Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі . Жбанов атындаы аТбе ірлік университеті жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 69

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Практиканың күнтізбелік мерзімі:

Оқу жоспары бойынша басталуы: 30 қаңтар аяқталуы: 12 мамыр

Практикаға келген уақыты : «30» қаңтар 2023 ж.

Практиканың аяқталған уақыты: «12» мамыр 2023 ж.


Практиканың университеттегі жетекшісі

Кафедрасы: Биология Дәрежесі: м.ғ.к.

Фамилиясы: Изимова

Аты-жөні: Роза

Қызметі: Доцент

Практиканың өндірістегі жетекшісі:

Фамилиясы: Ногаева

Аты – жөні: Гульжайна Мейрамбайқызы

Қызметі: Директор


Өндірістік практикадан өту бойынша студенттерге арналған

нұсқау



1


Практика оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және таңдап алынған мамандық бойынша өндіріс жағдайында практикалық жұмыс тәжірибесіне үйретеді, студенттің университет қабырғасында алған білімін бекітуді мақсат етеді.


2


Практиканың өту кезеңінде студент нақты талаптар мен шарттар қойылған практиканың бағдарламасына сәйкес барлық тапсырмаларды орындауы және өндірістің тәртіп ережелеріне толығынан бағынуы тиіс.


3


Студент тапсырылған жұмысты өз бетінше тастап кетуге немесе оның тағайындалған орындалу уақытын кейінге жылжытуға құқығы жоқ.


4


Студент практика бағдарламасы мен тапсырмаларына сәйкестендіріп есеп беру үшін практиканың өту уақытына қарсы аяқталатындай етіп үнемі жүйелі түрде жұмыс жасап отыруы қажет.


5


Студенттің күнделікті толтыру тәртібі:

  • күнделіктегі белгілер практиканың өту тапсырмаларына сәйкес болуы қажет;

  • студент күнделікті күн сайын толтырып, ал жетекші аптасына бір рет тексеріп отыруы қажет;

  • күнделікке студенттердің орындаған барлық жұмыстары енгізіледі;

  • практика жетекшілері күнделікті толтырып, берілген есеппен бірге кафедраға тапсырады;






Күні

Орындалған жұмыс түрлері

Сағат саны

Жетекшінің аты-жөні

30.01.23

Практиканын бірінші күні ЖШС «Рамазан» фабрикасымен танысу жұмыстарымен және жұмысшылармен таныстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

31.01.23

Практиканын екінші күні ЖШС «Рамазан» фабрикада ішкі қауіпсіздік техникасымен және іштегі ережелерімен таныстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

01.02.23

ЖШС «Рамазан» фабрикасындағы заводтардың қандай өнімді өндіретінін және жүретін жұмыс жолын көрдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

02.02.23

Бұл күні фабриканың әр бөліктеріне барып, ол жердің ішкі құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен, жұмысшылармен таныстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

03.02.23

Өндіріс орнының нан өнімдерін қалай сатылымға жіберілуін бақылап, олардың бірнеше түрлерімен таныстық. Наубайханада итальяндық "mfitaly" жабдығын көріп, өндірістік қуаты тәулігіне 35 тонна өндірілетінін білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

06.02.23

ЖШС «Рамазан» фабрикасында нанның дайындалу жолымен таныстым. Нан өнімінің қандай температурада пісетінін және де оны қалай сақтап сатуға жіберу керектігіменде таныстым

6 сағат

Ногаева Г.М

07.02.23

Бүгін ұн тарту цехқа бардым. Іштегі құрылысын көрдім және жүретін жұмыстарымен таныстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

08.02.23

Кондитерлік цехта экскурсиядан өттім және өндіретін кондитерлік өнімдерімен таныстым. Сонымен бірге жұмысшыларға көмек көрсеттім

6 сағат

Ногаева Г.М

09.02.23

Бүгін мен кондитер цехта болдым, олардың бірнеше түрлерімен таныстып, арнайы пакеттеріне салып көмектестім және автоматтандырылған итальяндық «Падовани» қондырғысы қалай жұмыс істейтінін көрдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

10.02.23

Бұл күні макарон өндірісінеде болып, кепкен макарондарды линия бойынша фасовка жасадым. Сонымен қатар кеппеген макарондарды лотокқа салып кептіргіш шкафтарға жібердік кейін суыту процесі жургізілді. Кепкен макарондарды 3-10 кг-нан етіп өлшеп,өз пакеттеріне салдық.

6 сағат

Ногаева Г.М

13.02.23

Макарон цехта фасовкада болдым. Жана шығарылған макаронды кептіруге апарып, бұл процес арнайы кептіргіш шкафтарда өтеді. Кептіру уақыты сол шкафтарға байланысты болады. Макарон өнімдерін артық та, кем де кептіруге болмайды. Кепкен соң оны пакеттерге 3 немесе 10 кг-нан салдым.

6 сағат

Ногаева Г.М

14.02.23

Кондитер цехта қорап жасадым және “Рамазан” печеньелерді линияларда фасовка жасадым, 2-4,5 кг етіп қорабшаларға буып-түйдім. Оны герметикалық жабылған және қораптарға салуда қарыстым, кейін сатуға жібердім.

6 сағат

Ногаева Г.М

15.02.23

Макарон цехта болдым. Кептіргіш шкафтары туралы толық білдім. Макарон өнімі кебу уақыты кептіру шкафқа және өнімнің түріне байланысты, әдетте 50 минуттан 8 сағатқа дейін созылады. Кептіргіш шкафтары 60° температураға жетеді, бірақ әдетте 40-50° температурада кептіріледі және желдетіледі.

6 сағат

Ногаева Г.М

16.02.23

ЖШС «Рамазан» сонымен қатар макарон өнімдерін шығарумен айналысады. Ең алдымен ол цехта кепкен рожки түрлерін өлшеп (3-10 кг), конус тәрізді воронкаға салып, сол аппаратың көмегімен рожкилер пакеттерге салдым. 500-800 кг шамасында сатылымға жіберіледі. Ол цехта макаронның 2 түрі өндіріледі: рожки және вермишель.

6 сағат

Ногаева Г.М

17.02.23

Бүгін кондитер цехта фасовкада және пряник дайындауда қатыстым. Алдымен қамыр дайындадық , содан кейін арнайы жабдықпен форма келтіріп пешке салдық. Пештің температурасы 250°, 15 минутта піскен кезде глазурь құйып, салқындату үшін 15-20 минутқа қалдырамыз, бәрі дайын болған кезде пакеттерге жинаймыз.

6 сағат

Ногаева Г.М

20.02.23

Бүгін кондитер цехта “Овсяное” және “Зейнет” печенье шығарылуда қатыстым. “Овсяное” печеньесінің ерекшелігі- геркулес пен корица қосылады және оған аммоний қосылмайды.

Содан кейін “Зейнет” печеньесімен жақын таныстым. Ол негізі бейсенбі күні кеште шығарылады. Түсі сап-сары, басты ерекшелігі ішіне “повидло” және тартразин тағамдық бояуы қосылады. Арнайы аппаратта осы қамыры мен повидло бірігіп аппарат арқылы сопақша иремделген пішінде басылып шығатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

21.02.23

Бүгін кондитер цехта “Зейнет” печеньесі шығаруға көмектестім. Рецептурасын айта келсек:

1.ұн1сорт

2.шекер

3.инверт

4.тұз

5.меланж

6.аммоний

7.сода

8.повидло
Пісуі 200 градуста 15 минутты қажет етеді.Арнайы аппараттың көмегімен ирек пішінді формаға енеді және ішіне начинкасын арнайы құралмен ішіне жібереді. Осы печенье түріне сары түс беру үшін тартразин деген бояғыш қосылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

22.02.23

Бүгін “Колечко” печенье түрін шығарылды. 1 замеске бойынша рецептурасын айта кетсем:
1.ұн

2.шекер

3.маргарин

4.меланж

5.сода

6.аммоний

7.инверт

180 градус пеште 13минут пісіріледі.1заместе 19қатардан 6 замес шығарылады.

6 сағат

Ногаева Г.М

23.02.23

ЖШС «Рамазан» өнімдері ГОСТ талаптарына сай келетін және құрамы таза екендігін білдім, растайтын сертификат бар, ҚМДБ серфитикатын 2021 жылы алған. Өндіріс орнында 30-дан астам нан және нан-тоқаш өнімдерін шығарылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

24.02.23

Аптаның соңғы күніндері практикалық жұмысты кондитер цехінде өттім. Осы күні екі печенье түрі шығаруға көмектестім, кейін сатылымға жіберіледі. Біріншіден линия бойымен "Фигурное" печеньесі, ал пештен "Овсяной" печеньесі шығаруда қатыстым. Әр печенье 200-230 градус аралығында пісіріледі. Линия бойымен шыққан печенье алдымен қамыры дайындалып, араластырғыш аппаратқа салып өзінің формасы бойынша кесіліп шығарылады. Кейін линиямен келген печенье кептіргіш қондырғысының бойымен жылжиды. Соңында оны буып түйіп жіберіледі. Пеште піскен печенье түріне тоқталсақ, бұл печеньеге ұнтақталған геркулес қосылады. Бұл өнім 220⁰ С-та 10-12 минут дайындалатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

27.02.23

Макарон жалпы жасалу жолына айта келсек. 1-ші қамырды дайындау, ұн мен суды араластырып, түс беретін бояғыш тартразин қолданылады, 2-ші қамырды арнайы жабдықта айналадырып қояды, 3-ші матрица бөлгіштері арқылы формаларына кесіледі, содан кейін орналасқан вентилятормен жаңа кесілген макарон жауыспау және қозғалып жүрген линияға жылжыту үшін қолданылады, 4-ші дайын болған өнімін лотоктарға салып, кептіруге арнайы шкафтарға 1 күнге жібереміз.

6 сағат

Ногаева Г.М

28.02.23

Кондитер цехта «Фигурное» печенье шығарылуда және фасовкада қатыстым. Рецептурасы 1 замеске:

*Ұн 1сорт

*Шекер

*Маргарин

*Меланж

* Құрғақ сүт

*Инверт

*Ас содасы

*Аммоний

*Тұз

*Крахмал

*Ванилин

*Ар/крем/брюле

*Пиросульфит қосылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

01.03.23

Кондитер цехта болдым. “Рамазан” печеньесін өндіруде көмектестім, печенье линияда жасалады. Рецептурасы 1 замеске:

*Ұн 1сорт

*Ұн 2сорт

*Шекер

*Маргарин

*Меланж

* Құрғақ сүт

*Инверт

* Ас содасы

*Аммоний

*Тұз

*Аром/топ/мол қосылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

02.03.23

«Ассорти» печеньесін шығаруда қатыстым. Құрамы: 1 сортты ұны, маргарин, қант, тұз, инверт, сироп, меланж, аммоний, тұз қосылады екен. Бұл печеньеде «technoactive» пешінде дайындалады. Дайын болу ұзақтығы: 7 минут. Пісу температурасы: 250⁰С.

Дайын өнім вентилятор көмегімен суытылып, қорабшаларға салынады.

6 сағат

Ногаева Г.М

03.03.23

Цехте печенье және пряниктерді өндіруге арналған «қантты», «құмды-майлы», «ұзаққа созылмалы» деген үш желі бар екенін білдім. Линиялардың әрқайсысы жұмысқа деген көзқарасымен, илеуден дайын өнімді шығаруға дейінгі уақытпен, ең бастысы, олардың ерекше дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Қант печеньесі айтарлықтай кеуектілігімен, сынғыштығымен және ісінуімен сипатталады; алдыңғы бетінде оңай жыртылатын консистенцияға ие пластикалық қамырды өндірумен қамтамасыз етілетін үлгісі бар. « Рамазан» печеньесі қантты желісінен шығарылады. Бұл күні біз 4 тонна «Рамазан» печеньесін шығаруда қатыстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

06.03.23

Бүгінгі практикалық жұмыста макарон цехында болдым оның жасалуын толығымен түсіндік. Жалпы, оның жасалу жолына тоқталсам:

1.Ең алдымен қамыр дайындап аламыз, ұн мен суды араластырып, түс беру үшін тартразин бояғышын қолданады.

2.Қамыр арнайы қондырғы арқылы айналып тұрады.

3.Кейін кескіштердің көмегімен кесіліп, вентилятор орналасқан линия бойымен жылжып келеді.

4.Дайын болған рожки немесе вермишель өнімін ағаш лотоктарға салып кептіруге 1 күнге жібереміз.

6 сағат

Ногаева Г.М

07.03.23

Кондитерлік цехта болдым «Сердечко» печеньесімен жұмыс жасадым. Бұл печеньенің жасалу жолына тоқтала кетсек: ұн, шекер, маргарин, меланж, сода, аммоний, инверт, құрғақ сүт, тұз, ванилин қосу арқылы 250⁰ С-та 13 минут пісіретін, күніне 500-600 кг шығарылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

09.03.23

Бүгін кондитер цехта ассорти печеньесі шығару жұмысын ақтарды. Туннельді пеште технологиялық Линия арқылы шығарылады. Ассорти печеньесінің рецептурасын айта кетсем:

1.ұн 1ші сорт

2.шекер

3.инверт

4.маргарин

5.тұз

6.ванилин

7.меланж

8.аммоний

250⁰ - та 13 минутты қажет ететін білдім. Бұл туннель пеші өте дәл температураны бақылау жүйесімен және ауаны ылғалдандыруға арналған бу генераторымен жабдықталғанын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

10.03.23

Кондитер цехта практика өттім. "Медовое" печеньесін шығарылды, бүгін мен арнайы қыздыратын құрылғыда упаковканы жаптым. Линияда 450 гр және 2 кг-нан таразыда өлшеп, кейін упаковканы жаптым, 450 гр-ды 10-нан қорапқа салып поддонға жинадым, 2 кг-нан кардон упаковканы басқа қыздыратын құрылғыда пленкамен жаптым.

6 сағат

Ногаева Г.М

13.03.23

Соңғы апталар практикалық жұмыс кондитерде өттім. Біріншіден линия бойымен "Медовое" және "Рамазан" печеньесі печеньесі шығаруда қатысып жұмыс процестерді білдім. Әр печенье 200-230 градус аралығында пісіріледі. Линия бойымен шыққан печенье алдымен қамырын дайындап, араластырғыш аппаратқа салып өзінің формасы бойынша кесіліп, пештен өтеді. Соңында оны буып-түйіп жіберіледі.

6 сағат

Ногаева Г.М

14.03.23

Бүгінгі күнде кондитер цехта фасовкада және "Сердечко* дайындауда көмектестім. Қамыр дайындап болғаннан кейін кейін арнайы жабдықпен формасын келтіріп, кесіп пешке апарамыз. Пештің температурасы 200°, 15 минутта піскен кезде, салқындату үшін 15-20 минутқа қалдыратың, соныңда бәрі дайын болғанда упаковкаларға салып, 10 упаковкадан қорапқа жинадым. Цехта “ Technoactive” пештерін қолданылатын. 300 градусқа дейін қызмет ететінің білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

15.03.23

ЖШС «Рамазан» фабрикасына күніне 50 тоннадан аса бидай әкеледі. Ұнды өздері жасап, ТМД елдеріне экспортқа шығарылатын білдім.

Цехтарда “Technoactive” пештерін қолданады. Бұл пеш-наубайхана және кондитерлік өнеркәсіп кәсіпорындарында қарқынды пайдалану жағдайында нан-тоқаш өнімдерін, бидай және қара бидай ұнынан, кондитерлік өнімдерден, оның ішінде бисквит пен безеден жасалған нысанды және қоймалық нанды жоғары сапалы пісіруге арналған. 300 градус температураға дейін қызмет ететін білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

16.03.23

Бүгінгі практикада Рамазан печеньесін қалай шығарылғаның білдім, алдымен қамыр дайындалып, автоматтандырылған жабдыққа салып илеуден өткізіліді, кейін матрицалар арқылы формасын және печеньенің суретін салынып, линия бойынмен тунельді пештен 200-220 градуста пісіді, линида қондырылған вентилятор арқылы суып. Соңында пакеттерге салынады.

6 сағат

Ногаева Г.М

17.03.23

Бүгін кондитер цехта медовое печеньесі шығарылуда қатыстым. Қамыр дайындаған кезде ақпаратқа қанша ұн керектігін теріп арнайы таразы өлшеп, трубалар арқылы миксерге жібереді, қалған ингредиенттерді қосып қамырды араластырдым. Қамыр дайын болғасын автоматтандырылған линияға жіберіледі. Линияда печенье дайындалуын толық процесін көрдім және фасовкада қатыстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

20.03.23

ЖСШ «Рамазан» фабрикасы өзінің нанымен танымал екені белгілі. Алдымен наубайханадағы қауіпсіздік ережелерімен және әр қондырғылардың қызметтерімен таныстым. Ең алдымен қамырды жоғары сортты ұнмен дайындап, кейін дайын қамырды қалыптарға салып пешке жібереміз. Пешті арнайы монитормен басқарып отырамыз. Сонымен қатар бұл фабрика ашытқыны өздері жасайды. Нан өнімін кешкі уақытта дайындап таң атысымен сатылымға жіберілетін білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

24.03.23

Кондитер бөліміндегі жабдық - «Padovani» туралы білдім.

2012 жылы Итальяндық «Padovani» жабдығы тәулігіне 3-5 тонна өндірістік қуаты бар және илеуден бастап адамның қатысуынсыз пісіруге дейінгі барлық процеске мүмкіндік береді, бүкіл өндіріс процесі автоматтандырылған және компьютерлермен реттеледі.

6 сағат

Ногаева Г.М

27.03.23

Нан заводы.

Бұл күнгі практикалық жұмыста нанның жасалу жолымен таныстым. Нан өнімдерінің технологиялық процесі «HRANMASH ENGINEERING» болгар жабдығында, итальяндық «mfitaly» өндірісінің жабдығында тәулігіне 35 тонна өнім өндіретін білдім. Бүгінгі таңда наубайхана нанның ең танымал түрлерімен таныстым: 1-ші сұрыпты ұннан жасалған «пішінді» бидай наны, «Крестьянский» наны, «Диабеттік» наны, «Бородинский» қара бидай наны, кесілген нан.

6 сағат

Ногаева Г.М

28.03.23

“ Ассорти “ мен “ колечко” печеньелері дайындалуда қатыстым. Ассортидің құрамында: жоғары сұрыпты бидай ұны, жұмыртқа, маргарин, түйіршіктелген қант, құмды-қопсытылған тұз, инверт, сироп, ванилин.Сақтау мерзімі 15 күнді қамтиды. Ол да «technoactive” пешінде 250 градуста 7 минутта пісіп шығады. Вентиляторлы үстелде суытылып, пакеттерге салынып сақталады.

“Колечки” печеньесі жоғары сұрыпты бидай ұны, түйіршіктелген қант, маргарин, жұмыртқа, сода, инверт, сироп. Дайын қамырды формаларға салынып, пеште 250 градуста 13 минутта дайындатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

29.03.23

Бүгін фасовкада болдым, линияда "Медовый" және "Колечко" печеньесі шығарылды. "Медовый" печеньесін жасағанда фасовкада болдым, кейін "Колечко" жасауға көмектестім, қамырды миксерде жасап, кейін оны формасын келтіретін жабдыққа салып.Осы жабдықта тұрдым, күніне 10 заместен жасайды.

6 сағат

Ногаева Г.М

30.03.23

“Рамазан” печеньесі шығаруда қатыстым. “Padovani” жабдығынан линия бойында шығады. Печенье 265-285 градус, 6 минутта дайын болып шығады. Қамырды салып, формалары дұрыс болып шығуын бақылап отырдым. Жабдықтың жанында монитор арқылы жабдықтың толық бейнесін, жұмыс істеу принципін толықтай көрдім.

Құрамы: жоғары сұрыпты бидай ұны, жұмыртқа, маргарин, құрғақ сүт, түйіршіктелген қант, ас тұзы, ас содасы, көмір аммоний тұзы, инверт, сироп, эссенция, ашытқы. Сақтау мерзімі 3 айды құрайды.

6 сағат

Ногаева Г.М

31.03.23

"Зейнет" печенье шығарылуда көмектестім, қамыр мен повидло арнайы жабдыққа салып. Жабдық мясорубкаға ұқсас болып келеді, қамырмен повидлоны екі жақтан шығарып қосқаннан кейін дайын ішінде повидлосы бар печенье шығады, оны противеньге салып ары қарай пешке дайындалуға қойдым. 200°-250° груста піседі. Күніне 10 заместен жасалады.

Цехта печенье мен пряник өндірісінің үш желісі жұмыс істейтінің – «қантты», «құмды-майлы», «ұзаққа созылған» білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

03.04.23

Макарон цехында практикалық жұмысты өттім. Макарон мен вермишель жасауда қатысып, оларды 3-10 кг фасовкаладым және жүктелуде болдым. Макарон фигурасын келтіргенде "престеу" әдісті қолданылады. Престеу арқылы алынған өнімдерді пішіні матрицаның тесіктерден байланысты. Матрица макарон прессінің негізгі жұмыс органы болып табылады, ол макаронның түр мен түрін анықтайды. Профильдегі тесіктеріне қарай олар арқылы лапша немесе фигуралық өнімдер шығарылатын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

04.04.23

Макарон разделкасын айтым кетсем. Матрицадан шыққан жіптер мен түтіктер ауамен үрленеді және кесіледі. Өнімдерді кесу стандартқа байланысты белгілі бір ұзындықтағы өнімді алу үшін қажет. Қысқа кесілген өнімдер - вермишель, рожки - өнімдерді кесетін арнайы механизмдермен бір немесе бірнеше пышақпен матрицалық тесіктердін қасында кесіледі. Содан кейін қысқа кесілген өнімдер конвейер лентасына жіберіледі. Бүгінгі практикада макарон разделкасын білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

05.04.23

Макаронды кептіру туралы айтым кетсем. Бұл макарон өнімдерін өндірудің маңызды операцияларының бірі болып келеді. Кептіру кезінде өнімдер тығыздалады, олардың мөлшері азаяды - шөгу пайда болады. Ылғалды кетіру бірте-бірте жүргізілуі керек, өйткені қарқынды кептіру өнімдердің жарылуына және бұрмалануына әкеледі. Кептіру уақыты 10 сағат жүреді. Бүгінгі практикада макарон кептіру процесін білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

06.04.23

"Медовое" печеньесін шығарылды, бүгін мен арнайы қыздыратын құрылғыда упаковканы жаптым және линияда тұрдым, полиэтиленге 450 гр және кардон упаковкаға 2 кг-нан салып, содан кейін упаковканы жаптым полиэтилен пакеттерді 10-нан қорапқа жинап поддонға жинадым, 2 кг-нан кардон упаковканы басқа қыздыратын құрылғыда пленкамен жаптым және 100 штуктан поддонға жинадым.

6 сағат

Ногаева Г.М

07.04.23

"Сердечко" печеньесін шығарылуда қатыстым , басынан қамырды жасап, қамыр дайындауы миксерде жүреді, ингредиенттер: ұн, шекер, маргараин, меланж, сода, аммоний, инверт, молоко сухое, ванилин, тұз. Қамырды дайын болған соң арнайы жабдықпен формасын келтіріп, пешке 200-220 грудусnа 15 минутқа қалдырып, дайын болған соң 20 минут суытуға койып, кейін өлшеп фасовкаладым.

6 сағат

Ногаева Г.М

10.04.23

Пірәндіктер печеньеге қарағанда құрамында қант және су мөлшері көп, май аз немесе жоқ және татымдықтар қосылған.

Пірәндік қамырына ұн мен қанттан басқа инвертті сироп, бал, меланж, химиялық қопсытқыштар, татымдықтар (корица, қалампыр, мускат жаңғағы, кардамон,бәден, анис,зере, кориандр,т.б), ароматты эссенциялар қосатынын білдім.

Пірәндіктер суығанша сиропты дайындап аламыз. Ол үшін тиражкаға (сироп дайындайтын аппаратқа) су мен қантты салып 94℃ температурада қайнатып. Сироп дайын болған соң глазурьлегіш аппаратқа пірәндіктерді салып үстіне сироп құйып 2-3 минут араластырып, содан соң торлы тақтайға жинақтап кептірдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

11.04.23

Макарон бөлімі.

Жалпы макарон өнімдері тек бидай ұнынан жасалады. Алғашқы этапта аппараттың көмегімен шикізат пен су дайындап,қамырын илейді. Аппарат макаронның керекті формасы бойынша бөліп береді де кейін оны поддондарға салып,қолмен жаямыз.Кейін кептіргіш шкафка жібереміз.

Жалпы макарон өнімдерін шығару процесі:

-шикізат пен суды дайындау;

-шикізат пен суды елшеу;

-камыр илеу;

-қамырды қысып престеу;

-өнімдерді қалыптау;

-өнімдерді бөлу;

-кептіру;

-тұрақтандыру, суыту;

- жіктеу,қаптау;

-оларды сақтау процесінен тұрады.

6 сағат

Ногаева Г.М

12.04.23

Бүгін кондитер цехта “Фигурное” печенье дайындалуда көмектестім.

“Фигурное” печеньесі линиядан шығарылады. Ол ұсақ, әр түрлі формада болатындықтан ұзақ уақытты қамтиды. Таңғы 9:00-дан бастап 13:00-ге дейін аралығында дайындалады. Ұзақ уақытқа созылатын печенье — қатпарлы, сынғыштығы мен ісінуі аз, құрамында қант пен май аз, жоғары өнімділіктің жоғары механикаландырылған желілерінде серпімді қамырдан жасалғаның білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

13.04.23

Бүгінгі күні тек "Колечко" печеньесін жасап шығаруда болдым. Күніне 13 замес (200 кг печенье) немесе 19 замес (300 кг печенье) жасалады. 3 миксер бар содан 2 миксерде қамыр дайындап. Қамыр дайын кезде арнайы құрылғыға салады итеру күшпен, ол салынатын матрицадан шығып формасын келтіріліп, кейін матрицанын түбінде, темір жіпше арқылы кесіп бөледі. Дайын болғасын подносқа салдым. Солай подностарды қатармен жинап пешке жібердім. Пештен шыққасын суытып фасовкада қатыстым.

6 сағат

Ногаева Г.М

14.04.23

Бүгін "Рамазан" печеньесін өндірісте қатыстым, алдымен біз қамырды дайындап, кейін оны автоматтандырылған жабдыққа салып илеуден өткізіп, матрицалар арқылы формасын келтіріп және печеньенің суретін салады, кейін линиямен печенье тунель пешке жетеді, келесі линияда вентилятор арқылы суытылады, кейін буып-түю арқылы фасовка жасадым, өлшеп, складқа жинадым.

6 сағат

Ногаева Г.М

17.04.23

Бугін кондитерде "Медовое" печенье шығаруда қатыстым, рецептін айта кетсем:

*Ұн 1сорт;

*Ұн 2сорт;

*Шекер;

*Маргарин;

*Меланж;

*Мол/сухое;

*Инверт;

*Ас содасы;

*Аммоний;

*Тұз;

* Балдың эссенциясы:

6 сағат

Ногаева Г.М

18.04.23

Макарон жасалу жолына айта кетсем. Макарон кәсіпорнында макарон қамырын тығыздау және одан шикі өнімдерді қалыптау бұрандалы престерде жүзеге асырылады. Престеу құрылғысының негізгі жұмыс органы-шнек болып келеді. Ол айналған кезде қамырдың сусымалы массасы пресс басына қарай жылжиды. Нәтижесінде баста және бұрандалы камерада кері қысым пайда болады, нәтижесінде қамыр тығыздалады және тығыз қамыр массасына айналады. Содан кейін қамыр матрицаның тесіктері арқылы құйылған шикі макарон жіптері түрінде басылады.

6 сағат

Ногаева Г.М

19.04.23

Бүгін “Фигурное” және “овсяное” печеньелері дайындалды. “Фигурное” печеньесі линиядан шығарылады. Ол ұсақ,әр түрлі формада болатындықтан ұзақ уақытты қамтиды. Таңғы 9:00-13:00. Аралығында дайындалды. Ұзақ уақытқа созылатын печенье — қатпарлы, сынғыштығы мен ісінуі аз, құрамында қант пен май аз, жоғары өнімділіктің жоғары механикаландырылған желілерінде серпімді қамырдан жасалған.

“Овсяное” печеньсіне дәнді дақылдар немесе үлпектер( геркулес) кептіріліп, ұсақ үгінділерге езіледі. Май, қант, тұз қосылады және араластыруды жалғастыра отырып, жұмыртқа мен қаймақ біртіндеп қосылады. Печенье формадан бастырылып, оларды майланған пісіру парағына салады.

6 сағат

Ногаева Г.М

20.04.23

«Рамазан» ЖШС компаниясының макарон цехына бардым. Сатылымдағы ассортиментімен таныстым, олар: 1. Шиыршықтар (Спиральки) 0,4 кг, 3 кг, 5 кг. 2. Түтік кеспелер (Рожки) 0,4 кг, 3 кг, 5 кг. 3. Жіңішке жұмыр кеспелер (Вермишель) 0,4 кг, 3 кг, 5 кг. 4. Ерекше түтік кеспелер (Рожки особое) 0,4 кг, 3 кг, 5 кг. 5. Сақиналар (Колечки) 0,4 кг, 3 кг, 5 кг.

Пішініне қарай макарон өнімдерін келесі түрлерге бөледі: түтік тәрізді трубчатые, жіп тәрізді, таспа тәрізді және фигуралы. Өз кезегінде бұл өнім түрлерінің әрқайсысының түрлері бар.

6 сағат

Ногаева Г.М

21.04.23

Бүгінгі күні “ Ассорти “ мен “ Колечко” печеньелері дайындалуда қатыстым. Ассортидің құрамында: жоғары сұрыпты бидай ұны, жұмыртқа, маргарин, түйіршіктелген қант,құмды-қопсытылған тұз, инвертті сироп, ванилин. Сақтау мерзімі 15 күнді қамтиды. Ол да «technoactiv» пешінде 250 градуста 7 минутта пісіп шығады. Вентиляторлы үстелде суытылып, пакеттерге салынып сақталады.

“Колечко” печеньесі жоғары сұрыпты бидай ұны, түйіршіктелген қант, маргарин, жұмыртқа, сода, инвертті сироп. Дайын қамыр формаларға салынып, пеште 250 градуста 13 минутта дайындалатының білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

24.04.23

Макарон қамырын дайындалуын айта кетсем. Макарон қамырын илеу нан қамырын илеуге қарағанда әлдеқайда аз суды (100 кг ұнға 20-27 л) пайдаланады. Илеу процесінде крахмал дәндері мен ұнның ақуыз заттарының біртіндеп ісінуі, сондай-ақ қамырдың бүкіл массасына ылғалдың біркелкі таралуы жүреді. Ұн мен су байланысының алғашқы минуттарында судың негізгі бөлігі крахмалмен сіңеді. Әрі қарай араластыру кезінде ылғалдың бір бөлігі ұнның ақуыз заттарымен үнемі «тартылады», олар оны адсорбциялық жолмен ғана емес, осмостық жолмен де байланыстырады. Бұл ақуыздардың ісінуіне әкелетін судың осмостық байланысы. Алайда, ылғалдың жетіспеушілігіне байланысты ішінара ылғалданған ақуыздармен глютеннің толық түзілуі болмайды. Сондықтан макарон қамыры ингредиенттерді ұзақ уақыт араластырғаннан кейін де жеке кесектер мен үгінділердің сусымалы массасы болып табылады. Бүгінгі практикада макарон қамырын дайындау процесің білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

25.04.23

Бүгін печениелердің көптеген түріне қосылатын инверт туралы білдім. Инверт – өнімнің түсі мен дәмін сақтайды. Инвертті сироптағы фруктоза органикалық қышқылдармен және жеміс дәмімен табиғи әрекеттеседі. Уақыт өте келе жоғалмайтын жемістердің хош иісі мен дәмін сақтайтындықтан, алкогольсіз сусындар, шырындар, сироптар өндіруде, консервілеуде жиі қолданылады. Сироптың жоғары гигроскопиялық қасиеті , ылғалды сақтауға, жақсы сулану қабілеті бар. Бұл өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, ескіруін баяулатады, өнімнің кебуіне жол бермейді.

Тартразин бояғышы туралы білдім. Тартразин – синтетикалық жолмен алынған бояғыштардың өкілі. Тағамдық қоспа тағамды сары түске бояйды немесе оларды табиғи бастапқы түсіне қайтарады.

6 сағат

Ногаева Г.М

26.04.33

Бүгін қамыр араластырғышпен жұмыс жасау үшін құрылғының толық құрылысымен таныстым. Ол пластинадан, шанақтан, машина корпусында орнатылған жетектен, үш доңғалақты вагонеткадағы тостағаншадан және қалақшасы бар илеу тұтқасынан тұрады. Жетегі бар тік корпус, сондай-ақ үш доңғалақты арбаға орнатылған сыйымдылығы 140 литр тостаған шойын іргетас тақтайшасына жиналған. Корпустың ішінде редуктор, электр қозғалтқышы, шынжыр жетегі және илеу тетігіне қосылған иінді. Тостаған мен илеу тұтқасының бір мезгілде қарама-қарсы бағытта айналуының арқасында жүктелген өнім қарқынды түрде араласып, ауамен қаныққан біртекті масса түзетінің білдім.

6 сағат

Ногаева Г.М

27.04.23

«Рамазан» астық қоймаларының сыйымдылығымен танысып өттім:

Элеватор-59,2 мың тонна;

Астық қабылдау пункті 1-70,4 мың тонна;

Астық қабылдау пункті 2-27 мың тонна.

«Рамазан» нан зауыты мен наубайханасы бір тәулікте шамамен 14 мың бөлке нан және бір ауысымда 3 мың тоннаға жуық кондитерлік өнімдер шығарады.

Зауытта еуропалық жабдықтар орналастырылған. Тәулігіне 25 тонна өнімділікпен бірінші сортты нан шығаратын, сондай-ақ осындай мерзімде 10 тонна әр түрлі нан-бөлке өнімдерін дайындайтын екі желі жұмыс істейді екен.

6 сағат

Ногаева Г.М

28.04.23

Бүгін макарон қамырын дайындауды үйрендім. Макарон өнімдерін өндіру процесі келесі негізгі операциялардан тұрады: шикізатты дайындау, қамырды дайындау, шикі макаронды кесу, кептіру, кептірілген макаронды салқындату, дайын өнімді қабылдау және орау. Макарон өнімдерін өндіруге арналған шикізат-бұл арнайы ұн – қатты бидайдан немесе жұмсақ шыны тәрізді бидайдан жасалған ұн және су. Өндірістегі бірінші кезең шикізатты дайындау және мөлшерлеу. Шикізатты дайындау ұнның әртүрлі партияларын араластырудан, ұнды електен өткізуден, одан металломагниттік қоспаны бөлуден, ұн мен суды жылытудан тұрады. Осыдан кейін поршенді су диспенсері мен көлемді ұн диспенсерінің көмегімен шикізат араластырғышқа түседі.

6 сағат

Ногаева Г.М

02.05.23

Макарон бөлімі.

Макарон өнімдерін өндіру процестердің негізгі сатыларды айта кетсем: шикізатты дайындау, макарон қамырын дайындау, қамырды престеу, шикі өнімдерді бөлу, кептірілген өнімдерді салқындату, дайын өнімдерді қаптау.

Шикізатты дайындау. Фабрика зертханасының нұсқаулығына сәйкес әртүрлі ұн партияларының қоспасын, металломагнитті қоспалардан тазалаудан тұрады. Су қамыр илеуге арналған, жылу алмасу аппараттарында жылытылады, содан кейін рецептура бойынша құбырдағы суық сумен араластырылады.

6 сағат

Ногаева Г.М

03.05.23

Макарон бөлімі.

Макарон өнімдерін өндіру процестердің негізгі сатыларды айта кетсем:

Шикі өнімдерді бөлу. Престелген шикі өнімдерді керекті ұзындықта кесу және кептіруге дайындаудан тұрады. Престелген өнімдер кесу алдында немесе кесу кезінде ауамен қанықтырылады.

Өнімдерді кептіру. Мақсаты формасын қалыптастыру және микроорганизмдердің өнуін тоқтату. Бұл технологиялық процестің ұзақ және жауапты сатысы.

6 сағат

Ногаева Г.М

04.05.23

Нан өндіру технологиясын кезеңмен түсіндіретін болсам: 1кезең - Өндіріске шикізатты қабылдау және сақтау. Нан өндірісінде бидай ұны, су, ашытқы, тұз және қант негізгі шикізат көзі болып табылады. Қосалқы шикізаттарға өсімдік майы, маргарин, сүт және сүт өнімдері жатады. Қазіргі кезде қосалқы шикізат ретінде ферменттерді, активті заттарды,, крахмалды, сүт сарысуларын қолданады. Қамыр ішіндегі микроағзалар газ пайда болатын қабілетке ие болады. Олар қантты ферменттермен қосылғанда боихимиялық активтілігін жоғарлатады. Қант және қантты ферменттер спиртті ашытқы және көмірқышқыл газдың пайда болуына әсерін тигізеді.

6 сағат

Ногаева Г.М

05.05.23

Ұнды нан өндіретін заводқа диірмендерден әкелінеді, олар бөлек қоймада сақталынады. Ұн арнайы партиялармен түседі. Түскен ұнды жұмысшылары талдау жасайды, оларға жіберілген құжаттармен салыстырады. Ұнның құрамы дұрыс болмаған жағдайда қайта талдауға жіберіледі. Өндірісте пресстелген, сұйық, кептірілген ашытқылар қолданады. Пресстелген ашытқыны 0-4°C температурада сақтауды қажет етеді. Осындай жағдайда ашытқы 12 тәулік сақталады.

2-кезең.Нанды илеу-негізгі техникалық жұмыс, одан нанның ары қарай дұрыс дайындалуы мен құрамы байланысты болып келеді. Нанды илеу үшін жылы суға ашытқы, тұз бен қантты және басқа да қосымша заттарды араластыру үшін арнайы трубаларға жіберіледі. Араластыру процесінен кейін қамырды көтерілу үшін біраз уақытқа қойып қояды.

3-кезең. Қамырды ашыту процесі. Ашыткы-ол микроорганизм, ол өзінің процесінде оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын шығарады,, соның әсерінен қамырда ауаның көпіршіктері пайда болады. Қажетті қалып пен дәмге ие болғаннан кейін нан пысыратын цехқа жіберіледі.

4- кезең. Қамырды бөлу және формалау. Қазіргі жетілген технология бойынша нан өндіретін цех астыңғы қабатта орналасады. Нан өндіру кезінде қамырды бөлу бірнеше кезеңдерден өтеді:

қамырды бөліктерге бөлу;

домалақ формаға келтіру; формалау.

6 сағат

Ногаева Г.М

10.05.23

3-кезең. Қамырды ашыту процесі. Ашыткы-ол микроорганизм, ол өзінің процесінде оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын шығарады,, соның әсерінен қамырда ауаның көпіршіктері пайда болады. Қажетті қалып пен дәмге ие болғаннан кейін нан пысыратын цехқа жіберіледі.

4- кезең. Қамырды бөлу және формалау. Қазіргі жетілген технология бойынша нан өндіретін цех астыңғы қабатта орналасады. Нан өндіру кезінде қамырды бөлу бірнеше кезеңдерден өтеді:

қамырды бөліктерге бөлу;

домалақ формаға келтіру;

формалау.

6 сағат

Ногаева Г.М

11.05.23

Нан цехіндегі жабдықтардың атауына тоқталатын болсам.

-ФТЛ2-66 пеші.Арналық жылытқышы мен кірпіш қаптамасы бар тұйықталған люлбкалы-подиналық пеш.

-Силос ХЕ-160А.

-Илеуіш П2-П.

-Қамыр илеуіш машина А2-ХТ2Б.

-Екі станокты контейнер ХКЛ-18

-Балғалық шағын диірмен 8М-бұл құмшекерді ұнтау жолымен қант ұнтағын алу үшін арналған.

-Қамыр илеу машинасы ТММ-120 бұл-қантты печеньені илеуге арналған

-Қалыптау машинасы ФАК-1 -қантты печеньені қалыптауға арналған

-ХЩП-2-Қабылдау машинасы

-А2-ХТН-Қамыр бөлгіш

-Т1-ХТН-қамыр домалақтағыш.

6 сағат

Ногаева Г.М

12.05.23

Практикамыздың соңғы күнін кондитер бөлімінде сәтті аяқтадық. Тапсырыс бойынша берілген тізімдегі печеньелерді шығару жұмыстары жүрді. Кондитер және макарон бөлімінің атқарылатын барлық қызметімен толықтай танысып білістік.

6 сағат

Ногаева Г.М




Кәсіптік практика жетекшісі: Демесинов.Т.Т

Кафедраның практика жетекшісі:Изимова Р.


Студентке (практикантқа) кафедра практика жетекшісінен мінездеме:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кафедра практика жетекшісінің қолы: __________________________

«____» ___________________ 20 ___ ж.


Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

6В05102 Биотехнология мамандығының

4 курс (8 семестр) студенті

Дулатов Даурен.

өндірістік практикасы бойынша

ЕСЕБІ

Ақтөбе-2023 ж

6В05102-Биотехнология білім бағдарламасының 4 курс студенті Дулатов Даурен Александрұлы 30.01.23-12.05.23 аралығында №0069 бұйрығына сәйкес «Рамазан» ЖШС кәсіпорнында өндірістік практика өтізілді.

"Рамазан" - астықты сақтау және сақтау қызметтерін ұсынатын, ұн, жарма, макарон және нан-тоқаш өнімдерін өндірумен айналысатын компания. Тіркелген күні – тамыз 1996 ж. Рамазан өнімдері Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындағы сауда нүктелеріне жеткізіледі.

«Рамазан» ЖШС – Қазақстандағы толық өндірістік циклі бар ірі астық қабылдау кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорынның өндірістік базасы – элеваторлар, диірмен, макарон және жарма цехы, наубайхана және наубайхана, қосалқы цехтар, жеке көлік паркі, фирмалық дүкендер желісі бар. 2000 жылдан бастап «Рамазан» ЖШС үшін көптеген маңызды оқиғалар болды, аукционда наубайхана мен құс фабрикасын сатып алу оқиғаларынан кейін 2002 жылы наурызда кондитерлік цех ашылып, нан печеньесі өндірісі ұйымдастырылды, ал мамыр айында сол жылы қатты бидайды өңдеу технологиясы игерілді. Автоматтандырылған бағдарламамен басқарылатын өнімділігі тәулігіне 20 тонна шағын диірмен орнатылды. Кәсіпорынның өндірістік кешені тәулігіне 200 тоннадан астам өндірістік қуаттылығы бар заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, бұл бірегей қасиеттері, тамаша сипаттамалары және нарықта салыстырмалы сапалы өндірушілердің жоқтығы бар өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Ұн өндіру технологиясы тамаша тұтынушылық сапалары бар ұн шығаруға мүмкіндік береді. Бұған шикізатты тереңірек технологиялық өңдеу арқылы қол жеткізіледі.

Өндірістік тәжірбиенің мақсаты-ұннан нан, макарон және піспенан өнімдерін жасап халыққа ұсыну. Әрбір өнімді халыққа ұсынбас бұрын оның мемлекеттік стандартқа сай екендігін анықтау, сонымен қатар оның тазалығын анықтау. Көптеген жылдар бойы жоғары сапа стандартымен ерекшеленетін өнімдердегі сапаны жақсарту және халықтың сұранысын зерделеу бағыттары бойынша жұмыстануда.Сонымен қатар, азық базасын нығайтып, өндірісті кеңейтіп, оны қайта құруды, техникалық қайта жарақтандыруды жалғастырып, барлық процестерді автоматтандырудың деңгейіне қол жеткізу.
«Рамазан» ЖШС Қазақстанның жүйе құраушы азық-түлік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компанияға мыналар кіреді: 25000 га егістік жер, 4 Астық элеваторы (бір мезгілде сақтаудың жалпы қуаты 200 мың тонна астық), 2 ұн тарту комбинаты (өндірістік қуаты күніне 200 тонна ұн), жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы (жұмыртқа қуаты 450 мың болатын 600 мың құс).
«Рамазанның» негізгі іс-шаралары:

Бидай өсіру, сақтау және сақтау;

Ұн және макарон өнімдерін өндіру;

Нан өнімдерін өндіру;

Жарма өндірісі;

Жем өндірісі;

Жұмыртқа өндірісі.
«Рамазан» шығарылатын өнімдердің ассортименті:

Барлық сорттағы ұн;

Макарон өнімдері;

Жарма (жарма, тары, арпа);

Нан және нан өнімдері;

Печенье.

- ТОО «Рамазан» мекемесінің кондитер бөлімінде 2012 жылы тәулігіне 4-6 тонна өнім шығаратын жаңа кондитерлік цехта итальяндық «Падовани» қондырғысы іске қосылды. 2012 жылы тәулігіне 3-5 тонна өнім шығаратын жаңа кондитерлік цехта итальяндық «Падовани» жабдығы іске қосылды және илеуден бастап нан пісіруге дейінгі бүкіл процесті адам факторының қатысуынсыз, бүкіл өндіріске мүмкіндік береді. процесс автоматтандырылған және компьютерлер арқылы басқарылады. Цехте печенье және пряниктерді өндіруге арналған «қант», «шорт», «ұзын» деген үш желі бар. Жолдардың әрқайсысы жұмысқа деген көзқарасымен, илеуден дайын өнімді шығаруға дейінгі уақытпен, ең бастысы, олардың ерекше дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді.
- Нан өнімдерінің технологиялық процесі «HRANMASH ENGINEERING» болгар жабдығында, итальяндық «mfitaly» өндірісінің жабдығында тәулігіне 35 тонна өнім өндіретін білдім. Фабрикада: 1-ші сұрыпты консервіленген нан пісіретін желі және ассортименттегі нан өнімдерін шығаратын желі бар. Ондаған жылдар бойы әрқашан жоғары сапа стандартымен ерекшеленетін өнімдер сапаны жақсарту және халықтың сұранысын зерделеу үшін күн сайын жұмыс істеп келеді. Халық арасында үлкен сұранысқа ие нан түрлерінің бірі – 1 сортты бидай ұнынан жасалған «пішінді» нан. Көптеген жылдар өткеннен кейін дәм басымдықтары өзгерді, нан ассортименті көбейді.


Бүгінгі таңда наубайхана нанның ең танымал түрлерін шығарады: 1-ші сұрыпты ұннан жасалған «пішінді» бидай наны, «Крестьянский» наны, «Диабеттік» наны, «Бородинский» қара бидай наны, кесілген нан.
-Макарон цехы итальяндық «МА-300» өнімі бойынша өнімділігі тәулігіне 7,2 тонна макарон өнімдерін шығаруды жүзеге асырады. Кәсіпорын макарон өнімдерін шығаратын цехқа ерекше көңіл бөледі. Макарон цехы 2000 жылы пайдалануға берілген. Макарон цехы итальяндық «МА-300» өнімі бойынша өнімділігі тәулігіне 7,2-8 тонна макарон өнімдерін және тек макарон ұнтақтарынан алынған шикізат бойынша өндіреді.
Барлық печеньелер үшін ГОСТ 24901-2014.

«Северный»пірәндігі ГОСТ 15810-2014
Нан өнімдері:

«Бородинский» наны ГОСТ 2077-84

Жоғары сортты ұннан жасалған нан, бірінші және екінші сортты ұннан жасалған нан үшін ГОСТ 27842-88

«Высший» наны үшін СТ РК 948-2008

«Крестьянский» наны үшін СТ РК 948-2008

Батон нандары үшін ГОСТ 27844-88 қолданылады.

Печенье, нан, макарон өнімдері ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан өтеді.

Практика жұмыс уақытында өнімдердің жұмысын бақылап, оларды өндіру, буып-түю, қаптау, өлшеу жұмыстары орындалды. Бастапқы күндері, цехтағы құрал-сайман, аппараттармен таныс және тек сырттан бақыланды. Кейін толыққанды мәлімет алып,қауіпсіздік ережелеріне сай тәжірбие жүзінде қолданылды. Сонымен қатар жұмыс барысын көзбе-көз көру теориялық тұрғыдан да, тәжірбиелік тұрғыдан да білімімді арттырды. Өнімге, өндіріс сатысына қызығушылық артты. Алдағы уақытта осындай басқа да азық-түлік өндірісінде жұмыс істеуге деген талпыныс пайда болды. Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген тағамдардың технологиялық жоспарымен танысу әрине қызықты болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Заядан, Болатхан Қазыханұлы. Тағам биотехнологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Заядан, Г. Өнерхан; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2011. - 302 б. - ISBN 9965-29-606-5

2. Заядан, Б. Қ. Тағам биотехнологиясы: оқулық / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. -Алматы : Қазақ ун-ті, 2013. - 333,[1] б. - ISBN 978-601-247-806-8

3. Абдиева, Гульжамал Жанадиловна Тағамдық өнімдерді санитарлы-микробиологиялық бақылау [Мәтін] : оқу-әдістемелік құрал / Г. Ж. Абдиева, А. С. Кистаубаева, И. С. Савицкая; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 111, [3] б. - ISBN 978-601-04-0323-9

4. Тағам биотехнологиясы Мақажанова Х.Х.,Лесова Ж.Т.,Надирова С.А.

5. Байсыбаева М.П. Нан өнімдерінің технологиясы -Эвро, 2020 ж. -354 б.

6. Байысбаева М.П. Наубайхана кәсіпорындарын жобалау- Алматы: Эвро,2020.-196