Файл: Тыдалым мен айтылым Тапсырма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 92

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым мен айтылым Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды және көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

1-мәтін Тазарғың келсе, театрға бар!

«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.

2-мәтін

Көрерменің қандай, қазақ театры?

Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?

Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?


Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.

Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.

Оқылым Тапсырма


Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.

Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.

Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.

Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.



  1. Мәтін не туралы? [1]

      1. Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы

      2. Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы

      3. Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы

      4. Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы




  1. Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған? [1] A) 1

        1. 2

        2. 3

        3. 4



  1. Мәтіннің тақырыбы қандай? [1]

      1. Қазақстан саяхатына қызығушылық бар ма?

      2. Қазақстанда туризм саласы қашан дамиды?

      3. Өзге елдегі демалыс орындарының дамуы

      4. Сыртқы туризмнің экономикаға әсерінің болуы



  1. Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған? [1]

________________________________________________________________________________

5-7. Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен бастаңыз.

  1. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.

Туризм саласы дамудың __________________________________________________________

  1. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

Әлемдік туризм нарығының биігіне _______________________________________________



  1. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады.

Қазақстанның __________________________________________________________________

  1. Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз. [3] Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...

________________________________________________________________________________


Жазылым


Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып, аргументативті эссе жұмысын орындаңыз. [10]

  1. Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен?

  2. «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деген екен Г. Ревзин. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

________________________________________________________________________________


Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап

беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.

Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға өте аз қатысады.




Оқылым



Жауап

Балл

1

В

1

2

С

1

3

В

1

4

Оқушы жауабы ескеріледі.

1

5

Туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде бүгінде әлемнің көптеген елдерінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.

1

6

Әлемдік туризм нарығының биігіне осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

1

7

Қазақстанның өз мүмкіндіктерін толық пайдаға асыра алмай отырғандығы туралы көптеген сарапшылар айтуда.

1

8

Оқушы жауабы ескеріледі: ойды жүйелі жалғастыруы – 1; өз ой-пікірін білдіруі – 1; тұжырым жасауы – 1.

3

Барлығы

10



Жазылым



Балл

Сипаттамасы

1

9-10



Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

7-8



Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарамақайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.