Файл: Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 21.07.2020

Просмотров: 1887

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




4 Тақырып

Қоғам

Сабақтың мақсаты – қоғамды жүйе ретінде қарастыру; жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарымен танысу; қоғамның типтерінің эволюциясы; Қазақстан қоғамның сипаттарымен танысу.


Әдістемелік ұсыныстар


Социология ғылымының зерттейтін, қарастыратын объектісі қоғам. Қоғамды барлық гуманитарлық ғылымдар зерттейді. Сондықтан, ең бірінші мәселе, социология ғылымының ерекше көзқарасын анықтап алу. Ол үшін тарихта қалыптасқан қоғам туралы теорияларды қарастыруын талдау шарт. Естеріңізге сала кетейін, ең бірінші тақырыпта біз социология пәнін қарастырып , оның ерекшеліктерін анықтаған болатынбыз. Міне, сондықтан да, социологияның қоғамды қарастырғандағы ерекшіліктерін сипаттау қажет. Қоғам саналы жандар құрған қауыл. Ол біртұтас, күрделі, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі құрыстыратын, өзін-өзі дамытатын ұзауым. Ал күрдесі деген ұғым қарастырған объектіміздің бөлшектен туратынын көрсетеді. Сондықтан, бөлшек, біртұтастық, жүйе сияқты ұғымдарды анықтау қажет. Қоғам адамзаттың тарихы ұзарған сайын күрделеніп, өзгеріп отырады. Міне сондықтан қоғам туралы теориялар, концепциялар әр түрлі. Олардың қайсысі болмасын сол күрделі динамикасы зор қауымды түсінуге тырысуда. Осыған орай қоғамға берілге органистикалық, объективистік, қоғамдық-экономикалық формациялық, құрылымуы-функционалдық және т.б. теорияларға талдау жасап оларды салыстырманы түрде анықтауға тырысу керек. Қазақстан қоғамында осы турғыдан қарастырған жоқ.

Қоғамның типтері, оларды топтастырудың негізінде жатқан көрсеткіштер. Мәдениет пен өркениет, бұл ұғымдар турғысынан қоғамды қалай түсінуге болады. әлеуметтік-мәдениеттік бағыт дегеніміз не? Неліктен қазіргі кезде осы бағытты қолданушылар көбеюде? Оның себептері неде? Қазақстан қоғамына түрлі теориялар тұрғасынан анықтама беру. Қоғамның даму кезінде азаматтық қоғам құрылды. Ол ұғымның мағасы не де?

Азаматтық қоғамның негізгі көрсеткіштері. Азаматтық қоғамға социологиялық тұрғыдан сипаттама беру Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, нарықтық экономика ұғымдарына салыстырмалы түрде социологиялық тұрғыдан талдау жасау. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселесіне шолу жасау. Өз отбасыңның, өзіңнің күнделікті тіршілігін осы жоғарғы ұғымдар тұрғысынан талдау. Қоғамдарда типтестіргенде техникалық, технологиялық, ғылыми дамуы жоғары қоғамдарменен осы көрсеткіштері төмен қоғамды қалай салыстыруға болады? Ұғымды және ұғымсыз жағдайларын сипаттау.




5 тақырып

Қоғамның құрылымы


Сабақтың мақсаты – әлеуметтік құрылым ұғымы, концепциялары, әлеуметтік роль, статустардың жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.


Әдістемелік ұсыныстар


Жалпы қоғам ұғымынан оның әлеуметтік құрылымын қарастыруға көшелік. Осыған байланысты қоғамның құрылымы туралы концепцияларға тоқталғанымыз жөн. Бұл жерде ескеретін жай ол екінші тақырыпта қарастырған басты социологиялық теорияларды енді нақты бір мәселеге байланысты қолдану қажет. Әр мәселені қарастырғанда жалпы бүкіл социология пәні ауқымында орын алған социологиялық теорияларға сүйенеміз. Қоғам дегенді біз енді статус, рөл деген ұғымдар, категориялар арқылы қарастыруамыз қажет. Жынында да, қоғам дегеніміз әлеуметтік статусқа ие соған байланысты жүздеген рөль атқаратын адамдар арақатынасы. Міне осы тұрғыдан қоғамның дамуына тарихи қарастырып ондаға әлеуметтік статустардың, әлеуметтік рөльдердің өзгеру процесін көрсету қажет. МЫсалы, жеке адамның статусы, оның атқаратын рөлдері ежелгі дәүірде, Орта ғасырларда, капитализм, социализм, қазіргі қоғамдағы қандай өзгерістерге ұжырады. өзіңнің отбасыңның статусы, өзіңнің статусыңды, атқаратын рөлдеріңді эссе түрінде жазып, дискуссияға қатысу. Қаншалықты қазіргі статус, рөлдер сені қанағаттандырады, қалай оларды өзгертпексің, қандай жолдармен, әдістермен, құралдар арқылы. Қазақстан қоғамының әлеуметтік статустар, рөлдер жүйесі қаншалықты қазіргі заман талабына сай. Мысалы, ұстаздар мен шәкірттер статусы мен рөлдерін талдауға саясақ. Әлеуметтік статус пен рольдердің тұрақтылығы мен өзгергіштігі. Спектакльдер қою. Сауалнамала жүргізу, университеттің телевидениесінен көрсету.



6 тақырып

Тұлғаның әлеуметтенүі

Сабақтың мақсаты – тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенүдің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенүдің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.



Әдістемелік ұсыныстар


Адам, индивид, тұлға ұғымдарын ажырату және осыған байланысты өзін анықтау. Тұлға туралы концепцияларды талдау, оларға баға беру. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясын ажырату және осы тұрғыдан мысалдар келтіру. Тұлғаның әлеуметтенуі, олардың түрлері. Тұлғаның әлеуметтенуі туралы концепциялары, оларға талдау жасау, өзінің таңдаған концепциясына баға берін, дәлелдеу. Өзінің әлеуметтену процесін эссе түрінде жазу, дискуссия, Дөңгелек стөл өткізуге қатысу. Отбасындағы, мектептегі, университеттегі әлеуметтену процесін талдаудан өткізу: кемшіліктері, жетістіктері, тәжірибе, ұсыныстар. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация. Бұл процестің біздің өміріміздегі көрінісі. Сухбаттар, құжаттар яғни прессаға талдау жасау арқылы десоциализацияға ұшыраған адамдардың тағдырып қарастыру, ұсыныстар жасау. Ауылдан қалаға келген жастар, қария осы десоциализация процесіне ұрына ма? Пікіріңіз, дәлел, ұсыныс. Екінші лей социализацияның өтүі. Мысал арқылы қарастыру. Алғашқы әлеуметтенумен екіншілей әлеуметтену арақатынасы қандай? Қазақтардың өміріндегі осы екі процесті талдау. Ресоциализация және оның нақты факт арқылы қарастыру. Ол әдеби шығарма, прессадағы материал, өз өмір тәжірибен.

Қазіргі жастардың әлеуметтенуі, әсіресе қазақ студент жастарының әлеуметтенуі мәселелері, жағымсыз жақтары, олардың шешу жолдары, өкімет деңгейінен, өз мүмкіндіктерін іске қосу арқылы.

Өз ауылдарында, қалаларынуа, қалашықтардағы әлеуметтену мәселелерін қарастыру.




7 тақырып

Әлеуметтік стратификация

Сабақтың мақсаты – теңсіздіктердің шығуы туралы теориялармен танысу, түрлі стратификалық жүйелерді талдау, қазіргі индустриалды қоғамның стратификациялық жүйесімен танысу, мобилділіктің түрлері, Казақстан қоғамының стратификациалық жүйесі.




Әдістемелік ұсыныстар


Қоғамды әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан қарастыру. Қалыптасқан теорияларға сипаттама беру. Әділеттілік, тендік деп ұранды ұстанған маркстік теорияның жеңіліске ұшырау себебі неде? Ленинизмнің әлеуметтік әділетті, тапсыз қоғам құрамыз деген талыпнысының теориялық және нақты тәжірибелік сипаты. Стратификацияның негізгі көрсеткіштері. Стратификацияның тарихи типтері, қазіргі көрінісі, болашағы. Посткеңестік елдердегі стратификация процесінің өтүі. Ресей, Қазақстан, Қырғыстан тәжірибесі. Жоғары таптың әлеуметтік портреті. Орта таптың әлеуметтік портреті. Төменгі таптың әлеуметтік портреті. Қазақстандағы стратификация топтарының сипаттары. Қазақтардың стратификациялануы. Мәселелер, шешу жолдары. Өз ауылдарындағы, қалаларыңдағы, жалпы Қазақстандағы стратификациялану процесін талдау, мәселелерін көрсету, шешу жолдарын ұсыну.


Страталардың бірінен екіншісіне өту яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және бір деңгейді. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәсіметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен.

Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу. Оның нәтижелерін БАҚ арқылы жария ету, талқылау.




8 тақырып

Қала социологиясы

Сабақтың мақсаты – қалалық өмір сүрудің ерекшеліктерін анықтау; қалалардың пайда болуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, тарихи типтерін қарастыру; урбанизация процесінің негізгі кезеңдерін және кеңестік-қазақстандық урбанизацияның ерекшіліктерінде ашып көрсету.




Әдістемелік ұсыныстар


Қаланы социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның негізгі ерекшіліктері. Мысалы, архитектура қаланың үйлерін, мекелелерін, зәүлім сарайларын және т.б. инфрақұрылымын үйлестірін салуға тырысады. Ал социология болса қаланың қандай мәселелерімен айналыспақ. Бұған жауапты сол ең бірінші тақырыптан әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік, социологиялық деген ұғымдар және социологиялық теориялар тұрғысынан аламыз. Қаладағы заттық, технологиялық, экономикалық қатынастарға осы социологиялық тұрғыдан қарастыру қажет.

Адамзаттың тарихи даму кезеңдеріне сай қалалар болды, міне оларға әлеуметтік талдау жасау, сол арқылы қазіргі қалалардың ішкі және сыртқы мәнін ашу. Қазақстан жеріндегі қалаларды топтастырын, кезеңдерге сай талдау. Қазіргі Қазақстан қалалары, оның әлеуметтік бет пішіні, ішкі рухани дүниесі, мәселелері. Қазақстан қалаларының ұлттық сипаты, дәстүрі. Батыс және Шығыс дамыған елдердің қалаларыменен салыстару. Қалаларды типтау. Қалалық болу деген не? Ол үшін не қажет, және қандай көрсеткіштер арқылы біз оны анықтай аламыз.

Урбанизация процесі. Урбанизацияның әлемдін жалпы сипаты мен Қазақстандағы көрінісі, мәселелері, оларды шешү жолдары. Қазақтардың урбанизация процесіне араласуы: жетістіктері, мәселлері, ұғылыстары, шығу жолдары. Қазақстан қалаларына ұлттық бейне, мән, калорит беру мәселесі. Ауылдан қалаға келген жастар, соның ішінде студент жастардың қаланы игерүі, қалалық болуы. Қалалық болу міндетті түрде ауылдық қасиеттерден айырылу ма? Ауылдың қандай қасиеті қалалықтарға тиімді? Қалалық өмірді бұрынғы ауылдық көзқараспен қарастыру дұрыс па?

Қазіргі ХХІ ғасырдың үздік тәжірибесіне, талабына сай қалалардың әлеуметтік портрет қандай? Ескі қалалар мен жаңа қалалар: қауышуы, қайшылықтары, болашақтары. Мегаполистер, орта қалалар, кішігірім қалалар. Қала мен ауыл арақатынасы: мәселелері, болашағы. Алматы, Астана қалаларына социологиялық тұрғыдан көзқарас Эссе жазу. «менің қалалық болуым», «Қала мен ауыл. Социологиялық сүреттеме». «Қала жастары мен ауыл жастары».









9 тақырып

Отбасы социологиясы

Сабақтың мақсаты – отбасын социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның тарихи даму кезеңдерін, типтерін, атқаратын функцияларын, қазіргі кезеңге сай түрін және Қазақстандағы отбасының мәселеріне көңіл аудару.


Әдістемелік ұсыныстар


Қоғамның дамығанының көрінісінің бірі ол оның ноғұрлым инстиционалды болуы. Отбасы қоғамның жалпы өзгерістер заңдылығыменен өзгеріп отырады, сонымен қатар оның қоғамның өзгеруіне де әсері зор. Заманның талабы алғашқының бірі болып осы отбасынанн институт. Отбасының мәселелерін қарастырғанда оның тарихи даму кезеңдерін және дамудың негізінде жатқан факторлерге көңіл аудару қажет. Дамыған қоғамдарда негізгі төменгі тұтынымдар яғни материалды отбасының негізін құратын және де бұзатын келесі рухани, психологиялық, мәдени тұтынымдар болады. Сондықтан жаһандану процесі жағдайында осы жалпы отбасылардың қазіргі отбасын құрұға дайындалып жүрген жастар арқылы көрінісін табады. Кеңес заманында отбасы мемлекеттік мәселелер деп шешілген мәселелерменен бәсекелік жасай алмады, отбасындағы шаруашылық қоғамдық еңбек тұрғысынан бағаланбады. Мысалы, үй шаруашылық алып жүргізген көп балалы аналарға ешқандай еңбек стажы жазылған емес өйткені олардың еңбегінің еш құны жоқ деп саналатын.

Кеңейтілген, үлкен отбасы заманның талабына сай айзайып келе жатқан отбасы. Бұл жалпы тенденцияның көрінісі. Бірақта одан мұндай отбасы тек қана кемшіліктерден тұратып отбасы деген ұғым тумауы керек. Мәселе адамзат қоғамының мұндай отбасының тіршілік етүіне материалдық жағдай, мүмкіншілігі мол, психологиялық, рухани ынтымақтастығы күшті болуы қажет. Бір отбасының өзін үш-төрт буынның бірге өмір сүргендігі сонша жылдық тарихи салт-дәстүрдің, жадтың, біртұтастығын қалыптастырады. Кеңейттілген, үлкен отбасылар ХХІ ғасырда онан соң да мүлдем құрып, жоқ болып кетпейді. Сондықтан, нуклеарлық және үлкен отбасын салыстырмалы тұрғыдан қарастырып олардың ұғымуы және кемшіліктерін ашу қажет. Нақты деректер арқылы. Отбасындағы билік иесі, қазақ отбасындағы осыған байланысты қандай өзгерістер жүріп жатыр. Кемшіліктері, ұғымды жерлері. Отбасының өзіне тиісті функцияларын орындауы. Некеге тұру, ажырасу. Отбасу болуға дайындау процесінің жағдайы. Отбасындағы балалар саны, мәселелер.





10 Тақырып.

Этносоциология

Сабақтың мақсаты-түрлі этникалық ортада және әлеуметтік топтарадағы әлеуметтік процестерді қарау, этникалық мәдениеттің, дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этникалық қарым-қатынастарды, соған байланысты дау жан-жалдарды көрсету.


Әдістемелік ұсыныстар


Этносаралық қатынастардың ХХІ ғасырдағы сипаттары. Әлемдік тәжірибе. Қазіргі кездегі этносаралық қатынастардың шлелеуінің себептері талдау жасау: келшіліктері мен жетістіктері. ССРД-ның күйреунің себептері, соның ішінде этносаралық саясат. Егеменді мемлекеттер кезіндегі этносаралық симеленістің себептері, олардың шешу жолуары. Грузия, Оңтүстік Осетия, Абхазия; Қарғызстан 2010 жылындағы Ош, Желалабау оқиғалары, Қазақстандағы Шелектегі қазақ пен шешен мәселелері. Осы шилесеністерді тек кездейсоқ жай оқиға ретінде қабылдамауға қандай себептер бар. Қазақ пен орыс мәселесі. Орыс мектептерін бітіріп, орыс тәрбиесін алған қазақтармен қазақ мектептерін бітіріп, қазақша тәрбие алғандар арасындағы шиеленісті біз этносаралық деп айта аламыз ба?





11 тапсырма

Жастар социологиясы

Сабақтың мақсаты – жастарды жасына қарай бөйнетітон ретінде сипаттаману; өмір жолының кезеңі ретінде; жастар туралы негізгі концепцияларумен танысу; жастардың субмәдениетінің ерекшелігін көрсету; қазіргі жастардың қундылық бағыттарына талдау жасау; соның ішінде қазақ жолғарының.



Әдістемелік ұсыныстар


Жастарды әлеуметтік топ ретінде қараудың негіздері. Жастардың әлеуметтік көрсеткіштері, өлардің тарихи қалыптасуы. Қазіргі заманның талабының жастарға тигізген әсері, талабы. Буындар арақатынасы. Капиталистік қатынас және жастар: техникалык, экономикалық, саяси, рухани көріністері. Жастардың әлеуметтену процесі Қазақ жастарының ерекшеліктері: мәдени, экономикалық, саяси, рухани, діни, діли, әлеуметтік. Қазақ отбасының жастарды әлеуметтіндіру мәселелері. Ауыл жастары және қала жастары мәселелері. Ауыл жастарының қалалық болу процесі. Жастардың мамандықты игеру мәселелерінің әлеуметтік қырлары. Студент жастардың саналы білім алу, жұмысқа орыналасу мәселелерінің әлеуметтік қыры. Жастар және мәдениет. Жастардың субмәдениеті, оның атқаратын ролдері, проблемалары. Жастар және саясат. Саясатқа деген жастардың көзқарасы. Адам құқы мен жастар. Жастардың құқының нақты іс жүзінде қорғалуы. Жастар және наркотиктер. Жастар және қылмыс. Жастар және жезөкшелік. Жастар және әдебиет. әдебиеттегі жастар тақырыбы. Жастар отбасы мәселелері. Жастар және қоғам. Жастар және бизнес. Жастар және ғылым. Жастар және әлеуметтік стратификация. Жастар жэне өнер. Жастар және спорт. Жастар және тарих, философия, социология ғылымдары. Жастардың саналарындағы өзгерістердің бағыпы. Жастар және мәңгүрттік, оның көрітістері. Жастардың ұлтжанды, патриот болу мәселесі.



12 тақырып

Білім және ғылым социологиясы

Сабақтың мақсаты – білім мен ғылымды социологиялық тұрғыдан қарастырып олардың мәні мен мазмұнын, құрылымын, функцияларын көрсету, қазіргі дәүірдегі алатын орнын, атқаратын функцияларын ашу. Қазақстандағы білім мен ғылымның әлеуметтік мәсерін айқындау.




Әдістемелік ұсыныстар


Қазіргі ХХІ ғасырдын негізгі көрсеткіштері. Өндіріс қоғамның негізі емес, негізі білім, ғылым. Ғылымның мүлдем жаңа сапалы даму сатысы нанотехнологиялар өмірге келді, бұл тек алғашқы кезеңі қана. Білім беру тек қана информациялық. Ақпараттың фунцияменен шектелмейді, оның негізі білім алушының ойлау, творчестволық қабілетін дамыту. Осыған байланысты білім, ғылым, өндіріс саласы біртұтас технологиялық циклді құрайды. Ғылымдардың салаларында күрделі өзгерістер жүрүде. Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік-мәдени компоненттің ролі өсүде. Ұлттық сана, мәдениет өсүіне байланысты гуманитарлық ғылымдарда жалпы адамзаттық пен ұлттық мүдделер, қағидалардың қауынсу мәселелері алдыңғы қатарға көтерілүде.