Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 558

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-тарау. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру





  1. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Табиғи материалдармен жұмыс», «Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс», «Техникалық үлгілеу және құрастыру» ,«Өзіне-өзі қызмет ету»

  1. Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелері сақталады.

  2. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

  1. «Шығармашылық идеяларды білу және тану» бөлімі: қоршаған әлемді, әртүрлі материалдарды зерттеу арқылы зерттеушілік дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту, қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін зерделеу, өзінің шығармашылық идеяларын әзірлеу;

  2. «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі: ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде сенсорика, қолдың моторикасын, қиялдауы мен шығармашылығын, практикалық дағдыларын дамыту, әртүрлі материалдармен эксперимент жүргізу, әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеру, өзінің іс-әрекетін жоспарлау;

  3. «Талдау және бағалау» (презентация) бөлімі: презентация арқылы коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалау, презентациялау және түсіндіру.

  1. «Еңбекке баулу » оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту: қоршаған ортаны білу және түсіну, қазақ халқының қолданбалы өнері, ою-өрнектер, шығармашылық идеяларды дамыту, табиғат аясына саяхат, табиғи материалдарды жинау, адам өміріндегі қағаздың маңызы, түрлерін, қасиеттерін зерттеу.

  2. шығармашылық жұмысты жасау және дайындау: шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар, дәстүрлі емес материалдармен (көркемдік, табиғи және жасанды) , әртүрлі материалдармен (кепкен өсімдіктерден аппликация, жапырақ пен гүлдерден композиция құрастыру, тұқымдар мен дәндерден мозайка жасау) және техникалармен эксперимент жүргізу, әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеру, өзінің іс-әрекетін жоспарлау; дайындау технологиясы, өлшеу құралдарымен жұмыс, қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру, көлемді пішіндерді жасау, құрастыру, қағаз пластикасы, қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар, қауіпсіздік техникасын сақтау, қауіпсіздік техникасының ережелері;

  3. презентация, талдау және бағалау: презентация, шығармашылық жұмыстардың презентациясы, шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.


  1. «Еңбекке баулу» пәні бойынша 1-сыныпты бітірген оқушыдан күтілетін нәтиже:

  • еңбек қауiпсiздiгi ережесi және жеке бас гигиенасын сақтайды;

  • қағазды өңдеуге қолданылатын қарапайым құрал-саймандардың аты және қолданылуын біледі;

  • қағаздың, кептiрiлген жапырақтың, бұтақтардың өзiндiк қасиеттерін атайды;

  • қарапайым 2–3 бөлшектен тұратын бұйымдарды жасауды біледі;

  • жұмыс орнын ретке келтiру және тазалық сақтау ережелерін орындайды;

  • материал мен құрал-сайманды ұқыпты пайдаланады;

  • табиғи материал, қағазды өңдеуде құрал-саймандарды орнымен пайдалануды біледі;

–үлгi бойынша жұмыс iстеу алады;

  • бүктеу және желiмдеу арқылы құрамақ бөлшектерiн бiрiктіре алады;

-бiр-бiрiнiң пiкiрiмен санасып, өзара сыйласа бiледі.

  1. Бағдарлама мазмұны әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекетті қарастырады. Сабақ барысында іске асырылатын шығармашылық әрекеттің түрлерін еңбекке баулу мұғалімінің өзі анықтайды. Бұл ретте көркемдік- шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі: құрылымдау, жоспарлау және сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылады.

3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі





  1. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» сынып, «2.1» бөлім мен бөлімше, «1» – оқу мақсатының реттік нөмірі.

  2. Оқу мақсаттарының жүйесі:

  1. 1-бөлім «Шығармашылық идеяларды білу және тану»:




Бөлімшелер

1-сынып

1.1 Материалдың түрі мен қасиетін білу және түсіну

1.1.1.1 материалдың түрлерімен танысу барысында қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі) анықтау.

1.2 Материал атауы мен қолданылу саласын білу және түсіну

1.1.2.1 Материалдың негізгі атауы мен қолданылу саласын анықтау.

1.1.2.2 қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар) анықтау.

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

1.1.3.1 шығармашылық идеялары мен ерекшелігін (пішін, фактурасы, біріктіру тәсілі, дайындау технологиясы ) салыстырып көрсету.

1.4 Жоспарлау







  1. 2-бөлім «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау»:



Бөлімшелер

1-сынып

2.1 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

1.2.1.1 қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу


2.2 Дайындау технологиялары

1.2.2.1 қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

1.2.2.2 айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасау

1.2.2.3 шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану




2.3 Қауіпсіздік техникасын сақтау

1.2.3.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану




  1. 3-бөлім «Талдау және бағалау» (презентация):



Бөлімшелер

1-сынып

3.1 Презентация

1.3.1.1 өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) қарапайым тәсілдермен таныстыру

3.2 Шығармашылық жұмыстағы тәсілдерді талдау




3.3 Шығармашы лық жұмысты талқылау және бағалау

1.3.3.1 шығармашылық жұмысын түсіндіру




  1. Осы оқу бағдарламасы бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Еңбекке баулу» оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын 1-қосымшасындағы ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныпқа арналған

«Еңбекке баулу» оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар


Ортақ тақырыптар

Оқу мақсаты жүйесінің бөлімдері

Оқу мақсаты жүйесінің бөлімшелері

Оқу мақсаттары

1 Өзім туралы

1

Шығармашылық идеяларды білу және тану

1.1

Материалдың түрі мен қасиетін білу және түсіну

1.1.1.1 материалдың түрлерімен танысу барысында қасиеттерінің сипаттамасын (жұмсақтығы, тығыздығы, беріктігі) анықтау

1.2

Материал атауы мен қолданылу саласын білу және түсіну

1.1.2.1 Материалдың негізгі атауы мен қолданылу саласын анықтау

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

1.1.3.1 шығармашылық идеялары мен ерекшелігін (пішін, фактурасы, біріктіру тәсілі, дайындау технологиясы ) салыстырып көрсету

2

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Шығармашылық жұмысты орындау материал дары мен техникалары

1.2.1.1 қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

2.2

Дайындау технология лары

1.2.2.1 қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

2.3 Қауіпсіздік техникасын сақтау

1.2.3.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану





3. Талдау және бағалау (презентация)

3.3 Шығармашы лық жұмысты талқылау және бағалау

1.3.3.1 шығармашылық жұмысын түсіндіру

2. Менің мектебім

1

Шығармашылық идеяларды білу және тану

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

1.1.3.1 шығармашылық идеялары мен ерекшелігін (пішін, фактурасы, біріктіру тәсілі, дайындау технологиясы ) салыстырып көрсету

2

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Шығармашылық жұмысты орындау материал дары мен техникалары

1.2.1.1 қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

2.2

Дайындау технология лары

        1. қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

        2. айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасау

2.3 Қауіпсіздік техникасын сақтау

1.2.3.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

3 Талдау және бағалау (презентация)

3.1 Презентация

1.3.3.1 шығармашылық жұмысын түсіндіру

3. Менің отбасым

1

Шығармашылық

1.1

Материалдың түрі мен қасиетін білу және түсіну

1.1.1.1 материалдың түрлерімен танысу барысында қасиеттерінің сипаттамасын