Файл: Топографиялы тсірістерді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 347

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрі қарай калибровка нәтижесін көре аламыз. Өңделген мәліметтерді сақтап, жобаға координата жүйесін қолдана аламыз немесе экспорт жасауға болады(11-сурет).

.

  1. Сурет-Калибровка нәтижесін көру


    1. Топографиялық түсірісті AutoCad бағдарламасында өңдеу


XX ғасырдың 80-жылдары шығарды. Бағдарлама бірден өзіндік дайындауы мен қолданушыға ыңғайлығымен өзіне назар аудартты. Жүйенің үнемі дамуы, ескертулер есебі, басқа фирмалардың жаңа өнімдерінен байланысуы (бірінші болып Microsoft) Auto CAD бағдарламасын бағдарламалық қамсыздандыру нарығының әлемдік басшысы етті. AutoCad жүйесін іске қосу үшін мына командаларды орындау қажет: Пуск Программы Autodesk AutoCad2013- Русский AutoCad2013 Сонда AutoCad2013 жүйесінің жұмыс терезесі ашылады. AutoCad бағдарламасы топографиялық түсірістерді өңдеуге мүмкіндік береді (12-сурет).

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сурет-AutoCad бағдарламасындағы топографиялық


түсірістерді өңдеу
AutoCAD жүйесі қондырылатын дербес компьютер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Мұндай талаптарға сай болу үшін 500 МГц процессорлік Pentium III-тен жоғары болатын компьютер, 256 Мбайт оперативтік жады, 2 Гбайт винчестер (қатты диск), винчестор бағдарламалык қамсыздандыру үшін 350 Мбайт, жұмыс жасау кезіңде құрылатын уақытша файлдар үшін 250 Мбайт бос болуы қажет. Қолданушы оның қандай өлшем бірлікте жұмыс жасайтынын білу керек: Imperial (feet and inches) (ағылшынша

— фут пен дюйм) немесе Metric (метрикалық). Екінші нұсқа біздің жағдайда ыңғайлы. Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің өстер белгісі орналасқан (4 цифрмен белгіленген). Экранның жоғарғы қатары меню қатары деп аталады. Қатар File (Файл), Edit (Түзету), View (Түр), Insert (Енгізу), Format (Формат), Tools (Сервис), Draw (Сурет салы), Dimension (Өлшем), Modify (Редакт), Express (Экспресс), Window (Терезе), Help

(Анықтама) менюлерінен тұрады. Әрбір менюдің ішкі бұйрықтары бар(13- суретте көрсетілген).

  1. Сурет-AutоCad бағдарламасындағы меню қатары



Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің өстер белгісі орналасқан. Графикалық экранның төменгі жағында Model (Үлгі), Layout 1 және Layout 2 қосымша батырмалары орналасқан. Қосымшалар үлгі кеңістігі мен парақтар арасындағы ауыстыру кезінде қолданылады. Қосымшалар атының сол жағындағы үшбұрышты батырмалар қосымшаның тізімдері бойынша екі бағытта да қозғалуға мүмкіндік береді. Объктілерді өшіру үшін «Стереть» командасы қолданылады. Бұл команданы

құлама мәзірінің «Редактирование» бөлімінде немесе құралдар тақтасында пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команда іске асырылған соң, командалық жолда өшірілетін объектіні көрсету керек. Белгіленген объект сызықтары нүктелі сызықпен белгіленіп тұрады. Егер бірден бірнеше объектіні өшіру керек болса, онда курсордың көмегімен бұл объектілерді бірдей белгілеп алып, «Enter» пернесін басу арқылы команданы орындаймыз. Экранның төменгі жағында Command: (Бұйрық:) формасында қолданушының жүйемен сұқбаттасуы жүреді(14-сурет).

  1. Сурет-AutoCAD бағдарламасындағы қолданушының жүйемен сұқбаттасу терезесі


Бұл жерде енгізілген бүйрықтар мен AutoCAD жауаптары (немесе сұрақтары) көрінеді. Бұл аймақ бұйрықтар қатарының аймағы деп те аталады. Command: (Бұйрық:) соңғы жолы бұйрық қатары деп аталады. Координат есепшісі сызу аумағында бағыттау үшін қолданылады. Ол өзінің үш координаттық мәнін тышқан көрсеткішін графикалық экран бойынша қозғалу кезінде өзгертеді. AutoCad – америкалық Autodesk компаниясы жасап шығарған MS Windows ортасында қызмет жасайтын ең кең таралған автоматтандырылған жобалау жүйесі болып табылады. AutoCad уақытпен тексерілген, жаңа мүмкіндіктерімен тұрақты түрде толықтырылып отыратын инженерлік графиканың, үшөлшемді модельдеу мен көрсетудің мықты құралы. AutoCad жүйесінің алғашқы нұсқасы (версиясы) 1982 жылы жарық көрді. AutoCad жүйесін іске қосу үшін мына командаларды орындау қажет: Пуск Программы Autodesk AutoCad2013-Русский AutoCad2013 Сонда AutoCad2013 жүйесінің жұмыс терезесі ашылады. AutoCad 2013 жүйесінің редакциялау командалары
сызбаға әртүрлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Сызбаға өзгерістер енгізуге түрлі себептер болады. Командалар «Редактирование» құралдар тақтасында орналасқан(15- сурет).

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сурет-AutoCad жүйесіндегі сызба масштабына өзгерту енгізу командасы



Объктілерді өшіру үшін «Стереть» командасы қолданылады. Бұл команданы құлама мәзірінің «Редактирование» бөлімінде немесе құралдар тақтасында пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команда іске асырылған соң, командалық жолда өшірілетін объектіні көрсету керек. Белгіленген объект сызықтары нүктелі сызықпен белгіленіп тұрады. Содан соң

«Enter» пернесін басу арқылы белгіленген объект өшіріледі. Егер бірден бірнеше объектіні өшіру керек болса, онда курсордың көмегімен бұл объектілерді бірдей белгілеп алып, «Enter» пернесін басу арқылы команданы орындаймыз. Объектілердің көшірмесін жасау үшін «Копировать» командасы

қолданылады. Бұл команданы құлама мәзірдің «Редактирование» бөлімінен немесе құралдар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда көшірмесі алынатын объектілерді белгілеуге сұраныс жазылады. Тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Содан соң «Enter» пернесін басу арқылы объектілерді белгілеуді аяқтаймыз да, базалық нүктенің параметрін немесе көшіруді координаталар арқылы беруге болады. Операцияны дәл орындау үшін, базалық нүктені таңдағанда объектілік байлауды (объектная привязка F3) пайдалану керек. Объектілердің айналы көшірмесін салу үшін «Зеркало» командасы қолданады.

«Зеркало» командасын құлама мәзірдің «Рисование» бөлімінен немесе құралдар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар