Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 349
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2.1 Топографиялық түсірілім саласының қазіргі жағдайына шолу
2.2 Топографиялық түсірілім аспаптары мен құралдар
2.3 Топографиялық түсірілім түрлері және ерекшеліктері мен мақсаттары
Топографиялық түсірулердің жаңа технологиясы
2 Сурет-GPS Leica Viva GS 16 аспабы
LEICA Geo Office (LGO) бағдарламалық кешені
3 Сурет-LEICA Geo Office бағдарламасында жаңа жоба құру
Сурет-AutoCad бағдарламасындағы топографиялық
Сурет-AutoCad жүйесіндегі сызба масштабына өзгерту енгізу командасы
Cурет-AutoCad бағдарламасындағы кеңістік (модель және парақ) командасы
Топографиялық түсірулердің жаңа технологиясы
Түсіру жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерінің бірі -жер серіктік әдіс. Жер серіктік бақылау деректері бойынша жергілікті жерге, тәулік мерзіміне және ауа-райына тәуелсіз нүктелердің орнын (координатталарын) жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Сандық топографиялық түсірулерді қолдану, ГАЖ пен САПР-да алынған деректердің берілуін жеңілдетеді. Ал геометриялық және атрибутивтік (анықтауыштық) ақпараттарды тікелей далада тіркеуге мүмкіндік беретін технологиялардың сандық-картографиялық негіздерін (СКН) жасауда ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде сандық топографиялық түсірудің жаңа технологиясы табысты қолданылуда. Ол электрондық тахеометрлер мен нақты уақыттағы жер серіктік геодезиялық жүйелерді пайдаланып, кеңістіктік ақпараттарды жинауға және теңестіру кезеңіне тоқтамай, деректер базасы байланысқан сандық жоспарды тікелей далада алуға негізделген. Далада нақты уақыт ауқымында жер серіктік әдістер арқылы (Real Time Kinematic, RTK)м 2х3 см дәлдікпен,пикеттердің пландық және биіктік координаттары анықталады. Топографиялық түсірістерді орындауға арналган аспаптардың бірі GPS Leica Viva GS 16 аспабы. Бұл аспап ең қиын деген жерлердің үш өлшемді моделін жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаға ие(2-сурет).
2 Сурет-GPS Leica Viva GS 16 аспабы
GPS -жер айналасындағы орбита бойынша орын ауыстыратын 24 спутниктен тұратын жүйе. GPS аспабының жадында осы жер серіктіктердің барлығы туралы ақпарат бар. Осындай
кестеге байланысты олардың әрқайсысына дейінгі арақашықтықты анықтай алады.
Жер серіктік әдістер -тиімсіз үлескілерді түсіру үшін электрондық тахеометр қолданылады. Жер серіктік қабылдағыш пен электрондық тахеометр арқылы жергілікті жер туралы деректерді жинау кезінде автоматты есептеуіш координаталардан басқа, контроллерге (ақпарат жинауыш) пикет сипаттамалары (пикет қатысты нысан нөмірі, коды, оның басқа пикеттермен қосылу реті туралы мәліметтер,т.б.) қолдан енгізіледі. Түсіру нәтижелерін компьютер жадына тасымалдаған соң автоматты түрде топографиялық план көрінісі, онымен байланысты деректер базасының құрастырылуы шығарылады. Ал қажет жағдайда атқарушы (орындаушы) осы деректерді толықтырып немесе түзетіп, оларды САПР немесе соңғы пайдаланушы ГАЖ-нда пайдалана алады. Өлшеу деректерінің компьютерге енгізуді, алынған сандық картографиялық негіздерді өңдеуді,әрі редакциялауды тікелей далада жүзеге асыруға болады. Бұл түсіру нәтижелерінің дәлдігін арттырады.
Түсіруге арналған далалық жер серіктік жабдық тіреуіш (базалық) станция жиынтығымен RTK режімін қолдайтын ең аз дегенде бір жылжымалы жиынтықтан тұрады.
Базалық жиынтық -жер серіктік антеннадан, қабылдағыш пен антеннасы бар таратушы радиомодемнен тұрады. Навигациялық ГЛОНАСС немесе НАВСТАР жүйе жер серіктеріне сигнал қабылдайтын жер серіктік координаталары белгілі нүкте үстіндегі кәдімгі штативке орнатылады. Бұл -геодезиялық пункт немесе координаталары жоғары дәлдікті статикалық
жерсеріктік бақылаудан анықталған еркін орналасқан нүкте (жер серіктік желі нүктесі) болуы мүмкін.
Жерсеріктік қабылдағыш антенна қабылдаған сигналды өңдеп, деректерге түзетулер жасайды. Таратушы радиомодем осы түзетулерді, эфирге таңдап алынған жиілікті радиоканалда таратады. Радиомодемнің әрекет ету радиусі көптеген факторларға: оның сипаттамасына, жергілікті жер бедеріне, салынған құрылыс немесе орманды жер дәрежесіне, радиоэфирдің шуылдау деңгейіне байланысты. Осы факторлардың тиімді арақатынасы кезінде түзетулер 15 км және одан да көп арақашықтыққа берілуі мүмкін. Түзетулерді үлкен арақашықтыққа беру немесе күрделі жағдайда жұмыс істеу кезінде радиомодем автономиялы жұмыс істеп, радиосигналдың ретрансляторы қызметін атқарады. Станция жиынтығының құрамына жер серіктік антенна биіктігін өлшеуге арналған штанга, жалғастырып тұратын кабельдер, деректерді компьютерге тасымалдауға арналған кабельдер, қосымша аккумуляторлар кіреді.
Жылжымалы (түсіріс) жиынтығы арнайы рюкзакқа салынады,ол жер серіктік антенна, қабылдағыш, қабылдаушы радиомодемнен тұрады; ол көп функциялы контроллер-жинаушымен басқарылады. Жер серіктік антенна деңгейі дөңгелек қадаға бекітіліп, түсірілетін нүктеге ретімен орнатылады.
Қабылдағыш базалық станциядан радиоканал бойынша қабылданған деректерді пайдаланып, нүктелердің орнын есептейді. Қада тұрған орындағы нүктелердің координаталары іс жүзінде тез анықталады (2-10с) да, оны орындаушы контроллерде атрибутивті деректермен бірге сақтайды. Жылжымалы жиынтыққа
-қосымша аккумуляторлар, жалғастырылатын кабельдер мен деректерді тасымалдауға арналған кабельдер кіреді. Жылжымалы жиынтықтың жер серіктік қабылдағышы бір немесе екі жиілікті болуы мүмкін. Екі жиілікті қабылдағышты пайдалану -нүкте координатталарын едәуір, дәлірек, сол уақыт аралығында алуға мүмкіндік береді. Ол сандық-топографиялық түсіруде ерекше маңызды. Сонымен қатар, шуылдауды басатын технологиясы бар қабылдағышты пайдаланған жөн. Бұл сигнал қабылдауды үзбей аласа ағаштардың тоғайы арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Түсіру алдында базалық станция тұратын орынды таңдауда көрінетін жер серіктік саны барынша көп болуы үшін аумақты алдын ала анықтап алады. Камералдық жағдайда абрис дайындалады, түсірілетін нысан кодтарын жіктеуші,оларды сандық картографиялық негіз қабаттары бойынша тіркеп жазып, жергілікті жер планын автоматты салу үшін таңдап алынады. Контроллерде қондырылған жүйенің бірі тағайындалуы немесе координаталар анықталатын проекция координаталардың жаңа жүйесі құрылуы мүмкін.
RTK-ны пайдаланып түсіру сызбанұсқасы мынадай: базалық станцияның таратушы радиомодемінің антеннасы -берілетін сигналдың әрекет радиусіұлғайту үшін, барынша жоғары биіктікке орнатылады. Базалық станция моделі қосылғаннан кейін,жылжымалы жиынтық қабылдағышының инициализациясына кіріседі (фазалық өлшеулердің көп мәнділігіне рұқсат берілуі). Екі жиілікті қабылдағышты пайдаланған кезде инициализация үшін 1-2мин керек, сонымен бірге антенна орын ауыстыруы
мүмкін (мысалы, түсіру үлескісіне жеткенше). Бір жиілікті қабылдағышты пайдаланған кезде 20-25 мин уақыт керек, бұл кезде антенна жылжымауы қажет. Инициализация аяқталған соң орындаушы қаданы пикетке орнатып,контроллер-жинақтауыш клавиатурасынан оның атауы не нөмірі (әдетте, автоматты реттік нөмірлер), түсірілетін нысан коды (кітапханадан таңдап алынады не қолдан теріледі), қаданы бұрынғы немесе жаңа биіктікке енгізіп, координаталарды контроллер-жинақтауышқа бекітеді. Бақылау жағдайына байланысты координаталарды анықтау уақыты 2-ден 10 с-қа дейін өзгереді. Контроллерге қондырылған координаталық геометрия функциясы қолжетпес нүктелердің (баған, ағаш орталығы,т.б.) координаталарын тірескен бұрыш пен жылжу шамасы, жарма бойымен не оған перпендикуляр ығысу, т.б. бойынша оңай есептеуге, нысан координаталарының соңғы мәнін сақтауға мүмкіндік береді. Контроллер
дисплейіне нүкте координаталарын түсіру процесін бақылауға, олардың ағымдағы дәлдігі мен олардың параметрлері бойынша нүктеде бақылау уақытын арттыруға немесе деректерді тіркеуге шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттарды шығаруға болады. Осының барлығын контроллер автоматты түрде орындай алады. Контроллер-жинақтауыш далалық деректерді ішкі жадқа не PCMCIA-картаға жазуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,өлшеулердің шала нәтижелерін кейін өңдеу үшін қабылдағышқа параллель жазуға болады. Мұндай мүмкіндік координаталық түзетулер радиоканал бойынша алынбаған жағдайда пайдалы, жер серіктік бақылау деректері сақталады