.

Біздің ойымызша, Нұр-Сұлтан маңында ... өседі. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде ... бар.

Нұр-Сұлтанның жазы ... Нұр-Сұлтанның қысы ...

Болашақта Нұр-Сұлтанның ауа райы өзгереді деп ойлаймын. Өйткені ...

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс

Диаграмманы қорғауға арналған үлгі жазылған парақшалар

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Нұр-Сұлтан туралы жасаған диаграммаларын қалай мәтінге айналдыру керектігін, ауызша айтқан нәрселерді қалай жазу керектігі жайлы ойланады.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар

оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу мақсатын жүзеге асырады.

3 мин

Топтық жұмыс жұмыс







Оқушыларға Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін бөліктері беріледі. Бұл тапсырма оқушылардың Нұр-Сұлтан туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында «Пазл» әдісін қолданады. Оқушылар мәтін бөліктерін пазл ретінде жинап үйренеді. Мәтіннің әр бөлігін әр түсті пазл арқылы белгілеп көрсетуге болады. Оқушылар мәтінді ретімен бөліктері бойынша орналастырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

6 мин




Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін бөліктері








Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар қос қала табиғаты туралы эссе жазады. Оқушылар эссе жазу үшін диаграммаларды басшылыққа алады және оқулықтағы үлгіні оқып, қарап шығады.

Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын, сыни ойлауын дамытуға арналған.

Тірек сөздер: менің білуімше, сондай-ақ, оған қоса, қорыта айтқанда, ғажайып мекендер, зәулім ғимараттар, сол себепті Мұғалім оқушыларды түрлі түсті смайликтер арқылы бағалайды. Рефлексия: «Білім вагоны»

14 мин

Жеке жұмыс

Тірек сөздер жазылған парақшалар. Түрлі түсті смайликтер.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері


  1. Оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

  2. Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

  3. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Сызба нұсқауды басшылыққа алып эссе жаза алады.

  • Жазылым кезінде қосымшаларды дұрыс қолданады.

  • Шақтық мағынаны дұрыс жеткізе біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Халықтық болжам. (3-тоқсан, 5-тарау). 76-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика




Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Лексикалық минимум

Найзағай, шық, құрғақ, тышқан, ін, күркіреу

Алдыңғы білім

Менің білуімше

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға құстардың суретін

7 мин

Мұғалім-сынып

Құстардың

интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушыларға сабақтың тақырыбын

суреттері

болжатады. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім




оқушылардың болжам жауаптарын тыңдайды.




«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар «Кубизм» әдісі арқылы жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушыларға сандар жазылған текшені лақтырады. Оқушылар санға сәйкес сөзді атау арқылы жаңа сөздерді жаттауға талпынады. Оқушылар жаңа сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркестерін құрастырады.

1. Торғай. 2. Көртышқан. 3. Қарға. 4. Шегіртке. 5. Найзағай.

6. Жұлдыз.

Сандар

жазылған текше

Негізгі

«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөздер

10 мин

Жеке жұмыс

Суреттер

мен

беріледі. Оқушылар сол сөздердің қарсы мәндерін жылдам тауып

мәліметтер




шығулары керек. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау қабілеті мен сөздік

жазылған




қорын молайтуға бағытталған.

кесте











«Есте сақтайық» айдарында оқушылар салыстырмалы шырайдың

жұрнақтарының ережесімен танысады. Мұғалім оқушылардың ережені жақсы меңгеруі үшін бірнеше мысалдар келтіреді. Ережемен

таныстырады. Оқушылар ережені қолданыстық тұрғыдан меңгереді.


а) «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәліметті оқып, соған сәйкес суретті табады.

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер

беріледі. Оқушылар сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын жалғап жазады. Тапсырма жазбаша түрде жеке орындалады.

ә) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді аяқтайды. Бұл тапсырма салыстырмалы шырай жұрнақтарын бекітуге бағытталған.

Дала тышқаны көртышқанға қарағанда кішкентай ... .

Ай жұлдызға қарағанда жақын ... .

Жылқы сиырға қарағанда тез ... .

Найзағай дауылға қарағанда қорқынышты ... .

Қыстың күні жаздың күніне қарағанда қысқа ... .

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау мақсатын жүзеге асырады.

7 мин




Ереже




«Жазайық» айдарындағы тапсырмада суретке қарап, күн райы болжамын жазады.

Мысалы: Мысық айналаны тырналаса, күн боран немесе жаңбырлы болады. Ай шалқалап туса, күн райы мал-жанға жайсыздау болады, күн салқын болады.

10 мин








Егер сөз со- ңында

к, қ, ш, п, с

-тау/-теу

тіктеу, құрғақтау

а, ы, і, р, у, й

-лау/-леу

жұқалау, кішілеу

л, м, ң, з

-дау/-деу

тереңдеу, қалыңдау