ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 93
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым
Мақсаты: Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Міндеттері:
(4-5) жас
Білімділік: Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Көркемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
(3-4) жас
Білімділік:Квадрат түсі, желім мен щетканы қолдана білу.
Дамытушылық:Жұмысты ұқыпты орындауды үйрету.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері.
Билингвальді компонент: ойыншықтар-игрушки.
Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм.
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | М. Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру: Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды. | Балалар сәлемдеседі. Шаттық шеңберіне тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, бірге қимылдайды. Әркім өз орнына отырады. |
Негізгі бөлім | Өлеңнін мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс- әрекетінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлеріне қандай ойыншықтар барын сұрайды. -Сенің қандай ойыншығың бар? - Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? -Қандай?( Үлкен, кішкентай ). –Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай,ұқыпты ойнау керек. Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық». –Қане,сиқырлы сандықта не бар екен? - Ботақан,мысық,құлыншақ бар екен. –Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Үлестірмелер арқылы «Тез көрсет!» ойынын ойнату. Сергіту сәті Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздiжазайық. Топ бөлмесінде қандай ойыншықтар бар? Ал сендердің ең сүйікті ойыншықтарың не? Балалар, біз ойыншықтынеден жасай аламыз. Мына түрлі- түсті қағаздардан түлкі жапсырып көрейік Педагог түлкінің бөлшектерін қалай орналастыру керектігін түсіндіреді. Альбомдытігінен қой. Түлкінің бөлшектерін альбомның ортасына орналастыр. Ең алдымен көйлегінжелімдеп, жапсыр. Қағазды сүлгімен бас. Енді басын жапсырамыз. Екі қолдары мен құйрығын жапсыру керек. Көздері мен тұмсығын жапсырамыз. Қауіпсіздік техникасын ұмытпаймыз! Ең алдымен не істейміз? 20 минут Дидактикалық ойын: "Сиқырлы қапшық" | Балалар сандыққа қызығушылық танытады, ойыншықтарды қуана қабылдайды. –Мысықтың екі құлағы,төрт аяғы,құйрығы бар. Орындарынан тұрып, қозғалыс қимылдарын жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар үлгігеқарап, тәрбиешіні тыңдайды. Түлкіні қағаз бетіне жапсыру ретін түсініп қарайды. Үлгіге қарап жұмыс жасайды. Қайшымен ойнамайды. |
Қортынды бөлім | Аяқталған жұмыстарымен балалар шеңберге тұрады. Балалардың жұмыстарын мадақтау | Балаларғасұрақтарберіліп,қайталату. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: ойыншықтар атауларын
Нені игерді: сызық бойымендомалақ пішінді қайшымен қиюды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: Үстел
Мақсаты: Қауіпсіздік ережелермен таныстыра отырып, қайшымен жолақтар қию.
Білімділік: Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету.
Дамытушылық: Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: ұқыпты, тиянақты жұмыс істеуді.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері.
Билингвальді компонент: үстел-стол.
Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм.
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | Шаттық шеңбері Күнім күліп арайлы, Тереземнен қарайды. Достарыммен шеңберге, Тұрғанымды қалайды. | Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады. |
Негізгі бөлім | Балалар , біз сендермен жиһаздар атауларын білеміз. Әр жиһаздың өзінің қызметі бар. Отырамыз қайда? Ұйықтауға жатамыз қайда? Тамақты қандай жиһаздың үстіне қоямыз ? Дұрыс, балалар, үстел. Кім біледі үстел неден жасалады? Оның формасы қандай болады? Үстел қандй бөліктерден тұрады? Үстелде неше аяқтары бар? Дұрыс балалар, төрт. Сергіту сәті Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық. Бүгін біз сендермен үстел істеп көреміз. Үстелді неден жасай аламыз? Педагог жұмыс барысын түсіндіреді. Қайшыны дұрыс ұстау. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қию. Бөліктерді желімдеу. Жапсыру. Дайын жұмыстарымен шеңберге келеді. | Орындыққа, диванға Кереуетке Үстелге Ағаштан, пласмассадан, темірден. Үсті, аяқтары. Дөгелек, тіктөртбұрыш, сопақша. 4-еу Балалар шеңберге тұрып серігіп алады. Орындарына отырады. Үстелдің аяқтарын қайшымен қияды. Қиындыларды желімдеп жапсырады. |
Қортынды бөлім | Барлық балаларды мадақтау, мақтау. «Аққулар» рефлексиясы. | Балалар өздері жасалған үстелдеріне қарайды,өз ойларымен бөліседі. Аққуларды көлге қондырады. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіспішіндерді, жиһаз атауларын
Нені игерді:қайшымен қию, ұқыпты, тиянақты жұмыс істеуді.
Есеп
+ | - |
| |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі:Жапсыру
Тақырыбы: Үйге баратын жол
Мақсаты: Заттарды қағаз бетінде орналастыра білуге үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын дамыту.
(4-5) жас 1.Балаларды қайшымен ұқыпты жүмыс жасауға үйрету. Бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру. 2.Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру; жуан және жіңішке жолақшаларды қағаздан қиып үйрену. 3.Ұқыптылықа тәрбиелеу (3-4) жас 1.Желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, күздегі ағаштың бейнесін жасауды үйрету. 2.Қол маторикасын дамыту Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері. Билингвальді компонент: жол-дарога. Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм, екіге бүгіп қию техникасысы
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен: «Қайырлы таң!» деймін мен. Күндіз де елді елеймін «Қайырлы күн!» - тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!» деп кіремін. | Балалар барлығы шеңберге тұрып айтады. Бір-біріне жылы сезімдерін сыйлайды. |
Негізгі бөлім | Балалар , қараңдаршы мына суретке. Суретте не бейнеленген? Бұл кімнің үйі екен? Тыңдаңдаршы,біреу жылап отыр ма? Бұлкім екен? Сәлеметсің бе көжек! Сен неге жылайсың? Көжек : - мен өз үйіме барар жолды таба алмай адасып қалдым. Енді анама, бауырларыма бара алмай отырмын. -Көжек, мұңайма, бізсаған көмектесеміз. Біздің балалар саған үйге апапар жол істеп береді. - Балалар, ол үшін бізге не керек? -Дұрыс, қайшымен, қағазбен жұмыс жасау үшін қанадай ережелерді ұмытпау керек? - Мен сендерге көрсетемін, сендер тыңдаңдар, сосын сендер өздерін жапсырып көресіңдер. Тіктөртбұрыш қағаздан үйді жапсырамыз. Төбесі қызыл, үшбұрыш. Үшбұрышты қағазды екіге бүктеп қию техникасы арқылы қиямыз. Желімдеп жапсырамыз. 2. Жол. 2.1 Жолды өзқалауынша ұнаған түстен қиып аламыз. Жолдар ұзын, тік болады. Жол үйге апарады. Сергіту сәті. Бiр, екi, үш , Бойға жинап күш. Жаттығуды жасаймыз Шынығуды бастаймыз. Серігіп алдық, енді жұмысқа кірісейік! Көжек бақылайды. Педагог жеке жұмыс жасайды. Көжек: - рахмет, сендерге, балалар! Қандай дарынды екенсіңдер. Маған сендердің сабақтарың қатты ұнады. Енді мен өзүйіме апарар жолды таптым. Қош сау болыңдар! | Педагогты тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады. Сәлеметсің бе, көжек! Көжекті аяп, оның айтқандарын тыңдайды. Көмектесеміз. Қағаз, қайшы, желім. Қайшымен ойнауға болмайды! Абай болу керек! Педагогтың түсіндіргенін қарап, тыңдап отырады. Мұқият қарап отырады. Екіге бүктеп қию техникасымен танысады. Сергіту жаттығуын орындайды. Үлгі бойынша жұмыс жасайды. Дайын жұмыстарын көжекке көрсетеді. |
Қортынды бөлім | Балаларғасұрақтар беріліп, қайталату. | Балалар көжекпен қоштасады. Педагогтың сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:4-5 жас
Білуі тиіс: қайшымен жұмыс жасау ережелерін
Нені игерді: екіге бүгіп қию техникасын
Күтілетін нәтиже:3-4 жас
Білуі тиіс: әдіс-тәсілдерді
Нені игерді: жапсыру техникасын
Есеп
+ | - |
| |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі : Жапсыру
Тақырыбы: Қияр мен қызанақтар
Мақсаты: Қағазбен қайшымен жұмыс істеу дағдысын және бекіту. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.
Білімділік: Қияр мен қызынықтың бейнесін қайшымен қиюға, желім арқылы жапсыруға дағдыларын бекіту, оларға мазмұн беру.
Дамытушылық: Көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, түрлі- түсті қағазға әр түрлі піщінді салып , қиюды және жапсыруды дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, өсімдікке деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері.
Билингвальді компонент: қияр, қызанақ-огурцы, помидоры.
Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм.
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | Балабақшам базарлы үй, Ауылдағы ажарлы үй. Күлкісі бар шуақты, Өзүйімізсияқты. | Балалар шаттық шеңберін шаттана орындайды |
Негізгі бөлім | Балалар сендер жапсыру сабағын ұнатасыңдар ма? Жапсыру сабағы бүгін не үйретерекен, назар аударайық! - Балалар мына суреттерге назар аударайықшы! № 1 сурет Не көріп тұрсыңдар? Олар жеміс пе көкөніс пе? Көкөністер қай уақытта піседі? Қандай көкөністерді білесіңдер? Сөздікжұмыс: қияр, қызанақ. Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады? Ал қызанақ неге ұқсайды? Түсі қандай? Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен. Балалар, сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат дайындайтынын көреміз. Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақтарды жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз. Балалар, тәрелкенің пішіні қандай? Дөңгелек екен, солай ма, балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгіжағына тағы бір қызанақты, қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды, қиярларды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты-жапсырамыз. Салатымыз дәмді болды. - Балалар шаршадыңдар, сергіп алайық! Сергітусәті. КӨКӨНІСТЕР: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішішмізден адамға Тиеді көп пайдамыз? ҚИЯР: Дәмім тілдіүйірген Мен түздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне! - Балалар сергіту сәті не туралы болды? -Жарайсыңдар! | ия Назар аударады Қияр мен қызанақ Көкөніс Күз Сөздік жұмысын орындайды Жасыл, сопақ Домалақ, допқа Қызыл Ия Үштілде атап шығады, жаттайды. Тәрелкеге қызанақтар мен қиярды жапсырады Сергітусәтінорындайды |
Қортынды бөлім | Ойын: «Көкөністер жинау» Балалар жемістер мен көкеністердің арасынан тек көкөністі тауып тақтадағы бос себетке салуы керек. - Жарайсыңдар, балалар! - Ал енді жасаған жұмысымызды көрмеге орналастырайық. - Балалар оқу қызметі сіздерге ұнады ма? -Несімен ұнады? | Балалар тек көкеністерді себетке орналастырады Жұмыстарынкөрмегеөткізеді |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: көкөністер мен жеміс атауларын
Нені игерді: қайшымен қию, ұқыпты, тиянақты жұмыс істеуді.
Есеп
+ | - |
| |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті