ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 97
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:
№2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: Апельсиндер мен лимондар
Мақсаты: Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету. жемістердің атын, жемістер қайда өсетінін, пішінін, көлемін, түсін.
Білімділік: Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын жетілдіру. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеу.
Дамытушылық: Көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, түрлі- түсті қағазға әр түрлі піщінді салып , қиюды және жапсыруды дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, өсімдікке деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері. муляждар.
Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм.
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | «Табиғат дыбыстары» таспаға жазылған әуен естіледі. «Жаңбырдың шуы» өлеңі Қарашы тағы да терезеге! Терезеге қарашы!Тағы да Шықты жаңбыр қыдыруға! Жаңбыр жауды – ой- ой – ой, Барлығың үйге. Үйге, үйге! | Таспаға жазылған табиғат дауысын тыңдайды. |
Негізгі бөлім | Тәрбиеші: Жүгіріңдер, тезірек маған.Менде қолшатыр бар. Тәрбиеші : Бұл Күз, тағы да бізге көрініп кетті.Балалар, сендер білесіңдер ме, Күз адамдарға көп сыйлықтар сыйлайтынын. Жуырда күз бізге бір себет әдемі жапырақтар сыйлады.Біз одан әдемі гүлдесте құрап, әдемі жапсыру жасадық. Ал күзде біздің жейтін сыйлықтар бар. Кәне тауып алайыкшы, күз қайда сыйлықтарды тығып тастаған екен, оны иісі арқылы табуға да болады. Барлығы бірге жемістерді үстелдің үстіне қойып қарастырады: алма, лимон, банан, апельсин. - Ой, қараңдаршы, бізге кірпі келді, мынау соның жемістері сияқты. Ол бұларға тиіскен жоқ, өйткені ол білмейді олар қалай аталатынын. Кәне, кірпіге көмектесейікші. Дидактикалық ойын: «Тауып көрші, қай жеміс» - Үлкен, дөңгелек,қызыл, тәтті, піскен – бұл...(алма). - Үлкен, сары, ұзын, пальмада өседі – бұл...(банан) -Үлкен, тоқсары, дөңгелек, піскен – бұл...(апельсин). Артикуляциялық жаттығу: Беттері –алмадай. Сендердің беттерің дөңгелек алмадай. Екі ұртын үрлеу.( бұртиту). Тіл – жапырақ алманың бүйірін жапты. Тілді жоғары көтеріп және үстіңгі ерінді жабу. Алмалар ағаштан шөпке түсіп жатыр: « Бам- бом- бум!»Үлкен алманы бейнелеу(қатты), орташа(ақырын), кішкентай (баяу). - Кәне кірпіге айтып берейікші, жемістер қайда өседі екен. Жаттығу: «Жемістер қайда өседі». Тәрбиеші балалардың назарын ағаштарға аударады, фланелеграфта бекітіліп тұрған. Тәрбиеші: алма, банан, апельсин бақта өседі. Оларды бір сөзбен « жемістер»- деп атайды. Үстелден қолдарыңдағы жемісті суреттен тауып алыңдаршы , содан соң оны сол ағашқа бекітіңдер. - Алмалар қай ағашта өседі? ( алма ағашында) - Апельсиндер апельсин ағашында өседі. - Лимон қай ағашта? ( лимон ағашында). Сергіту сәті: Тәрбиеші: балалар, кәне кірпіге жемістерді апарып берейікші, үйіне дейін. Біздің аяқтарымыз жүріп кетті. Тура тіп- тік жолда. Кірпінің үйіне. Жапсыру « Жеміс-жидек тосабы». Кірпі: Жемістер қандай көп, мен білмеймін, олармен не істеу керек екенін. Тәрбиеші: Жемістерді сол қалпында жеуге болады, бірақта жуып жеу керек. Кесуге болады, қайнатпа қайнатуға да болады екен. Қазір балалар саған жемістерден тосап пісіруге болатынын айтып, қайнатуға көмектеседі. Кірпі:- Балалар сендерге рахмет, маған жемістер туралы көп айтып бердіңдер, түсіндім. Ал, енді мен ормандағы достарыммен бөлісейін. Сау болыңдар, балалар. | Қолшатырдың астына тығылады. Балалар іздеп, жемістері бар себетті тауып алып, орындықтарына отырады. - Алма - Банан - Апельсин Балаларға кез келген алманы таңдап алу ұсынылып, тексеру арқылы тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді: пішін, түс, өлшемі, көлемі. - алма ағашында - апельсин ағашында -лимон ағашында Балалар хормен қайталап, сосын жемістерді фланелеграфқа бекітеді. Балалар тәрбиешімен қимылды мәтіні бойынша жасайды. Балалар жемістерді жапсыруға кіріседі Балалар кірпімен қоштасады. Жап- жасыл орманда. Жолменен секіріп, Аяқтарды жиі айырбастап, Қолдарымызды соғып, Аяқтармен сартылдатып, |
Қортынды бөлім | - Небізгеқонаққакелді? -Бізкірпігеқандайкөмекжасадық? Сендергекөмекеткенұнадыма? Бір- бірінекөмекеткенкездеөтекөңілдіжәнеүлкенсезімдеболасың. - Қазірсендердіңкөңіл- күйлеріңқандай? Мен сендергеәркімөзкөңіл- күйінкөрсетебілудіұсынамын. Үстелдеәртүрліадамның бет бейнелеріжатыр: қуанған, ренішті, ашуланыптұрған, байсалдыт.б.с. Өздеріңніңкөңіл- күйлеріңежататындытаңдапалыңдар. | Балалар кірпімен қоштасады. Педагогтың сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: жемістердің атын, жемістер қайда өсетінін, пішінін, көлемін, түсін.
Нені игерді: Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеу мен жапсыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№2 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Түрлі-түсті үшбұрыштар
Мақсаты: Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету. геометриялық пішіндерді
Білімділік: Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдану дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Көркем шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту, түрлі- түсті қағазға әр түрлі піщінді салып , қиюды және жапсыруды дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, өсімдікке деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, ақ қағаз, түрлі-тісті қағаз, сүлгі, қылқалам, тақтайша, ойыншықтар, ойыншықтардың суреттері.
Билингвальді компонент: тіктөртбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш-треугольник, дөңгелек-круг.
Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: тірек сызба, алгоритм.
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті |
Кіріспе бөлім | Шаттық шеңбері: Армысың шапағат күніміз Армысың, мейірімді жеріміз Армысың, табиғат-анамыз Келді сізге өзіңіздің балаңыз Балалар сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіндер? | Балалар тәрбиешінін артынан қайталап айтады. |
Негізгі бөлім | -Балалар сендерге жұмбақ: Атына сай бағы бар, Бұрышы үшеу, үш жағы бар. -Қандай пішін? -Дұрыс айтасындар. Бүгін біз сол пішіндердін ішіндегі үшбұрыш пішінін жапсырып көреміз. Сергіту сәті: Бір дегенім – бір таяқ Екі дегенім – екі аяқ Үш дегенім – үшбұрыш. Иә, балалар, «үш дегенім – үшбұрыш» , себебі үшбұрыштың үш бұрышы бар, үш жағы бар(пішінді көрсетеді). Бүгінгі сендерге берілетін тапсырманың тақырыбы «Түрлі түсті үшбұрыштар» Сендердің алдарыңда түрлі түсті қағаздар бар. ұнаған түсті таңдап, солтүстен үшбұрыш қиып алайық. Бәріміз тақтаға назар аударайық! Тәрбиеші балаларға үшбұрыштарды қайшымен қиып алуды, қылқаламды ұстауды, желімдідұрыс жағуды түсіндіріп, көрсетеді. Дидактикалық ойын: «Жоқ, иә» Тәрбиеші балаларға үшбұрышты көрсетіп сұрайды: Бұл «дөңгелек пе?» (жоқ) Бұл «төртбұрыш па?» (жоқ) Бұл үшбұрыш па?» (иә) | Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.. -үшбұрыш Балалар қайталайды Балалардың жұмысы(жәй әуен жетегінде балалар жұмыс жасайды) -жоқ -жоқ -ия |
Қортынды бөлім | Қандай тапсырманы орындадық? – Үшбұрыштарды қандай түсті? | -үшбұрыш туралы -қызыл,көк,жасыл...... |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: геометриялық пішіндерді
Нені игерді:қайшымен қию, ұқыпты, тиянақты жұмыс істеуд, желімдеуді.
Есеп
+ | - |
| |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Сырмақты безендірейік
Мақсаты: Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Міндеттері :
(4-5)жас
1.Сырмақты безендіруді үйрету, әр түрлі ою түрлерімен таныстыру, оюларды жапсыруға дағдыландыру. 2.Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалану дағдыларын жетілдіру. 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа қызығушылықтарын арттыру.
(3-4)жас
1.Сырмақты безендіруді үйрету, әр түрлі ою түрлерімен таныстыру, оюларды жапсыруға дағдыландыру. 2.Қол мотрикасын жетілдіру. 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген заттар,қажетті құралдар.
Әрекект кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- Қозғаушы кезең | Балалар шеңбер жасап тұрады. Тату өскен баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Амандасып аламыз Сәлем,сәлем,сәлем! Балаларға бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлау. | Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды. |
Ұйымдастырушылық ізденушілік | Балаларға ұлттық бұйымдардың суретін көрсете отырып,ерекшелігіне,түр-түсіне назар аудару. Қазақтың киіз үйінен бастап,оның ішіндегі керекті заттары-текемет,сырмақ,тұскиіз,әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады.Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген.Әртүрлі бұйымға салынатын өрнектердің бір-бірінен айырмашылығы болады.Бұл өрнектердің өздеріне лайықты аттары да болады:қошқармүйіз,тұмарша,төртқұлақ, қайнар,сынықмүйіз.Әр бұйымның өзіне тән оюлары болатынын айту.Содан соң әр-түрлі сырмақ үлгілерінің суретіне қарай отырып,оларға салынатын оюдың ерекшелігіне,орналасу тәртібіне көңіл бөлу.Бүгін сырмақты безендіру үшін ою қиып,жапсыру жұмысын орындайтындарын хабарлау.Жұмыстың орындалу барысын көрнекі түрде көрсете отырып түсіндіру.Оюдың үлгісін қиып алу. Түрлі түсті қағаздардан дайындаманы қиып алу.Дайындаманы екіге бүктеп,оюдың үлгісін қағаздың бүгу сызығы бойымен орналастырып,жай қарындашпен айналдыра сызамыз. Сызық бойымен қиып алып,қағазды жазамыз. Бөлшектерді қағаз бетіне ретімен жапсыру.Оюды белгі бойымен элементтерін бүлдіріп алмай ұқыпты қиып алу.Негізгі қағаз бетіне апликация бөлшектерін түс үйлесімділігін сақтай отырып орналастыру. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып,бір тұрып, Біз тынығып алайық Балалар үлгіге қарап отырып жапсыру жұмысын орындайды. Балаларға нұсқау беріп отыру. Ең жақсы жасалғандарын атап өту. Қиналған балаларға көмек көрсету. | Балалар қарайды мұқият тыңдайды. Қимылдар жасайды. Балалар жұмыстарына кіріседі. |
Рефлексивті-түзетуші | Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтау.Балаларды мадақтау,мақтау. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата? Қандай ұлттық бұйымдарды білесіңдер? Оларды атаңдар? | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілген нәтиже:4-5 жас
Біледі: Ою-өрнек дайындауды
Игереді: Ою-өрнек түрлерін
Күтілген нәтиже:3-4 жас
Біледі: Ою-өрнек дайындауды
Игереді: Ою-өрнек түрлерін
Есеп
+ | - |
| |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету.
Міндеттері:
1.Түрлі түсті қағаздан композиция құрастыруды үйрету. Балалардың ормандағы ағашты аппликация арқылы бейнелеу жұмысына мазмұн бере отырып, композиция жасауға қағаздарды дұрыс пайдалана білуге баулу, балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру. 2.Ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық сезімдерін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: шырша суреттері, шыршаның қағазға желімденген үлгі суреті, жасыл түсті қағаз, желім, қайшы, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыс: шырша туралы әңгімелеу, суреттерін көрсету.
Сөздік жұмыс: қобдиша.
Билингвальді компонент: жаңа жыл - новый год, шырша - елка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері Күнім күлім қағады, Шуағын маған шашады! Қуан, қуан, алтын Күн! Қуан, қуан, Жер-көгім! (Г. Бектұрова) - Балалар, қараңдаршы, сиқырлы қобдиша тауып алдым. Сөздік жұмыс: қобдиша. | Балалар шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын бірге қайталайды. Қызығушылық танытады. Қайталайды: қобдиша. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | - Сиқырлы қобдишада не бар екен? Оның ішінде қағаз бар екен, қағазда жазылғанды оқып көрейік: Агаштардың көріктісі, Мәңгі жасыл бұтагы. Мекен ғып тау, өлкені, Кәусар ауа жұтады. Бұл не? - Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен. - Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршада моншақтар пайда болады. Педагог сиқырлы таяқшасын әрі-бері сермейді, бірақ шыршада моншақ пайда болмайды. Педагог балалардан көмек сұрайды. «Пішінді ата» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Педагог моншақ жасау техникасын түсіндіреді: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Пішіндері әртүрлі моншақгарды кезектестіріп орналастырып, шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді. Сергіту сәті Сагаттың тіліндей, Иіліп оңга бір. Сагаттың тіліндей, Иіліп солга бір, Жаттыгу жасаймыз. Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады. Баладармен жеке жұмыс жүргізеді. Билингвальді компонент: жаңа жыл -новый год, шырша - елка. | Тыңдайды, жұмбақты шешеді. Жауабы: шырша. Балалар көмек көрсетуге ынталарын білдіреді. Ойынға кіріседі, пішіндердің атауын айтады: дөңгелек, сопақша, шаршы. Үлестірмелі материалды қарайды. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Балалар жаттығу жасайды. Жұмысқа кіріседі, шыршаға моншақтар жасайды. Қайталайды: жаңа жыл - новый год, шырша - елка. |
Рефликсиялық – түзетушілік | - Біздің шыршымыз әдемі болып кетті. Аязатта мен Ақшақарға корсетеміз. Педагог шыршадағы моңшақтарды балалармен талдайды. Мадақтайды. | Балалар өз жұмыстарын тамашалайды, талдау жасайды. |