Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2031

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Келесі сиқыршы тапсырмасы «Тыңдайық және жауап берейік» деп аталады. Мұғалім кестеде берілген сұрақтардың жауаптарын табу керектігін оқушыларға түсіндіреді, өзі бастап үлгі көрсетеді. Егер уақыт қалып жатса, мұғалім сиқыршының рөлін ойнап жүріп, мәтінді толық мазмұндап берулерін сұрайды. Бұл тапсырманы «Ойды жалға» ойыны арқылы жүзеге асыруға болады. Бұнда 1 оқушы мәтіннің басын бастаса, екінші оқушы ортасын, келесі соңын, солай мәтінді қайталап баяндатуға болады. Бұл оқушылардың зейінін тұрақтандыруға үлкен септігін тигізеді.

Тыңда

Әңгімені тыңда, жүргізіп оқы. Түсінгеніңді айт.

...Біз2070жылғатапболыппыз.Бізгебірнешеоқушыжақындапкелді.Бізбентанысты.Оларбіздіөзмектептерінеалыпбарды.Олардыңмектептерібіздіңмектептердентымөзге.Мектептебалалар7шетелтілінмеңгереді.Мектептеріозықтехнологиялармен жабдықталған. Балалар оқулық ұстамайды. Бәріпланшетішінде.Оқушықалағанпәндіғанаоқиалады.Мектепформалары да басқа. Ұттық үлгіде тігілген. Ең жақсы жаңалыққазақтіліндебарлықәлемхалықтары сөйлейбіледі екен.

Біз өзімізге жаңа дос таптық. Оның аты – Самғат. Ол ертең бізгеқаланыаралатады.

Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш»

белгілері арқылы бағалайды.

7 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

Сиқыршы келесі тапсырмасын «Сөйлесейік!» айдарымен береді. Бұл жерде оқушылар болашақ мектебі туралы ойларын болжап айтып түсіндіреді. Мұнда 4.1.3.1мақсаты жүзегеасырылады.

5 мин

Жеке,топ

-тық,

жұптық жұмыс

Оқулық

Қор.

«3 Қ» стратегиясы арқылы сабақ қорытындыланады. Маған қиын болды.

Маған қызық болды.

Маған қажет болды.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

  2. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2- 2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер

құрастыру/болжау

Дескриптор

  • Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.

    • Тыңдаған мәтіні бойынша сызба, кластер, кесте толтыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   139



Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкінқандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Менің қиялымдағы мектеп. (4-тоқсан, 8-тарау). 123-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары


4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

4.4.2.1 Оқыған \аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Лексикалық минимум

Ақпарат, жаңа

Алдыңғы білім

Болашақтың мектебі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе




  • Балалар, бүгін бізге сабаққа Азамат пен Тілеухан өз ойларымен бөлісуге келіпті. Олар: «Өз қиялымызды ауызша және жазбаша жеткізе аламыз», – деп келіп отыр.

  • Ал, біздер ше? Өз қиялымызды айта және жазып бере аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар, балалар, сендер өздеріңе сенімдісіңдер ме? Олармен бәстесіп көреміз бе?

  • Иә.

  • Жарайды, ендеше тапсырмаларға кезек берелік, деп мұғалім сабақты бастайды. Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.

2 мин

Мұғалім-сынып




Алғашқы тапсырма «Жаттығайық» деп аталады. Мұнда сөйлемдерді салыстыр. Мәндес сөздерді қолданып өз мысалыңды айт тапсырмасы орындалады. 4.2.1.1 мақсаттары жүзеге асырылады. Оқушылар тапсырманы салыстыра отырып, қажетжәне керекдеген сөздердің мәндес екеніне көз жеткізеді, мағынасын таниды. Қосымша осы мәндес сөздерге өз жандарынан басқа сөйлемдер құрау арқылы «Менің пікірім...» ойыны арқылы оқушылар өз ойларындағы сөйлемдерінен тұжырым жасай білуге дағдыланады. Сынып қабілеті төмен болған жағдайда оқушылар тілдік құрылыммен жай танысып, алдағы мәтінді оқу барысында осындай құрылыммен жазылған сөйлемдерді оңай түсіне алу деңгейіне жете алуын қамтамасыз етумен ғана шектелуге болады. Ал сынып деңгейі жоғары болған жағдайда, оқушыларға модаль сөзге қатысты жазу тапсырмасын беруді мұғалім ұйымдастыра алады.

Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш»

белгілері арқылы бағалайды.

3 мин

Топтық жұмыс

«Менің

пікірім...» ойыны, айтылым

Негізгі бөлім

Келесі «Сөйлесейік» тапсырмасында оқушылар ұсынылған жоспарға сай

«Жаңа заманның мектебі қандай болуы керек? сұрағына жауап беріп, ол туралы өз ойларын жоба қорғау не постер арқылы дәлелдей алады. Онда

4.4.2.1 мақсаты жүзеге асырылады. Оқушылар тілдік құрылымдарды дұрыс қолдануға машықтанады. Осы жерде Тілеухан мен Азаматтың сөйлесіп тұрған суреті және жоспар, тілдік құрылымдар тақтада ілініп тұруы талап етіледі.

5 мин

Жеке

Жоба қорғау не постер
Тілдік құрылым жазылған жолақша- лар

Келесі «Оқиық» тапсырмасында Азаматтың дәптеріндегі жазбасын мәтін ретінде пайдаланып оқып, оның арман- мақсатынан түсінгендерін оқушылар айтып береді. Сынып оқушыларының қабілеті аса жоғары

болған жағдайда тапсырманы мұғалім өз қалауы бойынша күрделендіре алады. Мысалы, мәтінді пайдаланып оқушылар өз қиялындағы мектеп

туралы айтуларына болады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Келесі «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында мәтін мазмұны кестеге сай тексеріледі. Мұнда «позиция таңдау» стратегиясы «Иә» және

«жоқ» арқылы анықтауды көздейді. Оқушылар таңдау жасаған жауаптарын стикерлер жапсырумен орындайды. Стикер іштерінде алдын ала «иә» және «жоқ» жазулары жазылып қойылады.

Оқылым тапсырмасын орындау барысында мұғалім қосымша түсіндірме жұмысын да қатар алуына болады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық Стикер

Келесі шығармашылыққа негізделген тапсырма «Ойланайық» деп беріледі. Мұнда оқушы өз қиялыңдағы мектеп туралы ойланып, сурет салып көреді. Үлгіге Азаматтың қиялынан туған дайын бір суретті мұғалім ұсынып, оқушыларының шабытын шақырады. Сурет «Менің

қиялымдағы мектеп» деп аталады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сурет

Келесі «Есте сақтайық!» тапсырмасы бүгінгі жаңа сөз бен оның мәндес сөзі «мәлімет» және «ақпарат» сөздеріне баса назар аудартады. Қайталата айтқызып, мағынасын игертеді. Олар өзара мәндес сөздер

екеніне мысалдар арқылы оқушылардың көздерін жеткізеді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.




Келесі «Жазайық» тапсырмасында оқушылар өз қиялындағы мектеп туралы жазады. Жоспарды басшылыққа алады. Тілдік құрылымдарды қолданады. Оқушылар жазылым соңында өз- өздерін және көршілерін тексереді және бағалайды. Оқушылар өздерін және көршілерін бағдаршам бойынша бағалай алады. Мәтінді өзара редакциялау немесе түзету.

«Түзету» бұл серігіңіздің мәтінін төмендегі мәселелер тұрғысынан тексеру: орфографиялық қателер грамматикалық қателер тыныс белгілерінің болмауы  сөйлемдердің аяқсыз қалуы. Жаттығу: Абзацты қайтадан оқыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателерді көрсету үшін тиісінше шеңбермен белгілеңіз, астын сызыңыз

немесе түзету белгілерін пайдаланыңыз.

5 мин

Жеке, топтық, жұптық жұмыс




Автор орындығында жазған мәтіндерін оқып, оқушылар өз ойларымен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болады.

Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

2 мин

Жеке ж. Жұптық

Автор орынды- ғы





Қор. бөлім

Рефлексия

«Білім ағашы» – оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Смайлик

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру (инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

  2. Оқыған \аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Дескриптор

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып мәтін құрастыра алады.

  • Жоспарға сүйеніп мәтін мазмұнын айтып бере алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139



Сабақтың тақырыбы

Заманауи көлік. (4-тоқсан, 8-тарау). 124-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар

негізінде жазу

Тілдік міндеттер

Салыстырмалы шырай категориясы

Жаңа сөздер

Заманауи, сапалы, қуатталады

Алдыңғы білім

Менің қиялымдағы мектеп

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары




Кіріспе

Мұғалім сабақты көлік туралы әңгімемен бастайды. Сабаққа бірнеше жаңа үлгідегі мәшинелердің суретін әкеліп, оларды ертеде шыққан көлік түрімен салыстыра сипаттайды. Әңгімеге оқушыларды да тартып, олардың үйінде қандай мәшине барын, олардың артықшылықтарын сұрақ қоя отырып айтуға жетелейді. Осы әңгіме барысында оқушылар

«заманауи» және «сапалы» сөздерімен танысады. Дер кезінде оқушылардың сөздерді дұрыс айта алуына мән беріліп, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Одан әрі мұғалім оқушыларды оқулықпен

жұмыс істеуге бағыттайды.

2 мин

Мұғалім-сынып




Алғашқы тапсырма «Оқиық» деп аталады. Онда өзімізге таныс кейіпкерлер Азамат, Санжар, Тілеухан, Самғат, көрші ағайлар сыртта тұрып сөйлесіп тұрғандары бұлтта жазылып көрсетіледі. Сол жазудағы мәтіндерді оқушылар оқу арқылы жаңа заманауи көлік түрімен танысады. Оның ерекшеліктеріне мән беріп оқиды. Және сапасы мен қуатына да ерекше таңғалады. Заманауи көліктің пішіні мен көлеміне де мән беріледі. Осы мәтін арқылы жаңа сөздердің қолданылу үлгісімен танысады. Денсаулыққа зиян келтірмеу қауіпсіздігіне тоқталады.

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

Келесі «Ойланайық» тапсырмасында

А. Мәтіннен Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тапқызады. Оны Үлгі бойынша: Қандай? Заманауи деп дәптерлеріне және тақтада тізіп жазады.

Ә.Сөздергеберілгенқосымшалардыңбірінжалғапжазады.Осытапсырманыорындатубарысындамұғалім«заманауи»сөзініңөзгесипаттаусөздерісияқты(сынесімсекілді)салыстырумағынасынүстейтін қосымшаларды өзіне жалғамайтындығын жете түсіндіреді.Егер оқушылар үшін әлі де болса жаттығу жұмыстарын орындату қажеттігі белгілі болып жатса, мұғалім өз тарапынан құрастырған

тапсырмаларын оқушыларға бере алады.

5 мин

Жеке




«Жаттығайық» тапсырмасында көп нүктенің орнына тиісті ырақ-ірек-рақ-рек-қосымшаларын қойдырып сөйлемді толықтырып жазу беріледі. Мысалы:

1. Бұл мәшине ыңғайлы. Мұнда берілген жұрнақ қиындыларын

магнитпен жылжымалы түрде қосымша тағы бірнеше сөздер пайдаланып, сөйлем құрастыртуға болады.

3 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

«Еске сақта» айдарында заманауи сөзіне бірнеше тіркестер мен сөйлемдер құрастыртып, оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын шыңдайды. Және дөңгелек сөзі – пішін мағынасында және көліктің бөлшегі мағынасында қолданылатыны ескертіліп, мұғалім тарапынан түсіндіріледі.

5 мин

Мұғалім- сынып

Тақта

«Сөйлесейік» тапсырмасында оқушылар екі суретті салыстырып сипаттап береді және оған берілген үлгініқолданады.

Мыс: Көрші ағайдың көлігі Самғаттың көлігіне қарағанда ескілеу. Осытұрғыда оқушылармен диалог ұйымдастыруда «Интервью» әдісінпайдалануғаболады.

Оқушылар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып

Оқулық








«Жазайық» тапсырмасында:

А. Көліктерді сипаттауға қатысты тағы қандай сөздерді қолданар едің? Көлікке жазылған сөздерді пайдаланып, сөйле және

Ә. Үлгіге қарап, екі көлікті салыстырып жаз.

Үлгі: Көрші ағайдың көлігіне қарағанда Самғаттың көлігі жылдамырақ. Бұл тұста оқушы қиялына ерік беріп:

-Сен көлікті тағы қалай безендірер едің? деп оқушыларды не сөйлетуге, сөйлем құрауға баулуға болады.

Оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін, бірін-бірі тексеріп, кейін өз жұмыстарын жетілдіріп, өңдеу шаралары жүргізіледі.

Мұғалім оқушыларға смайликтер ұсыну арқылы бағалайды.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.

Сынып

Оқулық


Келесі шығармашылық тапсырма: Оқушыларға 5 минут ішінде өз қиялдарындағы көлік суреттерін салдыруға болады.

5 мин

Жеке,топ-

тық,

жұптық




Қосымша ақпарат: оқушылардың көлік бөлшектерінен хабарлары бар ма, соны байқау мақсатында: Кім, көліктің қандай бөлшектерінен тұратынын біледі? деп, әсіресе сынып ер балаларының қызығушылығын арттыруға болады. Бұл ретте көлік маркаларын да сөз ете кетуге болады. Бұл оқушылардың көлік туралы білімдерін кеңейтуге

септігін тигізеді.

2 мин

Жеке ж. Жұптық

жұмыс

Қосым- ша ақпарат

Қорыт.

БББ кестесі арқылы сабақ қорытылады. Мұнда оқушы «бұған дейін білдім», «бүгін білдім», «білгім келеді» парақшада жауап береді.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу

барысында қолдану

  1. Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Дескриптор

  • Мәндес және қарсы мәндес сөздерді мәтіннен іздеп тада алады.

  • Оқыған әңгіменің мазмұнын жоспарға қарап айта алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   139