Файл: Топографиялы тсірістерді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 345

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
алфавиттік-цифрлық пернетақтамен жабдықталған(3-кесте).

3 Кесте-Тахеометр «LEICA» TS 06 plus.









Техникалық сипаттамалары:

  • Бұрыштық дәлдігі үлгіге байланысты

  • Көрсеткішті рефлектормен анықтау диапазоны 5000 м дейін

  • Шағылысқышсыз өлшеу диапазоны 500 м дейін

  • Компенсатор электрондық екі ось

  • Түтікшені ұлғайту 30 есе

  • ЖЖҚ көлемі 128 Мб

  • Тұрақты ақпараттық есте сақтау көлемі 1 Гбайт

  • Қуат көзі Ол жоғары сыйымдылықты Li-ионның екі сақтау элементінен жүзеге асырылады

  • Жұмыстың ұзақтығы 7,5 ... 20 сағат

  • Жұмыс температурасының диапазоны -35 ... + 50 ° С

  • Деректерді беру интерфейстері USB / mini USB, Bluetooth

  • Габариттік өлшемдері (ені × ұзындығы × биіктік) 173 × 225 × 316 мм

  • Батареямен бірге салмағы шамамен 5 кг




    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

LEICA Geo Office (LGO) бағдарламалық кешені



LEICA Geo Office (LGO) GPS- қабылдағыш, тахеометр, цифрлы нивелирлердің көмегімен жасалған мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған бағдарлама. Бөл бағдарлама мәліметтерді басқаруды, визуалтизациялауды, өңдеуді, импорттауды және экспорттауды қамтамасыз етеді.

LEICA Geo Office бағдарламасының барлық компоненттері бір интерфейсті және бір бірімен тығыз байланысты. GPS- қабылдағыш, тахеометр, цифрлы нивелирлердің көмегімен жасалған мәліметтер бағдарлама алаңында орналасады және стандарталған бағдарламалық функциялардың көмегімен басқарылады.

LEICA Geo Office бағдарламасы базалық пакеттен және опциялардан тұрады. Модульдерді қолдану үшін арнайы бағдарламалық кілт қажет. Бұл модульдер мына функцияларды атқаруда қолданылады:

  • Ақпарттарды басқару. Ақпараттарды басқарудың әртүрлі компоненттері, координата жүйелері, спутниктік антенналар, есеп құруға арналған шаблондар, осылардың барлығы бағдарламаның жұмысын жеңілдетеді.

  • Ақпараттарды импорттау және экспорттау. Импорттауды бірден аспап жадындағы CompactFlash картадан немесе файлдар мен ғаламтор арқылы оңай орындауға болады. Экспорт нәтижесін кодпен және нүкте атрибуттарымен, сызықтармен бірге кез келген CAD, GIS бағдарламаларында қоданса болады.

  • Визуализациялау және өңдеу. Әртүрлі графикалық элементтер және басқа да көмекші функциялар кез келген нүктелер мен сызықтарды өңдеуге мүмкіндік береді.

  • Сапасын бақылау. Жұмыстың барлық уақытында бақылау жасалып отыру керек.


Бағдарламаны өңдеудің жеңілдігі. LEICA Geo Office бағдарламасын бір рет өңдесе, ол жұмыстың басынан аяғына дейін қызмет көрсете алады.

LEICA Geo Office бағдарламасының стандартты функцияларының қосымша опциялары:

  • GPS/ГЛОНАСС өлшеулерін өңдеу. Бұл өңдеу GPS/ГЛОНАСС ақпараттарын толық өңдеуге мүмкіндік береді. Негізгі қосымшалардың бірі-геодезиялық тірек тораптарындағы базалық сызықтарды классикалық өңдеу. Радиомодем ұстамаған жерлердегі траектория бойынша анықталатын нүктелерді анықтайды. Сонымен қатар GPS1200 жұмыс жасау барысында LEICA Geo Office бағдарламасының барлық жұмыстарын бақылауға болады. Барлық жұмыс деңгейін автоматтандырылған деңгейге көшіру үшін әдеттегі функцияларды қолдануға болады.

  • Координаталарды көшіру. LEICA Geo Office бағдарламасында координата жүйелерін бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру мүмкіндігі бар және геоидтардың проекциялары мен модельдері, сонымен қатар сіздің жобаңызды жақсарту үшін алты түрлі түрлендіру әдісі трансформацияланған функцияны таңдауға мүмкіндік береді. LEICA Geo Office бағдарламасының арнайы мүмкіндігі WGS84 немесе ПЗ-90-нан басқа локалды жүйеге ауысуға мүмкіндік береді.

  • Ақпараттарды RINEX форматында импорттау. Бұл модуль GNSS қабылдағыш арқылы алынған ақпараттарды импорттайды.

  • Желілерді теңестіру. Бұл модуль GPS- қабылдағыш, тахеометр, цифрлы нивелирлердің көмегімен жасалған мәліметтерді біріктіруге немесе керісінше анықталған координатадағы бақылаушы нүктемен тексеру үшін оларды кішкене бөліктерге бөледі.

  • Ақпараттарды GIS/CAD форматында экспорттау. Бұл модуль нүктелерді LEICA Geo Office бағдарламасынан бөліп, кез келген ГАЖ технологиясын импорттауға мүмкіндік беретін AutoCAD DWG, MicroStation DGN, MapInfo MIF немесе DXF форматына көшіреді.


Бұл бағдарламада атқарылатын жұмыстарға-жаңа жоба құру, мәліметтерді импорттау және экспорттау, координаталар енгізу, калибровка жасау, өңделген мәліметтерді сақтауды жатқызуға болады.

Ең бірінші жұмыс-жаңа жоба құрамыз және аспап жадындағы өңделмеген мәліметтерді енгіземіз(3, 4, 5-сурет).




3 Сурет-LEICA Geo Office бағдарламасында жаңа жоба құру





  1. Сурет-LEICA Geo Office бағдарламасына аспап жадындағы өңдел- меген мәліметтерді импорттау


  1. Сурет-LEICA Geo Office бағдарламасына аспап жадындағы өңдел- меген мәліметтерді импорттау


Мәліметтерді енгізген соң өңдеу жұмыстарына көшеміз(6-сурет).



  1. Сурет-LEICA Geo Office бағдарламасында мәліметтерді


өңдеу жұмысы
Егер GPS-тегі ақпараттарды өңдейтін болсақ, келесі әдіс бойынша базадағы және ровердегі мәліметтерді белгілеп аламыз(7-сурет).

  1. Сурет-Базадағы және ровердегі мәліметтерді бөліп көрсету



Әрі қарай аспаптар қатарындағы өңдеу батырмасын басып, жұмыс нәтижесін сақтаймыз(8-сурет).

  1. Сурет-Жұмыс нәтижесін сақтау


Содан соң калибровкаға көшеміз. Ол үшін екінші жоба құрып, осында жаңа өңделген пункттердің каталогтық координаталар тізімін импорттаймыз(9-сурет).

  1. Сурет- LEICA Geo Office бағдарламасында калибровка жасау



Содан соң мәліметтер қатарынан координаталарды транформациялау батырмасын таңдау арқылы екі жобаны байланыстырамыз(10-сурет).

  1. Сурет-Коордианаталарды трансформациялау