Файл: Кні 1 оу ісрекет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 95

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күтілетін нәтиже:

Білуі : көлік түрлерінің атауларын, кеменің қозғалу ортасын білуі.

Игеру: жыртылған қағаздан аппликация жасай отырып, кеменің бейнесін келтіре білуді игереді.

Меңгеру: ұқыпты жұмысты орындауды меңгеруі;
Есеп

+

-







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

Білім беру саласы : «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Түйе

Мақсаты: Үй жануарлар әлемімен таныстыру. Түйенің бейнесін салуға, балаларға қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап қию тәсілін меңгерту.

Міндеттері:

(4-5)жас

1.«Жырту» немесе «Жұлмалап қию» тәсілмен мозаика тәрізді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ұқыпты жұмыс істей білу және дәл, нақты іс-әрекет жасай білуге тәрбиелеу.

2.Шыдамдылыққа, ерік-жігер сапаларын дамыту, жануарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту

(3-4) жас

1.Негізгі түс туралы білімді бекіту; шығармашылық қызметке баулу

2.Жақсы көңіл-күйді жеткізуге үйретуді жалғастыру .

3.Шығармашылыққа қызығушылықты тәрбиелеуді жалғастыру, достыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түйенің суреті, үлгі сурет, желім, түрлі түсті қағаз.

Билингвальді компонент: верблюд - түйе

Сөздік жұмыс: үй жануары, түйе , екі өркеш, төзімді, жұлмалау.

Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: жұлмалау әдісі, Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Кіріспе бөлім


Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнін үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.


Негізгі бөлім

«Бота» өлеңінің мазмұнын ашу.

Ал, балалар , ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ

Екі өркеші бар,

Екі жалпақ табаны бар

Боз жорға.

-Балалар түйе қандай жануарға жатады?

-Түйенің бойы ұзын ба, қысқа ма?

-Неше өркеші бар?

-Балалар түйе төрт түлікке жатады.

-Бүгін біз жапсыру оқу іс әрекетінен түйені бейнесін «жұлмалау қию» тәсілмен жасапсырамыз.

-Бірінші ақ қағаз бетіне түйенің бейнесін салып аламыз.

-Содан соң, алдымызда тұрған қоңыр түсті қағазды қолмен жұлмалап жыртамыз. Жыртқан қағазымыз ұсақ болу қажет.

-Сол жыртқан қағазды ақ қағаз бетіне салынған бейнеге ұсақ қағазды жапсырамыз, желімнің көмегімен жапсырамыз.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Солға-солға түзу тұр.

Оңға-оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Қазір біз «Құлағыммен тыңда тез тап»! дидактикалық ойын.

Ойынның мақсаты: Үй жануарларының дауысынан ажырата білуге үйрету.


Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.

(түйе)
Балалар сұрақтарға жауап береді.


Тәсілді балалар үйренеді.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.

Суреттен не артық екенін көрсетеді.

Дауыстарды ажыратады.




Қортынды бөлім

Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

-Түйе қандай жануар?

-Түйенің төлі қалай аталады?

Балаларды бағалау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже: 4-5 жас

Нені білуі тиіс: үй жануарларын білуі тиіс, түйеге сипаттама бере алуы тиіс.

Нені игереді: Балалар қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап қию әдіс-тәсілдерін игереді.

Күтілетін нәтиже: 3-4 жас

Нені білуі тиіс: үй жануарларын білуі тиіс, түйеге сипаттама бере алуы тиіс.

Нені игереді: Балалар қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап қию әдіс-тәсілдерін игереді.

Есеп

+

-







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:.

№ 2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Киіз үй

Мақсаты: Мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту.

Міндеттері:

Білімділік: Екіге бүктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнекті симметриялы қиюды үйрету.

Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Халық өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ою-өрнектердің суреттері, үлгі сурет, желім, түрлі түсті қағаз, сүлгі.

Сөздік жұмыс: ою-өрнек, бұғымүйіз, құсқанаты, қайнар, сынықмүйіз, қошқармүйіз, тұмарша.

Билингвальді компонент: юрта - Киіз үй.

Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: Ойын арқылы оқыту технологиясы, Салыстыру әдісі.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлім


Армысың асыл күн !

Армысың асыл жыл ,

Армысың көк аспан !

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос ,

Болайықшы жақсы дос .

Өлең жолдарын қайталайды

Негізгі бөлім

Балаларға жұмбақ жасыру.

Мысалы: 1.Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. /Киіз үй/



-Қазақ халқы ерте заманнан-ақөте шебер халық. Қазақтың киіз үйінен бастап, ішіндегі дүниесені дейін әсем ою-өрнектермен әшекейленген. Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.

Балаларға оюды қиюдың жаңа тәсілімен таныстыру. Балалар орындалу ретімен танысып, жапсыру жұмыстарына кіріседі.

Оюдың үлгісін қиып алады.

Түрлі түсті қағаздан дайындаманы қиып алады.

Дайындаманы екіге бүктеп, оюдың үлгісін сызады.

Оюды қиып алады.
Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог әр баланың жұмысын қадағалап отырады.




Жұмбақты шешеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Балалар орындалу ретімен танысып, жапсыру жұмыстарына кіріседі


сергіту сәтін жасайды


Қортынды бөлім

Сабақты қорытындылау.
-Балалар біз бүгін сабақта нені жапсырдық?

Балаларды бағалау.


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Ою-өрнектердің түрлерін білуі;

Игеру: оюды екіге бүктеп қиып жапсыруды игерілуі;

Меңгеру : Жұмысты ұқыпты орындауды меңгерілуі;

Есеп

+

-








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

№ 2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: « Түймедақ»

Мақсаты:Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.

(4-5) жас

1.Тоқсары түсті қағазға әр түрлі өлшемдегі сопақша пішін салуға, пішінді дұрыс құюға және қиылған пішінді қағаз бетіне дұрыс жапсыруға үйрету.

2.Эстетикалық сезімдерін дамыту

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа,.

(3-4)жас

1.Екіге бүктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнекті симметриялы жапсыруды үйрету. 2.Ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Халық өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу, АҚТ, денсаулық сақтау технологиясы, көрнекіліктер.

Қажетті-құралдар:түрлі-түсті ашық хаттар,желім,қайшы,үйлестірмелі материалдар.

Үштілділік компоненттер: сыйлық-подарок,ана-мама,гүл-цветок


Әрекет

Кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

-Балалар бізге қонақтар келіпті,кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.

-Балалар қолдарыңды жоғары көтеріп,қолдарыңда үрмелі шар бар деп көз алдарына елестетіңдер.Шар жеп-жеңіл,мөп-мөлдір,одан ғажайып бір жылу сезіліп тұр,оны қолымызға алып жүрегімізге жақын

датайық жеңіл ұстайық.Сендер

қандайда бір жылулықты сезіндің

дер ме?Балалар кәне қолымыздағы

жылулығымызды қонақтарға

сыйлайық.

Балалар орындарына отырады.

-Сәлеметсіздерме

Балалар алақандарымен үрлеу әдісімен қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінің қандай ерекшіліктері бар?


-Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі?

-Балалар біз өткен оқу қызметімізде ненің суретін салдық?

-Бақбақ гүлінің түсі қандай?

-Қандай әдіс-тәсілмен салдық?

Бүгінгі біздің өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы «Түймедақ гүлі».Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуін «Ия,жоқ»ойыны арқылы шешейік.Ойынның шарты:жұмбақтың шешуі болатын заттың түсіне,пішініне қасиетіне ұқсайтын заттар және жұмбақтың нақты шешуін білдіретін суреттер слайттан көрсетіледі.Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақ:

Көзі сары,кірпігі ақ

Шалғын мен гүлзарда өседі.

Балалар,күн біздің жұмбағымыздың шешуі бола алама?

-Ал,қырау жұмбақтың шешуі бола алама?

-Ал,бұлт ше?

-Балалар, бізде бір ғана сурет қалды.

-көктем

-үш ай,наурыз,сәуір,мамыр

-жаңбыр көп жауады,ағаштар бұршіктеп,жапырақ шығады,құстар ұшып келеді.

Дариға:

Көктем келді шуақты

Балаларды қуантты

Алақай-ау,алақай

Құстар сайрап,бақтар жайнап,гүл атты

Лейла:

Көктем келді күркіреп

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп

Шыға келді қыр түлеп
-Бақбақ гүлі
-Сары түс

-Бастыру әдісімен


Балалар жұмбақты тыңдайды-түймедақ.

-жоқ,өйткені ол аспанда болады,ол гүлзарда өспейді.

-жоқ,себебі қырау тек қыстағана болады.

-жоқ,бұлт аспанда болады

-ол түймедақ гүлі.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақтың шешуі түймедақ гүлі екен.

Қазір біз түймедақ гүлінің өсу жолын-слайд арқылы тамашалаймыз.

1 тұқым.2сабақ.3жапырақ.

4 түймедақ гүлінің

күлтесі.

Балалар көрдіңдерме түймедақ гүлінің тұқымын көктемде топыраққа салады,көктемнің ортасында одан сабақ шығады,жаздың басында

жапырақтарымен түймедақ гүлі өсіп шығады,гүлін ашады.Түймедақ гүлінің түсі ақ ,ортасы сары болады,оның гүлі сабағының ұшында орналасады,жапырақтары жасыл түсті.Түймедақ гүлі –хош иісті,өте нәзік,күн шуағысыз өмір сүре алмайды.

Балалар сендер түймедақ гүлінен басқа қандай гүлдерді білесіндер?

Балалар кім гүлдер туралы тақпақтар біледі?




Балалар мұқият тыңдайды
-бәйшешек,қызғалдақ,бақбақ

Медина: Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын Мәз боламыз,күлеміз Көрсек бүршік жарғанын Кәусар: Үлбіреген бақбақ Үлпілдеген аппақ «Уф» десем бақбақ Ұшасын ғой қаптап

Алихан: Қоңыраудай болған соң Қоңыраугүл аталған Бір түбінен жамырап Бірнеше гүл бас алған




Балалар осы гүлдер жайқалып өсу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Балалар бізге қонаққа қоян келіпті,кәне амандасайықшы.

-қараңдаршы өзі қандай әдемі,бірақ көңілсіз оны сұрап білейікші.

Қоян:менің бүгін туған күнім,маған сыйлық беретін достарым жоқ.

Балалар қоянға көмектесемізбе?

Олай болса балалар қоянға түймедақ гүлінің сүретін салып сыйлайық.

Балалар енді әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып түймедақ гүлін бейнелейміз.

Денемізді,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бойымызды жазайық

Енді балалар жұмысымызды жалғастырамыз.

Балалар трафаретті пайдалып түймедақ гүлін ақ түске губканы батырып бастыру арқылы салады.Бас бармақтарын сары түсті бояуға батырып гүлдің ортасын басады.

-Кәне балалар гүлдеріңді қоянға көрсетіңдерші?

Қоян:рахмет,балалар.Көңіл-күйім көтеріліп қалды


Батырхан:

Жомарт мынау табиғат

Өсіргендей бізге арнап

Қып-қызыл боп жалындап

Қырға өседі қызғалдақ
-жаңбырдың суы,күннің нұры,су қажет.

Ойын ойнайды.

Қызығушылық танытады.

-ия

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды
Балалар көрсетілген әдіс тәсімен түймедақ гүлін салады.

Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді.

Рефлексиялық- коррекциялаушы


-Балалар бізге кім қонаққа келді?

-Қоянның көңіл күйі көтерілдіма?

-Қоян саған біздің сыйлығымыз ұнадыма?

Қоян:-ия,ұнады.Рахмет, балалар.Меніңде енді көп достарым бар.Қандай әдемі.

Сау болыңдар.

Балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар.Өнерлерің өсе берсін.

-Балалар ,енді келген қонақтароға рахмет айтып,қоштасамыз.



-бізге қонаққа қоян келді..
-ия,көңіл күйі көтерілді.

Балалар қоянмен қоштасады.

-Сау болыңыздар.


Күтілетін нәтиже:4-5 жас

Біледі Балалар түймедақ гүлі туралы түсінік алуы

Игереді: Балалар түймедақ гүлі туралы жан-жақты білуі

Меңгереді: түрлі әдіс тәсілдермен жұмыс жасай білуі .

Күтілетін нәтиже:3-4 жас

Біледі Балалар түймедақ гүлі туралы түсінік алуы

Игереді: Балалар түймедақ гүлі туралы жан-жақты білуі

Меңгереді: түрлі әдіс тәсілдермен жұмыс жасай білуі .

Есеп

+

-







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:

2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Құстарға арналған ұя»

Мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру. Құстарға ұя қиып жапсыруды үйрету.

Білімділік: Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету.

Дамытушылық: Бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шығармашылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: құстардың суреттері, құстың ұясының суреті, үлгі сурет, желім, түрлі түсті қағаз, қайшы.

Билингвальді компонент: гнездо – құс ұясы.

Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: Тәй - тәй технологиясы, тірек сызба, алгоритм.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Кіріспе бөлім


Шаттық шеңбер жасау:

Мысалы: Орман, тоғай, бақтарға
Құстар сайрай жөнелді!
Өйткені, бұл көктем ғой!
Шұғыласын төккен ғой!

Өлең жолддарын айтады.


Негізгі бөлім

Балаларға жұмбақ жасыру:

Жазда бақты қорғайды,

«шиқ-шиқ»дейтін даусы бар

Бірақ өзі ұшады. (торғай)

-Жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Көктемде табиғат не істейді?

Балалар: көктемде қар еріп,күн жылына бастайды,құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Құстар жайлы әңгімелеу. Балаларға құстардың суреттерін көрсетіп, аттарын сұрау.

-Жаңа тақырыпты хабарлау. Құстарға ұя жасауды хабарлап айту.

-көрсету: Құстардың суреттерін және ұяның суретін көрсету;

-түсіндіру: құсқа ұя қалай қағаздан қиып жасайтынын балаларға түсіндіру.






Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жаяйық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып қонайық.

Балалар дербес жұмыс жасайды,ал педагог балалардың жұмыстарын қадағайды,бағыт береді.




Жұмбақты шешеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.








сергіту сәтін жасайды.



Қортынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін жапсырма сабағында біз не істедік?

-Қандай құстарды білеміз?

-Құстарға не жасадық?

Балалардың жұмыстарын бағалау,мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.