ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1951
Скачиваний: 5
5 Тақырып. Қоғамның құрылымы.
Лекцияның жоспары:
-
Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
-
Әлеуметтік құрылым концепциялары.
-
Әлеуметтік мәртебе.
-
Әлеуметтік рөльдер.
-
Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәртебе мен рөльдердің өзекті мәселелері.
Семинар жоспары.
-
Қоғамның әлеуметтік құрылымы, оны білудің қажеттілігі.
-
Әлеуметтік құрылым туралы концепциялар.
-
Әлеуметтік мәртебе, оның маңыздылығы, нақты өмірдегі болмысы, өзгеруі.
-
Әлеуметтік рольдер. Қазіргі дәүрдің әлеуметтік рөльдерге қоятын талабы.
6 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтенуі.
Лекцияның жоспары:
-
Адам, индивид, тұлға ұғымдары.
-
Тұлға концепциялары.
-
Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясы.
-
Тұлғаның әлеуметтену процесі. Әлеуметтенудің агенттері.
Семинар жоспары:
-
Тұлға ұғымы, оның негізгі көрсеткіштері.
-
Тұлға туралы концепцияларды талдау.
-
Тұлғаның әлеуметтенуі. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация, ресоциализация прцестері.
-
Қазақстан қоғамындағы қазіргі кездегі әлеуметтенудің өзекті мәселелері.
7 Тақырып. Әлеуметтік стратификация.
Лекцияның жоспары:
-
Әлеуметтік стратификация: ұғымы, теориялар.
-
Әлеуметтік стратификация жүйесі.
-
Мобилділік, түрлері, каналдары.
-
Жоғарғы, орта, төмендегі таптардың әлеуметтік көрсеткіштері.
-
Қазақстандағы стратификациялық процестердің жағдайы.
-
Қазақстандағы страталардың әлеуметтік сипаттары:
-
Жоғарғы тап.
-
Орта тап.
-
Төменгі тап.
Семинар жоспары:
-
Әлеуметтік стратификация дегеніміз не? Оның негізгі көрсеткіштері, тарихи түрлері.
-
Әлеуметтік стратификация теориялары.
-
Маркстік концепция және социализм: тарихи сабақ.
-
Мобилділік, түрлері, каналдары. Қазақстандағы мобилділік мәселелері.
-
Жоғарғы таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы жоғарғы таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері.
-
Орта таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы орта таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері.
-
Төменгі таптың көрсеткіштері. Қазақстандағы төменгі таптың әлеуметтік сипаттары, мәселелері.
-
Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мәселелері, шешу жолдары (өзімдік тұрғыдан қарастыру).
8 Тақырып. Қала социологиясы.
Лекцияның жоспары:
-
Қаланы социологиялық тұрғыдан қарастыру.
-
Урбанизация процесі және қала мен ауыл арақатынастары.
-
Қазақстан қалалары, урбанизация процесінің жүру мәселелері.
-
Қазақ халқының қалалық болу, урбанизация процесіне араласу мәселелері.
Семинар жоспары:
-
Қаланың ерекшеліктері, тарихи типтері.
-
Урбанизация процесі және қазіргі қалалардың көрсеткіштері, әлеуметтік мәселелері.
-
Қазақстан қалаларының әлеуметтік сипаттары.
-
Қазақтардың қалалық болу, урбанизация процесіне араласу жағдайында туындаған әлеуметтік мәселелері мен оларды шешу жолдары.
Модуль 3
Салалық социология.
9 Тақырып. Отбасы және неке.
Лекцияның жоспары:
-
Отбасы, оның өмір циклі.
-
Отбасының типтері.
-
Қазіргі отбасының әлеуметтік мәселелері.
-
Отбасы және әлеуметтік тап.
Семинар жоспары:
-
Отбасы ұғымы, оның тарихи түрлері.
-
Отбасының өмір циклі. Қазақтардың отбасыларының өмір циклі мәселелері.
-
Қазіргі отбасы мәселелері.
-
Қазақ отбасыларының қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері.
-
Жастар отбасының өзекті әлеуметтік мәселелері.
10 Тақырып. Этникалық социология.
Лекцияның жоспары:
-
Этникалық социологияның пәні, маңыздылығы.
-
Этнос, ұлт, диаспора.
-
Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері, оларды шешу жолдары.
-
Қазақстандағы этносаралық мәселелер. Қазақстан халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік қызметі.
Семинар жоспары:
-
Этнос, ұлт, ұлыстар, халық ұғымдары.
-
Этносоциологияның қазіргі кездегі маңыздылығы, атқаратын функциялары.
-
Қазіргі кезеңдегі этносаралық қатынастардың өзекті мәселері.
-
Қазақстандағы этносаралық қатынастардың жағдайы.
-
Ош, Желалабад,Мәскеу оқиғаларын /2010/ социологиялық талдау.
11 Тақырып. Жастар социологиясы.
Лекцияның жоспары:
-
Жастар ұғымы. Жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі көрсеткіштері.
-
Жастар мәселелерін социология тұрғысынан қарастыру.
-
Қазақстандағы жастар мәселерінің әлеуметтік мәселелері.
-
Қазақ жастарының әлеуметтік мәселелер.
Семинар жоспары:
-
Жастар әлеуметтік топ: көрсеткіштері, анықтамасы.
-
Жастардың әлеуметтік мәселелері.
-
Қазіргі замандағы жастар: көрсеткіштері, ерекшеліктері, мәселелері.
-
Қазақстандағы жастардың әлеуметтік мәселелері.
-
Жастар мәдениетін социология тұрғысынан талдау.
-
Қазақ жастарының әлеуметтік мәселелері.
12.Білім және Ғылым социологиясы.
Лекцияның жоспары:
-
Ғылым мен Білімнің тарихи даму кезеңдері.
-
Қазіргі замандағы Ғылым мен Білім арақатынасы мәселелері.
-
Қазақстандағы Ғылым мен Білімнің әлеуметтік мәселелері.
-
Қазақтардың Ғылым мен Білімді игерудегі әлеуметтік мәселелері.
Семинар жоспары:
-
Ғылым мен Білімге тарихи шолу.
-
Қазіргі Ғылым мен Білім саласындағы әлеуметтік мәселелер, оларды шешу жолдары.
-
Қазақстандағы Ғылым мен Білімнің әлеуметтік мәселелері.
-
Қазақтардың Ғылым мен Білім саласын игерудегі әлеуметтік мәселелер.
Әдебиеттер тізімі:
1.Айтимбет И.А.,Мухтарова А.К. Проблемы формирования правосознания у школьников в период перехода от тоталитаризма к правовому государству. Результаты социологического исследования 2000 года. Алматы, 2001.
2.Айтимбет И.А.,Айтимбет Л.И., Ешпанова Д.Д.,Жунусова Ж.А. Динамика общественного мнения о сотрудничестве Казахстана и США за годы независимости. Алматы,2008.
3.Әлеуметтану негіздері I, II кітаптар. Алматы.Қазақ университеті.2005ж.
4.Қарабаев Ш.Социология негіздері.Алматы,2007ж.
5.Икенов А.Жүсіпова А.Әлеуметтану негіздері Алматы, 2004ж.
6.Тұрғынбаев Ә. «Социология» Алматы,2004ж.
7.Ю.Г. Волков «Социология» М.,2008ж.
8.В.И. Добреноков. Кравченко А.И. Фундаметальная социология. В 15-ти томах. М.2004-2008гг.
9.М.Вебер «Избранные произведения» М., 1990
10.Социологический энциклопедический словарь. М.,2000 г.
11.Белл Д. «Грядущее постиндустриальное общество»М.,1999 г.
12.Средние классы в России: экологические и социальные стратегии.М.,2003
13.Лурье С.В. Историческая этнология. М.,2001 г.
14.Зубков Ю.А. «Проблема риска в социологии молодежи» М.,2003 г.
15.Абай шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, 2005 ж.
16.Ж. Баласағұн «Құтты білік» Алматы, 1986 ж.
17. «Қазақтың салт-дәстүрлері»Алматы,2004 ж.
18.М.Қашқари «түрік сөздігі» I,II,III. Алматы,1998 ж.
19.Дэвид Джери, Джуля Джери. «Большой толковый социологический словарь» М.,1999 г.
I, II-аралық бақылау сұрақтары
1.Социология дегеніміз қандай ғылым.
Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім
2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.
3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.
Статистикалық- статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, операционалды- көмекші, құралдық функцияларды атқарады,
Аналитикалық- мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді
4.Социологияның өмірге келуінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани алғышарттары.
еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған
Социологияның қалыптасуының тарихи алғышарты буржуазиялық, капиталистік қатынтастардың, жүйенің өмірге келүі. «Нарықтық қатынас», «буржуазия табы», «азаматтық қоғам» ұғымдары, осы кезеңге байлынысты туындады
5.Социологияның атқаратын функциялары.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
6.Социологияның басқа ғылымдармен арақатынасы.
ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.
7.О.Конттың социологиялық көзқарасы.
8.Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы.
9.К.Маркстің социологиялық көзқарасы.
1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.
11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары.
12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.
13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.
14.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы.
15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну.
16.Абайдың социологиялық көзқарасы.
17.М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары.
18.Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары.
19.Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары.
20.М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы.
21.Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары.
22.Тұлғаны социологиялық тұрғыдан қарастыру.
23.Дәстүрлі қоғамның сипаттары.
24.Өзіндік және әлеуметтік идентификация.
25.Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
26.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері.
27.Әлеуметтену процесі.
28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері.
29.Социологиялық зерттеудің түрлері.
30.Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері.
31.Сұхбатнама.
32.Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері.
33.Бақылау және оның түрлері.
34.Эксперимент.
35.Іріктеу.
36.Әлеуметтік
құрылым ұғымы.
37.Әлеуметтік құрылым
концепциялары.
38.Әлеуметтік роль.
39.әлеуметтік мәртебе.
40.Әлеуметтік топтар.
41.Әлдеуметтік институттардың сипаты.
42.Әлеуметтік институттардың типологиясы.
43.Әлеуметтік стратификация.
44.Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары.
45.Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.
46.Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары.
47.Әлеуметтік мобилділіктің түрлері.
48.Әлеуметтік мобилділіктің каналдары.
49.Отбасының тарихи эволюциясы.
50.Отбасының өмір циклі.
51.Қазіргі қазақ отбасының әлеуметтік мәселелері.
52.Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер.
53.Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.
54.Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.
55.Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.
56.Қазақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.
57.Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері.
58.Этникалық социология.
59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.
62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.
63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.
64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.
65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.
66.Қазақтардың мобилділігінің каналдары.
67.Білім социологиясы.
68.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.
69.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары.
70.Жастар социологиясы.
71. Жастар мәдениеті.
72. Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері.
73. Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.
74. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.
75. Этнос, ұлт, диаспора.
76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.
77.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау.
78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.
ГЛОССАРИЙ*
АГЛОМЕРАЦИЯ ― бірнеше шағын қалалардың бір қалаға айналуы.
АГРАРЛЫҚ ― жер шаруашылығы, жерге иелік, жерді пайдалану.
АДАМДЫҚ КАПИТАЛ ― адамның белгілі бір қызмеьттерді атқарып, сонан тапқан жалақысы арқылы тіршілік етуіне мүмкіндік беретін білімдердің, сапалардың, бейімділіктердің, машықтықтың бірлігі.
АДРЕСАТ ― «реципиент» мақаласын қараңыз.
АЙҚЫН ФУНКЦИЯ ― ресми жарияланған, барлық адамдар қабылдаған және өзінен өзі түсінікті көрінетін нақытыл институттың мақсаты мен міндеттері.
АЙНАЛЫҚ МЕН ― басқа адамдардың өзіне деген қатынастары арқылы айқындалатын адамның өзі туралы Мен деген түсінігі.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ― негізгі өндіргіш күш білім мен ақпарат болатын постиндустриалдық қоғам.
АЛҒАШҚЫ (БІРІНШІЛІК) ТОП ― жеке пенденің әлеуметтену, азаматтану (тұлғалану) процесі жүзеге асатын бейресми, көңіл жақындығы, ыстық ықыластық қарым-қатынастықта болатын адамдар тобы.
АНОМИЯ ― қоғамның күйзеліске ұшыраған кездеріндегі оның жарияланған құндылықтары мен оған қолжеткізу мүмкіндігінің арасында қайшылықтар мен айтарлықтай алшақтықтар туындағанда пайда болатын қоғамдық және жеке адамның санасы мен әлеуметтік психологияның күйзелістері.
АНТАГОНИЗМ ― бірін-бірімен мүлдем үйлесе алмайтын қайшылықтар.
АРТЕФАКТ ― табиғи органикалық құбылыстарға тән емес, адамның қолынан жасалған нәрселер.
АССИМИЛЯЦИЯ ― бір немесе бірнеше ұлттардың өздерінің мәдениетін, тілін т. б. құндылықтарын өзге бір ұлттың құрамына толық еніп кетуі нәтижесінде жоюуы.
АШЫҚ ҚОҒАМ ― адамдардың бір әлеуметтік топтарынан екіншілеріне өту ресми түрде ешбір тыйым салынбаған қоғам. Динамикалық әлеуметтік құрылымды қоғам. Толықтай демократиялық қоғами.
*С.И.Оспановтың еңбектерінен алынды. Өзгертулер енгізілді, түзетілді, толықтырылды.
ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ― БҰҰ сияқты қалықаралық ұжымдар мен ұлттараралық (транснационалдық) байланыстар (коммуникация) арқылы Жер шары халықтарының бірігуі.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ (СОЦИАЛИЗАЦИЯ) ― әртүрлі жастар мен әлеуметтік рөльдерге сәйкес келетін мәдени нормалар мен әлеуметтік рөльдерді туылғаннан қарілікке дейін кезекпен қабылдау процесі.
ӘЛЕУМЕТТІК АЛШАҚТЫҚ (ДИСТАНЦИЯ) ― әртүрлі әлеуметтік топтардың араларының жақындығын немесе қашықтығын көрсететін мөлшер.
ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУ ― әлеуметтік нормалар, рұқсат ету немесе тыйым салу санкциялары, билік арқылы қоғамдық қатынастарды тиісті деңгейде орындалып отыруын қадағалайтын механизм.
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕЗИНТЕГРАЦИЯ ― қоғамдық тұтастықтың бөліктерге бөліну процесі және жағдайы.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ ― қоғамның басты элементтерінің, әлеуметтік институттардың өзара қатынастарының тұрақты қалыптасқан бірлігі.