Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2029

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

  2. Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.

Дескрипторы

  • -да/-де/-та/-те қосымшасының мағынасын түсінеді, орынды қолданады.

  • Таныс сөздер мен сөз тіркестеріне сүйене отырып тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

  • Тыңдаған мәтіндегі жасырын ақпаратты таба

біледі.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   139





Сабақтың тақырыбы

«Туған ел» көрмесі. (1-тоқсан,1-тарау)

3-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/

кластер құрастыру

Лексикалық минимум

Халық, ұлт, шаңырақ, ту, бейнелеу, орын

Алдыңғы білім

Бурабайда

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Көркем еңбек

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

а

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

«Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

«Жаттығайық» айдары оқушыларды меңгерген жаңа сөздерін

бекітуге бағытталған және де Қазақстан туралы мәліметтерді толықтыруға арналған.

3 мин

Мұғалім-сынып



Микрофон

Жаңа сөздерге қатысты суреттер

«Анықтайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді қолданып сөйлеуіне жағдай туғызу керек. Тапсырма сыныппен және топпен орындауға арналған. Бұл тапсырманы әр сурет бойынша жеке топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар оқулықта берілген сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Ортақ шаңырақ», «Біздің көше», «Қазақтың даласы», «Әсем табиғат» тақырыптары аясында сөйлейді.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

«Жарайсың!»,«Өтежақсы!»,«Тамаша!»,«Жақсы!»,«Талпын»,

«Жауабыңдытолықтыр!»т.б.(Мұғалімнің қалауы бойынша).

5 мин

Топтық жұмыс




Негізгі бөлім

«Жазайық!» айдары. Оқулықта келесі ұсынылатын тапсырма

5 мин

Жеке




алдыңғы тапсырмамен тығыз байланысты болып келеді.

Балалардың салған суреті туралы балалар сөйлем құрастырып

жазады. Осы тұста оқушылар сабақ басында танысқан жаңа

сөздерін қайта қолданады. Бұған дейін ауызша айтып берген

мәліметтерін жазбаша түрде жеткізіп, жазу дағдыларын

дамытады. Кестеге сүйеніп, балалар туралы мәліметті

дәптерлеріне жазады.

«Сөйлесейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма

7 мин

Мұғалім-сынып




оқушылардың сөйлесім дағдысын дамытуға, ойлау дағдысын




жетілдіруге, оқушының өз ойын жасқанбай айтуына, қорытынды

Оқулық

жасай білуге бағытталған. «Неліктен?» деген сұраққа жауап




беру арқылы оқушының сыни ойлауы қалыптасады. Оқушылар




қазылар алқасының орнында болса өздері қандай мазмұндағы




суретті үздік деп танитындықтарын әңгімелейді.











«Тыңдайық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар диалогті тыңдайды, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады.

Саралау тапсырмасы. Оқушылар диалогті оқып болған соң, өз сөзімен не туралы екенін баяндап береді. Мұғалімнің шеберлігіне қарай қабілеті жоғары оқушылар «Репортер» әдісін қолданып, жүргізуші мен оқушылардың сұхбатын рөлдік ойын ретінде көрсетуге болады. Оқушыларға тірек сөздер немесе диалогке қажетті сөз тіркестері алдын ала берілуі қажет. 4.1.4.1Тыңдағанмәтінбойыншаоқиғаныңсебеп-салдарлықбайланысын(кейіпкерлер,оқиға)жәненегізгіойдымұғалімнің

қолдауыменанықтауоқу мақсаты игертіледі.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сурет,

репортер әдісіне

арналған

микрофон,

тілшілердің

папкасы, қалам

«Тыңдайық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда

10 мин

Жеке ж. Жұптық

жұмыс Сынып




оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша

сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін

бекітуге арналған. 4.1.3.1тыңдағанматериалдыңмазмұны

бойыншасұрақтарғажауапберу/сөйлемдітолықтыружәне

түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер

құрастыруоқу мақсаты қосымша жүзеге асады.

Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушылармен «Ең жылдам» әдісін қолдана отырып, ойын ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар логикалық ойлауда ширақтыққа, жылдамдыққа тез бейімделеді және оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысты сөздер керісінше жазылып беріледі. Сөздер тақтада маркермен А4 парағына жазылып ілініп тұрады. Кез келген оқушы шығып, сөзді дұрыс жазып беруі керек. Жылдам әрі қатесіз жазған оқушы марапатталады.

Мысалы: қылах, тлұ, қарыңаш, ігңәм, ле нағут, емрөк, терус т.б.

Рефлексия. Оқушыларға «Жетістік баспалдағы» ұсынылады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай баспалдақта тұрғанын көрсетеді.

5 мин

Сынып-мұғалім

Керісінше

жазылған сөздері бар парақша


«Жетістік

баспалдағы»






Үйге тапсырма ретінде оқушыларға «Туған ел» тақырыбына

фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін





бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп- салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау.

  2. Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.




  • Тыңдаған мәтіннен оқиға, кейіпкер туралы ақпаратты анықтайды.

  • Ұсынған ақпараттың дұрыстығының себебін түсіндіре алады.

    • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере

алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139





Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер. (1-тоқсан, 1-тарау)

4-сабақ

Дағды

Грамматика және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас

сөйлем құрастыру

Лексикалық минимум

Елбасы, елтаңба, гимн, мемлекет, тәуелсіз, рәміз, ұлан

Алдыңғы білім

«Туған ел» көрмесі

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын, логикалық ойлауын дамыту мақсатында орындалады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың қызығушылығын арттыруға негізделеді. Оқушыларға «Қазақстан» сөзі беріледі. Оқушылар сызба бойынша осы берілген сөзге ассоциациялық қатар құрастырады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.

«Сөйлесейік» айдарында «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырып төңірегіндегі жетелеу сұрақтарын қояды. Мұғалім сұрақтарды

«Хатқалтадағы сұрақтар» әдісі арқылы береді.

  1. Қазақстан қандай ел?

  2. Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді?

  3. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  4. Қазақстанның Туының түсі қандай?

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды қойып, жауап беруге көмектеседі. Тапсырма топта орындалады.

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы жаңа сөздерді меңгерту тапсырмасы «Суретті сөздік» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға елбасының, елтаңбаның, гимн орындап тұрған адамдардың, тудың суреттері көрсетіледі. Мұғалім суреттің астындағы сөзді атайды, оқушылар қайталайды. Оқушылар сөз тіркестерін құрастырып айтады. «Ал, балалар, біз қандай сөздермен таныстық? Қазақстанның президенті кім? Гимнді кім жатқа біледі?» (Қосымша сұрақтар қою арқылы тапсырманы тереңдетуге, оқушы білімін пысықтай түсуге болады).

Назар аударайық! айдарында оқушыларға мемелекеттік

рәміздерге нелер жататыны туралы түсінік беріледі.

3 мин

Мұғалім-сынып


«Ассоциациялық қатар» жасауға

берілген А4 парағы
Сұрақтар

жазылған түрлі

түсті қағаз қиындылары.
Хатқалта

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың үйренген жаңа сөздерін пысықтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдер құрастырады.

Мысалы: Олимпиада кезінде айтамыз.

......, ......, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді, кері байланыс орнатады.

7 мин

Топтық жұмыс



Оқулық