Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік нсаулытар Биология 7 сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 408
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Экожүйелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жасушалық биология Су және органикалық заттар» бөлімі бойынша
2 –ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша
«Тірі ағзалардың қоректенуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Тірі ағзалардың қоректенуі» бөлімі бойынша
«Тыныс алу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Координация және реттелу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Тұқымқуалау мен өзгергіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Көбею. Өсу және даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Микробиология және биотехнология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін анықтайды | Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін анықтауда қиналады | Жүйке жүйесінің қызметін / құрайтын құрылымдарды анықтауда қателіктер жібереді | Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін дұрыс атайды |
Жүйке жасушасының компоненттерін атайды | Жүйке жасушасының компоненттерін атауда қиналады | Жүйке жасушасының ұзын / қысқа өсіндісін / денесіндегі негізгі / сұйық бөлімін / талшықтардағы ортаңғы қабықшасын атауда қателіктер жібереді | Жүйке жасушасының компоненттерін дұрыс атайды |
Рефлекстік доғаның өту жолын сипаттайды | Рефлекстік доғаны сипаттауда қиналады | Рефлекстік доғаның рецепторлық / ақпаратты талдау / тітіркенуге жауап беру бөлімдерін сипаттауда / құрылымдарын атауда қателіктер жібереді | Рефлекстік доғаның өту жолын дұрыс сипаттайды |
4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
«Тұқымқуалау мен өзгергіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты |
7.1.4.3 Хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ рөлін түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма | |
-
Жүре пайда болған және тұқым қуалайтын белгілерді сипаттаңыз. Кем дегенде 2 мысалдан келтіріңіз.
Жүре пайда болған белгілер | Тұқым қуалайтын белгілер |
| |
-
(а) Суретті зер салып қараңыз. 1, 2, 3, 4 сандарымен берілген бөліктерді анықтаңыз.
(b) Ген ұғымын түсіндіріңіз.
(с) Үлкен кісілерден жиі еститін «Ата бабасының қанына тартқан» деген пікір қаншалықты дұрыс. Ата-анадан баласына белгілер қалай беріледі?
-
Суретті қарастырыңыз.
(а) Неге ДНҚ «Тіршіліктің қос шиыршығы» дейді?
(b) ДНҚ жасушаның қай бөлігінде орналасқан?
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді сипаттайды. | 1 | жүре пайда болған белгілерді ажыратады; | 1 | |
тұқым қуалайтын белгілерді ажыратады; | 1 | |||
жүре пайда болған белгілерге мысалдар келтіреді; | 1 | |||
тұқым қуалайтын белгілерге мысалдар келтіреді; | 1 | |||
Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін сипаттайды. | 2 | 1,2 сандарымен берілген бөліктерді анықтайды; | 1 | |
3,4 сандарымен берілген бөліктерді анықтайды; | 1 | |||
ген ұғымын түсіндіреді; | 1 | |||
белгілер қалай тұқымқуалайтынын түсіндіреді; | 1 | |||
ДНҚ рөлін анықтайды. | 3 | ДНҚ-ның құрылысын сипаттайды; | 1 | |
ДНҚ-ның орналасқан орнын анықтайды. | 1 | |||
Барлығы | 10 |
«Тұқымқуалау мен өзгергіштік» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді сипаттайды. | Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді анықтауда қиналады | Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын / тұқым қуаламайтын белгілерді анықтауда / мысал келтіруде қателіктер жібереді | Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді дұрыс сипаттайды |
Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіреді. | Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіруде қиналады | Сурет бойынша хромосоманы / ДНҚ–ны / генді / нуклеин қышқылын анықтауда / ген ұғымын / белгілер қалай тұқым қуалайтынын түсіндіруде қателіктер жібереді. | Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіреді |
ДНҚ рөлін түсіндіреді. | Хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ –ны сипаттауда қиналады | Хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ –ның құрылысын сипаттауда / орналасқан орнын анықтауда қателіктер жібереді. | Хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНҚ –ны сипаттайды |
«Көбею. Өсу және даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты | 7.2.1.1 Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін сипаттау
7.2.3.4 Жануарлардағы тура және түрленіп даму типтерін салыстыру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты: | 20 минут |
Тапсырма | |
-
Суретте қырықжапырақтың тіршілік айналымы бейнеленген.
(а) Суретті пайдалана отырып, қырықжапырақтың тіршілік циклін ретімен жазыңыз.
-
Қырықжапырақтың гаметофиті мен спорофиті қай сандармен белгіленген?
-
Ұрықтану қай жерде жүзеге асады?
-
(а) Суреттен айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңдануды анықтаңыз.
(b) Өздігінен және айқас тозаңданатын өсімдіктердің ерекшелігін сипаттаңыз.
Өздігінен тозаңдану | Айқас тозаңдану |
| |
-
Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттаңыз.
-
Төмендегі ағзалардың даму түрлерін ажыратыңыз.
| |
а | b |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерін салыстырады | 1 | қырықжапырақтың тіршілік айналымын сипаттайды; | 1 |
суреттен қырықжапырақтың гаметофит кезеңін анықтайды; | 1 | ||
суреттен қырықжапырақтың спорофит кезеңін анықтайды; | 1 | ||
қырықжапырақтың ұрықтану ерекшелігін анықтайды; | 1 | ||
Өздігінен және айқас тозаңданудың артықшылықтарын сипаттайды | 2 | суреттен айқас тозаңданудың түрін анықтайды; | 1 |
суреттен өздігінен тозаңданудың түрін анықтайды; | 1 | ||
өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды; | 1 | ||
айқас тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды; | 1 | ||
Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын түсіндіреді | 3 | гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын түсіндіреді; | 1 |
Жануарлардағы тура және түрленіп даму типтерін ажыратады | 4 | тура даму түрін анықтайды; | 1 |
түрленіп даму түрін анықтайды. | 1 | ||
Барлығы | 11 |