ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 291
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет № 1
1. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты.
Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» пәні:
1) көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
2) халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
3) әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
4) сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
5) әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
6) отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
7) әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
8) әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
9) сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
10) оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
11) анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.
-
Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесін зерттеу пәні, міндеттері, әдістері.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту міндеттері:
- пәннің құрамындағы деректермен білімдер негізі оқушылардың табиғат туралы және кез келген денелер мен құбылыстар бойынша негізгі білім көздерін қалыптастырады.
- пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау.
- төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде олардың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады.
Әдістеме. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында , оқыту үдерісін тәжірибе жұмыстарымен байланыстыра оқыту кезінде баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта жеке және топтық жұмыс кезінде олардың қабілеттерін дамытуғы ықпал жасап, оқушының эмоционалды жағдайына жағымды әсерін тигізуі керек. Бұл орта оқушыларға қауіпсіз, мазмұнды, оқушының жас ерешелігіне сай, өзгермелі және қол жетімді болуы керектігін естен шығармаған жөн. Бастауш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, қызығушылығы үнемі ауысып отырады. Сондықтан сыныптағы ахуал оқушылардың психологиясына оң әсер тигізуі керек.
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларға тақырыпты дайын күйінде ұсына салмай, керісінше оқушылардың тақырыпты өзі тауып ашуына жағдай жасау керек. Мысалы, біз бүгін «Су және оның қасиеттері» тақырыбын өтетін болсақ, оқушыларға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар қою және интерактивті тақта арқылы сурет, қызықты бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты тапқызамыз. Яғни, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданамыз.Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқулықтағы тапсырмалармен қатар қосымша сюжеттегі, кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды топтық, жұптық болып бөлініп, ұжымдасқан түрде орындайды. Сабақ ортасында Судың қасиеттері бойынша оқушыларға тәжірибе әдісін қолдандыру арқылы оқушылардың өздеріне зерттеу жұмыстарын жасатамыз. Зерттеу жүргізу барысында оқушы судың бір қалыптан екінші қалыпқа өтіп жатқанын бақылайды, яғни бақылау әдісін қолданады.Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылар судың үш түрлі (сұйық, қатты, бу)
күйінде болатынын тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдейді.
-
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны
Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі пәніне арналған мамандандырылған кабинет болуы тиіс. Бұл кабинетте бүкіл көрнекіліктер, әдістемелік және техникалық құралдар болуымен қатар, тірі табиғат бұрышы орналасады. «Қоршаған ортаны тану курсын оқыту әдістемесі» сабақтары осы кабинетте өткізіледі. Топсаяхат кезінде табылған өлкетану материалдары да осы кабинетте жинақталып сақталады.
Бастауыш мектепте «Дүниетануды» оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу құралдары мен жабдықтардың, экрандық және баспа құралдарының өзара сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады.
Сабақ мазмұны деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
-
Сабақтың ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау). -
Сабақта үй тапсырмасын тексеру. -
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. -
Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу). -
Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. -
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшын маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады.
Билет № 2
-
Әдебиеттік оқу – балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы.
Әдебиеттік оқу сабағы — оқушының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, ойлау, сөйлеу, шығармашылық әрекетін дамытып, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше орын алатын пән. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдістемелік тұрғыда зерттеуші- ғалымдар әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деп жатады. Әлбетте бір пікірден бір пікір өз үндесін тауып жатқандай. Үндес пікірлердің түйіні — әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. Әрине, бала тілі оқу, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады. Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Өзінің бүкіл өмірін халықтың көзін ашып, көкірегін оятуға арнаған Ыбырай Алтынсарин шығармалары жастарды әсемдікке, адамгершілікке, табиғатты аялай білуге баулиды, сұлу табиғатты қоршаған ортаны бақылай біліп, оның сырын меңгерген адамның кез-келген қиыңдықты жеңетінін көрсетеді. Бұл орайда Ыбырайдың балаларға арнаған «Бір уыс мақта», "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Таза бұлақ" шығармаларын ерекше атап айтуға болады [9]. «Таза бұлақ" шығармасының да, балаларға үйретер өнегесі, берер тағылымы мол. Үш жолаушы жүріп келе жатып, суы салқын, әдемі, таза бұлақ басында кездесіп қалып, бұлақ қасындағы тасқа ойылып жазылған «Ей, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол» деген сөйлем арқылы оқушыға ой салады. Бастауыш сынып оқушыларының мәтіндік іс-әрекет барысында дамытылатын коммуникативті-сөйлеу іскерліктері әлеуметтік функцияны атқаратыны алып келеді, ол адамның социумда толыққанды қызметін қамтамасыз етеді. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған–тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар.
-
Бастауыш сынып оқушыларында "Жаратылыстану ғылымдарын" зерттеу барысында жаратылыстану идеялары мен түсініктерін қалыптастыру.
Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады. Зерттеудің мақсаты: жаратылыстану пәнінің бастауыш сынып оқушылар үшін ерекшелігін, маңыздылығын көрсету.
Жаратылыстану оқу пәні бағдарламасы негізінде қабылданып, оқу үдерісіне енгізілген. Қорытындысында мектептегі жаратылыстану ғылымдары негізінде жүйелі түрде білім беруге мүмкіндік жасалуда. Жаратылыстану оқу ғылымдары негізінде тоқтаусыз білім берудің қажеттілігі тіршілік, жаратылысқа деген оң көзқараспен оны ұғып білуге деген ізденіс сонау заманнан-ақ адамзатты қызықтырды, оны зерттеуге мәжбүрледі. Осының негізінде, табиғат әлемін зерттеумен айналысатын ғалымдардың құрамы ретінде жаратылыстану ғылымы өмірге келді. Ол тіршілік негіздерімен құбылыстарын, микродүниеден бастап, ғарыштық жүйеге дейін барлық табиғи нысандарды дүниенің жалпы құрылымымен қасиетін, тірі табиғатты және біз өмір сүретін – ортаны, сонымен бірге, біздің ғаламшарымыздан жырақ нысандарды аңғаруды зерттейді.
3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттер
Дүниетануды оқыту пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады.
Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “ Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнінің міндеті:
оқушыларға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өлкетану туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Дүниетануды оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
Дүниетануды оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
3.Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.
Билет № 3
-
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру — сапалы білім алуға негізделген, білім алушыларды заманауи үлгіде оқытудың жүйесі. Бұл жүйе негізінен жаңа технологияларды білім жүйесінде қолдана отырып, сапалы білім беруге бағытталған. Жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаты — сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын, эксперименттер жүргізу, ақпараттық технологияларды пайданалу, жеке, жұптық, топтық қарым-қатынас құру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және пайдалану, оларды тиімді іске асыру, білім алушының жеке басы үшін үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады
Жаңартылған білім берудің тиімділігіне тоқталар болсақ, білім алушылар үшін:
- білім алушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты саралап, жүйелеуді үйрену;
- білім алушылардың дарындылық қабілеттерін шыңдау және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, білім алушылардың өз бетімен ізденуі;
- сыни ойлауға және өз ойын еркін әрі ашық айтуға баулу;
- танымдық қабілеттерін және ойлау деңгейін дамытатын түрлі оқытудың әдістерін пайдалану, білім алуға деген қызығушылықты арттыру;