Файл: Жоспары Кіріспе Ботулизм Таамды токсикоинфекция Вирусты диареялар Негізгі блім.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Жедел ішек инфекциялары. Дезентерия,Сальмонеллез, Токсикалық тағамдық улану, Ботулизм


Қабылдаған:Қудабай А.. Орындаған: Мамедов А.С.
Тобы: ЖТД-626

ЖОСПАРЫ:


Кіріспе
Ботулизм
Тағамдық токсикоинфекция
Вирусты диареялар
Негізгі бөлім
Клиникасы
Патогенезі
Диагностика
Емі
Қорытынды
Алдын алу шаралары
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе


Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ)– әр түрлі микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар) қоздыратын, клиникалық белгілері асқазан-ішек жолының әрекетінің бұзылуымен байқалатын және басқа да белгілері ұқсас жұқпалы аурулардың тобы.


Дизентерия (ШИГЕЛЛЕЗ) – шигеллалармен шақырылатын, фекальды-оральды жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальды бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын антропонозды ауру.

Этиологиясы


Этиологиясы


Бактериальды дизентерияның қоздырғышы-шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын грамм(-) микроорганизмдер. Шигеллалар төрт түрге бөлінеді:
Sh.disenteriae (Григорьев-Шига,Штуцер-Шмитц, Лардж-Сакс бактериялары)
Sh.flexneri
Sh.boydii
Sh.sonnei


Эпидемиологиясы


Инфекция көзі жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар, бактериятасымалдаушылар.
Дизентерия-фекальды-оральды механизммен берілетін ауру.
Аурудың берілу жолдары:
Тұрмыстық-жанасу
Алиментарлы
Су арқылы
Берілу факторлары:
Залалданған су, тағамдар, жуылмаған көкеністер, жеміс-жидектер
Залалданған тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, лас қол


Патогенезі


Клиникасы


Түрі


Клиникалық варианты


Ағым ауырлығына байланысты


Ағым ерекшілігі


Этиологиясы


Жедел дизентерия


Колиттік
Гастроэнтероколиттік гастроэнтериттік


Жеңіл
Орташа
Ауыр
Сусызданудың І,ІІ,ІІІ-ІУ дәрежелері


Зонне
Бойд
Флекснер
Григорьев-Шига
Лардж-Сакс
Штуцер-Шмитц


Созылмалы дизентерия


Рецидивті
үздіксіз


Бактерия тасымалдаушылық


Субклиникалық
реконвалесценттік



Аурудың ағымында төрт кезең бар:
Инкубациялық 1-7 күн (көбінесе 2-3күн)
Бастапқы
Өршу
Реконвалесценция


Жедел дизентерияның колиттік варианты (жеңіл түрі):
Іштің төменгі жағының ауру сезімі
Сигма тәрізді ішек аймағында, тік ішек аймағында тенезмалар
Дәреттің жиелігі 3-5реттен 10 ретке дейін
Нәжістің сипаты шырыш қоспасы кейде қан араласқан
Ректоромоноскопияда катаральды немесе катаральды-эрозивті проксигмоидит анықталады.


Орташа ауырлықтағы колиттік түрі:
Бас ауруы, дене қызуы 38-39°С
Іштің төменгі жағында, сол жақ мықын аймағынды толғақ тәрізді ауру сезімі
Нәжісі алғашында шырыш, қан аралас, кейіннен ректальды түкірік түрінде
Үлкен дәрет жиелігі 10-15тен 25 дейін болуы
Ішектің функциональды және морфологиялық қалпына келуі 2-3 айға созылады.


Ауыр ағымды колиттік вариантында:
Айқын интоксикация мен колиттік синдром
Күшті толғақ тәрізді ауру сезімі, нәжіссіз, сұйық шырышты-қанды, кейде іріңді
Ректороманоскопияда шырышты қабаттың деструктивті өзгерістері эрозиялар және ойық жаралар
Ішектің функциональды және морфологиялық қалпына келуі 3-4 айға созылады.


Жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік варианты:
Инкубациялық кезеңі қысқа 6-8 сағ және одан аз
Энтероколиттің айқын синдромдары
Ауыр ағымында іште диффузды ауру сезімі, профузды іш өту, сусыздану
Ішектің функциональды және морфологиялық қалпына келуі 1-3 айға созылады.


Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер
Лабораторлық диагностикасы:
Копрологиялық зерттеу
Бактериологиялық
ректроманоскопия


Диагностикасы


Асқазанды жуу (гастроэнтериттік, гастроэнтероколиттік)
Тазарту клизмасы
№4 диета
Этиотропты терапия(антибактериальді ем нитрофурандар-
фурозилидон,фурозолин,фурагин, хинолиндер-интетрикс,
Сульфометаксозол-бактрим, бисептол, фторхинолондар,
Аминогликозидтер)
Патогенетикалық терапия
Организмнің сусыздану жағдайында
Регидратация
Антигистаминді препараттар
Спазмолитиктер
Ферменттік препараттар
Ішек микрофлорасын қалыпқа келтіру
Жергілікті ем: емдік клизмалар (қызыл май қосылған ректалды свечалар)


Дизентерияның емдеу жоспары


Сальмонеллез-сальмонелла бактерияларымен қоздырылатын,


фекальды-оральды механизммен берілетін, жиі
гастроинтестинальды, сирек жайылмалы түрлерінде өтетін
жедел антропозоонозды ауру.


Қоздырғышы грам(-), аэробты, спора түзбейтін,
Salmonella тобына,
Enterobacteriacae
тұқымдастығына жататын бактериялар.


Инфекция көзі:ауылшаруа- шылық жануарлар мен
құстар, сальмонеллезбен ауыратын науқастар немесе бактериотасмалдаушылар
Берілу механизмі: фекальды- оральды.
Жұғу жолдары:алиментарлы,
Су, тұрмыстық-контактілі


Сальмонеллез


Клиникалық көріністері


І. Гастроинтестинальды түрі:
Гастриттік вариант
Гастроэнтериттік вариант
Гастроэнтероколиттік вариант
ІІ. Жайылмалы түрі:
Сүзек тәрізді вариант
Септикопиемиялық вариант
ІІІ. Бактериотасымалдаушылық
Жедел
Созылмалы
Транзиторлы
Инкубациялық кезең 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін
созылады.


Гастриттік вариант:
Жүректің айнуы, құсу
Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі
Дәреттің жиелігі 5 реттен аспайды, нәжістің сипаты ботқа тәрізді
Гастроэнтериттік вариант:
Іштің кіндік аймағында, илеоцекальды аймағында ауру сезімі
Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, нашар иісті, сары және жасыл түсті.
Гастроэнтероколиттік варианты сирек кездесетін сальмонеллездің атипті варианты.


Клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер
Бактериологиялық және серологиялық әдістер
Науқастарлың нәжісі, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, қан күмәнді азық-түліктер бактериологиялық зерттеледі.


Диагностикасы


Емі
Асқазанды жуу
Сусыздану кезінде оральды регидратациялық ертінділер енгізу
Дезинтоксикациялық терапия
Антибактериальды терапия қарсы көрсетілген.


Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру. Барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.



Ботулизм

Этиологиясы


Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е, Ғ.
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.
Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.


Табиғи инфекциялану эпидемиологиясы


Продукция токсина в пище приготовленной или законсервированной при температуре окружающей среды


Колонизация кишечника и
продукция токсина у
воспиимчивых детей и взрослых


Колонизация и продукция токсина в открытой ране


C. botulinum в паочве, флоре и фауне


Ботулизм:
Острое, симметричное, нисходящие пассивные
бульбарные параличи

Патогенезі


Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
Ботулотоксин асқазан-ішек жолына түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен ботулотоксиннің күші жоғарылайды.
Токсин қанға өтіп, қанқа бұлшықеттерінің парезін, қан тамырларының парезін шақырады, капиллярлардың сыңғыштығын жоғарылатады;
Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның алдыңғы мүйіздерінің үлкен мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы және паралитикалық синдромдар дамиды (әртүрлі бұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ жағдайда - тыныс мускулатурасының парездері және параличтері).
Шеткі моторлы жүйке-бұлшықеттер приборларына әсер етеді (ацетилхолиннің өндіруін тежейді);
Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің төмендеуі, гиперкатехолемияның дамуы (тамырлардың зақымдануы және олардың тарылуы; бозару,бас айналу, көздердің алдында "тор" және "шіркей", АҚ жоғарылауы, шырышты қабықтарының құрғауы, іштің қатуы) .

Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы, гипоксиялық және гемиялық) дамиды. Тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен тыныс алудың жедел жетіспеушілігі дамиды.

Клиникалық көріністері


Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы интоксикациялық.
Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.
Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады.


Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік болады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.
Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.
Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр - жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.

Асқынулары


Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады.
Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқа уланулармен (атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар, энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрлі ауруларымен) жүргізіледі.

Болжамы


Ботулизм кезінде сауығу ұзаққа созылады, 1-1,5 ай шамасында болады. Алдымен тыныс алу жәна жұтыну қабілеті қалпына келеді. Бас ауыру, көздің симптомдары, жүрек қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа дейін сақталады. Әлсіздік (астения) бірнеше айлар бойы сақталып қалады. Ботулизммен ауырғаннан кейін сауығу толық болады. Ботулизмге қайтымсыз өзгерістер тән емес. Адекватты терапия болмаған жағдайда летальділігі 25-30% құрайды.