Файл: Жалпы хирургия пнінен ндірістік тжірибеден ту кнделігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 1257

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы: Сағымова Гүлзада Сағымқызы _____________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Қан тобы мен резус факторды анықтадым



8:30



10:00




2.

Донор мен рецепиент қандарының сәйкестігін анықтадым

10:00



11:30




3.

Қан құйылғаннан кейін науқасқа күтім жасауды үйрендім

11:30



12:40




4.

Гемотрансфузиялық шокта жедел көмек көрсеттім

12:40

13:40




      1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
Қан тобы мен резус факторды анықтау
Қан тобын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі


Көрсетілімі: қан тобын анықтау.

Құрал-жабдықтары: анти-АВ, анти-В, анти-А цоликлондары, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғаптар,3-минуттық құм сағат.

Техникасы:

1. Планшеттің әр ойығына солдан оңға қарай анти-АВ, анти-В, анти-А цоликлондарынан 1 үлкен тамшы тамыздым.
2. Оған зерттелетін қанның 10 есе кіші тамшысын қостым.
3. Әр тамшыны бөлек шыны таяқшамен араластырып, планшетті қолға алып, 3 минуттай шайқадым.
Нәтижесі: егер барлық тамшыда да агглютинация реакциясы болмаса, қан О (І) топтыкі, егер агглютинация 1-ші тамшыда (анти-АВ) және 3-ші тамшыда (анти-А цоликлондарымен) болса, қан А(ІІ) топтыкі, егер агглютинация реакциясы 1-ші тамшыда (анти –АВ) және 2-ші тамшыда (анти-В) болса, қан В(ІІІ) топтыкі. Егер агглютинация реакциясы барлық тамшыда да болса, қан ІV топтыкі болғаны.
Қанның резус-факторын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі:
қанның резус-факторы оң не теріс екенін анықтау.
Құралдары: анти-D супер цоликлоны, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғап,3-минуттық құм сағат.
Техникасы:
1. Планшетке (тегіс жазық бетке, шыны бетіне) анти-D супер цоликлонының бір ірі тамшысын тамыздым.
2. Оның үстіне зерттелетін қанның немесе эритроциттің бір тамшысын тамыздым. Тамшыларды шыны таяқшамен араластырдым.
Нәтижесі: мөлдір сұйық тамшысының ішінде көзге көрініп тұрған ірі қиыршықтар агглютинация жүргенін, яғни қанның резус-факторы оң мәнді екенін көрсетеді. Егер тамшы біртекті түсте болып, тұнба тұрмаса, бұл агглютинацияның болмағанын, яғни қанның резус-теріс мәнді екенін білдіреді.
2. Донор мен реципиент қандарының сәйкестігін анықтау

Донор мен реципипент қандарының топ сәйкестігін анықтау іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсетілімі: Донор мен реципипент қандарының топ сәйкестігін анықтау
Құралдары:
донор қаны, реципиент қаны, Петри шыны аяғы, шыны таяқшалар.
Техникасы:
1. Петри шыны аяғына реципиент сарысуынан үлкен тамшы және донор қанынан кішкентай тамшы тамыздым.
2. Шыны таяқшалармен араластырдым.
3. Нәтижесі 15-25°С температурада 10 минуттен соң байқалады: егер тамшыда агглютинация болмаса, донор мен реципиент қаны АВО-жүйесі (тобы) бойынша сәйкес болғаны. Агглютинация болса, қандары топ бойынша сәйкеспейтінін көрсетеді.

Донор мен реципипент қандарының резус сәйкестігін анықтау іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі:
донор мен реципипент қандарының резус сәйкестігін анықтау
Құралдары: донордың эритроциті, реципиент қаны, Петри шыны аяғы, шыны таяқшалар, ыдыстағы жылы су.
Техникасы:
1. Петри шыны аяғына ( немесе пробирканың түбіне) 2 тамшы реципиент сарысуын, бір тамшы донор қанын немесе эритроцитін тамыздым.
2. Шыны аяқты 46-48ºC жылы судың бетіне қалқытып қойдым. 10 минуттан кейін нәтижесін қарадым.
Нәтижесі: Петри шыны аяғындағы тамшы біртекті түске боялған болса, агглютинация болмағаны, реципиент пен донор қандары яғни, резус-фактор жөнінен сәйкес келгені. Агглютинация болса, донор мен реципиент қандары резус-фактор бойынша сәйкеспейді.



Донор мен реципипент қандарының биологиялық сәйкестігін анықтау іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі:
донор мен реципипент қандарының биологиялық сәйкестігін анықтау
Құралдары: донор қаны, қан құю системасы, тонометр.
Техникасы:
1. Қан құяр алдында науқастың А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп алдым.
2. Гемотрансфузияның басында әуелі 10-15 мл қанды ағызып құйдым.
3. Содан соң системаны жауып, 5 минут үзіліс жасап, науқастың А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп, шағымдарын сұрадым.
4. Тағы да 10-15 мл қанды ағызып құйып, 5 минут үзіліс жасап, жағдайын бақыладым. Осылай 3 рет қайталадым. Егер науқас жағдайында өзгеріс болмаса, құйылатын қан реципиент қанына биологиялық сәйкес болғаны.
5. Қанның қалған мөлшерін тамшылатып құюды жалғастырдым.
3. Қан құйылғаннан кейін науқастың күтімі

Көрсетілімі: науқаста қан құю асқынуларының алдын алу.
Құралдары: тонометр, градусник, судно.

Техникасы:
1. Науқасқа 2 сағат қатаң төсек режимі тағайындадым.
2. А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп тұрдым.
3. Әр сағат сайын 3 сағат бойы қызуын өлшеп отырдым.
4. Зәрдің 2 порциясын жинап алып, түр-түсін дәрігерге көрсеттім.
5. Жалпы қан және зәр анализін алдым.
6. Жалпы бақылау 3 күнге созылады.
4. Гемотрансфузиялық шокта жедел көмек
Көрсетілімі: гемотрансфузиялық шок кезінде жедел медициналық көмек көрсету.
Құралдары: промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл, стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0.
Техникасы:
1. Системаны жауып, қан құюды тоқтаттым.
2. Тамырдан инені суырмастан промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл дәрігер нұсқауы бойынша ектім.
3. Шокқа қарсы сұйықтар-стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0, к/т жүрек-тамыр дәрілері егіледі. Клиникалық өлім болса, реанимация шараларын жасайды. Реанимация бөлімшесіне аударады.
Білім алушының қолы ________________

      2023 ж. "3" Қаңтар

      _____________________________________________________________

      (кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

      2023 ж. "3" Қаңтар

     2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
      ____________________________________________________________

      3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

      _____________________________________________________________

      Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы


      ____________________________________

      2023ж. "3"Қаңтар

4.

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы : Сағымқызы Гүлзада Сағымқызы

_____________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Жергілікті анестезия құралдарын дайындадым



8:30



13:40




     
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
Жергілікті анестезия құралдарын дайындау

Көрсетілімі: Пациентті жергілікті анестезияға дайындау.

  1. Пациентті зерттедім, жансыздандыру өткізетін тұстағы тері аймақтарын зерттедім.

  2. Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексердім.

  3. Аллергиялық аурулар, әсіресе анестетиктерге аллергия бар-жоғын анықтап алдым.

Инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі
Көрсетілімі:
инфильтрациялық анестезия құралдарын дайындап, дәрігерге көмектесу.
Құрал-жабдықтары: 0,25 % новокоин ерітіндісі- 200-300 мл, немесе 0,5% новокоин ерітіндісі-250 мл, 5-10 гр шприц, спирт, пинцет, шариктер, лоток.
Техникасы:
1. 5 мл (10 мл) шприцке новокоин ерітіндісін толтырдым.
2. теріні спиртпен 2 рет сүртттім.
3. дәрігер новокаин ерітіндісін теріге, тері астына біртіндеп енгізіп болған соң сол орынды тағы да 2 рет спиртпен сүрттім.
4. дәрігердің нұсқауы бойынша шприцке анестетик толтырып беріп тұрдым.
5. манипуляция (іріңдікті тілу) аяқталған соң, жараны жуып, таңғышын бекіттім.
Білім алушының қолы ________________

      2023 ж. "4" Қаңтар

      _____________________________________________________________

      (кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

      2023 ж. "4" Қаңтар

     2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары


      ____________________________________________________________

      3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

      ________________________________________________________________________________

      Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

      ____________________________________

      2023ж. "4"Қаңтар

5

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

Білім алушы : Сағымова Гүлзада Сағымқызы

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Құрсақ қуысы мен мүшелерінің жарақаттары мен хирургиялық аурулары



8:30



11:00




1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы

1. Құрсақ қуысы мен мүшелерінің жарақаттары мен хирургиялық аурулары

Құрсақ қуысы мен мүшелерінің жарақаттары мен хирургиялық аурулары кезіндегі күтімді, манипуляцияларды жасап үйрендім.

2. Іш жарақаты, шек түйнелу, іш жарықтары кезінде жедел көмек

Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.

Құрал-жабдықтары: аналгетиктер, мұзды мұйық, стерильді таңу материалдары.

Техникасы:

1. Пациентті төсекке шалқасынан жатқыздым, басына көпшік қойып, тізелері сәл бүгулі болуы тиіс.

2. Егер пациентте «іш бүлігі» белгілері болмаса, анальгетик (баралгин 5,0 б/е) егу керек және ішіне мұзды мұйық басады.

3. Егер пациентте «іш бүлігі» белгілері болса, анальгетиктер егуге болмайды, ішіне мұзды мұйық басады, аштық диета тағайындайды, ауруханаға салады.

4. Егер пациенттің іш қуысына тесіп өткен жарақат болса және жарадан іш қуысының органдары шығып тұрса, оларды іш қуысына кері салуға болмайды, оларды стерильді ылғал таңғышпен жауып, қалың етіп қымтап қояды және пациентке анальгетик егеді.

5. Егер пациентте іш қуысына қан кету белгілері болса, ішіне мұзды мұйық басып, гемостаздық дәрілер егеді.