Файл: Магистрлік диссертация цифрлы білімдік ортада болаша педагогпсихологтарды коммуникативтік мдениетін алыптастыру.docx
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 207
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дегенмен, соңғы уақытта коммуникативті мәдениеттің даму деңгейін бағалау критерийлерінде аталған көрсеткіштердің өзгеруі байқалады. Егер бұрын мұғалімнің сыпайылық, мәдениеттілік, әдептілік, педагогикалық икемділік, т.б. қасиеттері қарастырылса, енді коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың көрсеткіштері ретінде мұғалімнің гуманистік қағидаларды ұстануға және қарым-қатынас дағдыларының жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттері ажыратылады.
Көбінесе бүгінгі күні оларға эмпатия, сәйкестендіру, децентрация, рефлексия, толеранттылық, белгісіздікке төзімділік, бірлесе әрекет етуге басымдылық беру және т.б. жатады. Осының барлығы мұғалімнің коммуникативті мәдениетінің қалыптасу үдерісінің «уақыт сынақтарының призмасы» ретінде қарастырылып, дамудың жаңа кезеңіне қарай өтетінін көрсетеді. Бүгінгі таңда басты назар тұлғаның дамуына, оның гуманистік, аксиологиялық, акмеологиялық әлеуетіне, яғни жалпы адамзаттық құндылықтарға ерекше назар аударып, қарым-қатынастың диалогтық формасына дайын болу сияқты мәдениетке басымдық берілуі керек.
Сондай-ақ, соңғы жылдардағы жұмыс тәжірбиесі көрсеткендей коммуникативті мәдениеттің құрылымын сипаттау кезінде мұғалімнің кәсіби қызметінде электрондық байланыс құралдарын қолдануға дайындығын сипаттайтын инфокоммуникациялық компонент барған сайын ерекшеленетінін атап өткен жөн.
Зерттеушілер «коммуникация» және «коммуникативтілік» ұғымдарының өзара ұқсастығы туралы мәселені көтеретін «ақпараттық-коммуникациялық / ақпараттық-коммуникативтік мәдениет» ұғымдарының ара-жігін ажырату үшін зерттеулер жүргізді. Нақтырақ айтқанда, «коммуникация» ұғымы тұлғааралық және топтық қарым - қатынас саласы зерттелгенде, ал «коммуникативтілік» - байланыс арналары мен құралдарымен қатысты процестер қарастырылған кезде қолданылады. Алайда, адамдардың қарым-қатынас барған сайын жанама бола бастайды, цифрлық қолдау көрсететін коммуникативті бірлесе әрекет ету үлесі артып келеді, бұл институционалды және институционалды емес ортада ұғымдардың сөзсіз жақында суына әкеледі. Олар көбінесе бір-бірінің орнына қолданылады, өйткені «бұл анықтамаларды нақты бөліп көрсету қиын» деп жазады Дзялошинский (Пилгун, 2018).
Болашақ педагогтың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру процесіне электрондық білім беру ресурстарының әсері туралы А.Е. Войскуновский, В.Я. Ляудис, И.Н. Розина, С. Мозар, М. Вархауэр сынды зерттеушілер өз еңбектерін арнаған. Е.С. Полат және И.В. Воронина аталған мәселеге арналған зерттеулерге талдау жүргізе келе электронды білім беру ресурстары болашақ педогогтар мен психологтарды дайындау және қайта даярлау процесінде коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда жаппай қолданылып отырмағандығы туралы жазады.
И.В. Воронина «Коммуникативті дағдылардың жоғары деңгейін меңгерген және компьютермен тікелей байланыс арқылы білім беруге дайын» мұғалімдерге деген қажеттіліктің әлі де болса бар екендігін көрсетеді [Воронина, 2018].
Т.Е.Алексеева, Е.С. Полат, Р.К. Потапова, Е.В. Сапонова сынды зерттеушілер болашақ маманның коммуникативті дағдыларды қалыптастыру үшін электрондық білім беру ресурстарын пайдалану негізінен лингвистикалық және ақпараттық мамандықтардың мұғалімдері үшін өте маңызды екендігі туралы бірқатар еңбектер жазған[29].
Кесте 2.
Коммуникативті мәдениет компоненттері
Коммуникативті мәдениет компоненттері | ||
Коммуникативті мәдениет түсінігінің мазмұнын сипаттайтын элементтер туралы түсініктермен, тұлғааралық қарым-қатынас негіздері туралы идеялармен; мазмұнды элементтерінің қатарына кіретін қарым-қатынас субъектілерінің әртүрлі тараптары мен формаларына сәйкес келетін, күрделі жүйе ретінде қарым-қатынас мәдениеті туралы түсініктермен сипатталады. | Коммуникативті мәдениеттің эмоционалды бағлаушы компоненті тұлғаның эмоционалды танымдық сипаттамаларымен байланысты. Бұл компоненттің танылу формалары тұлғаның бағалаушы пайымдамасы, көзжетімі және сезімі болып табылады. | Коммуникативті мәдениеттің тәртіптік компоненті адамның басқа да адамдарға қатысты әрекеттерінде және қылықтарында байқалады. Бұл әрекеттердегі коммуникативті мәдениеттің қалыптасу деңгейі тұлғаның өнегелілігімен, ақпейілділігімен, не нәрсеге немқұрайлы қарамауымен, дұрыс көзқарасымен байқалады. |
Электрондық білім беру ресурстары оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, монологиялық және диалогтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолдануда аса тиімді болып табылады.
Дегенмен, оқытылатын пәнге қарамастан, барлық педагог заманауи цифрлық білім беру ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативті дағдыларды қалыптастыру қажет. Қазіргі уақытта аталған мәселеге байланысты зерттеу жұмыстары саусақпен санарлық. Солардың ішінде М.Е.Вайндорф-Сысоеваның докторлық диссертациясы цифрлық оқыту жағдайындағы қызметке педагог кадрларды кешенді даярлау мәселелеріне арналған зерттеуі құнды зерттеулер қатарына жатады.
Сонымен аталған мәселе бойынша жазылған зерттеулерді талдай келе, болашақ мұғалімнің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан келесі аталған психодидактикалық шарттарды анықтадық:
- білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің коммуникативті мәдениеттің мәнін болашақ мұғалімнің жалпы кәсіби мәдениетінің маңызды сипаттамасы ретінде түсінуін қамтамасыз ету, оның қалыптасуы жоғары оқу орнынан басталады.
- оқыту курстарын оқу үрдісіне енгізуді ұйымдастыру кезінде психодидактикалық тәсілді енгізу: жалпылау принципі негізінде дидактикалық және психологиялық мазмұнды интеграциялау, оны іске асырудың инновациялық диалогтық әдістерін әзірлеу;
- психодидактикалық білім беру ортасын құру, оның мәні, ең алдымен, интеграцияланған білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларының қамтылуымен анықталады;
- педагогтың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру идеяларын екі айқындаушы мақсатты бағытта енгізу: бір жағынан оны білім алушылармен тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайындау, екінші жағынан педагогты білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға дайындау.
- университеттің психодидактикалық мазмұны жүйесінде болашақ мұғалімнің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру бірнеше деңгейге сәйкес жүреді және студенттердің алғашқы ақпарат алу кезеңінен бастап коммуникативтік мәдениетінің дамуын көздейді, бұл оларға мұғалімдер арасындағы адамгершілік, жағымды педагогикалық қарым-қатынастың маңыздылығын білуге және студенттердің тұлғалық даму процесінде мұғалімдердің кәсіби коммуникативті икемділігі көрінетін коммуникативті мәдениет деңгейін меңгеру үшін оны қалыптастыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
- білім беру үрдісінде белсенді және интерактивті білім беру технологияларын қолдану және т. б.
- болашақ педагогтың оқу-кәсіптік қызметтегі тиімді ұстанымын өзектендіретін жеке білім беру әдістерін енгізу білім беру процесін (тапсырмалардың күрделілік деңгейін, қызметті жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерін таңдау) студенттің кәсіби-тұлғалық даму ерекшеліктеріне бейімдеуді көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Об утверждении Государственной программы развития образования и науки Республики Казахстан на 2020-2025 годы. Әділет. Сайт Министерства юстиции Республики Казахстан. -
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. – 01.11.2018: URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1800017669 (қаралған күн: 25.11.2019). -
Лыкова И.В. Информационно-коммуникационно-технологическая компетенция (ИКТ-компетенция) // Молодой ученый. – 2014. – № 4. – С.1016-1018. -
Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Д.Б. Богоявленская – М.: Издательский центр «Академия», – 2002. – 320 с. -
Андриенко, Е. В. Развитие коммуникативной компетенции учащихся в профильном обучении / Е. В. Андриенко // Педагогическая наука и образование. ― 2010. ― №11. -
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1998. -
Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: учеб. пособие. – М.: Пед. общество России, 2002. – 268 с. -
Маклаков А.Г. Общая психология. СПб., 2001. -
Аухадеева Л.А. Прогностическая модель формирования коммуникативной культуры современного педагога // Преподаватель ХХI век. 2016 г. № 1. 2016. С.41-51. -
Болотова, А. К., Жуков, Ю. М. Психология коммуникаций : моногр. / Нац. исслед. ун-т «Высшая школа экономики». М.: Изд. дом Высшей школы экономики. 2015. 495 с. -
.Нечаев В.В., Нечаева Н.В. Когнитивно–ментальная информационная деятельность человека // Информационные и телекоммуникационные технологии. 2013. № 17. С. 61-74. -
Костикова Н.А. Практические аспекты подготовки будущих педагогов к организации коммуникативной деятельности в электронной образовательной среде // Образовательный вестник «Сознание». 2019. № 7. С. 13– 19.[Электронный ресурс]. – URL:https://cyberleninka.ru/article/n/prakticheskie-aspekty-podgotovki-buduschihpedagogov-k-organizatsii-kommunikativnoy-deyatelnosti-v-elektronnoy-obrazovatelnoy-sred. -
Романова Е.С. Психолого-педагогическое сопровождение процесса профессионализации студентов // Высшее образование в России. 2012. № 8-9. С.61-66. -
Hall E. T. Beyond Culture. – New York: Doubleday, 1996. -
.Trompenaars F. Riding the Waves of Culture: Understanding Culture Diversity in Business. – The Economist Books, 1993. -
Hofstede G. Cultures and Organizations: Software of the Mind. – London: McGraw – Hill, 1991. -
. Дзялошинский И.М., Пильгун М.А. Культура коммуникаций в условиях цифровой и социокультурной глобализации: глобальный и региональный аспекты : монография : [в 3 т.] / М.: Белый ветер. 2018. -
Долгова В. И., Попова Е. В., Слабодских Н. В. Феномен коммуникативной культуры в психолого-педагогической литературе // Научно-методический электронный журнал «Концепт». 2016. Т. 44. С. 232–238. -
Коджаспирова, Г. М., Коджаспиров, А. Ю. Педагогический словарь. — М.: Издательский центр «Академия», 2003. — 176с. -
Гойхман О.Я., Надеина Т.Н. Основы речевой коммуникации. М., 1997. 272 с. -
Аухадеева Л.А. Прогностическая модель формирования коммуникативной культуры современного педагога // Преподаватель ХХI век. 2016 г. № 1. 2016. С.41-51. -
Зимняя И.А. Педагогическая психология. Ростовна-Дону, 1997. С. 420-453. -
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 190 с. -
Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1999. 365 с. [5] Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998. С. 28-86. -
Основы педагогического мастерства / Под ред. А.И. Зязюна. М., 1989. С. 136-167. -
Рындак В.Г.Баженова Ю.А. Методолого-теоретический аспект генерализации феномена коммуникативной культуры в педагогической науке // Известия Волгоградского государственного педагогического университета. 2016. С.4-10. [Электронный ресурс]. - URL: https://cyberleninka.ru/article/n/metodologo-teoreticheskiy-aspektgeneralizatsii-fenomena-kommunikativnoy-kultury-v-pedagogicheskoy-nauke -
Янушевский В.Н. Речевая компетентность в коммуникативной культуре педагога: практико-ориентированная монография // Ульяновск: УИПКПРО. 2007 г. 80 с. -
Зимняя И. А. Компетентностный подход. Каково его место в системе современных подходов к проблемам образования? (теоретико-методологический аспект) / Высшее образование сегодня. 2006. № 8. С. 20-26.