ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 181
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуіне жаратылыстану пәнінің білім мазмұны мен оны оқытудағы мұғалімнің тиімді әдіс- тәсілдері негіз болары сөзсіз.
3. Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (жаңартылған мазмұн бойынша).
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде “дүниетану” пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады.”Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал “Дүниетану”пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады
Билет № 24
-
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың ерекшелігі.
Ежелден ой ұшқырлығын, зеректігін бағалаған халқымыздың ғасырлар бойы жиып, көздің қарашығындай сақтап келген асыл мұрасы - сөз өнері ұлтымыздың өрісі, мәртебесі, тұрмыс - салты мен мінез - құлқының көрінісі іспеттес. Жас ұрпақты ұлттық сана - сезім рухында тәрбиелеуде ана әлдиімен даритын ана тілін дамытуда, ауызекі шешен сөйлеуге үйретуде, сөз өнеріне баулуда - сөздің алар орны зор. «Сөз қадірім, өз қадірім» - деп, кеңдігін де, елдігін де бір сөзге сыйғыза білген халқымыздың асыл қазынасының бірі, қадірлі - інжу маржаны - шешендік сөздер.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал - тәсілдерді қарым - қатынас мақсатына сай қолдана білу - жалпы мәдениетке қойылатын аса қажетті шаралар. Осы шарттарға жауап беретін сөз – шешендікке ұласады. Тегінде сөз өнерінің шеберлері қоғамдық өмірде болып жататын әр тарапты өзгерістерді, құбылыстарды, адамдардың мінез әрекетіндегі жағымды - жағымсыз көріністерді, елдің тұрмысында ұшырасатын жағдайларды кезінде көрегендікпен байқап шешендік сөзбен жақсылық пен татулыққа меңзеуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке еңбекқорлыққа тәрбиелеуге ықпал жасаған. Шешен билер сөз өнері арқылы дарынды, талантты жастарды сөз өнеріне ынталандырып баулып отырған.
Шешендік сөздер адамзат өркениеті тудырған рухани - мәдени құндылықтардың бірегейі.
Шешендік өнерді меңгертудің басты бір әдісі - оқушылар алдында түрлі проблемалық жағдайлар қойып, соның шешімін тапқызу, тіл арқылы білдіру, онда да тілін әсерлі де дұрыс, дәл, орынды болуын қажет ету. Сондықтан да әдістер жүйесін іріктеуде проблема - лық әдістер жүйесін танымдық, ізденімпаздық тұрғыдан қалыптастырып, дамытатын әдістер ретінде қарастырудың маңызы ерекше. Проблемалық жағдайды шешу кезінде оқушылар өзіне сенімді болады, қызығушылығы артады, білімге деген көзқарасы өзгеше сипат алады. Сабақта шешендік сөздердің астарын талдау, дауды шешу, шешендік сөздерді ары қарай жалғастыру, образға ену, мәнерлеп айту, шешендік сөздерді толықтыру, топта талқылау, пікір айту, ой қорыту тағы басқа әдіс - тәсілдерді проблема қоя отырып тиімді қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығыушылығын арттырады.
Оқушыларды шешендік өнерге бейімдеуде монолог әдісі, пайымдау әдісі, эвристикалық әдіс, репродуктивті әдіс, диалог әдістері кеңінен қолданылады. Осындай әдіс - тәсілдердің арқасында оқушының бойында белсенді оқу әрекеттері қалыптасады, оқушының жеке ізденіс қабілеті дамиды, оқушының өзінің шешендік тәжірибесін жүргізу мүмкіндігі қалыптасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды, яғни дәстүрлі сабақпен салыстырғанда меңгерілетін жаңа сөздер екі есеге артады.
Оқушының жеке дара қабілеті дамиды.
- 1 2 3 4 5 6 7
Бастауыш сыныптардағы табиғат бұрышы дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қайда орналастыру керек?
Табиғат бұрышы. Мектепте әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.
Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.
Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады:
Мектепте 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, геран.
өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум.
,табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, трансденсканция, бұйра, амариллис және т.б.
-
«Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқу- материалдық базаға қойылатын талаптар.
-
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. -
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. -
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. -
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады. -
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
Билет № 28
1. Әңгімелерді оқыту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:
1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.
6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.
Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.
Мұғалім әңгімені оқығанда балалардың алдында тұруы керек. Олар оқығанда естумен қатар мұғалімнің бет пішіні мен мимикасын, ым-ишарасын да байқайтын болсын. Әрине мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпайды, дегенмен, сөйлеген сөзге қосымша ажар береді, әр түрлі сезім күйін көрсетеді.
Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң балалардың алған әсері жөнініде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. өйткені әңгімені ықыласымен тыңдаған балардың алған әсері іштеріне сақталмайды. әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Мұғалім балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды. Әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Балаларға әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту алдында балалардың зейінін аудару қажет. Оның бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен, балалардың өздерінің көргендеріне көңіл аударту (мұғалімнің айтайын деп тұрған әңгімесіне ұқсас оқиғаны естеріне түсіру) жөн. Бұдан соң балалардың біліміне қарай (мұғалімнің әңгімесінде айтылатын оқиғаға байланысты қысқаша әңгіме жүргізу) сурет немесе кітаптың ашық бояулы мұқабасын көрсету, әңгіме тақырыбын хабарлау сияқтыларды жүргізуге болады.
Әңгіме айтып тұрған кезінде мұғалім әлсін-әлсін әр балаға бір көз қиығын тастап отыруы керек. Сонда мұғалімнің олармен тікелей қарым-қатынас жасап отырғаны сезіледі. Алайда балалардың назарын аударып, оны аяғына дейін сақтау үшін, ең әсерлі құрал әңгімешінің шеберлігі болмақ. Оған лайықты тақырып таңдап алу,