Файл: Билет 1 дебиеттік оу пні бадарламасыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 185

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3. Табиғат арқылы оқушыларға жан-жақты тәрбие беру.

 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.

Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

 Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын  қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.

Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті — балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.


Билет № 20
1. Оқушы білімін тексеру, бағалаудың жолдары

Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру және бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:Ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық, сұрақ), жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру), практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу), машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау картиналарын, жұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану), өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес қою). Оқыту процесінде бақылаудың:

2. Жаратылыстану пәнін оқытудың ойын түрлері. Оқушыларды оқытудағы ойынның маңызы.







3. Дүниетану сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыс түрлері

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.



Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.


Билет № 23


  1. Бастауыш сыныпта батырлар жырын оқыту.


Қазіргі жеделдету, демократияландыру  жағдайында еліміздегі басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді  еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру болып табылады.  «Қазақ мектептері-қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады»,-деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, еліміздің еркіндік алуы, тіл саясатының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі-бүгінгі талапқа сай мамандарды әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Осыған сәйкес, қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде мамандандырылған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог мамандардың қажеттігін мойындауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын.

Оқушылардың бойында адамгершілік, батырлық, Отансүйгіштік, адалдық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттердің қалыптасуына зор ықпал ететін құрал-халық қазынасы , халық ауыз әдебиетінің бай мұралары.  Оның ішінде «батырлар жырының» орны ерекше

  1. Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнін оқыту үшін материалдық базаның маңыздылығын сипаттаңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәнін оқытудың маңыздылығы

Қазіргі кезде оқушылардан білім алу үшін  өздерінің оқу үдерісіне белсене қатысуын талап етеді. Ал ол үдеріске белсене қатысу үшін балалар қалай оқу керектігін білу керек. Яғни ұстаздар қауымы «нені үйретемін?» деген сұраққа емес, «қалай оқу керектігін  үйретемін?» деген сұраққа жауап іздеу қажет.Елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу осы талаптарға бастайтын қадам болып табылады .

Жаңартылған бағдарламаның мәні — баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Яғни, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек.Осы орайда бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнымен  бірге енгізілген жаратылыстану пәнінің алатын орны ерекше.

Жаратылыстану пәні бағдарламасыныңнегізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.   Пән  бойынша берілетін білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. Пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын, сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді. Ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға , ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауғадағдыланады. Жаратылыстану  пәнінің мақсатыбастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл пәннің артықшылығы баланың тапсырманы өздігінен ізденіп орындауы және дұрыс тұжырым жасауына бағытталуы , сондай-ақ баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын арттыру.


Баланы бастауыш сыныптан бастап мамандыққа бейімдеу — осы жаратылыстану пәнін дұрыс жүргізуден басталады.  Мектептегі  жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану – математика бағытында математика физика, география,  биология,  химия,  информатика  және  технология  пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табылады  Енді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік.  Жаратылыстану пәнінің  құзіреттілігін  арттыруда  қандай  әдіс-тәсілдерді  қолдану тиімді деген сұрақ туындайды. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңа  технология  элементтерін  сабақтың   мазмұнына  байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл факторларды  еске  алмай білім берілсе  ол  нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль атқарады.  Негізі тірек сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау  қабілеті төмен баланың ойында өткен тақырып тез  сақталады Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емеснақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше  сызбалар құрастыруға талпынады.   Жаратылыстану пәнінде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану  пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған
Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды.Осы бөлімдер бастауыш оқу кезеңінің әрбір сыныбында « жеңілден күрделіге» қағидатына негізделеді. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Жаратылыстану сабақтарын келесі түрлерге бөледі: жаңа материалды үйрену сабағы; білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалын бекіту және қайталау сабағы; білімді бақылау және есепке алу сабағы; құрамдастырылған сабақ. Сабақтың түрін таңдау сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс сабақтың барлық түрлеріне ортақ нысан болып табылады.