Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 223
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Параграф жазу
Кез келген студент ақ парақты қолға алып , жазылым әрекетін қалай бастау керектiгi жөнiнде мүдiрiп қалатыны cөзсіз . Тiптi кәсiби тұрғыда жазу стилі қалыптаскан журналист немесе өзiн « Бұл тақырып жөнінде қалай бастасам екен ? » деген сұрақ мазалауы мүмкін . Алгашқы параграфтын арқалайтын жүгi кашанда ауыр болады . Себебі , кандай оқырман болмасын , қолына түскен кiтабын ми немесе жазба жұмысынын алғашкы сөйлемдерiне көз жүгіртетіні белгілі . Ол окырманнын қызыгушылығының оятуы да , жоғалтуы да мумкiн . Академиялык жазба жұмыс жазушынын пiкiрi дәлелді болуы шарт . Эссені бастамас бұрын аталмыш шартты бiлудiн манызы зор . Осылайша , эсседегi ойлар накты акпарат беретiндей болуы кажет . Мұнда параграфтын атқаратын кызметі ерекше . Жазба жұмысын окитын немесе тексеретін окытушылар , кітап тандаушы оқырман сиякты , ұнамаган жұмысты сөреге коя салмайды . Олар студенттiң немесе оқушынын жазған жұмысын бағалау үшiн толық оқып шыгуға міндетті . Дегенмен алғашкы параграфтың барынша тартымды әрi қызықты жазылуы тұтас жазба жұмысынын кұрылымына деген жалпы көзқарасты қалыптастырады . Жазба жұмысы алдымен оқырманын кандай такырыпта мәселе қозғайтындығымен таныстыруы керек . Окырманның кызығушылығын оята бiлген такырып кана оны әрi карай оқуга деген ынтасын арттырады . Мәселен , « Қазақ даласындағы демократия деген такырыпта эссе жазылмакшы делік . Мұндай такырыпты демократия туралы ұғымдар мен онын алғышарттары туралы бастауға болады.Дегенмен бұларга көп тоқталудын кажетi жок , өйткені эссені жазуға берілген уақыт пен эссе көлемін естен шыгармау керек . Демократия туралы ұғымға жане онын маныздылыгына аздап тоқталғаннан кейін эссенін негізгі тақырыбына , ягни қазақ даласындағы демократия ұгымына ауысуға болады . Алғашқы , ягни кiрiспе параграф жазылганнан кейiн негiзгі бөлімінің параграфтарын жазуға кірісуге болады . Параграф - белгі бiр такырыптагы бір гана ойды бiлдiретiн бiрнеше сөйлемнiң жиынтыгы түрінде беріледі . Әдетте , академиялык жазылымда бiр параграфтын құрамында бес және он сөйлем болуы мумкiн , бiрақ бұл міндетті емес , яғни онын көлемi параграфтағы негізгі ойға байланысты параграф құрамындагы сөйлемдер кейде ұзақ , кейде қысқаа байланысты болады . Сондықтан талкыланатын такырыбы да кыска болады . Параграф азат жолдан басталады және оны кейде « абзац >> деп те атайды . Жұмыс кейде белгiлi бiр сұраққа жауап беру үшін тек бip гана параграфтан тұруы мүмкін . Мәселен , << Инфляция >> ұғымына анықтама беріңіз және мысалдар келтiрiнiз » деген тапсырмаға тек бір параграф көлемінде жауап беруге болады . Дегенмен параграф көлемді мәтіндердің кұрамы , бiр белiгi ретiнде жазылады . Параграфты жазу барысында онын құрылымына ерекше назар аудару кажет . Параграф кұрылымының негізін сактау мәтінді , яғни ондағы акпаратты барынша тез түсiнуге мүмкіндік жасап коймай , жазылым үдерiсiнiн жүйелі жүзеге асуына ыкпал етеді . Параграф негiзiнен мынадай құрылымнан тұрады : Такырыптык сойлем ( негiзгi сөйлем ) - негізгі ойды бiлдiрiп , параграф басында келеді . Себебі бұл сөйлем осы бөлiмнiн басты идеясын береді . Колдаушы сөйлемдер ( көмекші сөйлемдер ) - такырыптык сөйлемде берілген ойды түсiндiрiп , талдау жасайды . Параграфтын такырыбы жәнiнде мысалдар мен мәліметтер береді . Қорытынды сөйлем - параграфтын сонында жазылады . Бұл сөйлем негізгі ойды қайталау немесе параграф жөнiндегi автордың корытынды ойы ретiнде берiлуi мүмкін . Кей жағдайларда параграфтың корытынды сөйлемi жазылуы шарт емес . Әрбір параграф негiзгi бiр ойдын төңiрегiне топтастырылуы қажет . Яғни , параграф негiзгi бiр ойды ғана бiлдiрiп , барлык сөйлемдер сол ойды ашу , колдау , дәлелдеу үшiн кызмет етуi тиiс . Эссе жазу барысында параграфтар негiзгi мәтіннің беретін ойын бiлдiру үшiн жазылады және автордын пiкiрiн түсiндiруге кызмет етеді . Әрбір параграфта пiкiрдi колдау немесе жоққа шыгару үшин окыган материалдарға , қолданылған дереккөздерге сілтеме беру керек . мақсатына карай кipicne параграф , негiзгi болiм параграфтары, Академиялык жазылымда параграфтар жұмыс құрылымынын және корытынды параграф ( тар ) болып бөлінеді . Бұл параграфтар ғылыми жумыста акпарат беру мақсатына карай құрылып , окырман үшiн автордын пiкiрiн түсiндiруге , дәлелдеуге бағытталады .
Кiрiспе бөлiмнiң параграфтары такырып туралы осы кезеңге дейiнгi манызды мәлiметтердi бере келiп , автордың негiзгi ұстанымымен ( тезисімен ) таныстыруды мақсат етеді . Сонымен қатар кiрiспе параграфта эссенiң негiзгi бөлiмiнде берiлген аргументтер мен және жұмыс жоспарымен қысқаша таныстырып кетуі мүмкін .
Негізгі бөлім параграфтары кiрiспе бөлім параграфтарымен логикалык тұрғыда сабақтасып жазылады . Бұл параграфтар автордың ұстанымын тусiндiруге кұрылады және әрбір параграф такырыпка катысты ой - пікірлерді дәлелдер мен мысалдар аркылы нақтылауға негiзделеді. Сонымен катар негiзгi бөлiмде автор өз тезисiне карсы келетiн өзге авторлардын пiкiрлерiн де карастырып , өзінің такырып жөнiндегi көзкарасын түсінуге мүмкiндiк беруi кажет .
Қорытынды параграф жазбаша жұмыста жазылған негiзгi тұжырымдарды , көзкарастарды кыскаша кайта жазып беру үшін курылады . Сондай - ақ бұл параграфта жұмыстын шектеулігі мен такырыпқа қатысты алдағы уакытта карастырылуы тиiс бағыттар женiнде ұсыныстар айтылып кетуі мүмкін . Мәтiннiң сәтті жазылуы онын параграфтарынын кұрылымына тiкелей байланысты . Осы орайда параграфты жазу тиянактылык пен ұқыптылыкты талап етеді . Параграфты бастамас бұрын не жөнiнде жазылатынын нақты бiлу кажет . Басты тұжырымдарды білмей параграф жазу мүмкін емес . Ол жақсы жазылуы ушiн мынадай карапайым сұрақтардың жауабын бiлген жөн : • Параграфтын негізгі идеясы мен қозғайтын мәселесi кандай ? Такы рыптың зерттеу сұрағы туралы ойлану немесе осы такырыпка катысты негізгі идеялар мен мәселелер жөнiнде карастыру кажет . Параграфта негiзгi такырыпка кыскаша түрде жауап берiлуi тиiс . . Окырманы кім ? Кім үшiн жазылады ? Жазба жұмысынын негiзгi окырманы кiм екенi жөнiнде ойлану кажет . Олардын негiзгi маманды ты , бiлiмi кандай екенi ескерiлуi тиiс . « Олар бұл такырып жонiнде бiле ме ? » немесе « Қосымша түсiндiрудi кажет ете ме ? » деген мәселе есте болуы керек . Параграфтагы мәселенің шешілу жолдары кандай болмақ ? Параграфта мәселенiн шешілу жолдары жазылатын болса , ол женiнде мукият ойланып алу кажет және такырыптан ауыткымау жагын естен шығар маған жөн . Мәселен , « Мамандык тандау . Қай мамандыкты тандауга болады ? Неліктен бұл мамандыкты тандауға болады ? >> немесе « Мұнай дын арзандауына әсер ететiн негiзгi фактор » деген пiкiрлердi жазар алдында олар жөнiндегi ұсыныстар жайлы ойлануға тура келедi .
Егер параграф үлкен эссенiн бөлiгi болады деп есептелсе , жоспарда жазылатын параграфтардың тұжырымдарын белгілеп алған абзал. Оның бірінші сөйлемi окырман назарын тын жайтқа аударып , автор ойынын калай өрбіп жатканын білдіруге құрылады . Жұмыс жазылып болған соң әрбір параграфтын алғашқы сөйлемiн оқып , өзге сөйлемдердi окымай - ақ эссе құрылымын , ондағы ойдың жүйелі түрде берілгендін байқауға болатынына көз жеткізу керек . Пікірлердің берілу ретіне , олардың қайталанбайтынына мағыналық жағынан сәйкес келуiне және ойдың шашыраңқы болмауына назар аудару қажет . Бұл мәселеге қанағаттарлықПараграфты алдыңғыы жазылған жайтты қайта жазудан бастамаған абзал. жауап ала алмаған жағдайда , параграфтарды қайта жазуға тура келеді .
Академиялық жұмыс ойының берілуі
Академиялык жазылымның басты талаптарының бірі –автордың өз ойын анық беруі және оны дәлелдей алуы. Бқл өз кезегінде жинақталған мәлiметтердi өз тұжырымын жасау ушiн қолданумен тікелей байланысты . Дегенмен бұл үдерiс зерттеу жұмысы кезенiнде кездесетiн үлкен қиындықтардын бiрi болып саналады . Академиялық мәтiннiң оқырманы немесе оны тексеруші ( оқытушы ) мәтiндегi автор ойының қаншалыкты дамытылғанын , аргументтер арқылы каншалыкты дəйектелгенін түсінгісі келеді . Автор өз ұстанымын дәлелдеу үшiн пiкiрiмен келісетiн өзге авторлардын сөздеріне , ойына сілтеме жасап , мәтiн iшiнде колдануы керек Сонымен қатар автор өз пiкiрiне қайшы келетін пікірлердi де жазып оларға сілтеме жасауға тиіс . Бұл өз кезегiнде такырыптың жан - жақты каралып , сәйкесінше дұрыс шешiм кабылдануына сеп болады . Академиялык жұмысты жазу барысында көптеген студенттер плагиат жасап алу жағынан кауiптенедi . Бiрак плагиат өзге біреудің пiкiрiне , сөзiне сiлтеме жасамай колдану барысында орын алады . Ал кейбiр студенттер кешiру үдерiсi кең тараған деп қабылдап , қасақана плагиат жасауы мүмкін . Дегенмен плагиат үшiн жауапка тартылатынын ешқашан естен шығармау кажет . Плагиаттан сақтанудын бiрден - бір жолы - дереккөздерге сілтеме жасаудың жолдарын жаксы меңгеру . Егер автор өзге автордын сөзін өзгертпей , дәйексөз ретiнде сол калпында колданатын болса , онда оны мiндеттi түрде тырнақшаға алып , қай беттен алынғанын көрсетуі керек . Бұл өзге автордың сөзi екенiн анык көрсету және плагиат жасамау талабын дұрыс сақтауға мүмкіндік беред Сонымен катар өзге авторлар сөзiне парафраз жасау аркылы қолдануга болады . Парафраз жасау барысында материалға мiндетті түрде сілтеме жасалады және бұл автор тарапынан өзге автор сөзін өзгертпей қайта жазып бергендіктен,тексеруші тарапынан жоғары багаланады . Сондай - ақ өзге автордың көлемді негiзгi тұжырымды корытындылап беруге де болады. Муұнда да материалга сілтеме жасалады және өзге автор пiкiрлер енбегiндегi академиялык мәтiнде орынды колдану автордын негiзгi ұстанымы дәлелдеуге және жумыстын сенiмдiлiгiн арттыруға кызмет етеді.
Жазылым барысында автор өз ойын дәлелдермен дәйектей келiп , сенiмдi немесе толык сенiмдi емес екенiн бiлдiре алады . Мәселен , егер толык сенімді болса , « анық » , « нақты » , « тиіс » , « қажет » және т.б. сөздерді колданады , ал аздаған күмәні бар болса , « мүмкін >> , « сиякты >> , << ықтимал » деген сөздерді қолданады . Мысалы : « Қазіргі білім саласындағы түбегейлі реформалар үлкен өзгерістерді алып келуi мүмкiн , дегенмен осы реформалардың орынды жүзеге асырылуын ашық түрде қатаң қадағалау ғана оң нәтижеге жеткізетіні анық » . Сонымен қатар , әдетте , академиялык жазылым барысында автор ойы « мен » деген жiктеу есiмдiгi аркылы берiлмейдi . Етістіктер негізiнен ырыксыз етіс формасында беріледі . Мәселен , « Мен зерттеу жұмысында мына мәселелердi карастырдым ... » деудің орнына « Зерттеу жұмысында мына мәселелер карастырылды ... >> деп жазылады . Дегенмен медицина және тағы басқа жекелеген тәжiрибенi көрсетудi талап ететiн салаларда автор тарапынан жүргізілген жұмыстарды накты көрсету үшін « мен » есімдігін қолдану сұралуы мүмкін .
Өзге академиялык енбектердi колдану
Академиялық жазылымның басты талаптарынын бiрi - өзге еңбектерді қолданғанда сілтеме келтіру. Бұл плагиаттан сақтанумен қатар студенттің такырып бойынша өзге авторлардын пiкiрлерiмен таныс екенiн және каншалыкты сенiмдi пiкiрлер жинай алғанын көрсетуге мумкiндiк береді . Сондай - ақ мәтiннiң салмағын арттыра түседі .
Жалпы , сiлтеме келтiрудiн түрi көп . Дегенмен дереккөздерді әдебиеттер тiзiмiнде көрсету бәрiне ортак талап болып есептеледі . Негiзiнен , сiлтеме жасаудын екі түрі бар . Бірінші , мәтін iшiнде авторын және дереккөзiнiн жарияланған жылын көрсету . Бұл жүйеде алдымен автордын тегi берiлiп , содан кейін еңбектiн шыккан жылы жакша iшiнде берiледi . Бұл окырманнын автордын кім екенін және еңбектiн каншалыкты жана екенiн бiрден байкауына мүмкіндік береді . Ал колданылған әдебиет жазба жұмысынын сонында автор тегі бойынша алфавиттік жүйемен безендiрiледi . Екiншi , мәтiнде колданылған әдебиеттің реті бойынша нөмiрлiк үлгiде сілтеме жасау . Бұл жүйе бойынша мәтiнде қолданылған әдебиеттiн ретiне карай тiк жакша ( [ ] ) iшiнде немiрi берiледi . Осы реттік нөмiрiне карай колданылған әдебиеттер тiзiмiнен дереккөзді тауып алуға болады . Бұл жазылым барысында колданылған әдебиеттердi ретiмен қолдана білуге және табуға өте ыңғайлы . Бірақ мәтiн iшiнде автордын аты - жөнi берiлмей сiлтеме жасалған жағдайда жане шыққан жылын бiлу үшiн колданылған әдебиеттерді қарауға тура келедi . Казакстанда кабылданган ГОСТ 7.1-2003 ережесi және көптеген білім беретін мекемелер мен ғылыми жұмыстарды жариялауга , басуга кабылдайтын орындардын басым көпшiлiгi осы жүйенi негiзге алады.
« Барлык пiкiрге мiндеттi түрде сiлтеме жасау кажет пе ? » деген сұрақ туындайтыны сөзсiз , дегенмен мынадай жағдайларда сiлтеме қолданудын кажетi жок :
Жалпыға түсінікті , белгiлi ұстанымдар мен пiкiрлердi жазганда ;
Жалпыга белгiлi мәлiметтер мен акпараттарды ( сенiмсiз болсаныз , жетекшiнiзден кеңес алыныз ) ;
Студент өзiнiн бакылауын немесе тәжірибе барысында туындаган пікiрiн жазғанда ; . Студент өз тұжырымын , пiкiрiн , ойын және корытындысын жазганда ;
Өз талдауын немесе тұжырымын бағалау барысында .
Жазба жұмысынын сонында дереккөздер реттік нөмірмен колданылған әдебиеттер тiзiмiнде безендiрiлуi тиiс . Қолданылған әдебиеттер тiзiмiнде дереккөз авторынын тегi бiрiншi берiледi және есiмi мен әкесінің атының бас әрiптерi ғана жазылады . Содан кейiн енбектiн аты , онын жарияланған орны мен бетiнiң көлемi жөнінде гi акпараттар берiледi . Мысалы : Алматы : Рахманова Н.М. Әуезовтану дәрiстерi . Оку кұралы . « Кітап » баспасы , 2010. - 354 б . Ал мәтiн соңында берiлетiн колданылған әдебиеттердің безендірiлу үлгiсiн мына мысалдан көруге болады : Қолданылған әдебиеттер : 1. Әбдікерімова Г. , Базарбекова Н. , Есболаева И. Қазақ халкынын салт дәстүрлерiне қатысты тiлдiк бiрлiктердiң зерттелуi // Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалык университеті .