Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 221

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
(GZAAН 6305) Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат пәнінің
Дәрістер жинағы


Шымкент 2022

1-апта. Лекция №1-2. Тақырыбы: Тарихи зерттеудің құрылымы.
1. Тарихи зерттеудің объектісі мен пәні.

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау.

3.Академиялық оқылым әрекеті
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазу мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.«Академиялық жазу» пәні педагогика және психология, дефектология салаларындағы болашақ мамандарды даярлаудың теориялық және ғылыми-зерттеу негізін құрайды. Пәннің қолданбалы сипаты мамандық бойынша ғылыми мәтіндер (курс және диплом жұмысы, ғылыми жоба және т.б.) құрастырумен байланысты.  Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық бөлінеді. Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру.

Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады: Күрделі: Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңіненқолданылады. Формалды: Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.

Нақты: Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 адам» деп нақты санын көрсету қажет.

Обьективті: Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сондықтан «менің ойымша», «мен сенемін», «мен», «менің», «менікі» деген сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Мысалы, «менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына «жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «сіз», «сен» деген сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс.Шектеулі:Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді.

Жауапкершілікті:Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.

Академиялық хаттың.ерекшелігі: Обьективті түрде жазылады.Ғылыми стильде жазылады.Жүйелі құрылыммен жазылады.Сілтемелерді жиі қолданады.Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады». Академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу. Академиялық хаттың негізгі талаптары:Зерттеу тақырыбының болуы.Зерттеу сұрағының болуы.Плагиат ережесін сақтауы.Ғылыми мәліметтерді қолдануы.Кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы.Түйіндеменің болуы (шағын эсселерге қатысты емес).



Академиялық оқылым әрекеті. Кез-келген өз стилі болады. Барлық әріп танитын адам күнделікті қажетіне байланысты түрлі материалдарды оқуына тура келеді және олардың өзіне тән қалыптастырып алған оқу стилі бар. Қарапайым оқылым стиліне әрбір сөзіне көңіл бөліп, оны басынан аяғына дейін түсінуге тырысып оқитын көркем шығарманы оқу стилін жатқызу. Мысалы, «Аңыз адам» журналы түсетін болса, ол журналдың бетін парақтап өзін қызықтырған мақаланы ғана оқып шығуы мүмкін. Ал, оның қолында телефон нөмерлерінің тізімі жазылған анықтамалық болса, ол өзіне керекті адамның есімін ғана іздеуі мүмкін.

 Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру мына қарапайым сатыларды орындаған абзал:Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну.Материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау.Материалдарды оқып, түсіну.

Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа қатысты өзге авторлардың ойын білу.Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында ойлану.Оқыған мәтіннен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру.Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан жасалынған мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру.Академиялық бағыттағы мәтінді тиімді оқу үшін мәтіннің мақсатын, жазылу стратегиясын және мазмұнын өзара тығыз байланыста қарастыру керек.

Мәтін түрлері мынандай:оқулық,газет мақаласы,журнал мақаласы, баяндама,онлайн құжат,кесте, сурет, сызбалар.

Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез-келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт.

 Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналар жатады:
Оқу жылдамдығы. Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау. Параграфтарға шолу жасау.

Оқылым әдістерін қолдануына тура келеді:

Зерттеу – мәтінді оқымас бұрын тақырыбын, тақырыпшыларын, мәтіндегі сурет, сызбағ кесте астындағы сөздерді, мәтіннің кіріспесі мен қортындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып, зерттеа алу керек.

Сұрақ қою – тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс «Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыру керек.

Оқу – оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру керек. Себебі, автор негізгі ойлары мен курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет. Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады.


Дұрыстап оқу – әрбір бөлімнен соң дауыстап қазір ғана оқығаныңызды өз – өзіңізден дауыстап сұрау керек. Әрбір бөлімге қорытынды жазуға тырысу қажет.

Қайталау – оқығанды қайталау үшін мынандай амалдарды орындау қажет.

Оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді еске сақтау қажет:Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау. Әрбір сөзді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру. Тақырыпты оқып, ол туралы осыған дейін білетін ақпараттар туралы ойлану. Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шығу.Кіріспесі мен қортындысын оқып шығу. Академиялық тұрғыдан сенімсіз материалдарға мыналарды жатқызуға болады: Газеттер (тіпті көлемді мақалалар жариялайтын «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш» т.б.). Журналдар («Жалын», «Парасат» т.б.). Компаниялар мен кәсіпорындардың вебсайттары. Қоғамдық мекемелер мен қайырымдылық қорларының сайттары. Студенттердің эсселері мен жазба жұмыстары.
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Оқылым әрекеті дегеніміз не?

2.Жазылым әрекеті қандай әрекет?

3.Мектеп қабырғасы мен ЖОО-да оқылы әрекетінің айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?

4.Неліктен академиялық бағытта жазылатын жұмыстарда сенімді ақпараттарды қолдануға тура келеді?

5.Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?
2-апта. Лекция №3-4. Тақырыбы: Ғылыми зерттеу үшін ақпаратты іздеу әдістері.
1.Жазба жұмысын жоспарлау

2.Академиялық жұмыстардағы автор ойының берілуі

3.Академиялық бағытта дереккөздермен жұмыс

4.Жазба жұмысын жоспарлау
Жазылым үдерiсi сәтті жүзеге асуы үшiн оны жоспарлау кажет . Такырыпка катысты толыкканды акпарат жиналғаннан кейiн « осы акпараттарды жүйелеп , калай жақсы бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады ? » деген сауал мазалауы мүмкін . Ол үшін жоспар кажет . Жоспар алғаш кұрылганда ретсiз болуы мүмкін , себебі ав тор өз ойына келген алгашкы идеяларды өз жазбасына косу үшін жоспарға енгiзе беруі мүмкін . Мұндай жоспарды құрудын мынадай жолдары бар ( олардын iшiнен қолайлы деген бiреуiн тандап алуға болады ) :

Ойшакырту - ойшакырту амалы такырыпка катысты ойга келген барлык сөздерді жазу . Содан кейін оларды ұмытып калмас үшiн тақырыпшаларға топтастыру кажет . Бұл амал біршама ретсiз орындалуы мумкiн , бiрак такырып жөнiндегi идеяларды қагазға түсiрудiң жаксы тәсілі .


Топтастыру - бұл әдіс ойшақырту амалына ұксас , бiрак өзіне тән ерекшелігі бар . Бұл әдісті колдану барысында такырыпка катысты ойларды қағаз бетіне түсiрiп , тек тақырыпшаларына қарай топтарға жіктеп жазуға болады .

Тізім жасау - топтастыра жазудың жүйелi түрi. Мұнда негiзгi ойдан бастап, тақырыпшаларға қатысты идеяларды жалғастырып жазу басты назарда тұрады . Бұл жазылым барысында кандай тұжырымдарға келу қажет екенін ұмытпауға мүмкіндік береді .

Сауал қою - жоспарлаудын мұндай түрiн қолдану барысында жазба жұмысынын негiзiн кұрайтын белiмдердiн сұрактары туралы ойлану кажет . Әрбiр бөлiм үшiн негiзгi деген бір сұрактан ойлап табуға тура келедi . Осыған байланысты жазылым үдерiсi барысында кұрастырылған сұрактарға жауап беруге болады .

Зерттеу жұмысын жазу кашанда оңай шаруа емес . Сол себепті зерттеу барысында аткарылатын шараларды аныктап алган жөн . Зерттеу жасау барысында жобанын жоспарын бірнеше мәрте өз тертiп , кайта - кайта түзетулер енгiзiлуi мүмкiн немесе зерттеуші әлі де материалдарды оку аркылы мәліметтерді жинауды жалғастыра беруiне болады . Дегенмен зерттеу жұмысын жазуды алғаш бастап отырган студент уакыттын жартысынан кобiн акпаратты дайындау мен әзiрлеуге жұмсаганы , ал калган жартысын жазу үдерісіне арнағаны дұрыс . Сол себепті , зерттеу жұмысына канша уакыт жұмсалатынын алдын ала бiлу қажет және зерттеу материалдарын табуға коп уакыт бөлген студенттiң жоғары баға алуға мүмкіндігі бар .

Зерттеу жұмысынын негiзгi үдерiсi мынадай жоспардан тұруы мүмкін :

1. Зерттеу сұрағын айқындау :

2. Ақпарат алатын топты анықтау ;

3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу ;

4. Сауалнаманы құру :

5. Сауалнаманы сынақтан өткізу ;

6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу ;

7. Ақпараттарды талдау .

Жазба жұмысын жоспарлау барысында « неге баса назар аудару қажет ? » деген сұраққа жауап іздеу кажет . Ол үшiн жазба жұмысының зерттеу сұрағына баса назар аударуға тура келеді . Мәселен , эссені жазу барысында онын негiзгi сұрағы туралы ойланып , осы сұраққа ғана жауап беруге тырысу керек . Такырып туралы баска да бiлетiн жайттарды жазудың қажетi жоқ , себебі такырыпка катысты , бiрак сұрактан тыс мәселелерді жазу жүйесiздiкке , кейде тiптi такырыптан ауытқуға ұрындыруы мүмкін . Академиялық жазылымнын басты талаптарының бірі - такырыптан ауыткымай нақты сұраққа жауап беру болып саналады . Әсіресе , емтиханға жазбаша жауап беру барысында емтихан қабылдаушынын ненi бiлгiсi келетiнiн бiлiп алып , сол сұракка анык жауап беруге тырысуы керек Бұл өз кезегінде жұмысты жоспарлап алуға тікелей байланысты болып саналады . Жазба жұмысын дұрыс жазу үшiн берiлген сұракты мұкият оку кажет . Емтихан кабылдаушынын кандай жауап күтетiнiн естен шығармаган абзал . Көп студенттер сұрақтан тыс жайттарды жазып, төмен баға алып жатады . Эссе грамматикалык және тiлдiк бiрлiктерд колдану тұргысынан жақсы жазылғанымен , онда негiзгi сұраққа жауап берілмесе , такырыпка катысты ой жүйелi жазылмаса , мақсатына жетпедi деп есептеледі . Ол үшін ондағы негізгі сөздердiн астын сызып алу керек , бул сұраққа накты жауап беруге көмектеседі. Такырыпка катысты ойдын жүйелi берiлуi онын окырманына ( емтихан кабылдаушы немесе окытушы ) эссенi түсiнiп окуына мумкіндік береді . Сондыктан жазба жұмысында ойыныздағы ақпаратты мүмкiндiгiнше түсiнiктi етiп жазудын маңызы зор . Ой шашыранкы , құрылымы нашар немесе жуйесiз жазылып , оқырманга оқу барысында түсінуге қиындыктар тудырса , төмен бағаланады . Керiсiнше , жұмыс оқырманға жеңіл оқылып , түсінілсе және кұрылымы жуйелi жазылып , Қызығушылық тудырса , сәттi жазылған деп есептеледi . Кез келген жазылым жалпыға ортак кipicne параграф , ойдын дамытылуы немесе негізгі бөлім және қорытынды параграф кұрылымына негізделеді . Бұл кұрылым бойынша негiзгi бөлiм такырыпка қатысты ойды жан - жакты талдайды , сондыктан басқа бөлiмдерге қараганда көлемдірек болады . Дегенмен кiрiспе мен корытынды бөлiмдердiң де маңызды екенін естен шығармау кажет . Бұл бөлiмдердiн мағыналық жағынан біртұтастығы мен сұраққа жауап беру тұрғысынан жүйесiз жазылуы түсiнiксiздiкке алып келеді және жоғары бағаланбайды. Сонымен, жоспар кұру барысында алдымен есте сақтайтын жайт -такырыпка қатысты кiрiспе параграф пен ойды жан - жақты талдайтын негiзгi бөлiмi және автор ойынын негiзгi түйiнiн беретiн корытынды бөлiмнiң болуы шарт . Бұл үш бөлiм бiр - бiрiмен мағыналык және құрылымдык жағынан өте тығыз байланыста жазылуға тиiс . Кейде пәннiн максатына карай жазбаша жұмыстын такырыбы семестрдiн басында берiлiп, белгiленген уақытта жазба жұмысы тапсырылуы талап етiлуi мүмкін . Мұндай жазба жұмысын жазу үшiн студенттін уақыты жеткілікті . Студент берілген уакытты жазба жұмысынын кұрылымын жоспарлап , әрбір іс - әрекетін ( оку , түртпе жасау , эссе бөлiмдерiн жазу ) Өз кезеңiнде орындап отырғаны дұрыс . Қорытындылай келе , жазылым үдерiсiн калай бастауды студенттiң өзi шешедi немесе өзiне колайлы жолды тандап алады . Дегенмен сұрақты мұкият окып , негiзгi сөздерді тауып , осыған байланысты жоспар құру - эссенiн такырыпка сай және кұрылымынын дұрыс болуына әсер ететiн ен тиiмдi жолдардын бiрi . Сондай - ак осы негiз П создерге кыскаша параграфтар жазып шыгу суракка накты жауап беруге мүмкіндік жасайды . Алдын ала сұракты түсiнiп , түртпелер жасап болган соң , жоспар курып , такырыпка сай жазба жұмысын калай жазуга болатынын ойлануга болады . Бұл кезенде параграфтардын кұрылымы жөнiнде көп ойлану кажет . Осыған байланысты жазба жұмысын жоспарлау барысында мынадай кенестердi есте сактау кажет : Берілген сұраққа накты жауап беру кажет . Эссені жазу барысында такырып бойынша коп бiлетiнiн корсету емес , сұраққа накты жауап беру жоғары бағаланатынын естен шығармау керек .