ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 187
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жерматериалдарын пайдаланудың маңызы мен онысабақта пайдалану мүмкіндіктері.
Оқытудың көрнекілік әдістерінің басты ерекшелігі – оларды пайдалануда негізгі ақпарат көзі ретінде сөз емес, әр түрлі объектілер, құбылыстар, техникалық және көрнекі құралдар танылады. Бұл әдістер оқытудың сөздік әдістерімен сабақтасып өте жиі қолданылады. Көрсету, иллюстрация, бақылау көрнекілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, бұл әдістердің барлығы да оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Оларға да көрнекілік принципіне қойылатындай (көрсетілетін объектілердің, құбылыстардың реттілігі, қабылдаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету) сияқты талаптар қойылады. Әдістердің бұл тобына оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар (құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық – дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар) жатады.
Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге мүмкіндік береді.
Мұғалім сабаққа дайындалғанда әдістің сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді; суреттерді қарап, ондағы керекті обьектілерді табады; баяндаудың Жоспары:ы мен конспектісін жазады, Жоспары:ды қарапайым етіп, үш-төрт тақырыпшадан асырмауға тырысады; сөздердің дұрыс айтылуын, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын Жоспары бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып құрылса және оқушыларды өзіне тартып, материал мазмұнына қызықтыра алса, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Әңгіме әдісі сурет бойынша әңгіме, оқылған тексті бойынша әңгіме, оқылатын материалдың негізінде карта бойынша әңгіме, жасалған тәжірибе желісінде әңгіме түрінде қолданылады.
Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек:
а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;
б) көрнекілік шектеулі пайдаланылуы керек және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде
көрсету керек;
в) оқушыларға көрсетілетін дүниені жақсы көре алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет; г) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсеткен жөн;
д) құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді тыңғылықты ойластыру керек;
е) көрсетілетін көнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы керек;
ж) қөрнекі құралдардан немесе көрсету қондырғыларынан ақпаратты табуға оқушылардың
өзін белсендіру.
Билет-16
1.. Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер
-
Тұжырымдамалық карта» -
Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет,кесте, ойдың түйінді идеясы салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық картаны бергенде, оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады. -
«Қар кесегі» әдісі. Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді. -
«Болжау ағашы» Оқушылар мәтіннің тақырыбымен немесе мәтінге байланыстысуреттермен таныстырып алып, мәтін не жайында деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойып, жауаптарын стикерге жаздырып ағашқа ілдіреміз немесе осы мәтін не жайында деп ойлайсыңдар соған байланысты білгілерің келген мәселе бойынша сұрақ жазып ағашқа іліңдер деп тапсырма беріп, сыни тұрғыдан ойландырып алуға да болады. Соңында мәтінді өз беттерімен оқып, өздерінің ойларын яғни болжауларын дәлелдеп ортаға салғызуға да болады. Бұл өте тиімді әдіс. -
«Түйінді сөздер» әдісі. Мұғалім жаңа тақырып ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топқа түсіндіреді.Мысалы: «Ақсақалдар», «Бала Бауыржан» және «Әке» деп бөлінген топтар сабақ соңында осы сөздердің мағынасын ашып, оқыған мәтін бойынша дәлелдеп береді. -
«Борт журналы» әдісі 5-10 минут мұғалім бүкіл аудиторияға дәріс оқиды. Оқушылар берілген уақыт ішінде өз борт журналдарын толтырады.(түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отыра. Оқушылар жұпта,сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бірінің сұрақтарына бірі жауап береді, түсінбеген жағдайларда мұғалімнен кеңес алады. Борт журналдарын талқылайды. -
*Осындай жүйелі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде оқушы бойында белсенділіктің үш деңгейі де қалыптасады. -
«Мәтінді зерттеу картасы» Берілген мәтіннен кейіпкерге сипаттама береді және олардың іс-әрекеттерін саралап, анықтап, кестеге түсіреді және дәлелдеп, тұжырым жасай алады.
-
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беру.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан дабастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра біліңіздер.
Аталмыш бағыттағы «Табиғат-сұлулықтың кәусар бұлағы», «Табиғат лебі», «Табиғатым - тағдырым» - сынды экологиялық сағат, «Жасыл әлемге саяхат» - ойын-саяхат, «Қазақстан қорықтары» - ауызша журнал, «Табиғат және Поэзия»-жыр кеші, «Табиғат тамашалары», «Таңғажайып табиғат» - экологиялық лотолар, Семей сынақ полигонына арналған «Апат аймақтары», «Ажал сепкен аждаһа» - экологиялық - танымдық сағаттар, «Туған өлкем - қандай көркем», «Табиғат - тіршіліктің құтты қоныс мекені», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі», «Қоршаған орта және «Табиғат – тіршілік бастауы», “Қоршаған ортаны қорғайық!”, «Табиғат аясы», «Табиғат әлемі», «Қоршаған орта - қорғаның», «Аралым – арым, Балқашым - бағым», «Өзендер неге өксиді?», «Арал да апат аймағы», «Қазақстан өзендері» «Қазақстан – туған өлкем», «Экологиялық құқық» тақырыптарындағы дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойын, экологиялық идеялар байқауы, талқылау, экологиялық мереке, экологиялық әңгіме, пікір алмасу, жарыссөз, брейн-ринг, экологиялық жыр кеші, пікірталас, шолу, әңгіме сияқты шаралар, осы орайда дайындалған тақырыптық папкалар, кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер қолданушылардың туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімдерін кеңейту мен экологиялық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,, табиғатты қорғай білуге тәрбиелейді. Бұл жұмыстармен шектелмей, «Экология сақшысы», «Мөлдір бұлақ»сияқты үйірме жұмыстарын да жандандыра аласыздар.
Қоршаған ортаны қорғауды насихатау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруды кең танымал етуде мол түсінік беретін қағаздағы және электронды тасымалдалдаушылардағы ақпараттар мен Интернет қызметін де ұсына, бастауыш сынып оқушыларының туған өлке, оның байлығы мен алуан түрлі табиғаты турасында білімдерін кеңейте түсесіздер.
3 . Дүниетану сабақтарында өлкетануматериалдарын пайдалану жолдары.
Өлкетану негізінде оқушыларда экологиялық тәрбие беру олардың дүниетанымын кеңейтеді, табиғи ортаға бақылау жасауды үйретеді, табиғат заңдылықтарын қатаң сақтауды ескертеді және туған өлке табиғатын сүюді, оны қорғауды – Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастырады. Экологиялық білімге оқушылардың ақыл-ойы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтардың проблемасы жатады. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.
Билет № 19
1. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың тиімді жолдары
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлікойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар т.б. жатады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
2. Табиғаттану идеялары мен ұғымдарын қалыптастыру. Жаратылыстану ұғымдарының қалыптасуы.
Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуымен қатар (XVІІ-XVІІІ) жаңа философияның да қалыптасуы басталды. ... В.И. Лениннің электрондардың таусылмастығы туралы идеясы қазіргі физиканың дамуында үлкен жол көрсетті. ... Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Табиғаттану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен
біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат
қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол — табиғат, табиғат
заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы
мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.
Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Табиғаттану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы
отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру
жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние —
қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі
мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.