ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 120
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ–қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдыларының деңгейі | Тапсырм а саны* | № тапсырма * | Тапсырма түрі* | Орындау уақыты, мин* | Балл* | Бөлім бойынша балл |
Космология | 11.10.1.2 - көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату; | Білу және түсіну | 8 | 1 | ҚЖ | 3 | 4 | 25 |
11.10.1.3-көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану | Қолдану | 2 3 | ҚЖ ҚЖ | 5 | 2 2 | |||
11.10.1.4 - Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану | Қолдану | 4 5 | ҚЖ ҚЖ | 2 2 | 2 2 | |||
11.10.1.5-Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассел диаграммасын қолдану; | Қолдану | 6 | TЖ | 5 | 4 | |||
11.10.1.10-Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу; | Қолдану | 7 | ҚЖ | 5 | 4 | |||
11.10.1.11 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру | Жоғарғы деңгей дағдысы | 8 | TЖ | 8 | 5 | |||
Физпрактикм | физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігіне негізделген эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін алу | Жоғарғы деңгей дағдысы | 1 | 9 | ҚЖ | 5 | 5 | 5 |
Барлығы: | | 9 | 9 | | 40 | 30 | 30 | |
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-нұсқа
1.1. Жердегі бақылаушының көзқарасымен қарастырылатын аспан денесінің жарқырау өлшемі. [1]
А. Көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Жұлдыздың жарықтылығы
С.Шоқ жұлдыздар
1.2. Жұлдыздың бақылаушыдан 10 парсек қашықтықта орналасқан кезіндегі объектінің көрінерлік шамасы. [1]
А. Көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Жұлдыздың жарықтылығы
С.Шоқ жұлдыздар
-
Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, көрінетін жұлдыздық шамасы ең төмен жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз. [1]
-
Жұлдыз
Көрінетін жұлдыздық шама
Сириус
- 1,44
Полярная
2,02
Вега
0,03
Процион
0,37
Ригель
0,12
Бетельгейзе
0,42
2. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=2 болатын жұлдыз 250 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз [3]
3.Жаңа жұлдыз тұтанған кезде оның жарқырауы 10 000 есе артады. Оның көрінерлік жұлдыздық шамасы қаншаға өзгереді? [3]
4.Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының максимумы λm=1,45мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай? [3] 5. Қандай температурада абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы R=459 Вт/м2-ге тең болады?( ) [3]6. Төменде Герцспрунг-Рассел диаграммасының өлшемі, түсі, жұлдыздардың жарықтығы, спектрлік жіктелуі және абсолютті шамаларының байланысты диаграммасы берілген. Осы диаграммадағы әр нүкте абсолютті шамасы мен спектрлік жіктелуі бар жұлдызды білдіретіні анықталған. Деректердің бірнеше топтарға бөлінетініне назар аударыңыз: негізгі реттік жұлдыздар (бас кезектілік), алыптар, үлкен алыптар (өте аыптар) және ақ ергежейлілер
[3]
1.Сіз өзіңіздің астроном екеніңізді елестетіп, шамамен 3700 Кельвин температурасы бар жұлдызды ашыңыз. Оның жарықтығы шамамен 0,1. H-R диаграммасын (Герцспрунг-Рассел диаграммасы) қарастырыңыз; Бұл жұлдыз өмірлік циклінің қай кезеңінде орналасқан? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
2.Егер жұлдыздың температурасы шамамен 10 000 Кельвин және жарықтығы шамамен 10-3 болса ше? Бұл қандай жұлдыз болуы мүмкін? Оның өмірлік циклдің қай кезеңінде екенін түсіндіріңіз.
3.Төмендегі жұлдыздардың әрқайсысы үшін өмірлік циклінің соңғы кезеңі қандай болады? (қара ергежейлі, нейтрондық жұлдыз немесе қара құрдым).
Төмендегілердің ішінен:
(a) О типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
(b) А типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
(c) G типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
4.Герцшпрунга–Рассел диаграммасында сутегі гелийге айналғаннан кейін қай бағытқа қозғалады?
5.Ақ ергежейлілер Герцшпрунга–Рассел диаграммасында қандай аймақта орналасқан?
7. (а) Хаббл тұрақтысы нені білдіретінін сипаттаңыз: [1]
(b) Галактиканың Жерден 8,0 108 жж қашықтықта баяулау жылдамдығы 1,8 104 км/с ретінде өлшенеді. Бұл Хаббл тұрақтысының 73 км/(с Мпк) мәні екенін көрсетіңіз : [2]
8. a) Шамамен Үлкен жарылыстан қанаш уақыттан кейін Құс Жолы пайда болоды? [1]
А.Жүздеген миллион жыл
В.1 миллиард жыл
С.3 миллиард жыл
Д. 5 миллиард жыл
b) Ғарыштық микротолқындық сәулелену нені көрсетеді? [1]
9. физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігіне негізделген эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін алу
№1. Суретте екі түрлі геометриялық дене берілген. Олардың көлемін анықтау ұшін қандай құралдар қолданар едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз [1]
№2. Егер шойынның тығыздығы 7*10
3 кг/м3 болса, онда көлемі 20 см3 шойын кесегінің массасын анықтаңыз. [2]
№3. Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушелердің массасы қандай болады? ρА=2,7 г/см3, ρМ=8,9 г/см3. [4]
Тапсырмалар № | Дескриптор |
Білім алушы | |
1 | Денелер көлемін анықтауға қажетті құралдарды анықтайды |
Көлемді анықтау әдісін сипаттайды | |
2,3 | Шамаларды ХБЖ-не келтіреді |
Тығыздықты есептеу формуласын қолданады | |
Білеушелердің массасын анықтайды |
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
2-нұсқа
1.1. Жұлдыздың жарқырауы тәуелді: [1]
1. жұлдызға дейінгі қашықтыққа 2. Жұлдыздың өлшеміне 3.жұлдыздың температурасына
А.1,2
Б. 2,3
В.1,3
С.тек 3
1.2. Қай шама жұлдызға дейінгі қашықтыққа тәуелді емес? [1]
А. көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Шоқ жұлдыздар
С. Каметалар
-
Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең үлкен жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз. [1]
Жұлдыздың атауы | Температура, К | Масса (Күн массасымен) | Радиус (Жер радиусымен) | Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж) |
Полярная | 7000 | 6 | 30 | 430 |
Ригель | 11000 | 18 | 75 | 864 |
Арктур | 4300 | 1,25 | 26 | 37 |
2. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=5 болатын жұлдыз 200 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз [3]
3. Бір жұлдыз екінші жұлдызға қарағанда 16 есе жарқын.Оның көрінерлік жұлдыздық шамасы қаншаға өзгереді?
[3]
4.Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының максимумы λm=3,5мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай? [3]
5. Абсолют қара дененің температурасы 400К болғанда дененің энергетикалық жарқырауы неге тең? ( ) [3]
6. Төменгі диаграмманы қолдана отырып сұрақтарға жауап беріңіз: [3]
Жоғарыдағы диаграмманы қолдана отырып сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Ақ ергежейлі жұлдыздардың беткі температурасы аса алып қызыл жұлдыздарға қарағанда жоғары ма, әлде төмен бе?_____________________________________________________________________
2.Ыстықтан суыққа қарай жұлдыздардың түсін келтіріңіз:____________________________________
3.Диаграммада A – E жұлдыздарын белгілеңіз. Олардың түсі мен түрін анықтаңыз.
7. a) Хаббл тұрақтысы 73 км/(с Мпк) тең. Хаббл тұрақтысының мәнін қолданып, Әлемнің жасын анықтаңыз. Жауабыңызды жылмен беріңіз: [2]
b) Әлем жасы 13,6 млрд. жыл тұжырымдаманы бағалау үшін, бір болжам ұсыныңыз: [1]
8. a) Үлкен жарылыстан қанша уақыттан кейін Жер пайда болды? [1]
А. 1 миллиард жыл
В. 3 миллиард жыл
С. 5 миллиард жыл
Д. 9 миллиард жыл
(b) Ғарыштық микротолқындық сәулелену деген не? [1]
9. физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігіне негізделген эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін алу
№1. [1]
| Екі бірдей ыдысты алып, оның біріне массасы 400 г су, ал екіншісіне массасы 400 г өсімдік майын құямыз да, оларды қыздырамыз. Термометрлердің көрсетуінен майды тезірек қызатыны байқалды. Себебін түсіндіріңіз |
№2. Массасы 1000 г қорғасындағы1000C-қа дейін қыздыру үшін 13 кДж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығын анықтаңыз. [3]
№3. [3]
| Массасы 150 г температурасы 200С суға массасы 200 г температурасы 950С цилиндр салыңды. Бұл кезде судың температурасы 300С-ге дейін көтерілді. Цилиндр жасалынған заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз. |