Файл: Топографиялы тсірістерді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 335

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.








АҢДАТПА



Дипломдық жұмыс тақырыбы құрылыс алаңындағы топографиялық түсірістерді өңдеудегі геодезиялық жұмыстарға арналған.

Дипломдық жұмыста негізінен құрылыс алаңындағы геодезиядлық жұмыстар, топографиялық түсіріс құралдары, түсіріс өңдеуге арналған бағдарламалар туралы айтылады.

Дипломдық жұмыс екі негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде топографиялық түсіріс туралы, ал екінші бөлімде заманауи аспаптар мен бағдарламаларға кеңінен тоқталады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстардың маңыздылығына тоқталу. Соның ішінде топографиялық түсірістің атқарылу барысымен және топографиялық түсіріс жасауға арналған қазіргі заманғы аспаптармен танысу. Сонымен қатар құрылыс алаңында жасалған топографиялық түсірістерді өңдеуге арналған геодезиялық жұмыстарға баға беру.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы техникалық университет студенттеріне, соның ішінде геодезия мамандығына арналған.

АННОТАЦИЯ



Тема работы посвящена геодезическим работам по топографическим съемкам на строительной площадке.

Дипломная работа включает в себя в основном геодезические работы на строительной площадке, топографическую съемку и программы спуска.

Дипломная работа состоит из двух основных
частей. Первая часть посвящена топографическим съемкам, а вторая часть - современным инструментам и программам.

Цель дипломной работы - подчеркнуть важность геодезических работ на строительной площадке. Знакомство с современными приборами. Также проводится оценка геодезических работ для топографических съемок на строительной площадке.

Тема дипломной работы посвящена студентам технического вуза, в том числе геодезии.


МАЗМҰНЫ








КІРІСПЕ

9

1

Геодезия

10

1.1

Құрылыс объектісі және геодезия

10

1.2

Геодезиядағы топографиялық түсірістің маңыздылығы

10

1.3

Топографиялық түсірістуралы жалпы ақпарат

11

1.4

Топографиялық түсіріс түрлері

14

1.5

Топографиялық түсірулердің жаңа технологиясы

16

1.6

Тахеометр «LEICA» TS 06 plus

21

1.7

LEICA Geo Office бағдарламалық кешені

24

1.8

Топографиялық түсірістерді Autocad бағдарламасында өңдеу

28




ҚОРЫТЫНДЫ

35




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

36




А ҚОСЫМША







Ә ҚОСЫМША







Б ҚОСЫМША В ҚОСЫМША Г ҚОСЫМША

Ғ ҚОСЫМША





КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстардың маңыздылығына тоқталу. Соның ішінде топографиялық түсірістің атқарылу барысымен және топографиялық түсіріс жасауға арналған қазіргі заманғы аспаптармен танысу. Сонымен қатар құрылыс алаңында жасалған топографиялық түсірістерді өңдеуге арналған геодезиялық жұмыстарға баға беру.

Жұмысты қысқаша баяндау дипломдық жұмыстың бірінші тарауында топографиялық түсірістер жайлы деректер мен оның әдістеріне, сонымен зерттеу ауданына қатысты деректерге қыскаша шолу.

Екінші тарауы құрылыс объектісіндегі топографиялық түсірістерді өңдеу әдістерін талдау мәселесіне, оның ішінде Autocad және Credo бағдарламаларында өңдеу әдістеріне арналған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, 17 суреттен, 3 кестеден тұрады.

Құрылыс объектісіндегі геодезиялық жұмыстарға жалпы өлшеулер, жергілікті жердегі құрылыс жұмыстарының дәлдігін қамтамасыз ету және олардың құрылысын толыққанды геометриялық параметрлерге сай жасау, сонымен қатар нормативтік құжаттарға сәйкес болуы жатады

Құрылыс объектісінде жасалатын негізгі геодезиялық жұмыстардың бірі топографиялық түсіріс орындау.

Топография — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірімасштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.

Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал
жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картографияғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады.
1. Топографиялық түсірілім


2.1 Топографиялық түсірілім саласының қазіргі жағдайына шолу



Топографиялық түсірілім - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.

Топографиялық түсірілімге қамтылатын шаралар:

– түсіру торабын құру;

– геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу;

– жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу;

– картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: құдықтар, ағаштар белгілеу

Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.

Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) – жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.

2.2 Топографиялық түсірілім аспаптары мен құралдар



Астрономиялық-геодезиялық және нивелирлік торларды құру кезінде, жердің топографиялық пландары мен карталарын жасағанда, инженерлік құрылысты салғанда және пайдаланғанда жасалатын геодезиялық өлшеулерді орындау үшін қолданылады. Жер бетінде Геодезиядық және картографиялық аспаптар мен құралдар көмегімен сызықтық, бұрыштық және биіктік өлшеулер жүргізіледі, осыған байланысты олар қашықтық, бұрыш, бағыт және биіктік өлшегіш аспаптары болып топтастырылады.