Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2024

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (4-тоқсан, 8-тарау). 128-сабақ

Дағды

Грамматика, тілдік дағды

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың ұзақтығы (2-2,5 мин), мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша

қолдану

Лексикалық минимум

Өткенді еске түсіріп, сұрақтарына жауап бере білуге үйрету

Алдыңғы білім

Өзгеру мен даму

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   139





С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

-Балалар, бүгінгі сабақта «Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай аламын» айдарын басшылыққа алып жұмыстанатын боламыз. Бүгінгі сабақ жарыс сабақ болмақ. Яғни, бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан, өткен сабақтардан алған білімімізді дәлелдейміз. Алғаш тапсырма берілген сөйлемдегі сөздерге тиісті қосымшасын дұрыс жалғау болып табылады. Бұнда 4.5.1.2 мақсаттары жүзеге асырылады. Жарыс сабақ екі топқа не командаға бөлініп

орындалуы тиіс.

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Сөз тіркесін құрай аламын» Келесі тапсырма сөздер топтамасынан бірнеше сөз тіркестерін мағынасы мен орын тәртібін сақтап құрау сұралады. Бұл тапсырма да екі команданың қайсысы көп сөз тіркесін шапшаң құрай алуына негізделеді.

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

ҚБ. «Ауызша сөзбен бағалау» – бағалаудың кең таралған түрi. Мұғалiм жаттығуды жақсы орындаған оқушыны мадақтау арқылы ауызша түрде кері байланыс орнатады, сәйкесінше оқушы өзінің осы материалды немесе ақпаратты ойдағыдай меңгергенін түсінеді. Мұғалім жаттығуды орындау барысындағы оқушының жіберген қатесіне ешқандай белгі қоймай-ақ бағалайды. Қорытындысында оқушы одан да биігірек нәтижелерге жетуі үшін не істеу

керектігін ойлайтын болады.




Негізгі бөлім

«Сөздердің мағынасын түсінемін және өзгерте аламын»

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі тапсырма сөздердің мағынасын түсініп және




бастапқы мағынаны өзгерте де қолдана алу шартын




көздейді. Мұнда оқушылардың зеректігі мен сөздік




қорының молдығы танылады, шапшаң ойлай білу




қабілеттері байқалады.




Ендігі тапсырма бойынша оқушыларға сөз мағынасын жете

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

түсінгенін анықтау мақсатында сөздердің мағынасын




түсінемін және мәндес мағыналы сөздерді тауып айта




аламын деген талап қойылады. Және 4.2.1.1 мақсаты




жүзегеасырылады.




«Сөздердің мағынасын түсінемін және мәндес сөздерді айта

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

аламын». Бұл тапсырма екі топқа бірдей мәтін ұсынып,




онда осыған дейін өткен жаңа сөздерді мәтін ішінен табу,




анықтау және мағынасын түсіндіру, мәтінді мазмұндау,




мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге




асырылады. Мұғалім оқушыларды уақыт белгілеп,




қадағалап отырады.











«Таныс сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын түсіне аламын» айдарындағы тапсырмада мәтінді толықтырып оқып, мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар бір-бірін смайликтер ұсыну арқылы бағалайды.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып

Суреттер үлестіру

Сергіту: «Мимикалық жасыру». Оқушыларға өткен тақырыптардан жаңа сөздер жасыру және оны тапқызу арқылы жаңа сөздерді қайталатуға болады.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс




Қор. бөлім

«3-2-1» әдісі арқылы рефлексия жасаумен қорытындыланады.

-Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

-Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 нәрсе

-Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  3. Тыңдаған материалдың ұзақтығы (2- 2,5 мин), мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

  4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

  5. Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша қолдану

Дескриптор

  • Мәндес сөздер таба біледі.

  • Шығарма кейіпкеріне баға береді.

  • оқыған шығарма бойынша сұрақтар құрастыра алады.

  • Сөздерге қосымшаны дұрыс жалғайды.

  • Сөйлемді қатесіз жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   139





Сабақтың тақырыбы

Сағат неше? (4-тоқсан, 8-тарау). 129-сабақ

Дағды

Айтылым, тілдік дағды

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \ белгі қолдану

4.5.1.4 *Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік

шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Тілдік міндеттер

Сан есім. Септік жалғауларды қайталау.

Алдыңғы білім

Қайталау

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға сағат туралы жұмбақ жасырады. Мысалы:

Үш тілі бар, Тықылдаған үні бар. Егер балалар мұны да шеше алмаса, тағы да жұмбақ ұсынады. Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді. Оқушылар жұмбақ жауабын тапқаннан кейін сағаттың шығу тарихы туралы, яғни оның пайда болғанына дейін уақытты адамдар қалай болжап білгенін сұрауға, талқылауға болады. Оқушылар тарапынан ешқандай дерек болмаса, мұғалім құмсағаттардың немесе күнсағаттарының суретін көрсетеді. Одан әрі сабақтың тақырыбы осы

сағат екендігін хабарлайды.

2 мин

Мұғалім-сынып

Сағат

«Жаңа сөздер үйренейік» айдарында бірнеше жаңа сөздер атауы жазылған суреттер легі оқушылар назарына ұсынылып, оның не екенін қайталап айтқызу арқылы жаңа сөздермен танысады. Бұнда сиқырлы таяқ «Бұл не? Бұл не істеді?» сұрақтарын қояды, оқушылар сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сөздер мәнін түсінеді.

Оқушылар өз-өздерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин

Топтық жұмыс

Сурет- тер легі

Негізгі бөлім

Келесі «Ойланайық» тапсырмасында сиқырлы таяқ оқушыларға тағы екі сурет арқылы суретті әңгімелеп беруін өтініп және олардың не нәрсеге таңғалғандарын білгісі келеді.

5 мин

Жеке




«Оқиық» айдарында сиқырлы таяқ оқушыларға мәтін ұсынып, оны түсініп оқуларына кеңес береді. Оқушыларды сөйлетіп, сөйлесім дағдысын шыңдауға жұмылдырады. Және жаңа сөздерді тағы бір мәрте

айтқызып, қайталатады.

5 мин

Мұғалім

- сынып

Оқу- лық

Келесі «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында кестеде берілген сөйлемдегі ойдың не дұрыс, не бұрыс екенін сиқырлы таяқшамыз +, - белгісі немесе стикермен «иә», «жоқ» деп белгілеулерін тапсырады.

3 мин

Мұғалім

-сынып











«Еске сақтайық!» айдарында сағат тілінің көрсетуі арқылы не суреттер ұсыну арқылы сағаттағы уақыттың айтылуын көру арқылы есіңе сақтау

5 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып


Тақта

Неше-

де?

Сағат неше (болды)?

1-де 2-де 3-те 4-те 5-те 6-да 7-де 8-де 9-да 10-да 11-де 12-де

1-ден 2-ден 3-тен 4-тен 5-тен

  1. дан 5 минут кетті, кеткенде

  2. ден 8-ден 9-дан 10-нан 11-ден

12-ден

1-ге 2-ге 3-ке 4-ке 5-ке

6-ға 20 минут қалды, қалғанда 7-ге

8-ге 9-ға 10-ға 11-ге 12-ге

жүзеге асырылады.

«Жаттығайық» А тапсырмасы тікелей оқушылармен сағат тілін тану бағытындағы практикалық көрсетілім болып табылады. Мұнда мұғалім жетекшілігімен көрсетіп, жауап беру не оқушылар бір-бірімен жұптаса үйрену көзделеді.

(4.5.1.2 көптік\тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша

тілде қолдану).

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Тақта

Ә тапсырмасы, керісінше, есіңе сақтаған сағат тілінің көрсетілімі бойынша оқушылар есіңе сақтау арқылы сағат тілін дұрыс көрсетіп,

сурет салу тапсырылады.

5 мин

Жеке, топ- тық

ж.




Сергіту: «Сағат неше?». Осы сұрақтан басталатын сұрақ-жауап арқылы

«Шеңбердегі доп» ойынын ойнату арқылы бірнеше сұрақтар қойылады. Мысалы: Сағат неше? Кешке нешеде жатасың? Таңғы жаттығуға нешеде тұрасың? т.б.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Оқу- лық

Қор.

Мұғалім сабақты «Раунд-робин» стратегиясы бойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату арқылы қорытады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Смай- лик

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \ белгі қолдану

  2. Септік/жіктік формалардағы жіктеу

есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

  • Қосымшалар мен шылауларды орынды қолдана біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   139