ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»





БОӨЖ №14

Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму


Орындаған: Алимбаев Даурен

Курсы: 1-курс

Факультет: Жалпы медицина

Тобы: 106 A

Тексерген: Хамытхожаева Д. Ж.


Жоспар:

  1. КІРІСПЕ

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Пандемияның салдарынан кейінгі экономикалық даму

  3. ҚОРЫТЫНДЫ

  4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





















  1. КІРІСПЕ


Пандемия – жаңа ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы. Гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақшасы – "барлық адамға тиесілі". Мамандар бұл терминді ауру әлемнің түкпір-түкпіріне таралған жағдайда қолданады.

Пандемия сөзінен қорқудың қажеті жоқ: бұл аурудың қауіптілігінен бұрын оның таралу ауқымын білдіреді және жұқпалы ауруларда ғана қолданылады. Аурудың таралу ауқымы мен жұқтырғандар саны арта түссе, эпидемия пандемияға айналады.

Пандемияның жалпыға ортақ үш критериі:

  • вирус ауру тудырып, адам қазасына әкелуі мүмкін;

  • вирус адамнан адамға жұғады;

  • вирустың әлем бойынша таралуының дәлелі бар.

Пандемия жарияланған соң әрбір ел коронавируспен жергілікті деңгейде ғана күреспейді, аурудың ары қарай таралмауына да күш салуы тиіс. ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус барлық елдің үкіметін коронавирустың таралуына қарсы жедел әрі батыл шаралар қолдануға шақырды. Айта кетейік, пандемия жарияланған соң қандай карантин шараларын қабылдауды әр елдің өзі шешеді.

Адамзат тарихындағы пандемиялар

Пандемия ауқымындағы ауру алғаш рет тарап отырған жоқ. XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба індеті мен XX ғасырдағы "испанка" тұмауына 500 млн жуық адам шалдығып, шамамен 100 млн адам көз жұмды. XXI ғасырда адамзатты:


  • атипиялық пневмония (SARS, 2003 жыл);

  • құс тұмауы (2003 жыл);

  • Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS, 2012 жыл);

  • Эбола (2014-2015 жылдар);

  • Зика безгегі (2016 жыл) секілді жұқпалы аурулар біршама әуреге салды.

2009-2010 жылы "доңыз тұмауы" деген атпен белгілі H1N1 вирусына қатысты пандемия жарияланды. 2009 жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша, 255 716 жуық жұқтыру дерегі тіркеліп, әлемнің 140 астам елінде 2 627 адам көз жұмды.

H1N1 вирусы – ДДСҰ терминологиясындағы соңғы пандемия. Содан бері ұйым мұндай жағдайларда "халықаралық деңгейде қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін жағдай" (Public Health Emergency of International Concern, PHEIC) деген атау беріп келді.

Covid-19 қандай вирус?

Covid-2019 – жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі. Індет ошағы – Қытайдың Ухань қаласы. Коронавирустың негізгі белгілері респираторлық ауруларға ұқсайды:

  • дене қызуының көтерілуі;

  • шаршау;

  • құрғақ жөтел.

Кейде ауру симптомдары білінбейді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен тыныс алу қиындағанда дереу медицина көмегіне жүгіну қажет. ДДСҰ мәліметінше, вирусты жұқтырған науқастардың 80 пайызы жазылуда.

Вирус қалай таралады?

Covid-2019 жұқтырған науқас жөтеліп, түшкірген кездегі мұрын мен ауыздан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Тамшылар заттарға жұғып, ауаға тарайды. Оларға жанасқан соң, вирус көзге, мұрын мен ауызға түседі. Сол себепті найқас адамнан бір метрден астам қашықтықта алшақ жүру керек. Вирустың өмір сүру әзірге ұзақтығы анықталмады.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Пандемияның салдарынан кейінгі экономикалық даму


Ел Президенті Жолдауда Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстанның қазір пандемияның зардабын тартып жатқанын ашық айтты. «Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық» деген Президент жақын арада Ұлттық жобалар бекітілетінін мәлімдеді. Біздің ендігі стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуымыздың негізі болмақ.

Қ.Тоқаев экономикамызға тікелей инвес­тиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілгеніне назар аударды. Сондай-ақ квазимемлекеттік секторды оң­тай­­ландыру үшін нақты шараларды қолға алын­ғанына тоқталды. Атап айтқанда, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін біріктірілгенін, ен­шілес компаниялар екі есе азайып, олардың штат саны бір жарым есе қысқартылғанын атап өтті.



Стратегиялық маңызды құжатта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тиімділігі дәлелденгені жария етілді. Бағдарламаны жүзе­ге асыру барысында республика бойынша 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылса, 70 мың жұ­мыс орны ашылған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді. Президент мұның бәрі экономикалық дамуымызда оң үрдістің сақталуына әсер еткенін айтты. Оның ішінде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама да бар. Ең бастысы, бұл бастаманың әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Соның арқасында миллионнан астам азамат тұрғын-үй жағдайын жақсартып, ипотекалық қарызын азайтуға мүмкіндік алды. Дегенмен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың әлі де күрделі болуына байланысты Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Жолдауда бюджеттің кірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеу міндеттелді. Прзидент экономиканы әр­тараптандыру, өндірілетін тауарлардың тү­рін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жө­ніндегі жұмысты жалғастыру керектігіне тоқ­талды.

«Әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс. Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс» деген Қ.Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару екенін қаперге салды.

Еліміздің ауыл шаруашылық саласының әлеуеті зор екені көп айтылады. Бірақ агро­өнеркәсіп кешені саласында қордаланған мәсе­лелер аз емес. Бұл мәселе Жолдауда кеңінен айтылды. Президент «министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді» деп баға тұрақсыздығын сынға алды. «Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс» деген Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды.


Мемлекет басшысы айқындап берген бірінші басымдықта Ауғанстандағы ахуал назардан тыс қалмады. Президент жаһандық шиеленістің күшеюі қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейтінін айтты. «Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда» деген Қ.Тоқаев мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жос­пары әзірленетінін хабарлады.

Жолдаудағы бірінші басымдықта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары толық қамтылды. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін стратегиялық маңызды құжатта көрсетілген тапсырмаларды сапалы, уақытылы орындау үшін атқарушы, өкілді, қадағалаушы, заң шығарушы органдар бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана халықтың билікке, Жолдауға деген сенімі арта түседі.






















  1. ҚОРЫТЫНДЫ

Пандемия-еліміз үшін ең ауыр сынақтардың бірі болды. Қаншама қоғам қайраткерлерінен айырған бұл кезең Қазақстан тарихына өшпестей болып енді. Демокрафиялық құлдыраумен қатар, елдің экономикасы да, саяси-әлеуметтік жағдайы мен халықтың әл-ауқаты да құлдырады. Халық жұмыстарынан айырылып, елде экономикалық дағдарыс орын алды. Сол себептен бұл кезеңді халық жадынан өшіру мүмкін еместей. Алайда, қазіргі күні пандемияның соңы болып, халық та еліміз де бұрынғы кезге жайлапи келіп жатырмыз. Экономиканы бірақ сол уақыттағыдай ету оңай шаруа емес. Бұндай ауыр жүк Қазақстан Республикасының президенті Қ. Ж. Тоқаевқа міндеттелді. Басшымыз өзінің алғы реформаларының арқасында экономикамызды дамытуға, қалпына келтіруге күш салуда. Біз де оның қолынан келетінін білеміз және барынша шыдамдылық танытып елімізді дамытуға күш саламыз.














  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасы президентінің жолдауынан;

  2. Егемен қазақстан газетінен




Алматы 2023