Файл: Г222,9222 топ студенттеріні атааналарына ткізілген жиналыстын хаттамасы топ жетекшісі Г. М. Дегенбаева Таырыбы Туелсіздік тыры биік болсын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 118

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Біз бүгін сабағымызда бойымыздағы бар білімізді ортаға салып, «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Бейнебаян: Қазақтың салт-дәстүрлері Асықтар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

1-топ. «Наурыз»

2-топ. «Аманат»

3-топ. «Бәсіре»

4-топ. «Қыз қуу»

Топ басшысы топтың атын таныстырады.

1-топ. «Наурыз» мереке. Наурыз айы, Наурыз тойы, Наурыз көже, Наурыз жыры, Наурыз бата, Наурыз жұмбақ, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша.

2-топ. «Аманат» дәстүр. «Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама». Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттар. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат-аман сақтайды» - дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінеді.

3-топ. «Бәсіре» дәстүр. «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым». Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді.

4-топ. «Қыз қуу» ұлттық ойын. «Тойда ат шабу, балуан күресу, қыз қуу сияқты ұлт ойындары болады». «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.

І. «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» кезеңі Ал балалар қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?

1-топ. 1. Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді.

2. Адамға қол шошайту әдепсіздік болып саналады.

3. Саусақты,қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.

4. Басты шайқауға, тісті қайрауға болмайды, жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай жасайды.

2-топ. 1. Таңдай қағуға болмайды, үй ішінде таңдай қаға беру –жаманшылық шақыру белгісі.

2. Ішекті тартуға болмайды. Тырнақты тістесе ырыс-несібе кетеді.

3. Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.

4. Итті, мысықты, малды тебуге болмайды, өйткені әрбір жануардың киесі болады.

3-топ. 1. Күн батар алдында ұйықтауға болмайды, батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.

2. Өтірік жылауға болмайды, бұл-қайғы-қасірет шақыратын жаман ырым.

3. Адамның оң көзі тартса қуанады, сол көзі тартса ренжиді.

4. Адамның алақаны қышыса ақша ұстайды, табаны қышыса жол жүреді.

4-топ. 1. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан –дәм басы, онсыз өмір жоқ.


2. Қолды жумай тамақ жеуге болмайды.

3. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады.

4. Адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды.

ІІ. «Кім көп біледі?» кезеңі. Сандық — киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады.Міне осы сандыққа салт-дәстүрге байланысты сұрақтар жасырдым. Соған жауап берейік. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

1. Жігіт түйе деген қандай дәстүр? (дәстүр. Құдалыққа, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе, жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді)

2. Тымаққа салу дегеніміз не? (Салт. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі кездеседі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады.)

3. Бәсіре дегеніміз қандай дәстүр? («Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым». Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді.)

4. Жеті ата дегеніміз не? (дәстүр. Жеті атасын білмеген – жетесіз. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата ) 5. Балалардың төбе шашын ұзартып, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны не деп атайды?(Айдар) 6. Айтыстың қандай түрлерін білесіңдер. (бәдік айтыс, қайым айтыс, жұмбақ айтысы, жігіт пен қыз айтыс, жар-жар) 7. Мүшел жас дегеніміз не? (ғұрып. 12 жыл уақыт мүшел деп аталдаы. Қазақтың ұлттық ұғымына жас саны мүшелмен есептеледі. Мүшелдің алғашқы 13 жылдан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Сонда екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49 және одан әрі осылайша есептеле береді.) 8. Шарғы салу деген қандай дәстүр? (Ұзатылған қыздың, яғни қалыңдық болған қыздың өзіне тетелес сіңлісіне немесе өзінен кіші, немесе туыс сіңлілеріне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап, бақытты бол, жұғысты болсын деген ырым. Бұны шарғы салу деп атайды.)

ІІІ. «Әдептілік белгісі» кезеңі. Қане, әдептілік жайында не білесіңдер. Өнерлеріңді ортаға салыңдар.

1-топ. Сыйлап үлкен ағаны, Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз! Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз! Таудай биік талабы, Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз!



2-топ. Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді Не деп барып жеу керек? «Рахмет, апа» деу керек! Балалар жүр көшеде, Естіледі шу-айқай. Сен де шықтың көшеге, Көршіңді қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? «Кешіріңіз» деу керек!

3-топ. Осы келген бетіңде Допты қудың, жарыстың. Көшенің сол шетінде Кезекті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді? «Сәлеметсіз бе » деу керек!

4-топ. Үй артында қоқысты Жатқан көптен үйіліп, Тазалайды қарт кісі Белі зорға иіліп. Не дегенің жөн еді? «Көмектесейін» деу керек. Әжең сенің түскі асқа Қасықтарды қойды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа, Ұмтылдың да салдың қол. Жөн еді не айтқаның? «Рұқсат па?»

ІҮ. «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңі 1. Ауру қалса да әдет қалмайды. 2. Алты жасар бала атқа мінсе, Алпыстағы шал алдынан шығар. 3. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа. 4. Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды. 5. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі 6. Бала тәрбиесі –бесіктен. Жұмбақтар: 1. Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды. (Сандық) 2. Жүз мүйізі бар, Үстінді киізі бар. (Киіз үй) 3. Даусы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын он бұра Ол не?....... (Домбыра) 4. Ұқсайтын шеңберге Қабырғасы жиылып, керіледі, Жиһазы мол кең бөлме, Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй)

Мұғалім сөзі:Құрметті Студенттер, «Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.


«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_________А.Е Дуйсенгалиева

«__»________202__ж.

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

(тәрбие сағаты)

0515000 - «Менеджмент»мамандығы Г-632 тобы

Топ жетекшісі: Габбасова З.Е


Тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Мақсаты: Студенттердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті студенттер! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.


Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Ән: «Әке туралы жыр»

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап..........


МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі»





«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Е Дуйсенгалиева

«__»________202__ж.

«Менің отбасым-менің тірегім»


(тәрбие сағаты)

Топ жетекшісі:Г.М.Дегенбаева

Орал-2022

Тақырыбы: «Менің отбасым-менің тірегім»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар.

Түрі: пікір талас.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Студенттерді 4 топқа орналастыру.

Бүгін біз «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді.

І бөлім: Таныстыру.

«Алтын ұя» тобы, «Берекелі отбасы » тобы, «Мерекелі отбасы» тобы, «Бақытты отбасы» тобы.

- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

ІІ топ

1. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)

2. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)

3. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?(14 жас)

4. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

ІІІ топ

18жасқа толмаған адам ( бала)

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

ІV топ

1.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

2.Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, ту, гимн)