Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік нсаулытар Биология 7 сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 421
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Экожүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жасушалық биология Су және органикалық заттар» бөлімі бойынша
2 –ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша
«Тірі ағзалардың қоректенуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Тірі ағзалардың қоректенуі» бөлімі бойынша
«Тыныс алу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Координация және реттелу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Тұқымқуалау мен өзгергіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Көбею. Өсу және даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Микробиология және биотехнология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар Биология
7- сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 7-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондай- ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА 4
«Экожүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
«Жасушалық биология Су және органикалық заттар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11
2 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА 15
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15
«Тірі ағзалардың қоректенуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19
«Тыныс алу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА 26
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 26
«Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29
«Координация және реттелу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 32
4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА 35
«Тұқымқуалау мен өзгергіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 35
«Көбею. Өсу және даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 38
«Микробиология және биотехнология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 42
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Экожүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 7.3.1.1 Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуын зерттеу 7.3.1.3 Қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Төмендегі ұғымдарға анықтама беріңіз.-
«экожүйе»- -
«ағзалардың бірлестіктері»- -
«биосфера»-
-
-
Суретті қарастырыңыз.
(а) Ор қоян тіршілік ететін экожүйені анықтаңыз.
(b) Ор қоян тіршілік ететін экожүйені сипаттаңыз.
(с) Ор қоянның тіршілігіне әсер ететін 2 экологиялық факторды сипаттаңыз.
-
Суретті қарастырыңыз.
(а) Өндірушілер, тұтынушылар, ыдыратушыларды анықтаңыз.
Өндірушілер | Тұтынушылар | Ыдыратушылар |
| | |
(b) Суретті пайдаланып, жайылымдық және детритті қоректік тізбектің сызбасын
құрыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Экологиялық факторлардың әсерін зерделейді | 1 | «экожүйе» ұғымына анықтама береді; | 1 | |
«ағзалардың бірлестіктері» ұғымына анықтама береді; | 1 | |||
«биосфера» ұғымына анықтама береді; | 1 | |||
2 | Ор қоян тіршілік ететін экожүйені анықтайды; | 1 | ||
Ор қоян тіршілік ететін экожүйені сипаттайды; | 1 | |||
Ор қоянның тіршілігіне әсер ететін биотикалық факторды сипаттайды; | 1 | |||
Ор қоянның тіршілігіне әсер ететін абиотикалық факторды сипаттайды. | 1 | |||
Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрастырады | 3 | суреттен өндірушілерді анықтайды; | 1 | |
суреттен тұтынушыларды анықтайды; | 1 | |||
суреттен ыдыратушыларды анықтайды; | 1 | |||
суретті пайдалана отырып жайылымдық қоректік тізбекті құрады; | 1 | |||
суретті пайдалана отырып детритті қоректік тізбекті құрады; | 1 | |||
Барлығы | 12 |
«Экожүйелер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Экологиялық факторлардың әсерін зерделейді | Экологиялық факторлардың әсерін зерделеуде қиналады | «Экожүйе»/ «ағзалар бірлестіктері» / «биосфера» ұғымдарын / экожүйе түрін/ ағзаға әсер ететін абиотикалық / биотикалық факторды анықтауда / экожүйені / қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін сипаттауда қателіктер жібереді | Экологиялық факторлардың әсерін дұрыс зерделейді |
Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрастырады | Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрастыруда қиналады | Жайылымды / детритті қоректік тізбектер құруда қателіктер жібереді | Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрастырады |
«Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты |
|
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
(а) Тірі ағзаларды жүйелеудің дұрыс ретін анықтаңыз.
А. түр, тұқымдас, туыс, отряд, класс, тип,тип тармағы, патшалық В. түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип тармағы,тип, патшалық С. түр, туыс, отряд, тұқымдас, класс,тип, тип тармағы, патшалық
D. тұқымдас, түр, туыс,тип, отряд, класс, тип тармағы, патшалық
(b) Ағзаларды жүйелеудің маңызын түсіндіріңіз.
-
Суретті қарастырыңыз
| |
А кірпікшелі кебісше | В суық торғай |
(а) Осы екі ағзаның ерекше белгілерін көрсетіңіз.
(b) В әрпімен бейнеленген жануардың 2 артықшылығын жазыңыз.
-
(а) Патшалықтардың атауын жазыңыз.
(b) Патшалықтардың айырмашылықтарын сипаттаңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Жүйелеудің маңызын сипаттайды | 1 | жүйелеудің дұрыс ретін белгілейді; | 1 | |
жүйелеудің маңызын түсіндіреді; | 1 | |||
Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың құрылысының ерекшеліктерін ажыратады | 2 | біржасушалы ағзалардың негізгі ерекшелігін ажыратады; | 1 | |
көпжасушалы ағзалардың негізгі ерекшелігін ажыратады; | 1 | |||
суық торғайдың бір артықшылығын көрсетеді; | 1 | |||
суық торғайдың екінші артықшылығын көрсетеді; | 1 | |||
3 | патшалықтардың атауын жазады; | 1 | ||
патшалықтардың айырмашылықтарын сипаттайды. | 1 | |||
Барлығы | 8 |