Файл: Сарып, лептоспироз жне листериоз кезіндегі шаралар, стандарттары мен алгоритмдері.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Жұғу жолдары: 1. Алиментарлы 2. Ауа-тамшы 3. Контактілі (қарымқатынас) 4. Трансмиссивті
Бруцеллалардың бүгінгі таңда 6 түрі белгілі.
Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып табылады.
Таралу механизмі: фекальды-оральды.
Жедел бруцеллездегі симптомдар:
Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар:
Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар:
Ирит, иридоциклит, нефрозонефрит, бет нервтерінің зақымдануы, полиневрит.
Сарып, лептоспироз және листериоз кезіндегі шаралар, стандарттары мен алгоритмдері
Қабылдаған: Насырова К.
Тобы: ЖТД-719
Орындаған: Жұмабек О.Е.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасы | |
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бруцеллез − Сарып туралы жалпы түсінік.
Лептоспироз туралы жалпы түсінік.
Листериоз туралы жалпы түсінік.
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зооноздар деп аталуы олардың инфекция көзі жануарлар болады:үй жануарлары және жабайы жануарлар. Адамға әр түрлі жолдармен жұғады:зақымдалған тағамды пайдаланғанда,жануарлардың жем суын беріп күткенде ,жануарларды сойғанда,етін бөлшектегенде,еттен және сүт өнімдерінен тағамдар даярлағанда жұғуы мүмкін. Зооноздарға жатады:оба,туляремия, сібір жарасы,бруцеллез (сарып). Осы инфекциялар аса қауіпті инфекцияларға жатқызылады.Жұғу жолдары: 1. Алиментарлы 2. Ауа-тамшы 3. Контактілі (қарымқатынас) 4. Трансмиссивті
Жануарлар өнімдері шаң-тозаң арқылы жарақат арқылы,қан сорғыш буын аяқты насекомдар арқылы: (кенелер,масалар,бүргелер)
Сарып,бруцеллез (Brucellosіs) — бұл жүйке, жүрек - қантамыр жүйелерінің,жыныс мүшелерін сонымен бірге тірек - қимыл аппаратының зақымдалуымен, ұзақ ағыммен сипатталатын жұқпалы дерт.Аллергиялық ауруға жатады.
1886 ж. ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855 — 1931) ашқан.
Этиология – қоздырғышы
Этиология – қоздырғышы
Бруцеллалардың бүгінгі таңда 6 түрі белгілі.
Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып табылады.
Br. Melitensis (негізгі иесі - қой, ешкі, адамға ең вируленттісі және күшті жоғары),
Br. аbortus (иесі – ірі мүйізді мал(сиыр) ),
Br. suis (иесі - шошқа, қоян, солтүстік бұғылар).
Бруцеллалар өте майда, спорасы жоқ, грам теріс, эндотоксин бөледі, сыртқы ортады әсіресе төменгі температурада өте төзімді.
Сүт, ет тағамдарында − 10-45 күн
Суда – 70 күн
Топырақта, малдың қиында – 6 ай
Қарда және мұзда – 4-5 ай сақталады.
Тік түскен күн сәулесінің әсерінен 1-2 сағатта
Қайнатқанда – 3-4 минутта
70 °С суда,сүтте, сорпада – 20-40 минутта өледі.
Зарарсыздандыру ерітінділеріне сезімтал.
Сарып Қазақстанда кең таралған аурулардың бірі. Онымен негізінен ауыратын ауылшаруашылық жан – жануарлар. Ауру адамға қой, ешкі, сиыр, шошқа малы арқылы жұғады. Сонымен қатар кейбір жан– жануарлар да ауруды таратудың басты көзі болып табылады. Олар: жылқы, бұғы, түйе, кішірек жылқылар (мулы ), ит, мысық т.б. Науқас адам басқа адамдарға қауіп тудырмайды. Бруцеллалар сыртқы ортаға сүтпен, малдың зәрімен, кейде нәжісімен, көп мөлшерде жытардың суымен бөлінеді де сыртқы орта ластанады. Таралу жолдары: тағамдар арқылы (сүт, ет,қаймақ, сыр,лас су т.б.), қарым – қатынас арқылы, ауру малды күткенде, сойғанда, жүнін қырыққанда, төлдеткенде (малшылар аурады) және лас ауа шаң – тозаң арқылы да жұғуы мүмкін.Бұл ауруға шалдыққан мал түсік тастайды.
Таралу механизмі: фекальды-оральды.
Берілу жолдары:
қатынас арқылы (зақымдалған тері)
алиментарлық
ауа-шаң (аэрогенді)
Сарып қоздырғышы шырышты қабаттар, зақымдалған тері арқылы ағзаға еніп, лимфа жүйесі арқылы лимфа бездерінде тоқтап, онда өсіп – өніп, көбейіп, қанға енеді (бактериемия). Қанмен бауыр, көкбауыр, сүйек кемігіне тоқталып, таратылып, нәтижесінде екінші ауру ошақтары пайда болады.Сондықтан бактериемия ұзаққа созылады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға тарап буын – сүйек жүйесін, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауру көп жағдайды созылмалы түрге айналады.
лимфогенді фаза гематогенді фаза көп ошақты себу жайылу фазасы экзоошақты себу фазасы метомффоз фазасы
Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі: 1-4 апта, екі айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың жедел және созылмалы түрлері бар. Сарыптың қайталануы (суперинфекция, реинфекциялар болуы мүмкін).
Сарыптың жедел түрінде ауру тез басталады. Науқастың қызуы көтеріліп, қатты терлейді, әлсіздік пайда болады, басы аурып, сүйек буындары қақсайды және бұлшық еттері аурады. Ауруды қарағанда лимфа бездері шошынып, бауыр, көкбауырының үлкейгендігін байқауға болады. Науқастың қызуының көтерілуі 1-3 аптаға созылады. Ол бірде көтеріліп, бірде төмен түседі. Осы ауруға тән белгісінің бірі – әр түрлі қызбалардың болуы және 38-39 °С көтерілгенде де науқастың қиналмай көтеруі.
Сарып ауруының негізгі белгілерінің бірі – бұлшық еттерінің және буындарының қабынуы болып табылады. Ол – артрит, бурсит, тендовагит, периартрит. Ауруларда жыныс органдары қабынады, әйелдерде етеккір келу кезеңі өзгереді, офорит, сальпингит, метрит, түсік тастау,ер адамдарда орхит, эпидимит.
Жүйке жүйелерінің зақымдалуы салдарынан аурулардың көңіл – күйі өзгереді, басы аурады, ұйқысы бұзылады.
Ауыр түрінде өте сирек жүйке жүйесінің зақымдануы – менингоэнцефалит, полирадикулоневриттер болуы мүмкін. Жедел сарып көп жағдайда осы аурудың созылмалы түріне ауысады (6 айдан асқанда) және ол әр түрлі ағзалардың зақымдалуымен сипатталады. Әсіресе сүйектің ірі буынның, бұлшық еттерінің қабынулары орын алады. Кемтарлыққа да әкелуі мүмкін. Көп жағдайда дене қызуы бір қалыпта болады. Дет кезінде ем қабылдау нәтижесінде аурудан айығуға болады.
Жіктелуі:
Жіктелуі:
Ағымы бойынша:
- жеңіл орташа ауыр латентті
Ұзақтығы бойынша:
жедел (3 айға дейін)
жеделдеу (6 айға дейін)
созылмалы (6 айдан кейін)
ирезидуальды
Жедел бруцеллездегі симптомдар:
Әр түрлі сипаттағы қызба (толқын тәріздес, ремиттирлеуші, субфебрильді) 1-2 аптадан 2-3 айға дейін.
Қалтырау және тершеңдік
Жалпы интоксикациялық синдром (бас ауру, әлсіздік)
Микрополиаденит
Гепатомиенальдық синдром
Қысқа мерзімдік әлсіз немесе айқын түрдегі артралгия, миалгиялар.
Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар:
айқын интоксикация ағзалар мен жүйелер зақымдану симптомдары:полиартрит, бруссит, спондилоартриттер, спондиметтер менингит, менингоэнцефалит, миелит, энцефалит эндокардит, миокардит, перикардит нефриттер, нефроздар түсіктер, бедеулік, жатыр түтікшелерінің қабынуы, менистризация циклінің бұзылуы орхит
Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар:
Висцеральды түрі:
- жүрек-қантамыр жүйесі
тыныс алу жүйесі
гепателиенальды синдромдармен жүреді
Сүйек буын түрі:
буындар сүйектер жұмсақ тіндер аралас түрде зақымдану
Нервтік түрі:
орталық жүйке жүйесі
перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы психобруцеллез
Урогенитальді түрі
Клиникалық араласқан түрі
Негізгі жұғу жолы: алиментарлы (қайнатылмаған сүт арқылы)
Ауру біртіндеп басталады
Көбінесе қызба болмайды, субфибрильді болады
Терісі бозғылт, эрт. бөртпелер байқалады, 9-15%
Лимфа түйіндері сирек үлкейеді
Тірек-қимыл жүйесі жағынан әлсіз өзгерістер байқалады
Перифериялық-жүйке жүйесі, зәр шығару жүйесі сирек зақымданады.
Негізгі аяқталуы- сауығу.
Патоморфологиясы
Бруцелледегі негізгі зақымдану тамыр жүйесі жағынан болғандықтан (энда, - пери,- панваскулиттер, тромбоваскулиттер) поли ошақтық ағзалардың патологиясы байқалады.
Диагноз қою
Диагноз қою
Эпидемиологиялық анамнезді жинау.
Клиникалық белгілеріне қарау.
Зертханалық нақтама зерттеулерді жүргізу.
Бактериологиялық зерттеуге: науқастың қанын және бурситтің ішіндегі сұйықтығын аламыз.
Серологиялық зерттеулер: Райта, Хеддельсона, Кумбса, ИФА.
Теріге – аллергиялық байқау жүргізу.- Бюрне байқауы (бруцеллинмен).
Бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану
Биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
Иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін
Агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
Серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
Аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы
Емдеу
Ауруханада ем жүргізіледі. Тағам №15 стол. Қоздырғышқа қарсы,
Антибиотиктер – тетрациклин, рондомицин, доксокциклин, римфапицин, гентамицин, стрептомицин т.б.
Антигистаминдер – димедрол, тавегил, пипольфен, супрастин қолданылады.
Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу қажет.
Қабыну процесіне қарсы – индометацин, ибупрофен, вольтарен, бутадион, пирабутал және т.б.
Дәрумендер, физиоемдер қолданылады.
Науқас айыққанан кейін санаторлық – курорттық ем тағайындалады.
Алдын алу шаралары
Алдын алу шаралары
Малды ветеринарлық тексеру, қадағалау.
Медициналық – санитарлық шараларды жүзеге асыру.
Малмен, мал шаруашылығанда жұмыс істейтін адамдардың жеке бастық гигинена ережелерін сақтап, арнайы киім киіп, зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалануын қадағалау.
Халық арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жандандыру.
Ауырғандарды 2 жыл мерзімге тіркеуге алып, оларды мұқият бақылауға алу.
Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.
Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және грек. speіra — ирекше, бұрама; грек. osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын зоонозды жұқпалы ауру.
Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады.
Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ол қоздырғышты денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі:
интерогеморрагиялық лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады;
каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу байқалады);
“су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі.
Қазақстанда лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер).
Ауру көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер). Олар лептоспирді көбінесе зәрімен бөледі де нәтижесінде сыртқы орта, су ластанады. Сондай суды пайдаланғанда, ашық су көздерінде шомылғанда, судың жағасында жалаң аяқ шөппен жүргенде ауру жұғады. Кейде ауру сиырдың сүтін, етін пайдаланғанда да жұғады.
Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі.
Патогенезі – аурудың дамуы
Лептоспирлер организмге тері, көздің, ауыз қуысының кілегейлі қабаты арқылы енеді де қанға тарайды, бауыр, бүйректе т.б. тоқтайды, сөйтіп майда қан тамырларының эндотелиялары зақымданады, қабынады.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 4-12 күнге, ал кейде 20 күнге дейін созылады. Аурудың сарғаятын, сарғаймайтын түрлері кездеседі. Ауру көп жағдайда жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп дене қызуы жоғары көтеріледі 39-40 °C, қызба толқын тәрізді болып келеді. Аурулардың басы қатты ауырады, тұла бойын әлсіздік, ұйқысыздық басады, бұлшық еттері (балтырдың, жотаның,желкенің, мойының) аурады, жүрегі айнып құсады. Науқастың беті қызарып, ісініп, көзі қызарып, тіпті мойны, кеудесіне дейін қызарады. Сипағанда тері еттері ауырады. Аурудың 3-6 күндері аяқ қолында денесінде әртүрлі бөртпелер пайда болады. Тамағы қызарып, жұтқанда ауруы мүмкін. Бауыры, көк бауыры ісінеді, үлкейеді. Аурудың барлық түрінде бүйрегі қабынады, Пастернацкий белгісі білінеді.