Файл: Тсінік хат Жаратылыстану оу пні (оыту аза тілінде).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
«Жаратылыстану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Жаратылыстану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (7-қосымша) «Жаратылыстану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
ҚР БҒМ 26.01.2022 жылғы №25 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 1-қосымшасы және қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 11-қосымшасы (қысқартылған оқу жүктемесі бар) бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі 5.11 - кестеде көрсетілген.
5.11 – кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | Жалпы жүктеме, сағат | |||
1-қосымша | 11-қосымша | ||||
Апталық | Жылдық | Апталық | Жылдық | ||
2 | Жаратылыстану | 1 | 36 | 1 | 36 |
Үлгілік оқу бағдарламасы пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын
бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.
«Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері:
-
пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
-
пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. -
бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады. -
білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі - зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған
«Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша
оқытылатын «Жаратылыстану» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 5.12-кестеде көрсетілген.
5.12-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар | Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны | ТЖБ | ||||
1- тоқсан | 2- Тоқсан | 3- тоқсан | 4- тоқсан | Әр тоқсанда | ||
2-сынып | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Жаратылыстану пәні бойынша үлгілік тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Аптасына 1 сағат, жалпы – 36 сағат
№ | Ауыспалы тақырыптар | Сабақ тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту | |
1-тоқсан | | ||||||
1 | Мен зерттеушімін | Əлемдегі барлық жаңалықты қайдан білуге болады? | 2.1.1.1 қоршаған əлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды жəне зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау; 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | |
2 | Бақылау қалай жүргізіледі? | 2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нəтиже); 2.1.2.3 бақылау нəтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу; 2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау | 1 | | | ||
3 | Тəжірибе деген не? | 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже); 2.1.2.7 эксперимент жүргізу жəне оның нəтижелерін кестеге түсіру. | | | | ||
4 | Жанды табиғат | Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? | 2.2.1.1 өсімдіктердің əртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу; 2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына жəне қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру. | 1 | | | |
5 | Өсімдіктің мүшелері қандай қызмет атқарады? | 2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау; 2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау; 2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру. | 1 | | | ||
6 | Өсімдіктер жылдың əр мезгілінде қандай өзгеріске ұшырайды? БЖБ | 2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау; 2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау; 2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру. | 1 | | | ||
7 | Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? | 2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар жəне сүтқоректілер; 2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру. | 1 | | | ||
8 | ТЖБ | | 1 | | | ||
9 | Жануарлар неліктен əртүрлі? | 2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау; 2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. | 1 | | | ||
2-тоқсан | |||||||
10 | | Адам денесінің құрылысы қандай? | 2.2.3.1адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау. | 1 | | | |
11 | Адамның қозғалуына не көмектеседі? | 2.2.3.3 бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру. | 1 | | | ||
12 | Сенің сөмкеңнің салмағы қандай? | 2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. | 1 | | | ||
13 | Денсаулықты қалай күту қажет? БЖБ | 2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау; 2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау. | 1 | | | ||
14 | Заттар жəне олардың қасиеттері. | Ауаның қандай қасиеттері бар? | 2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі); 2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін жəне жылуөткізгіштігін зерттеу. | 1 | | | |
15 | Неліктен ауаны қорғау қажет? | 2.3.2.1 біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру. | 1 | | | ||
16 | ТЖБ | | 1 | | | ||
17 | Біз су туралы не білеміз? | 2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дəмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы). | 1 | | | ||
3-тоқсан | |||||||
18 | | Су қандай күйде кездеседі? | 2.3.3.2 судың агрегаттық күйінің өзгеру процесін зерттеу; 2.3.3.3 судың табиғи көздерін анықтау. | 1 | | | |
19 | Табиғи ресурстар қандай болады? | 2.3.4.1 табиғат ресурстарының қолданысын анықтау; 2.3.4.2 табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу. | 1 | | | ||
20 | Жер жəне ғарыш | Күн Жерге қалай əсер етеді? | 2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру; 2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау. | 1 | | | |
21 | Күннің «достарын» білесің бе? | 2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тəртібін анықтау; 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | ||
22 | | Ғаламшарлар қандай болады? | 2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру; 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | |
23 | Қыстан кейін неліктен көктем шығады? | 2.4.3.1 негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату; 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | ||
25 | Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан? БЖБ | 2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру; 2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау. | 1 | | | ||
25 | Табиғат физикасы | Заттар неліктен қозғалады? | 2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу; 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже). | 1 | | | |
26 | ТЖБ | | 1 | | | ||
27 | | Қайсысы жылдам? | 2.5.1.1 түрлі денелердің əртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру; 2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу); 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | |
4-тоқсан | |||||||
28 | | Ақырын жүрсең, алысқа жетесің бе? | 2.5.1.1 түрлі денелердің əртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру; 2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу); 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | |
29 | Пілдің салмағы қанша? | 2.5.1.4 массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау жəне пайдалану; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау. | 1 | | | ||
30 | Қандай денелер жарықты өткізеді? | 2.5.2.1 кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау. | 1 | | | ||
31 | | Күн сəулесі қайда кетті? | 2.5.2.1 кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу; 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже). | 1 | | | |
32 | Дыбыстар қандай болады? Дыбысты қайдан естуге болады? | 2.5.3.1 дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу; 2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. | 1 | | | ||
33 | Жаз мезгілінде аяз қайда кетеді? | 2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу; 2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау. | 1 | | | ||
34 | Термометр ыстық пен суықты қалай ажыратады? Магнитті не үшін қолданады? БЖБ | 2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу; 2.1.2.7 эксперимент жүргізу жəне оның нəтижелерін кестеге түсіру. 2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау; 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже) | 1 | | | ||
35 | ТЖБ | | 1 | | | ||
36 | Жазғы демалысты қалай қызықты өткізуге болады? | 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже); 2.1.2.7 эксперимент жүргізу жəне оның нəтижелерін кестеге түсіру. | 1 | | |