Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2034

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар мұғалімнің көмегімен мәндес сөздердің мағынасын түсінеді. Мысалы: ел- мемлекет, еркін-тәуелсіз. Мұғалім оқушыларға осы сөздердің мағыналарын түсіндіреді. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқу арқылы Қазақстанның рәміздері туралы қысқаша мәлімет алады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Балалар, «Мәңгілік ел» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларына қарай мәңгілік елді қалай түсінетіндерін айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушыларды бағалау мақсатында мадақтау сөздерін қолданады.

Дұрыс жауап: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. МемлекеттікРәміздереліміздіңтәуелсіздігінбілдіретінсимволдар.МенҚазақстанның ұланымын. Елімді мақтан етемін, Оның

«Мәңгілік ел» болғанын қалаймын. Мұғалім гимннің авторлары жайлы мәлімет береді. Гимннің сөзін жазған: Н.Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, әнін жазған: Ш. Қалдаяқов (осыны оқушыларға

бірнеше рет қайталатады).

5 мин

Жеке


Қазақстан Республикасына

қатысты суреттер,

«Мәңгілік ел» деген жазу немесе плакат







«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -дар/- дер, -тар/-тер, -лар,/-лер жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен қосымшаларды сәйкестендіреді.

Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуға жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Осы тапсырмадан кейін грамматиканы бекіту мақсатында оқушылармен «Жылдам доп» әдісін қолдана отырып, ойын ойнатуға болады. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып бір сөзді айтады, допты қағып алған оқушы сол сөзді көптік мағынасында айтуы керек. Осылай ойынға шыққан барлық оқушылар айтып болғанша, жылдам ойнатып шығуға болады. Бұл ойын арқылы оқушының білімі

артып, өз-өзіне сенім пайда болады.

5 мин

Мұғалім–сынып


Оқулық, көптік

жалғаулары

жазылған плакат

Доп

«Орындап үйренейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар каллиграфиялық

нормаға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, берілген

сөздерге көптік жалғауын қосып жазып шығады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі

түсті маркерлер





-дар
-дер
-лер

Нелер?

мемлекет рәміз ұлан халық

ел шаңырақ

ту елтаңба бала

жер

ұлт



-тар
-тер
-лар








«Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты түсіндірілуі тиіс. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған. 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орынтәртібін сақтапжайжәнеқұрмалассөйлемқұрастыру,оқу және 4.4.4.1каллиграфиялықнормаларғасәйкесәріптердіңөзарабайланысынсақтап,бірсызықтакөркемжазумақсаты жүзеге

асады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Суреттер

«Тыңдайық» айдарында оқушыларға бүгінгі сабақта меңгерілген бірнеше сөзді алдымен дискіден тыңдайды, содан соң мұғалім оқиды, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды. Бұл жаңа сөздерді жаттауға көмектеседі. (Мысалы: Елбасы, елтаңба, гимн, ұлан, мемлекет). Оқушылардың сөздерді қатесіз жазуына айрықша көңіл бөлуді жоспарлап жатса, яғни сыныпта қабілеті нашар оқушылар болған жағдайда сөздерді еске сақтап жазу тапсырмасын ұйымдастыруға болады. 4.4.4.1 каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір

жолға көркем жазу мақсаты жүзеге асады.

7 мин

Жеке жұмыс
Сынып

Оқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139





Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша пысықтау сұрақтары қойылады:

1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Мемлекеттік Рәміздерге нелер жатады?

3. Көптік мән беретін жалғауларды ата. 4. Елтаңбада не бейнеленген?

5. Туда не бейнеленген? 6. Тудың түсі қандай? 7. Әнұранның авторлары кімдер?

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі


3 мин

Сынып-мұғалім

Хатқалтадағы сұрақтар

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру,

  2. Оқу және каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын

сақтап, бір сызықта көркем жазу.

Дескрипторы

  • Суретке қатысты сөйлем құрап жазады.

  • Каллиграфиялық нормаға сай көркем жазады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?





Сабақтың тақырыбы

Рәміздер туралы білім сайысы. (1-тоқсан, 1-тарау)

5-сабақ

Дағды

Оқылым мен айтылым




Оқыту мақсаттары

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Барыс, тұлпар, қыран, құрметтеу, тіршілік ету, үлгі ету

Алдыңғы білім

«Мемлекеттік рәміздер»

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Анаграмма» беріледі. Ол анаграммада оқушыларға таныс және таныс емес сөздер беріледі. Оқушылар өздеріне таныс сөздерді сары түспен, таныс емес сөздерді жасыл түспен белгілеп шығады.

Қ Ы Р А Н Б А Т С У Т А Ұ Ә А Е Н Г М А Г У Ң Ғ Ұ Һ Л Н Ә Ң І П Т Р Е Л Т А Ң Б А Ұ С М Т Ь Б Ы Ч Я Ю Д Ж Э Н Р Я Ф Й В А С Е Л Б А С Ы П А Т Ұ Л П А Р М И Т Ь Б Ю В Н Қ Ұ Р М Е Т Т Е Й Д І Ф Х А Ш А Ң Ы Р А Қ М В Ф С П Е Ц

Жаңа сөздерді белгілеп алған соң, қайталап, сөз тіркестерін

құрастырамыз.

5 мин

Мұғалім-сынып

Анаграмма




«Сөйлесейік» айдарында оқушылармен интеллектуалды ойын ойнаймыз. Әр топ өзі кімнің тобында болатынын таңдауына болады (Расул, Дина, Медет суреті оқулықта берілген) немесе мұғалім мұны өзі ұйымдастырады. Сонымен қатар мұғалім осы сабақ бойында қолданылатын жаңа сөздермен оқушыларды таныстырып кетеді. Оқулықта сұрақ нөмірі жарысатын Дина, Расул, Медет нөмірлеріне сай берілген. Демек, сол оқушылардың тобына қарасты оқушылар төмендегідей сауалдар төңірегінде ойланып, бұрыннан білетін сөздік қорларын қолданып өз жауаптарын береді.

  1. Барыс қандай аң?

  2. Қыран қандай құс?

  3. Тұлпар қандай жануар?

Оқушылар осы кезеңде өздерінің білетін білімдерін ортаға салады және осылар туралы не білетінін ортаға салғаннан кейін өзара бағалау жүзеге асады.

4.2.2.1берілгентірексөздерменжоспардыңнегізіндеқысқа

монолог құруоқу мақсаты игертіледі.

5 минут




Оқулық