Файл: Жалпы хирургия пнінен ндірістік тжірибеден ту кнделігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 1256

Скачиваний: 51

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


8. Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастаңыз, егер шок қауіп бар болса.

9. Пайдаланған материалдарды лотокқа тастадым.

10. Пациентті ауруханаға жеткізу қажет.

Білім алушының қолы ________________

2023 ж. "5" Қаңтар

_______________________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

2023 ж. "5" Қаңтар

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

_______________________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

_______________________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

2023ж. "5"Қаңтар

6

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы : Сағымова Гүлзада Сағымқызы

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Бас,ми,мойын зақымдары кезінде алғашқы көмек көрсеттім

8:30



10:00




2.

Бас,ми,мойын зақымдары бар пациенттерге күтім жасадым

10:00



11:00




3.

Мейіргерлік үдерісті үйрендім

11:00



12:00




4.

Трахеостомиялық түтікке күтім жасадым

12:00

13:40




      1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
1. Бас, ми, мойын зақымдары кезінде алғашқы көмек

Мақсаты: бас зақымын алған пациентке көмек көрсету.

Көрсетілімі: бас сүйек пен мидың жабық зақымы ( ми шайқалуы, соғылуы, қысылуы), бас сүйек күмбезінің сынуы, бастың негізгі сүйегінің сынуы.

Құрал-жабдықтары:
50% анальгин 2,0 мл, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, Шанц шинасы.

Техникасы:

1. Пациенттің жағдайын бағалап, тыныштандырып, манипуляция ретін түсіндірдім.

2. 50% анальгин 2,0 мл. б/е енгіздім.

3. Басы мен мойынын Шанц шинасымен немесе жұмсақ «дөңгелекпен» бекіттім.

4. Егер басында жара болса, қолымды жуып, резин қолғап кидім де бас жарасын өңдедім.

5. Басына мұзды мұйық бастым.

6. Егер санасы болмаса, тілі ығысқаннан және/немесе құсықтан асфиксия болмас үшін бір қырына қаратып (восстановительное положение) жатқыздым.

7. А/Қ мен пульсін тексеріп отырдым.

8. Нейрохирургия бөлімшесіне немесе хирургия бөлімшесіне жеткіздім.

2. Бас, ми, мойын зақымдары бар пациенттерге күтім жасау

Мақсаты: асқынулардың алдын алу, пациенттің жағдайын жеңілдету.


Көрсетілімі: бас сүйек пен мидың жабық зақымы ( ми шайқалуы, соғылуы, қысылуы), бас сүйек күмбезінің сынуы, бастың негізгі сүйегінің сынуы, трахеостома салынған пациент, өңеш күйіктері.

Құрал-жабдықтары: 50% анальгин 2,0 мл, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, Шанц шинасы.

Техникасы:

1. Бас зақымдары кезінде наркотикалық дәрілер тағайындалмайды /тыныс орталығы тежелуі мүмкін /.

2. Құрысып тырысу кезінде пациентке толық тыныштық беріп, құрысуға қарсы дәрілер мен спазмолитиктер береді.

3. Басы ауырып жатса, анальгин, баралгин, ұйқысы қашса- ұйқтатын дәрілер береді.

4. Дегидратациялық терапия үшін глюкозаның, магний сульфатының гипертониялық ерітінділері, диуретиктер тағайындалады.

5. Люмбальды пункция жасалғаннан кейін пациентке бір тәулік бойы қатаң төсек режимі тағайындалады.

6. Пациент өздігінен тамақ іше алмаса, оны зонд арқылы және парентералді түрде тамақтандырады.

7. Егер пациентке операция жасалған болса, оның операция жарасындағы таңғышты қадағалап, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелерінің жұмысын бақылап отырады.

3. Мейіргерлік үдерісті үйрену

Бас, ми, мойын зақымдары кезіндегі мейіргерлік үдерісті жасап үйрендім.

4. Трахеостомиялық түтікке күтім жасау

Мақсаты: трахеостомиялық түтіктің өткізгіштігін қамтамасыз ету, пациенттің жағдайын жеңілдету.

Көрсетілімі: көмекей ісігі.

Құрал-жабдықтары: трахеостомиялық түтік, стерильді таңу материалы, электроотсос, антибиотиктер, муколитиктер, ферменттер (трипсин, химотрипсин).

Техникасы:

1.Трахеядан шығып жатқан бөлінділер таңғышты ластамас үшін түтік астына шалбар тәрізді қиылған салфетка төсейді, оны ластанған кезде ауыстырып тұрады.

2.Трахеостомиялық түтіктің ішкі қуысын күніне бірнеше рет бөлінділерден(секреттен, іріңнен) тазалап тұрады, антибиотик, муколитик немесе ферменттер тамызады.

3.Трахеостоманы фурацилин ертінідісіне малынған салфеткамен жауып қояды және ол құрғаса, ылғалдыға алмастырады.

4.Күніне бірнеше рет түтік ішіне салынған катетер арқылы электроотсос көмегімен трахеядан кілегей сұйық пен іріңді сұйықты сорып тазалайды. Көмекей ісігі қайтқан кезде және түтікті алып тастаған соң орнындағы тігілген жараны таңып тұрады.


Білім алушының қолы ________________

      2023 ж. "6" Қаңтар

      _______________________________________________________________________________

      (кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

      2023 ж. "6" Қаңтар

     2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

      _______________________________________________________________________________       3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

      _______________________________________________________________________________

           Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

      _____________________________

      2023ж. "6" Қаңтар

7.

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы : Сағымова Гүлзада Сағымқызы

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Кеуде қуысы органдарының хирургиялық аурулары мен зақымдары бар пациенттерге дәрігерге дейінгі көмек көрсеттім

8:30



11:00




2.

Мейіргерлік үдерісті үйрендім

11:00

12:00




3

САВ жүйесі бойынша реанимация шараларын ересектерге, балаларға,сәбилерге жасап үйрендім

12:00



13:00





4

Реанимация тиімділігін бақыладым

13:00



14:00





      1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
1. Кеуде қуысы органдарының хирургиялық аурулары мен зақымдары бар пациенттерге дәрігерге дейінгі көмек


Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.

Құрал-жабдықтар: герметикалық таңғыш, аналгетиктер, стерильді таңу материалы.

Техникасы:

1. Кеудені тесіп өткен жараны сол бойда алақанмен жауып, айналасын спиртпен өңдеп, герметикалық таңғыш салдым.

2. Пациентті шалқайтып отырғыздым.

3. Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастадым, егер шок қауіп бар болса.

4. Баралгин 5,0 б/е.

5. Пайдаланған материалдарды лотокқа салдым (Б класына).

6. Пациентті ауруханаға жедел түрде жеткіздім.

2. Мейіргерлік үдерісті үйрену

Кеуде қуысы мен кеуде қуысы органдарының зақымдары мен аурулары кезіндегі күтім

Мақсаты: пациенттің жағдайын жеңілдету, тыныс асқынуларының алдын алу.

Құрал-жабдықтар: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, таңу материалы, дренаждар.

Техникасы:

1. Пациенттің кереуеттегі жағдайы шалқайтып отырғызылған болуы керек.

2. Кеуде қуысына жасалған операциядан соң плевра қуысына сұйық пен ауаны эвакуциялау үшін дренаж түтіктер жүйесін орнатады. Дренаждың герметикалығы бұзылса, пневмоторакс және өкпе коллапсы болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер дренажды ауыстырып, плевра қуысына жиналған ауаны, сұйықты шығарып, өкпенің керілуіне жағдай жасайды.

3. Егер дренаждан жаңа қан кетіп көп мөлшерде жатса, /сағатына 50 мл-ден көп/, медбике дәрігерге тез хабарлауы тиіс.

4. Операциядан кейінгі пневмонияның, сондай-ақ тромбоз бен эмболияның алдын алу үшін операциядан кейінгі пациенттердің белсенді қимылдауын бақылау керек. Оларға қақырығын түсіруді үйретіп, операциядан кейінгі күндері төсекте отыруға рұқсат етеді.

5. Дренаж түтіктерін операциядан кейінгі күндері дәрігер алып тастайды да пациентке тұрып жүруге рұқсат етеді.

6.Дәрігер тағайындауы бойынша пациенттыныс гимнастикасымен айналысады, жалпы жаттығулар жасайды.

1. САВ жүйесі бойынша реанимация шараларын ересектерге, балаларға, сәбилерге жасау

Құлап жатқан адамды көрген кезде құтқаруш (біз) оның айналасында өзіне қауіп жоқ па деп бексереді. Санасын тексеру үшін иығынан қағып атын дауыстап атайды. Санасы жоқ болса, 103 шақырады. Екі сұқ саусақпен өз жағынан пациенттің мойын бұлшық етінің ішкі жағынан немесе трахеяның жанынан ұйқы артериясын басып, пульсін тексереді. Егер пульсі жоқ болса, бұл-асистолия. Тынысын тексеру үшін құтқарушы басын пациенттің кеуде тұсына жақындатып, кеуденің тыныс алғандағы қимылы бар-жоғын тексереді.Тынысы жоқтығы-апноэ. Бұл клиникалық өлім. Клиникалық өлім диагнозы қойылғаннан кейін, пациентті тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызып, қысып тұрған киімін, белбеуін босатамыз, ауыз қуысын құсықтан, протезден, бөгде заттан тазалаймыз, аяқтарын 30-40° -қа көтеріп қоямыз.