Файл: Жоспары Кіріспе Ботулизм Таамды токсикоинфекция Вирусты диареялар Негізгі блім.ppt
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 80
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Диагностикасы
Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді.
Лабораторлық диагностика науқастан алынған қан, құсық массасы, асқазанның шайынды суынан ботулотоксин және ботулизм қоздырғыштарын анықтауға негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады. Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы арқылы анықтайды, ал аурудың қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм иммунодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.
Емдеуі
Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады.
Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады. Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс бұлшықеттерінің парезі нәтижесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30% дейін төмендейді, бульбарлы бұзылыстардың өршуі, тахипноэ (минутына 40 реттен жоғары болса) өкпе ателектазы және өкпенің қабыну процестері. Пневмония дамыған кезде антибактериальды терапия, ішектің атониясында прозерин қолданылады.
Алдын алу шаралары
Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.
Көтеріңкі келген консервілік банкілерді пайдалануға болмайды. Тұрғын халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-жидекті консервілеудің қауіптігін түсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15 минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін жояды.
Тағамдық токсикоинфекция
Тағамдық токсикоинфекция(ТТИ)—кысқа уақыттын ішінде тез дамитын, адам ағзасынан тыс экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын; асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінің зақымдануымен(гастрит, гастроэнтерит) және су-тұз алмасуының бусылысымен көрінетін инфекциялық ауру.
1901 жылы гигиенист Лащенков стафилакокпен шақырылған тағамдық улануды сипаттап енгізген.
Этиология
Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғыштарына адам ағзасынан тыс, тағамда экзотоксиндер өндіре алатын қасиеттері бар, көптеген шартты патогенді бактериялар жатады. Экзотоксиндерге энтеротоксиндер (термолабильді, термостабильді) және цитотоксиндер жатады. Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады. Цитотоксин өндіруші қасиеті бар коздырғыштарға Klebsilla pneumoniae, Enterobacter cloacae, Clostridium perfringens, St aureus, Aeromonas hidrophila, Vibrio parahaemoleicus және т.б. жатады.
Патогенезі.
Патогенезі.
Энтеротоксиндер асқазан мен ішектің эпителиальды клеткаларымен байланысып, эпителиоциттердің ферменттік жүйелеріне әсер етеді.
↓
Циклдік АМФ, циклдік ГМФ түзілуі жоғарылайды.
↓
Токсиндер әсерінен простагландиндердің, гистаминнің, ішек гормондарының түзілу жылдамдығы жоғарылайды.
↓
Асқазан мен ішек қуысына сұйықтық пен тұздар жиналуынан, диарея пайда болады.
↓
Цитотоксин эпителиоциттер мембраналарын зақымдап, белок — синтездік процесті бұзады.
↓
Шырышты қабаттың қабыну өзгерістері.
ПАТОГЕНЕЗІ
Жіктелуі.
Жіктелуі.
1.Зақымдалу көлеміне байланысты:
Гастриттік.
Гастроэнтериттік.
Гастроэнтероколиттік.
2. Ауырлық дәрежесіне байланысты:
Жеңіл.
Орташа.
Ауыр.
3. Асқынуына байланысты:
Асқынған-эксикоз, токсикоз, гиповолемиялық шок, ИТШ.
Асқынбаған.
КЛИНИКАСЫ
Инкубациялық уақыты бірнеші минуттан 24 сағатқа дейін(жиі 2-6 сағат), сондықтан жедел басталады.
құсу:бір реттік немесе сирек қайталанады, лоқсиды, кұсқаннан кейін жеңілдік алып келеді; характері қыйналып және құсуды өзі еркімен шақырады
Құсу мен іш өту бірІш өту: күніне 10-15 рет, алғашында нәжіспен бірге сұйық, сосын көп мөлшерде сұйықтық характерлі ауысады.
Шырыш пен қан араласпаған болады
Бас ауру, әлсіздік, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауру сезімі
Кейбір науқастарда дене температурасы алғашқы сағаттарда 38-39С дейін көтеріліп, бір күннен кейін қалпына келеді
ЖҚА- лейкоцитоз.
ЖҚА- лейкоцитоз.
ЖЗА-протеинурия, лейкоцитурия.
Копрограмма.
Гематокрит-жоғарылаған.
Қанның электролиттік құрамы- гипокалиемия, гипонатриемия.
Бактериологиялық зерттеу(нәжіс, қан, құсық).
Серологиялық зерттеу.
УДЗ.
ЭКГ.
Рентгенография.
Диагностикасы
Емі
Емі
Дәрежелері. | Этиотропты ем. | Патогенетикалық ем. |
Жеңіл дәрежелі ТТИ | Асқазанды 0,5% натрий бикорбанатымен шаю. Оральды регидратация. Сорбенттер-актив.уголь, Спазмолитиктер-дротоверин, папаверин гид 0,04г. Ферменттер-панкретаин т.б. Пробиотиктер. | |
Орташа дәрежелі ТТИ | Регидратация 55-75мл/кг. Сорбенттер-актив уголь т.б Спазмолитики, Ферменты, Ішектік антисептиктер-энтерол т.б. | |
Ауыр дәрежелі ТТИ | Антибиотикотерапия-фторхиналондар, цефалоспориндер | Көктамыр ішілік регидратация 60-120мл/кг. Дезинтоксикация-реополиглюкин 400мл к/і Сорбенттер,ферменттер |