ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.08.2020

Просмотров: 1808

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-тапсырма. Мәтін негізінде сұхбат құрастырыңыздар.

6-тапсырма. Сөйлемді күрделендіріңіздер.

1.Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтары болады. 2. Ірі фирмалардың басқару жүйесі бар. 3. Директорлар кеңесі – бас орган.

7-тапсырма. Мына сөздерді синонимдерін табыңыздар.

Менеджмент, басқару, маркетинг, рынокты зерттеу, акция.

8-тапсырма. Мақалдарды оқыңыздар да, олардың мағынасын экономикалық терминдер арқылы беруге тырысыңыздар.

1.Кіріс шығыссыз болмайды. Шығысы шықпай, кірісі кірмейді. 2. Ақшаны ақша жасайды. 3. Қымбат сатып байымас, арзан сатып арымас. 4. Саудада әділ бол, әділ байлық бағың - ол.

9-тапсырма. «Мен таңдаған мамандық», «Қазақстандағы экономикалық жағдайлар» деген тақырыптар төңірегінде пікірталас өткізіңіздер.

Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[139, 140]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік менеджмент қандай жүйе болып табылады?

2. Қаржы менеджменті деген не?

3. Нарықтық менеджментке анықтама беріңіздер.

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Маркетинг: мәні, қызметтері, принциптері

Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселелерінің шиеленісуіне жауап ретінде туып, тек тауарлар мен қызметтерді өткізу сферасын қамтыған (сауданы, жарнаманы, несиені т.б.). Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатпаған. XX ғ. 40—50-ші жылдары маркетинг нарықтық басқару теориясымен ұштасып, менеджменттің құрамды бөлігіне айналды.

XX ғ. 60-70 жж. маркетингке тұтынушылармен ұзақ мерзімдік экономикалық байланыстарды реттеп отыру қызметі жүктеліп, оның әрекеттерінің деңгейі тағы өсе түскен. Егер өнеркәсіптік өндіріс қалыптасып келе жатқан заманда нарықтар жаппай сұранысты қанағаттандыру үшін құрылса, тапшылық болса, сатып алушы сатушылардан тәуелді болса, ал бүгін соңғылардың рөлі алмасты: осы немесе басқа тауарды сатып алуға сатып алушының шешімін кәсіпкер қажетті түрде білгісі келеді. Осы мақсатпен маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болды, яғни олар нарықты сатып алушылардың айқын топтарына бөледі.

Соңынан сатып алушыларды несиелендіру, сатылғаннан кейін қызмет көрсету, ескірген өнімді оның жаңа үлгісімен айырбастау және басқа да көп қызметтер көрсету маркетингтің маңызды жүйелеріне айналды.

Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі: фирманың көзқарасы бағытынан (микромаркетинг) және қоғам көзқарасы (макромаркетинг) бағытынан.

Маркетинг саласындағы жетекші маман Ф.Котлер оны айырбас арқылы қажеттіктерді қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс-әрекеттерінің түрі деп анықтайды.

Фирма тарапынан маркетинг - тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы болып табылады. Бұл қызметтер нарықтың болмысын, нарықтық тармақтардың және сатып алушылардың нақты қажеттерін талдап зерттеу негізінде жүргізіледі. Мақсат: қажеттерді қанағаттандыру фирманың барынша жоғары пайда алуын қамтамасыз ету.


Маркетингтік басқару процесі үшін керек болмыстар:

  • нарықтық мүмкіндіктерді талдау;

  • мақсатты нарықтарды белгілеу;

  • маркетинг кешенінің жасалынуы;

  • маркетингтік шараларды жүзеге асыру.

2-тапсырма. Сөйлемдерді күрделендіріңіздер.

1.Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселерінің шиеленісуіне жауап ретінде туған. 2. Өндіріс маркетингтің қызметіне жатпаған. 3. Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болған. 4. Маркетингтің мәнін белгілеу түсінбеушілік тудырады. 5. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі.

3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

1.Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналысатын болды. 2. Маркетингтің көп салалыға оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. 3. Фирма тарапынан маркетинг тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы. 4. Мақсат қажеттерді қанағаттандыру фирманың барынша жоғары пайда алуын қамтамасыз ету.

4-тапсырма. Кестедегі сөйлемдерді оқып шығып, келісетініңізді немесе келіспейтінізді білдіріңіздер.

Сөйлемдер

Иә

Жоқ

  1. Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселерінің шиеленісуіне жауап ретінде тумаған.

  2. Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатқан.

  3. Маркетингке тұтынушылармен ұзақ мерзімдік экономикалық байланыстарды реттеп отыру қызметі жүктелмеген.

  4. Маркетологтар нарықты сегменттеумен айналыспаған.



5-тапсырма. Нүктелердің орнына төмендегі тордағы қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің бірін қойыңыздар.

  1. Өндіріс сферасы маркетингтің (........) жатпаған. 2. Осы мақсатпен маркетологтар (......) сегменттеу мен айналысатын болды. 3. Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу (.........) аз емес түсінбеушілік тудырады. 4. Фирма тарапынан маркетинг тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін (.........) қызметтердің кешенді бағдарламасы. 5. Маркетингпен айналысу (.........) жүргізіледі.

Екі бағытта, туралы, нарықты, қамтитын қызметіне


6-тапсырма. Төменде берілген маркетинг қызметтеріне байланысты 5-6 сөйлем құрастырыңыздар да оларды жағдаяттық сұхбат құруға арқау етіңіздер.

Сатып алушыларды несиелендіру, сатылғаннан кейін қызмет көрсету, ескірген өнімді оның жаңа үлгісімен айырбастау.

7-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, 5 сөйлем құрастырыңыздар.

Тауарларды өткізу, маркетинг қызметі, нарық, тұтынушы, нарықты сегменттеу, сатып алушы, фирманың көзқарасы, қамтамасыз ету.

8-тапсырма. Мына сөйлемдерді түрлендіріңіздер.

Маркетингтің көпсалалығы оның мәнін белгілеу туралы аз емес түсінбеушілік тудырды. Маркетингпен айналысу екі бағытта жүргізіледі: фирманың көзқарасы бағытынан (микромаркетинг) және қоғам көзқарасы (макромаркетинг) бағытынан. Фирма тарапынан маркетинг - тауарлардың жасалуын, өндірісін және өткізілуін қамтитын қызметтердің кешенді бағдарламасы болып табылады.


9-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

  1. маркетинг

  2. тауарларды

  3. сұранысты

  4. нарықты

  5. сатып

  6. экономикалық

  7. фирманың

  8. адамдардың


  1. алушы

  2. байланыс

  3. іс-әрекеттері

  4. көзқарасы

  5. өткізу

  6. сегменттеу

  7. теориясы

  8. қанағаттандыру

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[140,141] 16 нег.[179, 180] 7 нег.[181, 190].

Бақылау сұрақтары:

  1. Маркетинг теориясы нені қамтыған?

  2. Өндіріс сферасы маркетингтің қызметіне жатады ма?

  3. Маркетологтар немен айналысқан?

  4. Маркетингпен айналысу қанша бағытта жүргізілген?

  5. Маркетингтің басқару үшін қандай болмыстар қажет?

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлау

Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлаудың екі дәрежесі болады: фирманы жоспарлау стратегиясы және маркетингті жоспарлау.

Біріншіден, фирманың мақсаттары және осы мақсаттардың маркетинг сферасында жүзеге асырылуының мүмкін болуы арасында стратегиялық сәйкестік бар болуын қолдау керек деп тұжырылымдалады.

Екіншіден, жеке өндірістің әрқайсысы туралы, тауар мен фирманың тауарлық маркасы туралы жоспар жасау болады.

Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланысты: шағын фирмада бір адам қызмет етеді, ірі фирмада — маркетинг бөлімі болады. Жұмыскерлердің қызметтері маркетинг қызметтерінің мазмұнына сәйкес келеді: тауарлық топқа жауаптылар (мәселен А тауарлары үшін, Б тауарлары үшін т.т.), нарықтың сегменті үшін жауаптылар және т.б.

Бақылау белгіленген нәтижелердің ақиқаттығын білу үшін жүргізіледі. Бақылау процесінде төрт сұраққа жауап алу қажет:

Біз нендей жағдайға жетуіміз керек?

Нендей жағдайлар болып отыр?

Неге осылай болып тұр?

Жағдайды түзету үшін не істеу керек?

Осы мақсаттарға жету үшін бенгмаркинг деп аталатын маркетингтік зерттеушілердің қызметі пайдаланылады. Оның мазмұны — басқа фирмалар осы фирмадан жақсы, жетілдіре жасайтындарды ашып білу өнері және олардың әдістерін, стилін осы фирманың жұмысында қолдану. Бенгмаркингтің девизі: «жақсыдан одан жақсыға». Сонымен қатар мынандай сұрактар қолданылады:

Кім, қандай фирма бәсекенің шыңында тұр?

Біздің кәсіпорнымыз неге ең жақсы емес?

Кәсіпорнымыз ең жақсы болу үшін нені өзгерту керек немесе нені сақтап қалу керек?

Жақсының жақсысы болу үшін үйлесімді стратегияны қалай жасау керек? Жапондық, американдық, батысеуропалық және скандинавиялық фирмалардың практикасында бенгмаркинг кең ұтымды қолданылады, қайтпасқа кетті деген кәсіпорындарының өмірін жалғастырады.

Біздің елде көп жылдар бойы маркетинг мәселелері өзекті болмай, зерттеу жүргізілмеді. Нарықтық қатынастар қалыптасу кезеңінде фирмалардың маркетингті пайдалануының маңызы өте жоғарылап отыр.


2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлау, дәреже, фирманы жоспарлау стратегиясы, маркетингті жоспарлау, маркетингті ұйымдастыру, фирманың мақсаттары, фирманың масштабы, мақсаттарды жүзеге асырылуы, стратегиялық сәйкестік, қолдау, тұжырылымдау, жеке өндіріс, тауар мен фирманың тауарлық маркасы

3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, 5-6тырыңздар да, оларды жағдаяттық сұхбат құруға арқау етіңіздер.

Шағын фирма, ірі фирма, маркетинг бөлімі, маркетинг қызметтерінің мазмұны, тауарлық топқа жауаптылар, нарықтың сегменті үшін жауаптылар.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Маркетинг жоспарлаудың қанша дәрежесі болады? 2. Тауар мен фирманың тауарлық маркасы туралы жоспар жасау қажет пе? 3. Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланысты ма? 4. Бенгмаркингтік дегеніміз қандай?

5-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібімен орналастырыңыздар.

1.Жоспарлаудың, ішіндегі, маркетингтік, фирма, болады, екі дәрежесі. 2. Ұйымдастыру, фирманың, байланысты, маркетингті масштабымен. 3. Процесінде, сұраққа, бақылау, қажет, жауап алу, төрт. 4. Бенгмаркингтің одан жақсыға депті жақсыдан. 5. Көп жылдар, маркетинг, біздің өзекті, жүргізілмеді, зерттеу, бойы, болмай, елде.

5-тапсырма. Мына сөздерден сөзтіркестерін құрастырыңыздар.

Фирма, маркетинг, тауар, зерттеуші, қолдану, практика, нарық, мәселе.

6-тапсырма. Маркетинг жайында досыңызбен пікірлесіңіз.

7-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңыздар.

1.Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 2. Өсекке кірмесе, есепке кірмес.

Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[142-143].

Бақылау сұрақтары:

  1. Маркетинг жоспарлаудың қанша дэрежесі болады?

  2. Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланыстыма?

  3. Бенгмаркетинг девизі қандай?

  4. Біздің елде маркетинг мәселесі өзекті болды ма, зерттелді ме?

13-апта. 38-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.

Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

Іс-әрекеттердің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорнын тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.


Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жұмсайтын басқа өндірістік және өндірістік емес шығындарға қажеттігін көрсетеді.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметтерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация қоры жоне т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік қарыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Жарғы капиталы — бүл фирманың негізгі және айналмалы қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының қайнар көзі мыналар: акционерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражаттары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалы көлемін бейнелейді.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие — бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмектеседі. Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық және банк несиесін қолданады. Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікті шығындарды өтеуге қолданылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

  • коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;

  • қаржы институттарынан алынатын несие;

  • инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар - бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан қосымша қаражаттар табады. Облигация - бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсіпорынға өткізгенін куәландырады. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына құқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы болып табылады.

Акционерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару арқылы өздеріне тартады. Акция — құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін дәлелдейді және иесіне дивиденд алу құқын береді және оның иесі сол компанияның басқару ісіне қатысуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акционерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акционерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға құқық береді.