Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2033

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Тыңдайық» тапсырмасы аясында ұсынылатын Бақыт пен Қуаныштың диалогі беріледі. Оқушылар тыңдату арқылы Қызылжұлдыз туралы тың ақпараттармен танысып, ғаламшар туралы білімдерін одан әрі толықтырады. Тыңдалым мәтіні төмендегідей мазмұнда болып келеді:

Бақыт: Ғаламшар не себепті Қызылжұлдыз аталады?

Қуаныш: Бұл ғаламшардың түсі қызыл болуымен байланысты. Бақыт: Қызылжұлдыз жерден қанша есе кіші?

Қуаныш: Қызылжұлдыз жерден екі есе кіші. Бақыт: Қызылжұлдызда тау бар ма?

Қуаныш: Иә, Қызылжұлдызда жанартаулар болған дейді ғалымдар. Қазір онда жердегі таулардан да биік таулар бар.

Бақыт: Ал Қызылжұлдызда су бар ма?

Қуаныш: Ғалымдардың айтуынша, Қызылжұлдызда бұрын су болған. Бақыт: Қызылжұлдыз ғаламшарында өмір сүруге бола ма?

Қуаныш: Әрине, ол ғаламшарда өмір сүруге болмайды.

Аталмыш тапсырма көлемінде 4.1.4.1 *тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және

негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау оқу мақсаты жүзеге асады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың сан есім туралы білімін одан әрі санада тұрақтандыру мақсатымен берілген. Балалар суреттегі нысандарды, не заттарды санап, қанша екенін анықтайды, сандарды дұрыс айтуға және жазуға жаттығады.

5 мин

Жеке жұмыс Жұпт. жұмыс Сынып

Оқулық

Келесі «Ойланайық» айдары бойынша берілген суреттер қатары мен берілген сөздер қатарын суретке қарап сәйкестендіру ұсынылады. Бұл орайда оқушының ойлау қабілеті, сөз саптауы, сөйлем құрауы, дұрыс жауабы қатаң бақылануы тиіс. Бұл тапсырма оқушылардың алдағы айтылым тапсырмасына дайын болуы үшін ұсынылады. Оқушылар

үшін жаңа сөздер осылай таныстырылады.

2 мин

жұптық Жұптық жұмыс

Оқулық

«Көрсет және айт» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың сан есім туралы білімін одан әрі санада тұрақтандыру мақсатымен берілген. Балалар суреттегі нысандарды не заттарды санап, қанша екенін анықтайды, сандарды дұрыс айтуға және жазуға жаттығады.

Осылайша, сан есім ғана қайталанып қоймай, лексикалық білім пысықталады.

4 минут

Жеке / топ

Оқулық

«Жазайық» айдарында өткен тақырыптардағы ережелерді еске түсіру мақсатында сан есімдерді қайталауға ықпал етіп, сандарды жазбаша

дәптерге қатесіз жазу тапсырылады. Бұл ретте 4.4.4.1 мақсаты жүзеге асырылады.

5 мин

Жеке, топ- тық,

жұптық

Оқулық

«Ойнайық» айдарында күндер мен айлар атауын және сан есімнің қолданысын дұрыс пайдаландыру мақсаты көзделеді. Мұнда оқушылар ойнай отырып, бір-бірін тыңдайды, сандарды қолданып қайталайды.

7 мин

.

Жұптық жұмыс








Қорыт. бөлім

«Сен білесің бе?» айдарында Қуаныш Қызылжұлдыз туралы қосымша мәліметтер беру арқылы тағы да «Сақина салмақ» ойыны арқылы шұғыл сұрақтармен сабақты қорытады.

Сабақ соңында мұғалім оқушыларға «жанартау», «қатпар»,

«шұңқыр» сөздерін қайталатып, сабақты қорытады. Сандар туралы білімдерін бекітеді. Өз-өздерін бағалау үшін диаграммалар ұсынып, оның бөліктерін бояп көрсетеді.

5 мин

Сынып-мұғалім

«Сақина салмақ» ойыны

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын

(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

  1. Жоспар/жазбаларын қолданып,

мәтінді толық мазмұндау

Дескриптор

  • Тыңдаған мәтіндегі оқиғаның себебі туралы айта алады.

  • Жоспарға сүйеніп әңгімелей алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Жетіқарақшы. 118-сабақ

Дағды

Оқылым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Тілдік міндеттер

Мысалы негізінде -лық/-лік қосымшаларының мағынасын түсіндіру

Жаңа сөздер

Жетіқарақшы, үркер, жоғалу

Алдыңғы білім

Қызылжұлдыз

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139





Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында мұғалім балаларға:

  • Балалар, бүгінгі сабақты Қуанышпен бірге өткіземіз. Бүгін аңыз- әңгіме, өлең, ертегілердің бір-бірінен айырмашылығын танып, аңыздарға кезек береміз. Сабағымызға кіріспес бұрын алдымен Қуаныштың бізге қояр сұрағы бар екен. Соған жауап берейікші.

  • Қуаныш: Балалар, сендер қандай жұлдыздарды білесіңдер?

  • Осы жұлдыздардың бірі туралы аңыз, ертегі, әңгіме не өлең естігендерің бар ма?

  • Кім айтады?

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

Мұғалім келесі кезекте оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Алдымен, әр жаңа сөзді өзі айтып, дұрыс айтылуын оқушыларға естіртеді. Одан соң оқушылардың қайталауын сұрап, жаттықтырады. Әр сөзді жеке-жеке үйретіп, оларды үйрету барысында оқушылардың алдымен топ болып қайталауын, одан соң жұп болып, соңында жеке-жеке қайталауын жүзеге асырады. Сондай- ақ, мұғалім оқушылардың сөздерді оңай жаттап алуына ден қойып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

3 мин

Жеке

Оқулық

Оқулықта ұсынылған «Анықтайық» айдарымен берілген тапсырма бойынша оқушылар алда оқитын аңыздың мазмұнын суретке қарап болжайды. Мұғалім балаларға қолдау көрсетіп, сұрақтар қою арқылы бағыттап отырады. Мысалы:

  • Аңыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

  • Суретте қашып бара жатқандар бар ма? Қуып келе жатқандар бар ма? т.б. сұрақтар төңірегінде жетелейді.

5 мин




Оқулық

«Оқиық» айдарында мәтінді түсініп оқуға оқушы назарларын аудартады. Мұғалім оқушыларға нақты уақыт беріп, оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын сұрайды. Оқушылар өз түсінгендері туралы баяндап береді. Келесі кезекте мұғалім оқушылардың мәтінді анық түсінуіне ден қояды. Оларға мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазуды тапсырады. Мәтін бойынша кезіккен сөздерді ұғындыру үшін мұғалім арнайы уақытын бөледі. Шамамен мәтіннен шашырау, нөкер,жолыболу,шындығында,ұрысөздері анықталуы мүмкін. Бұл сөздерді ұғындыру және пысықтауға қатысты көрнекіліктерді, сөйлемдер мен тапсырмаларды алдын ала әзірлеп келген дұрыс болады. Кейін оқушылар мәтінді тағы бір мәрте оқып, түсінгендерін не

түсінбегендерін мұғалімге көрсететін болады.

7 мин




Оқулық. Үлестірме карточка- лар,

сөздіктер

«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Өздері дайындаған сұрақтарын өз сыныптастарына қойып және олардың сұрақтарына жауап береді. Пікір алмасуды немесе сұрақ-жауапты да қызықты тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы екі шеңбер жасап тұрып сұрақ- жауаптарымен алмасады. Мұғалім жұптардың ауысуын сұрап белгі береді (шапалақпен немесе қызыл карточка көтереді). Аяқталғаннан кейін сыртқы шеңбер мұғалім «тоқта» дегенше солға қарай жылжиды. Осылайша жаңа жұп қалыптасады.

ҚБ. Әр оқушыда бағдаршамның үш түсіне сәйкес топшамалар болады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгендігі немесе түсінбегендігі туралы белгіні топшамалармен көрсетуін сұрайды, содан кейін оқушылардың сұрақтарға жауап беруін өтінеді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Тыңда- лым Аудио- диск








«Сөйлесейік» айдарында берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ертегі, аңыз, әңгіме, өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері мен айырмашылығы жайлы білімдері пысықталады. Оқушылар оқыған мәтінінің неліктен аңыз әңгімеге жататыны туралы сөйлейді. Дәлелдеме келтіреді. Бұл тапсырманың өзі оқушыларға қиын болса, мұғалім түрлі жанрлар туралы түсініктемелер жазылған жолақшаларды ортаға тастап, олардың ішінен өздерің оқыған мәтіннің жанрын анықтап беретін түсініктемелерді тауып беріңдер деген тапсырманы

алға тартуына болады.

3 мин

Мұғалім-сынып




«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар аңыз бен ертегінің аражігін айырып тұратын мағлұматтармен танысады. Өйткені көп жағдайда ертегі мен аңыз шатастырылып жатады. Оқушылардың материалды нақты түсінгендеріне мұғалім көз жеткізгісі келсе, көлемі үлкен емес өзге аңыз бен ертегіні мысал ретінде алып, тағы бір мәрте талдатуына

болады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып




«Сен, білесің бе?» айдары бойынша Үркер жұлдызы туралы, жалпы жұлдыздар туралы қызықты қосымша ақпараттар беру арқылы сан есімдер және жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын бекітеді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Тыңда- лым

Қорытынды бөлім

«Ойланайық» айдарында берілген мақалды көшіріп жазып, оқиды мағынасын түсінеді. Бұл ретте бұрынғы кезде компас сағат болмаған кезеңдерде ата-бабаларымыздың қырағылығы, зеректігі сонша, жұлдыздардың шығу уақытын бақылап, күннің орналасуы мен жылжу әрекетін бақылап уақытты ажырата алған, бағыт-бағдарды ажырата алған деген деректерді айта кеткен дұрыс.

Соңында арнайы білім қоржынын ұсыну арқылы оқушылар бүгінгі алған білімдерін қоржынға салу арқылы өз пікірлерін білдіреді және мұғалім сабақты түйінді пікірмен қорытады.

3 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  • 4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама- қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  • 4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Дескриптор

  • Мәндес және қарсы мәндес сөздерді таба алады.

  • Қажетті ақпаратты өз бетімен таба біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?