Файл: Билет 1 дебиеттік оу пні бадарламасыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 184

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. А.Я.Гердтің дүниетану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:

А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді. Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.


Билет №5

1.Халқымыздың бай ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз қалдырған мұраларға сүйеніп, балдырғандардың еңбекке, өнер-білімге деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне, рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін бала  тәрбиесіне арқау етіп, өнеге көрсетудің маңызы зор.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ауыз әдебиетіндегі өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер, тиым сөздер, санамақтар әр тәрбиешінің жұмысында негізгі орын алуы тиіс. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлылығына, сана – сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді.

2. Білім берудің ақпараттық технологиялары жаратылыстану туралы білімді жалпылап, нақтылап, жүйелеп қана қоймай, оқушылардың осы пәнді оқуға деген ынтасын арттыратын оқыту жүйесін құруға көмектеседі.

Білім беру ақпараттық технологияларын қолданудың маңызды мақсаттары-оқушылардың ынтасын арттыру, оқу процесін автоматтандыру, оқушылардың шығармашылық ойларын дамыту.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы болжанып отыр:

  • Білім алушының тұлғасын дамыту, оны заманауи ақпараттық қоғам жағдайында өз бетінше өнімді іс-әрекетке дайындау: ойлауды дамыту, эстетикалық тәрбие, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау немесе нұсқаларды ұсыну білігін қалыптастыру, эксперименттік-зерттеу қызметін жүзеге асыру білігін дамыту.

  • Қазіргі қоғамның ақпараттандырылуына байланысты әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру.

  • Үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі білім беру процесін қарқындату:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) мүмкіндіктерін іске асыру есебінен білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру);

  • АКТ-ны пайдалана отырып, танымдық іс-әрекетті жандандыру;

  • АКТ пайдалану есебінен пәнаралық байланыстарды тереңдету;

  • Желілік технологияларды пайдалану негізінде ашық білім беру идеяларын іске асыру

  • Ресурстар: компьютермен, проектормен жабдықталған кабинеттің болуы, интернетке қолжетімділік [14.8].

3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене

отырып бастауыш сыныпта

Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқыпүйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.

. Билет №6

  1. Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады (Алпамыс, Қобыланды т.б.). Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.

  2. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.

  3. практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.


Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.

Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі “Дүниетану” пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.

Билет № 9

1. Бастауыш сыныпта ертегілер мен аңыздарды оқыту

Ертегі - бұл баланы таңғажайып  оқиғалармен,  өзгерістермен және  кейіпкерлермен қызықтыратын  сиқырлы  және қызықты  әлем. Мектепке дейінгі уақытта, мектептің  алғашқы  сатысы  бастауыш  буындабалалардың ойлау, есту, сөйлеу, көру, 

есте сақтау қабілеттерін дамытуда  ертегілердің  алатын орын ерекше.  Балаларды тәрбиелеудегі ертегілердің рөлі зор. Біріншіден, ол баланың  қиялын  дамытады, армандауға үйретеді. Сондай-ақ  баланың  дұрыс сөйлеуін дамытады. Тәрбиелік жағынан қарастырсақ  ертегі баланы  жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйретеді.Осы орайда бастауыш мектеп бағдарламасында ертегілерді оқуға үлкен мән беріледі. 1-сыныптың «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарында, 2-сыныптағы «Әдебиеттік оқу» пәнінде түрлі ертегілер оқуға қарастырылған. Ол ертегілер: 1) жан-жануарлар туралы еретгілер, 2) қиял-ғажайып ертегілер, 3) тұрмыс салт ертегілері деп бөлінеді.   А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Ертегінің қадірі қанша?, -деп сұрағанда керегіне қарай жауап беріледі. Ертегінің  керек орындары: 1. Халықтың  ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ . Олай болса, ертегі тіл жағынан  керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі  баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге  керегі бар нәрсе, Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3.Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты  жағынан керек  болуымен керегі бар нәрсе»- деп, ертегінің баға жетпес маңызын айырықша айтады. 

Оқушыларға ең  тиімдісі ертегіні сахналап көрсету.

        Сахналау ертегі кейіпкерінің  жағымды немесе жағымсыз образ екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сахналау кезінде кейіпкердің дауысын салып  сөйлеу арқылы  оқушылар дауыстың, интонацияның  көмегімен қорқыныш, таңғалу, қуаныш , қайғыру сияқты   эмоцияларды көрсете білуге дағдыланады.Кейін оқылым кезінде де осы эмоцияны беруге тырысады.    Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау, сахналау  арқылы балалардың  есте сақтау қабілеттерін дамиды. Ертегі арқылы балалар қайсарлыққа, мейрімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, жақсылық жасауға үйренеді


      Бастауыш сынып баласы өте әсершіл келеді. Ертегіде кейіпкермен бірге қайғырады, бірге қуанады.Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктеп өседі. Өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығаруға тырысады. Оқулықта кейбір ертегілердің   бастапқы  бөлігі ғана беріледі, яғни ертегі  аяқталмай  қалдырылады. Аталған тапсырмалар  түрі  баланың қиялын, айтылым дағдысын , сөйлеу тілін, шығармашылығын дамыту мақсатымен   беріледі. Осы сияқты   «Ертегіні өз қиялыңмен аяқта», «Ары қарай не болуы мүмкін?», «Ертегіге өзің тағы қандай кейіпкер қосар едің, оқиғаны ары қарай өрбітіп көр» деген  тапсырмаларды балалар қызыға орындайды.

Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі,қамқорлығы,халық намысын қорғауы,сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып,ұрпақтан қрпаққа жеткен.Олардың өмірлеріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіресе қиялдаукөп кездеспейді.Уақиға желісі күнделікті қарапайым өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құралады. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы,Жиренше шешен,Алдар көсе,Қожанасыр,Қорқыт,т.б-бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты,жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатираменг ажуалап сынау арқылы жас жеткіншектерді жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға мақсат тұтады.

2. Жаратылыстану ғылымдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің әдіснамалық негіздері, оның басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.

Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде ― жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні негізінен үш блокты: «адам», «табиғат»,«қоғам» ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады. Яғни ―өмір әліппесі болып саналған ― «жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.

Пәннің мақсаты қоршаған орта туралы ғылыми білімді үйрету. Пән оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, оқу-танымдық қызметке шешуші құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұны жаратылыстану пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, қағидалары мен әдістерін, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырады.