Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1475

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

1-СЫНЫПТА «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Нұр-Сұлтан 2022
Ы.АлтынсаринатындағыҰлттықбілімакадемиясыныңҒылыми-әдістемеліккеңесішешіміменұсынылды(2022жылғы хаттама).«1-сыныпта«Еңбеккебаулу»пәніноқытубойыншаәдістемелікұсынымдар». –Нұр-Сұлтан:Ы.Алтынсарин атындағыҰБА,2022.–60б.ЖинақҚазақстанРеспубликасыбілімберуұйымдарыныңбастауышсыныптарда2022-2023оқужылында«Бейнелеуөнері»пәніноқытубойыншаәдістемелікұсынымдарберілген.Әдістемелікұсынымортабілімберу ұйымдарыныңбасшыларына,білімбасқармаларыменбөлімдерінің,оқу-әдістемелікорталықтардың әдіскерлеріне,бастауышсынып мұғалімдерінеарналған.©Ы.АлтынсаринатындағыҰБА,2022

«ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСІНІК ХАТ

Оқубағдарламасыоқушылардыңжасерекшеліктерініңтанымдықмүмкіндіктерінесәйкесәроқупәнініңсабақтың мазмұны мен білім,білік,дағдыларыныңкөлемін құжат болыптабылады«Еңбеккебаулу»пәнініңоқубағдарламасыоқытуүдерісіноқушылардыңпәнсалаларыбойыншабілімменбіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әлеуметтік мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеругебағытталған.Қазіргікезеңдеоқушыныңөз

бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді ісәрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субъектісі және тұлғааралық қарым- қатынас субъектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

«Еңбекке баулу» пәні болашақ ұрпақтың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік және шығармашылық сезімдерін дамытуға бағытталған. Ұлттық қолөнерін құндылықтарын жалғастыршы ретінде ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру; оқушыларды еңбекке баулу дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамыту; ұлттық қолөнері туындылары туралы ақпаратты іздеу, алу, талдау және пайдалану дағдыларын дамыту; өзінің шығармашылық ізденіс арқылы өз ойларын білдіру және негіздеу дағдыларын дамыту.

Осы бағдарламада оқушы өзінің шығармашылық идеяларын қоршаған ортаны білу мен түсінуіне, қазақ халқының қолданбалы қолөнерінің ою-өрнектер арқылы табиғат аясына саяхат пен табиғи материалдарды жинау; адамның өміріндегі қағаздың маңызын білуін зерттеулері қамтылған.

Сабақтарда оқушыларды еңбекке баулу іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігімен және көркем материалдардың техникалық жағынан қол жетімді алуан түрлілігімен танысады. Оқу бағдарламасының басым бөлігін практикалық, еңбекке баулу және шығармашылық жұмыстарын құралған. Шамамен жұмыс бағдарламасы 6-10 жас аралығындағы балалардың дамуының психологиялық-жас ерекшеліктері де ескерілген, ал сабақтың мазмұны білім алушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы мүмкін.

Сабақ уақытында білім алушылардың қызметі еңбекке баулу ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру міндетімен жеке немесе топтық форматта ұйымдастырылады.

Еңбекке балу пәнін оқыту барысында оқушылар ойлау, шығармашылық қиял, кеңістіктік-образдық ойлауын,


көркемдік-технологиялық білімінің негізінқалыптастыруындамытады.Оқушыныңжекетұлғалыққасиеттерінкеңауқымдыдағдылармендамытылуынбілімалуынқалыптастырады«еңбекпеншығармашылық»,сияқтықұндылықтарынбойынасіңіруіне,негіздейді.

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ 1-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН

«ЕҢБЕККЕБАУЛУ»ПӘНІНЕНҮЛГІЛІКОҚУБАҒДАРЛАМАСЫ

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. «Еңбекке баулу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

  2. «Еңбекке баулу» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік- технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
«Еңбеккебаулу»пәнінмеңгерудіңпәндікнәтижелеріеңбектіңадамөміріндегішығармашылықжәнеадамгершілікмәнітуралыалғашқытүсініктерді,материалдарменолардыңқасиеттері,жобалау,модельдеудағдыларын қалыптастыруғабағытталуы тиісдеп белгілейді.

  1. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:

  1. әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту;

  2. ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;

  3. білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру;

  4. бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;

  5. әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  6. білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру;

  7. коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, рөлін түсіндіру;

  8. өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;

  9. ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.


  1. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық»,
«өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті,рухани тереңазамат болыпқалыптасуынанегізболады.