Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 224
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.
Эссеге мынадай талаптар қойылады:
Еркін композиция,автор ұстанымы,баяндау еркіндігі,тосын,жаңа пікірге бейімділік.Эссе француз тілінен "ессаі", ағылшын тілінен "ессаy", "ассаy"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "ехагіұм" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе түрлері
1. Сипаттамалық 2. Анықтамалық 3. Хабарламалық 4. Салыстырмалы немесе кереғар 5. Дәлелдеме 6. Аргументтік 7. Әдеби
1. Сипаттамалық эссе Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.
2. Анықтамалық эссе Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.
3. Хабарлама эссе Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.
4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді. 5. Дәлелдеме эссе Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.
6. Аргументтік эссе Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
7. Әдеби эссе Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
Эссе құрылымы
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссенің құрылымдық бөліктері
Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады.Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді.Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.
Аргументтік Эссе
Аргумент дегеніміз – логикалық негіздемелер, мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген белгілі бір шешім.
Аргументативті эссе – даулы тақырыпқа жазылған әдеби шығарма. Басқаша айтқанда, «қосыламын» және «қарсымын» деген сияқты дау тудырушы кейбір тезистерді қорғайды.
АргументтікЭссемақсаты?
Аргументативті эссенің мақсаты - аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру және оларды өз жағына көндіру. Басқа емес, тек сол ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдау.
Аргументативті эссенің құрылымдық бөлімдері
Аргументті Эссе Жазуға кеңес
14-апта. Лекция № 28. Тақырыбы: Эссе түрлері.
1. Салыстыру эссесі.
2. Себеп-салдар эссесі.
3. Үдеріс эссесі.
1.Салыстыру эссесі. Салыстыру эссесі екі жағдайдың немесе скі заттың үксастыктары мен айырмашылықтарын түсіндіру үшін жазылады, Кейде ол «Салыстырмалы немесе кереғар эссе» деп аталады. Үксастыктарын түсіндіру дегеніміз - сәйкес келетін, бірдей және біртектес жактарын сипаттау, ал айырмашылықтарын (кереғар жақтарын) түсіндіру дегеніміз - ерекшеліктерін, ұқсас емес жақтарының бар екенін көрсету. Бұл эссе түрі академиялық жазылым барысында кеңінен қолданылады. Салыстыру эссесін жазудың негізгі максаты - қарапайым сипаттау немесе түсіндіру түрінде емес, мәтін идеясын сыни тұрғыда байланыстыра білу және талдау жасалынып отырған жайтты жан-жақты қарау, салыстыру арқылы өзара байланысын анықтау мен олардың маңыздылығын көрсету. Сондай-ақ бұл бағытта қойылатын сұрақ түрлері де көптеп кездеседі. ЖОО-ларда жазылатын салыстыру эссесі екі теорияның, екі әдістің, екі тарихи кезеңнің немесе көркем шығармалардағы екі кейіпкердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру үшін тапсырма ретінде берілуі мүмкін. Салыстыру эссесінің тақырыптары мынадайтболып келеді:
• Қытай мен Ресей сыртқы саясатының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
• Ресейдің Қазақстанды отарлауы мен Англияның Үндістанды отарлау саясаты.
• Ньютон мен Эйнштейннің тартылыс теориясы жөніндегі идеяларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Салыстыру эссесінің тезисі де өзге эсселерге қарағанда басқаша кұрылады. Мәселен, аргументтік эсседе тезис автордың негізгі ұстанымын білдіретін болса, салыстыру эссесінде таңдалған жайттардың өзара байланысы мен кереғар тұстары баяндалады. Әдетте, тезис кіріспе бөлімнің соңғы сөйлемі ретінде жазылып, логикалык тұрғыдан эсседе баяндалатын жайттар жөнінде алдын ала шағын ақпарат беруге негізделеді. Мысалы: Қазақстандағы орта білім беру жүйесі мен Англиядағы орта білім беру жүйесінің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.
Тезис қашанда эссенің жазылу мақсатына қарай құрылады.
Мәселен:
Кереғар жайттар қамтылып жазылатын эссе тезисі: Құнанбай бейнесі «Абай жолында» сол кездегі саяси көзқарасқа сай сипатталса, «Құнанбай» фильмінде соңғы кездегі мағлұматтарға негізделіп, оның пенделік қасиеттері қамтылады.
Салыстыру және кереғар эссенің тезисі: «Абай жолы» романы мен «Құнанбай» фильміндегі Құнанбай бейнесінің озара ұқсастықтары болғанымен, «Құнанбай» фильмі ғана кейіпкердің шынайы пенделік қасиеттерін дәлірек сипаттайды.
Тезистің дұрыс жазылуы эссенің жоспарлануы мен жұмыстың жүйелі жазылуына тікелей әсер етеді. Оны төменде берілген мысал арқылы аңғаруға болады:
Тапсырма: О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортай мен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян бейнесін салыстырыңыз.
Кіріспе: Кіріспенің алғашқы сөйлемі, тақырыпқа қатысты қысқаша мәлімет, тезис: «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортай мен «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян бейнесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.
Тақырыптық сөйлем: Тортай мен Аянның өзара ұқсастықтары бар. (Үш түрлі ұқсатығын жазу).
Тақырыптық сөйлем: Дегенмен Тортай мен Аянның кейіпкер ретінде бейнеленуінің айырмашылықтары да бар. (Үш түрлі айырмашылығын жазу).
Қорытынды: Тезис, қорытынды пікір, оқырманның есінде қаларлықтай түйінді сөйлем жазу.
Салыстыру эссесін сәтті жазудың келесі жолы - оның құрылымын дұрыс жоспарлай алу. Эссені бастамас бұрын тақырыпқа қатысты шағын тұжырымдарды жинақтап, негізгі деген ойларды жүйелеп алған дұрыс. Мәселен, сіз Toyota автокөлігін сатып алғыңыз келді делік, ол үшін алдымен ойға мына жайттар келуі мүмкін: бағасы, артықшылықтары, оны жөндеуге кететін шығындары және тағы басқа жайттар. Осы ойлардың барлығын логикалық тұрғыда байланыстырып, алғыңыз келген көлікті басқа көлік түрімен (мәселен, Mercedes) салыстыру үшін тұжырымдар ретінде қолдануға болады. Салыстыру жасау үшін Венн диаграммасын қолданып ортақ және ұқсас емес жақтарын ажыратуға болады. Салыстыру эссесінің құрылымы бөлім немесе тізбек түрінде жазылуы мүмкін.

-
Жақсы тақырып пен көзқарасты табыңыз -
Дәлелдемелі эссе үшін жақсы тақырыпты табу үшін бірнеше мәселені қарастырып, кем дегенде екі қатты, қарама-қайшылықты көзқарастар тудыратын бірнешеуін таңдаңыз. Тақырыптар тізімін қарап отырып, қызығушылық тудыратын біреуін табыңыз, өйткені егер сіз өз тақырыбыңызға құмар болсаңыз, сәттілікке жетесіз. -
Дәлел жинаңыз -
Сіздің эссенің алғашқы мақсаттарының бірі - мәселенің екі жағын да бағалау. Олардың мәлімдемесін жою үшін сіздің тарапыңызға да, «басқа» жағына да дәлелдерді қарастырыңыз. -
Эссе жаз -
Сіз өзіңізге ақпараттың берік негізін ұсынғаннан кейін, эссе жасаудан бастаңыз. Дәлелдемелік эссе, барлық эссе сияқты, үш бөліктен тұруы керек: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. -
Қарама-қайшылықтың екі жағын да көрсетіңіз -
Эссеіңіздің мазмұны сіздің дәлеліңізден тұруы керек. Тақырыптың екі жағы туралы толығырақ біліп, мәселенің қарама-қарсы жақтарының мықты жақтарын көрсетіңіз. -
Қорытынды -
Мықты тұжырым сіздің көзқарасыңызды қорытындылауға және сіздің көзқарасыңыздың ең жақсы нұсқасы екенін оқырманмен байланыстыруға көмектеседі.