Файл: Жалпы хирургия пнінен ндірістік тжірибеден ту кнделігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 1258
Скачиваний: 51
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Артериялық жгут таңу
Көрсетілімі: қол-аяқтың артериясынан кеткен қанды тоқтату.
Құралдары: Эсмарх артериялық жгуты, таңу материалдары.
Техникасы:
1. Жгутты қол-аяқтың артерия қаны кетіп жатқан жарасынан жоғары, бірақ жараға жақын таңады.
2. Жгуттың астына қыртысы жоқ тегіс мата салдым.
3. Жгутты қатты созып, бірнеше орап, екі шетін мықтап бекітіп алдым.
4. Жгуттың дұрыс таңылғанының белгісі - жгуттен төменірек пульсі болмайды.
5. Жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды, некроз болады, осы уақыттан асып бара жатса оны босатып, қол-аяғы жылынғанша күтіп, бұрынғы жеріне сәл ығыстырып қайта таңдым.
6. Жгуттың салынған уақытын қағазға не жгутке, не қасындағы теріге жазып қойдым.
7. Жгут салынған мүшені иммобилизация жасадым.
8. Науқасқа анальгетик егіп, зембілге жатқызып, ауруханаға бірінші кезекте жеткіздім.
9. Жгут болмаса қолдан бұрама жасап, осы ережелерге сәйкес таңады.
5.Артерияны саусақпен сүйекке басу
Көрсетілімі: артериядан кеткен қанды тоқтату.
Техникасы: Артерияны саусақпен белгілі бір анатомиялық нүктелерде, артерияның сүйекке жақын жатқан тұсында қысады.
1. Ұйқы аретриясынан кеткен қанды тоқтату үшін:
-
ұйқы артериясын мойын бұлшық етінің ішкі жағынан VI мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне басады; -
самай артериясын құлақтың бүртігінен жоғары самай сүйегіне басады.
2. Бұғанаасты артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:
-
пациенттің қолын артқа және төмен бұрып, бұғанасты артериясын қабырғаға басады, қолтықасты артериясы қолтық шұңқырында тоқпан жіліктің (иық сүйектің) басына қысады.
3. Иық артериясынан және шыбық артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:
-
иық артериясын екі басты бұлшық еттің ішкі жағынан иық сүйкке басады; -
шыбық артериясын шыбық сүйекке пульс анықтайтын тұста басады.
4. Сан артериясынан және сирақ артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:
-
сан артериясын шап байламының төменгі үштен бірінің астынан шат сүйегінің көлденең өсіндісіне басады; -
тізе асты артериясын үлкен жіліншіктің артқы жағына тізе асты шұңқыры тұсында басады.
5. Құрсақ аортасы жарақаттанғанда кеткен қанды уақытша тоқтату үшін:
-
кіндіктің сол жағынан аортаның құрсақ бөлігін омыртқаға жұдырықпен басады.
Буыны шыққан, сүйек сынған кезде жедел көмек көрсету
Буыны шыққан кезде жедел көмек көрсету
Анальгетиктер бердім. Ашық буын шығуда асептикалық таңғыш салдым. Иммобилизация (орамал, бинт, стандартты немесе қолда бар шинамен) жасадым, емдеу мекемесіне жіберілді.
Емдеу. Шыққан буынды анестезиямен салады, бұлшық еттерді толық босату үшін және зақымданған адамды қинамау үшін барлық буын шығу жергілікті немесе жалпы анестезиямен өткізіледі. Травмалық буын шығудың емі 3 кезеңге бөлінеді:
• шыққан буынды салу;
• иммобилизация, яғни салынған буынды қалыпты жағдайына келтіріп, бинт немесе гипс таңу.
• буын қызметін қалпына келтіру (ЛФК, массаж, физиопроцедуралар), еңбекке тоқ жарамдылығын тездету.
Сүйек сынған кезде жедел көмек көрсету
Алғашқы мед. көмек ауырсынуын басып, иммобилизация жасап, ауруханаға жеткізу. Егер ашық сыну болса қан кетуін тоқтатып, жарасын таңып, сіреспенің алдын алып, шина салып, ауруханаға жеткізеді.
Сүйек сынуды емдеу принциптері: сынған сүйектің сынықтарын беттестіріп бекітіп, ұзақ уақыт ұстатып қою керек. Сол үшін:
• Егер сынықтар орнынан жылжымаса гипс таңғышын салады.
• Сынықтар орнынан жылжыса сүйектен тартып орнына келтіретін тартқыш құралдармен беттестіреді.
• Металлоостеосинтез- сүйек сынықтарын металл сыммен тігіп немесе пластина,
шегелермен бекіту үшін жасалатын операциялардың жалпы атауы.
Оқ тигеннен сүйек сынып жараланса алғашқы медициналық көмектің мынадай ерекшелігі бар: оқиға орнында медициналық көмек көрсеткен кезде жарада бос жатқан бөтен заттарды пинцетпен алып тастайды, ауырсынуды басатын дәрілер беріп, жараны стерильді салфеткамен жауып таңады. Егер жарадағы бөтен зат алынбайтындай терең тұрса, не орнынан қозғау қиын болса оны алуға болмайды, не қан кетіп, не шок болуы мүмкін.
2. Транспорттық шиналар таңу
Дитерихс құрсауын салған кездегі іс-әрекет алгоритмі
Көрсетілімі: Жамбас маңы сынығында, жамбас, сан және тізе буыны зақымында қолданылады
Құралдары: Дитерихс құрсауы, 2 бинт, қайшы.
Іс - әрекеттер алгоритмі:
1. Пациентті тыныштандырдым.
2. Болып жатқан манипуляцияны түсіндірдім.
3. Үстіндегі киімін қиып, жарақаттанған аймақты жалаңаштандырдым.
4. Жарақат аймағын тексеріп, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткіздім.
5. Дитерихс құрсауының табан бөлігін пациенттің ауру жағына салып, сегіз тәрізді байламмен бекіттім.
6. Пациенттің сынған жағының қолтық асты ойығына құрсаудың сыртқы жағын орналастырдым. Ол табан бөлігінен 8-10 см ге шығып тұруын қадағалап, бекіттім.
7. Дитерихс құрсауының сыртқы бөлігінің табан бөлігінің металл құлақшасына орналастырдым.
8. Құрсаудың ішкі жақ бөлігінің сынған жақтың шап маңайына орналыстырып, табан жағына металл құлақшаларын бекіттім.
9. Шығып тұрған сүйектер астына мақтадан жасалған валик салдым.
Есте сақтау: Тізе буыны бұзылысын алдын алу мақсатында, қосымша Крамер құрсауын қолданған дұрыс. Бұны сынған аймақтың артқы бөлігіне орналастырады. Құрсауды қолтық асты маңдайынан ауру бөлігіне, сау аяқты иық маңайына белдікпен бекіту керек. Жіппен айналдырғыш таяқшаны бекіту керек. Айналдырғыш таяқшаны шап және қолтық асты маңайына тірелгенше айналдыру керек. Айналдырғыш таяқшаны сыртқы құрсаудың шығынқы жеріне бекіту. Құрсауды бинтпен спираль тәрізді байламмен, балтыр маңайынан және жамбас - бөксе буынынан бекіту.
Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі: Иық сүйектерінің сынығы.
Құралдар: сатылы Крамер құрсауы; 2 бинт, мақта, косынка, қайшы.
Ескертулер: Шинаны салған кезде сынықтан жоғары және төмен екі буын бекітіледі.
Іс- әрекетінің алгоритмі:
1. Науқасты өзіне қаратып отырғызып, тыныштандырдым.
2. Болып жатқан манипуляцияны түсіндірдім.
3. Үстіндегі киімін қиып, жарақаттанған аймақты жалаңаштандырдым.
4. Жарақат аймағын тексеріп, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткіздім.
5. Сатылы Крамер құрсауын таңдадым: ұзындығы 80 см, ені 8 см.
6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекіттім.
7. Құрсауды саусақ ұшынан шынтақ буынына дейін науқастың сау жағына салып өлшеп алдым.
8. Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүктім (90º);
9. Құрсауға сау қолды, иықты салып құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағаладым.
10. Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасап алдым. Дайын құрсауға қол мен иықты салдым.
11. Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан иық буынына дейін бекіттім.
12. Жақсылап бекіту үшін косынкалы байлам салдым.
Ескертулер: Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөнгелек валик салу, қолға мақтадан, дәкеден немесе бинттен валик жасап, салу қажет. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қою керек.
3. Жаралыға алғашқы мед көмек
1. Ауырсынуын басу үшін анальгетиктер ектім.
2. Қанын тоқтаттым.
3. Жараның айналасын спиртпен 2 рет дезинфекциялап, бос жатқан бөтен заттарын алып, антисептикалық дәрілермен жудым (егер стерильді жағдай «таза» жараны таңу кабинетінде болса). Егер жарада қатты, тығыз тұрған бөгде зат болса, оларды суырып алуға болмайды. Жараның бетіне май, ұнтақ дәрі, мақта салуға болмайды. Жараны стерильді салфеткамен жауып, таңдым.
4. Иммобилизация - жараланған мүшені қозғалтпайтындай қылып, шина таңып бекіттім.
5. Дәрігерге жолдадым. Жағдайы ауыр болса, зембілге салып ауруханаға жеткізу.
4. Күйік, үсу, электрозақымдар кезінде жедел мед көмек
Күйік кезінде жедел мед көмек
а) Күйдіруші фактордың әсерін тоқтаттым.
ә) Анальгетик бердім ауырсынуын басу үшін.
б) Күйік жараның айналасын дезинфекциялап, стерильді салфеткамен жаптым.
в) Сіреспенің алдын алу, шоққа қарсы терапия жасадым.
г) Иммобилизация жасап, ауруханаға тасымалдадым.
Химиялық күйік кезінде яғни, химиялық қышқыл, сілті және тағы басқа химиялық қоспалардың әсерінен болған күйікте алғашқы мед.көмек:
- Сол бойда судың қатты ағынымен химиялық ерітіндіні шайып жіберу керек, күйген орынды стерильді салфеткамен жауып таңып, анальгетик беріп дәрігерге көрсетеді.
- Жарылғыш заттар түскен жерін ойып күйдіреді, түгел жанып болғанша, сол жер үлкен ойық жараға айналуы мүмкін. Сондықтан ол затты пинцетпен, мақтамен не таяқпен түсіріп жіберу керек. Орнын сумен шайып не суға батырып пинцетпен қалдықтарын алып тастайды. Анальгетик беріп, стерильді салфеткамен жауып, дәрігерге көрсету қажет.
Үсу кезінде жедел мед көмек
Үсіген адам қабылдауға келсе, үсіген жарасының айналасын сүртіп, салфеткамен жауып, анальгетик дәрі беріп, дәрігерге жібереді.
Жалпы тоңу болса: егер пациенттің санасы болмаса, оны жылы жерге кіргізіп, үстіндегі мұздай киімін шешіп, қалың етіп жауып жылындырады.Тамырға 45 градусқа дейін жылытылған физиологиялық ерітінді тамшылатып, оттегі иіскетеді. Ірі қан тамырлары бойына жылытқыштар қояды. Ысқылап жылытуға болмайды. Өздігінен жылынып, А/Қ, пульсі, тынысы, санасы қалпына келгенше реанимация бөлімінде емдейді. Жүрек-тамыр дәрілерін, тынысын жақсартатын дәрілер беріп, барлық органдарының функциясын тексеру үшін анализдер алады.
Егер пациенттің санасы болса, жылы жерге кіргізіп, қол-аяқтарын жылы суға батырып, немесе өзін жылы ваннаға салып, судың температурасын 25-тен 45 -55градусқа дейін көтеріп, уқалап жылытуға болады. Ыссы тамақ, шай, кофе беруге болады. Дәрігерге жеткізеді.
Электрозақымдар кезінде жедел мед көмек
- Ток соққан адамды, не қолында ток өтіп жатқан сымы бар құлап жатқан адамды токтың әсерінен құтқару үшін қолға резин таяқ, резин қолғап немесе резин етік киіп немесе құрғақ ағаш таяқ сияқты ток өткізбейтін заттар алып токтың сымын немесе адамды ығыстырып, токтан ажырату керек.
- Жараққаттанған адамды тегіс жерге жатқызып, жүрегіне сырттай массаж жасап, жасанды дем береді. Жүрек-тамыр дәрілерін беріп пациентті реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
- Егер электр тогы соққан адамда жалпы белгісі болмай, тек 3-4 д. күйік болса, күйігін стерильді салфеткамен жауып таңып, ауруханаға жеткізеді.
- Электр тогынын әсеріне ұшыраған кез келген адамды дәрігерге көрсету үшін ауруханаға жеткізу қажет! «Жалған өлім» жағдайындағы науқасты топыраққа көмуге болмайды!
Білім алушының қолы ________________
2023__ ж. "2" Қаңтар
_____________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)
2023__ ж. "2" Қаңтар
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
__________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
_________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
_2023_ж. "2" Қаңтар
3.