Файл: Кні 1 оу ісрекет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын қиып, пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.

Түсінеді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Есеп

+

-







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы : Ақ тоқты

Мақсаты: Ақ тоқтының бейнесін жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

(4-5)жас

1.Балаларға қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап қию әдіс-тәсілдерін меңгерту. 2.Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылыққ, ерік-жігер сапаларын дамыту, жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту.

(3-4) жас

1 балалардың дөңгелек формасы туралы, заттардың көлемі бойынша айырмашылықтары туралы білімдерін бекіту .

2. ересектермен дайындалған ірі және ұсақ бөлшектерді белгілі бір ретпен орналастыру және жапсыру .

3. Ұқыпты желімдеуде жаттығу

Алдын-ала орындалатын жұмыс: балаларды жайлаумен және үй жануарларымен таныстыру, иллюстрацияларды қарау, әңгіме құрастыру.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, жайлау мен үй жануарларының иллюстрациясы; магнитті тақта, қошақандардың дайын суреттері.

Сөздік жұмыс: жайлау.

Билингвалды компонент: қошақан - ягненок.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері
-Балалар, бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық!
Тәрбиеші қолына жүрек түрінде жасалған жұмсақ ойыншықты алып, қасындағы балаға береді. 
-Балалар, бір-біріңнің жүрек жылуыңды сезіндіңдер ме?

Балалар шеңбер жасап тұрады.


Балалар тілек айтып, жүрек түрінде жасалған жұмсақ ойыншықты бір-біріне сыйлайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Ойын жағдаяты:
Балалар, бүгін біз машинамен жайлауға барсақ қайтеді?

Сөздік жұмыс: жайлау.

-Кәне, бәріміз машинаға отырайық.
-Балалар, біз жайлауға келдік.
Жайлаудың суретін көрсетеді.

-Айналамызда не бар екен?

-Балалар, сендерге мен жайлау туралы тақпақ оқып берейін.

Жайлау
Сыбырлап желмен құрағы,
Сылдырлап аққан бұлағы.
Жұпар ауа, жасыл жер,
Малшылардың тұрағы,
Жайлау маған ұнайды.
(Б.Тәжімбетов)
Көрнекілікпен жұмыс:
«Үй жануалары».

-Балалар, жайлауда тағы нелер жүр екен?
Балаларға үй жануарларының суретін көрсету: қой,жылқы,ешкі,түйе.

Дидактикалық ойын:


«Не қалай дыбыстайды?»

Қой маңырайды: мә-мә-мә.
Сиыр мөңірейді: мө-мө-мө.
Жылқы кісінейді: ио-ио-ио.
Түйе боздайды: бө-бө-бө.
Ешкі бақырады: бе-бе-бе.

Саусақ гимнастикасы:
Бас бармағым,бақташы бол,
Қырағы көз, сақ малшы бол,
Сұқ саусағым, сауыншы бол,
Өнеріңе табынсын ел. 
Күллі орманға қорғаныш бол,
Аты жоғым, аспазшы бол,
Өз қолыңнан дәм татсын ел. Шынашағым,балықшы бол,
Жемісіңді мақтасын ел.
(М. Жаманбалинов)
Үлестірмелі материалдарға назарларын аудару.
Қойдың төлі қошақан деп аталады.

Билингвальді компонент: қошақан-ягненок.
-Жайлауда қошақандар бар екен.
-Оларға жайлауда жүрген ұнай ма?
-Қайдан білдіңдер?

Магнитті тақтадағы қошақанның дайын пішінін жасыл шөп үстіне дұрыс орналастыруды көрсетеді.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
-Жарайсыңдар,балалар,жайлаудағы қошақанның саны көбейді.

-Балалар, «жайлаудан» балабақшамызға «машинамен» қайтайық.
Балалар келіседі.

20 минут

Қайталайды: жайлау.
Орындықтарға отырады.

Балалар жайлаудың суретіне қарап, жауап береді.

- Үй жануарлары.


Өлеңді мұқият тыңдайды.

Жауап береді: қой,жылқы,ешкі, түйе.

Балалар қайталайды.

-Мә-мә-мә.

-Мө-мө-мө.

-Ио-ио-ио.

-Бө-бө-бө.

-Бе-бе-бе.
Балалар саусақтарын бүге отырып, тақпақты қайталайды.


Иллюстрацияны қарайды,жауап береді.

-Ұнайды.

-Қуанып тұр.

Балалар қошақанның дайын суретін «жайлауға» дұрыс жайғастырады.

Балалар «жайлаудан» балабақшаға қайтады.


Рефликсиялық – түзетушілік

-Жайлауда нелер жайылады?
-Қандай үй жануарларын білесіңдер? 
Түйе - малдың улкені,
Жылқы - малдың үркегі,
Сиыр - малдың сүттісі,
Қой - түліктің құттысы.
(С.Қасиманов)

-Қой, ешкі,жылқы,түйе.


Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: үй жануарларын атауды біледі

Түсінеді:  жайлау туралы, үй жануарларына қамқорлық жасауды.

Қолданады: дайын бейнелерді орналастырады.

Есеп

+

-








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Аққала
Мақсаты:
 Геометриялық пішіндерден аққала құрастырып, оны ретімен желімдеу. Желімді қолдану мен қайшыны ұстау қауіпсіздігін сақтау

Міндеттері:

1.Қыс мезгілінде қардан аққала жасайтыны туралы балаларға мәлімет беру. Екі еселеп бүктелген шаршыдан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру.

2.Қағазды жапсыруға, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту.

Көрнекіліктер:қыстың және аққаланың суреті,ермексаз,сүлгі,кескіш,тақтайша.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу әдістері. Билингвалдық компоненттер:аққала-снеговик,қыс-зима.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру сезімдерін ояту

Балалар қыс мезгіліндегі көңіл-күйімізді әсерлеп көрсетейікші.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы гой
Ал,қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Есік қағылып хат тасушы келеді.

Хат тасушы: Бұл кай балабақша?

Уф,әрең жеттім ау.

Сіздерге хат келді.

Тәрбиеші:Рахмет сізге.

Хат тасушы: Сау болыңыздар,балалар!- -Балалар хатта не жазылған екен оқып көрейік.

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы гой
Ал,қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!-деп балалар амандасады.



Ұйымдастыру-

шылық- ізденушілік.

-Сәлеметсіздер ме,балалар! Қалдарың қалай?Сіздерге хат жолдап отырған Аққала.

Балалар, сендерден көмек сұрайын. Менің денемді зұлым қасқыр мен қарға бөлшектеп тастады. Денемді құрастырып, біріктіріп беріңдерші. Суретке қарасаңдар бәрін түсінесіңдер. Сәлеммен Аққала.

-Балалар,Аққалаға көмектесеміз бе?
-Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймйз?

Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?-Ал, енді аққалаға көмектесейік.

-Олай болса,екі орталыққа әртүрлі тапсырма берейін.

1-Жапсыру орталығына мынадай тапсырма: табиғи затпен жұмыс жасау.

2-Құрастыру орталығына: Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Үлгіге қарап Аққала жасайық. Тәрбиеші балалардың жасаған еңбектерін тақтаға іліп қояды.

Енді сіздерге Аққала қуанатын болды.

Сергіту сәті.

Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
-Қане, балалар. Орталықпен ауысайық.

Көмектесеміз.

-Суық,қар жауады,боран соғады,адамдар қалың киім киеді.

-Шаңғы, шана,коньки,сырғанақ тебеміз,аққала жасаймыз,қар лақтырып ойнаймыз.

-Аққала.

Балалардың көңіл-күйі көтеріліп,жұмыс жасауға кіріседі.Балалар табиғи заттармен,түрлі түсті қағазбен Аққала жасайды.

Балалар өз еңбектерін қарап тамашалап,өздеріне баға бере білді.


Қорытындылау.

Бағалау.

-Балалар аққала неден жасалады?
-Қай мезгілде жасалады?
-Құрастыру орталығында қандай жұмыс атқардық?
-Жапсыру орталығында қандай жұмыс атқардық?

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді?


Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
 Қыс мезгілінің ерекшеліктерін,қысқы ойын түрлерін,аққаланың жасалу жолдарын.

Нені игерді: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілін қолдану арқылы табиғи заттан жасалу жолын игерді.

Нені біледі: Қардың қасиеттерін біледі.(Мамық,ұлпа,суық,ериді,жылтырайды)

Есеп

+

-








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Автобус

Мақсаты: Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі. Автобусқа тән ерекшеліктерді қағаз бетіне білдіре алуды үйрету.

Міндеттері:

4-5 жас

Білімділік: Көлік түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

3-4 жас

Білімділік:Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету. Дамытушылық: Бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шығармашылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: көліктің суреттері, үлгі сурет, желім, түрлі түсті қағаз, сүлгі.

Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: Салыстыру әдісі, Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Беллингвальдық компонент: көліктер-машины

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлім


Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілденіп жүрелік.

Өлең жолдарын қайталайды.


Негізгі бөлім

Балаларға жұмбақты жасыру.

Мысалы: Көше бойы аялдайды,

Адам тасып аяңдайды. /автобус/

Жұмбақты шешкен соң,көліктердің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.Олардың ішінде автобус көлігіне тоқталып, оның адамдар өмірінде алатын орны,қызмет көрсету ережелері туралы айтып түсіндіру.

Автобус құрылысына талдау жасау

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алу.

Тіктөртбұрышты қағазға автобустың суретін сызып,сызық бойымен қиып алу;

Қара түсті қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп,дөңгелектің суретін сызып,қиып алу;

Көгілдір түсті қағаз жолағын екіге бүктеп,сызық бойымен автобустың терезесін қиып алу;

Негізгі қағаз бетіне жапсыру бөлшектерін орналастырып алу.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Жапсырудың барлық бөлшектерін ретімен жапсыру.

Балалар автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып,

жапсыру жұмысын орындайды.

Тәрбиеші балаларға бағыт беріп,көмектеседі.

Дидактикалық ойын: “Көліктерді ата".

Мақсаты: Көлік түрлерін ажырата алуын дағдыландыру.



Жұмбақты шешеді.
Тыңдайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Дербес жұмыс жасайды.
Жапсырудың барлық бөлшектерін ретімен жапсырады.
Көлік аттарын атайды.


Қортынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

Не жапсырғанын балалардан сұрау.

Бағалау, мадақтау.

Өз жұмыстарын көрсетіп, бір-бірінің жұмыстарына баға береді.




Күтілетін нәтиже:4-5 жас

Білу: Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;

Игеру: Автобусқа тән ерекшеліктерді қағаз бетіне білдіре алуды игерілуі;

Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;

Күтілетін нәтиже:3-4 жас

Білу: Көлік түрлерін бір-бірінен ажырата білуі;

Игеру: Автобусқа тән ерекшеліктерді қағаз бетіне білдіре алуды игерілуі;

Меңгеру: Өз жұмыстарын аяқтап,бітіруге дағдыландыруды меңгерілуі;
Есеп

+

-








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Теңізде жүзген кеме»

Мақсаты: балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды және қағаз бетіне дұрыс жапсыруға үйрету.

Міндеттері :

1.Балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды және қағаз бетіне дұрыс жапсыруға үйрету.

2.Эстетикалық сезімдерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа

Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: кеме, қайық, теңіз, көл.

Көрнекіліктер: кеме, үлгі сурет.

Билингвалды компонент:Кеме-корабль,теңіз-море

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру.

III.Рефлексия



Жұмбақ жасыру.

Суда – көлік;

Құмда - өлік. (Қайық)

Үтікке міндім,

Мұхитта жүздім. (Кеме)

Балалар нан неден пісіріледі?

  • Кеме қандай көлік түріне жатады?

  • Кеме қайда тұрады?

  • Олардың адамға қандай пайдасы бар?

  • Кеменің пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Кеменің жасалу ретіне назар аударып, орындалу барысын түсіндіру.

  • Алдымен түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

  • Толқынды, кемені, желкенді, күнді дайындап аламыз.

  • Негізгі бетке толқынды жапсырамыз.

  • Кемеге желкені мен діңгегін (мачта) жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық

Отырайық,тұрайық,

Біраз тынығып алайық.

Д/о: «Не артық?»

Шарты: суретке қарап артық суретті сызып көрсету.

Қорытындылау.

  • Бүгін біз нені жапсырдық?

  • Кеменің пішіні қандай болды?

  • Кеме қайда жүзеді?

Балаларды бағалау,мадақтау.


Балалар жұмбақ шешеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Кеменің жасалу ретімен танысады.


Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.