Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 226
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аргументтік синтез эссенің мақсаты-белгілі бір тақырып жөнінде пікірталас өрбіту және берілген пікірлерді дәлелдеу . Мұнда қарапайым сипаттау немесе түсініктеме берілмей, пікірлер аргументтер арқылы беріледі және аргументтік эссе құрылымы қолданылады. Бұл эсседе автор өз пікірін анық жазып, оны қолдайтын аргументтерді көрсетеді және ондағы әрбір тұжырымға дәлелдер беріп отырады.
3.Уәждемелік эссе («уәждемелік хат» деп те аталады) жоғары оқу орнына оқу мен белгілі бір бағдарламалар арқылы білім алу үшін құжаттар тапсыру барысында сұралуы мүмкін. Бұл эссені жазудағы негізгі мақсат- алдағы уақытта білім алатын сала мен жоғары оқу орнын таңдаудағы негізгі себепті көрсету және талапкердің білім құзыреттілігі мен тұлғалық қасиеттерін сипаттау. Уәждемелік эссе үміткердің құжаттарын қарау барысында алғашқы оқылатын құжат түріне жататындықтан, оның сәтті жазылуына ерекше мән беру керек.
Бұл эссені жазу алдын ала дайындықты талап етеді.Эссені бастамас бұрын қандай жоғары оқу орнына және қай мамандыққа құжат тапсыратынын нақты білу керек. Содан кейін осы ЖОО-мен мамандық туралы ақпараттармен толық танысып шығу керек. Эссені жазу барысында мүмкіндігінше интеллектуалдық қабілетті танытуға тырысып, осы оқу орнында оқуға лайықты талапкер екендігіңізді сипаттау қажет. Көп жағдайда озат студенттердің өзі бұдан қиналып жатады. Сондықтан уәждемелік эссе жазудың мақсаты мен міндетін түсінген дұрыс. Ол үшін уәждемелік эссені жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған дұрыс:
Асықпау. Уәждемелік эссені жазу белгілі бір уақытты талаап етеді. Сол себепті құжаттар тапсыру мерзімі аяқталар кезеңде асығып жаза салуға болмайды. Қашанда хатты алдын ала жазып, оны бірнеше күннен кейін қайта тексеріп шығу керек. Бұл эсседе қамтылмай қалған немесе артық жазылған ақпараттарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Түйіндемеде жазылған мәліметтерді қайталамау. Оқуға құжат қабылдаушылар талапкерлердің құжаттарын оқиды. Сондықтан түйіндемедегі мәліметтерді қайта оқу құжатты тексерушілерді жалықтырып жіберуі мүмкін. Сол себепті өзіңізді құжат тексерушінің орнына қоюға тырысыңыз. Қандай жайттар уәждемелік эссені қызықты ететінін ойлану керек.
ЖОО-ның оқытатын мамандығына қарай бейімдеу.
Университеттің ұсынатын мамандыққа сәйкес оқытатын пәндерін білу керек. Барлық ЖОО-лар оқытатын пәндерінің бағдарламасын сайттарына жариялайды. Осы пәндерді өз қызығушылықтарыңызбен байланыстыруға тырысыңыз.Бұл бағдарламаларды оқу сіз үшін қандай пайда әкеледі және мұндай пәндерді оқу қандай қызығушылық тудыратынына мән беріңіз.
Шынайы жазу. Эссені жазу еркін болу керек. Өзіңіздің арманыңыз бен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасаған әрекеттеріңізді сипаттаңыз. Жалған ақпарат көрсетіп немесе өзіңізді тым асыра мақтауға, үздік үміткер ретінде көрінуге жол бермеңіз. Шынайылық қана сәттілікке алып келетініне сеніңіз.
Бакалавр, магистр, докторантура және оқу грантын иелену үшін жазылатын уәждемелік эсселердің бағыты мен құрылымы бірдей болғанымен , бакалавр үшін жазылатын эссенің академиялық салмағы аздау болады. Магистратураға жазылған уәждемелік эсседе көбіне мамандыққа қатысты тәжірибе баяндалады. Ал докторантураға түсу үшін жазылған эсседе тәжірибемен қоса ғылыми дәрежені алғаннан кейінгі болашақтағы жоспарлар жөнінде де баяндауына тура келеді. Сонымен қатар олардың көлемі де әртүрлі болып келеді. Қанша сөз немесе неше парақ жазылу керек екенін университет сайтынан білу қажет.